Терінің қанайналым жүйесі.

Дәріс №1

Тақырыбы: Терінің анатомиясы. Тері бөртпелерінің біріншілікті және екіншілікті морфологиялық элементтері. Патогистология.

2. Мақсаты: Тері құрылысын, эпидермистағы негізгі патогистологиялық өзгерістерді, дерма және гиподерманы меңгеру; терідегі және шырышты қабаттағы тері бөртпелеріне морфологиялық сипаттама беру.

3. Дәріс тезистері.Дерматология – тері аурулары туралы ғылым. Қалыптыдағы және патологиядағы терінің құрылысы мен функциясын меңгеру, организмнің әртүрлі патологиялық өзгерістерінің тері ауруларына әсері, әртүрлі аурулардың этиологиясы мен патологиясын түсіндіру, тері ауруларының диагностикасын, терапиясы мен профилактикасын зерттейді.

Дерматология клиникалық медицинада венерологиямен тығыз байланыста, венерологиялық аурулардың клиникасын, емі мен профилактикасын меңгереді, бұл инфекциялық аурулардың негізгі берілу жолы- жыныс жолдары арқылы берілуімен байланысты.

Тері және венерологиялық аурулар клиникалық тұрғыда көпсимптомно. Аурудың әртүрлі кезеңінде олар терапиялық, жүйке жүйесі, урологиялық, гинекологиялық және басқа ауруларды белсендіруі мүмкін. Науқастардың көп бөлігі медициналық көмекке дерматовенерологқа емес, басқа мамандарға қаралады. Бұндай жағдайда диагнозды дұрыс қою және эпидемиологияға қарсы шараларды уақытында жүргізу қауіпті тері мен венерологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Эпидермис.

Эпидермис-эпителиймен көрінеді, даму кезеңіне байланысты келесі қабаттарын бөледі: 1. негізгі, 2 .тікенекті, 3. түйіршікті, 4. жылтырақ 5. мүйізгекті

Негізгі қабат- цилиндр формалы жасушалар қатарынан тұрып, теріге перпендикулярлы орналасқан. Негізгі эпителиоциттер арасында аралық жасушалар бар, онда аралық иілімдер мен десмосомалар көрінеді.

Базальді эпителиоциттер цитоплазмасында негізінен ядроны қоршап меланин жасушалары орналасқан, оның саны тері түсіне және нәсілдік ерекшеліктеріне байланысты.(Ю.К.Скрипкин). Сонымен қоса пигментация дәрежесі меланоцит санына емес, фунциональді қабілетіне байланысты (Н.З.Яговдик).

Негізгі қабатта митоз жүреді, оның 4 сатысын бөледі:

1. Саты, ядролы ДНҚ- ның синтезі жүреді

2. Премитотикалық саты

3. Бөліну сатысы- мета- ана- телефазаны қоса

4. Постмитотикалық саты ДНҚ синтезі

5. Эпидермис 59-65 күнде ауысады.

Электронды микроскопия негізгі қабаттың жасушаларын көрсетеді, яғни әр жасуша сыртқы жасушалық мембранамен шектелген, беткейі қатпарланған, тегіс емес. Ядро да сыртқы және ішкі мембранамен шектелген, құрамында бір немесе екі ядрошық бар, контуры тегіс емес, тығыз орналасқан грануладан тұрады.

Негізгі эпителиоциттің цитоплазмасында әртүрлі органоидтар орналасқан (митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, рибосома, лизосома, жасуша орталығы), сонымен қоса арнайы құрылымдар (тонофиламенттер, меланин гранулалары, май тамшылары). Тонофиламенттер шоғырларға бірігіп (тонофибрилла), үш бағытқа орналасады: ядро айналасына, жасуша ұзындығына және оның мембранасына бағытталған.

Меланин бұл жасушаларда, дөңгелек түзіліс ретінде меланосом жиынтығы түрінде кездесіп, мембранамен қапталған меланосом және гранулярлы матрикс топтарынан тұрады.

Аралық иілімдер немесе десмосомалар жеті қабатты құрылыстан тұрады. Олар екі «диск байланысулардан» құралып, электронды- мөлдір зонамен бөлінген. Зонаның орталық бөлігінде аралық байланыс қабаты немесе орталық пластинка анықталады.Орталық пластинканың екі жағынан тығыздығы аздау аралық қабат немесе цитоплазманың сыртқы қабаты орналасады.

Негізгі қабатта эпителиальді жасушалардан басқа меланоциттер болады, осы қабаттың барлық жасушаларының 25% құрайды, оларда ашық бояу мен қара қоңыр ядросы болады.Электронды микроскоппен көргенде меланоциттер десмосомадан тұрмайтын өсінді жасушалардан тұрады, соның нәтижесінде олар эпителииттер арасында бос жайылған. Оның өсінділері ұзын.

Меланоцит ядросы гетерохроматинді дөңгелек немесе дұрыс емес формалы.Цитоплазма көптеген митохондриялардан, эндоплазмалық тордан, рибосома, полисомалардан тұрады. Меланин гранулалары негізінен өсінділерінде меланосом түрінде орналасады. Меланиннің даму сатысына қарай меланоцит құрылысы өзгеріп отырады.

Меланоцит синтез процесі келесі түрде өтеді. Рибосомада тирозиназа ферменті орналасады, ол эндоплазмалық тор арқылы Гольджи аппаратына өтеді, бұнда премеланосом түзілуінің бастауы болатын аморфты заттың конденсаты болатын жер. Кейін премеланосома меланосомаға айналады. Цитоплазмада активті синтез кезінде цитоплазмалық фибриллалар көбейеді, яғни олар эпидермис жасушасына меланинді өткізеді. Эпидермоциттерге меланиннің өтуінің механизмі, эпидермис жасушаларының меланоцит өсінділерінің бөлігі ретінде фагоцитоздағы меланин грануласына негізделген.

Меланогенездің реттелуі гипофизде түзілетін меланостимулдеуші гормонмен жүзеге асады, сонымен қоса адреналин, норадреналин, қалқанша без және жыныс гормондарымен реттеледі.Пигмент түзілуін ультракүлгін сәуле, ионизирлеуші радиация, кейбір химиялық заттар белсендіреді. Меланин түзілуіне кейбір дәрумендер, оның ішінде дәрумен С аздаған рөл ойнайды.

Тікенектіқабат- негізгі қабаттың астында орналасқан және кубты формалы 5-10 қатар жасушалардан тұрады, ал түйіршікті қабатқа жақындағанда жалпақ формаға ие болады. Электронды микроскоп дерегі бойышша жасушалардың тіркелуі жүзеге асады, біріншіден протоплазматикалық өсінділердің енуі бір жасушадан екіншісінен тереңдей түседі, екіншіден десмосомаға байланысты. Десмосома арнайы құрылымға ие, екі көршілес жасушалардың элементтерінен түзілген. Әр десмосома жасуша қабатында қарама- қарсы орналасқан тығыздалу ошағынан ие және арсында орналақан цитоплазма аймағы және жасушааралық затқа іргелес .

Тікенекті қабаттың домалақ ядро жасушалары хромотинге кедей және ашықтау боялады.Негізгі қабатқа жақын жатқан бұл қатардың жасушаларында митозды анықтауға болады.

Тікенекті қабаттың жасушаларының ерекшелігі болып, цитоплазмадағы кератиносома немесе Одланда денешігінің болуы. Негізінен олар цитоплазманың перифериялық бөлімінде, кейде аралық жасушаралықта орналасады. Соңғы уақытта бұл денешіктерде кейбір ферменттердің активтілігі анықталды: қышқыл фосфатаза, эстераза.

Тікенекті қабатта Лангерганс жасушалары немесе эпидермальді макрофагоциттер анықталды. Олардың цитоплазмасында ферменттер бар: аминопептидаза, эстераза, қышқыл фосфотаза, холинэстераза. Электронды микроскопта біркелкі тығыздықтағы хроматинді тісті ядро тән. Цитоплазмада митохондрий, Гольджи аппараты, рибосома, вакуоль бар.

Қазіргі уақытта Лангерганс жасушаларының мезенхимальді шығуы туралы деректер бар. Кейбір авторлар оның қызметін иммунологиялық процеспен байланыстырады.

Тікенекті қабаттың цитоплазмасында жасушадан жасушаға өтпейтін, ал цитоплазма өсінділерінде аяқталатын тонофибриллаларды кездестіруге болады, .

Түйіршікті қабат-әртүрлі қалыңдықтағы 1 ден 10 ға дейінгі жасушалар қатарынан тұрады. Түйіршікті қабаттың жасушалары созылмалы ромб тәрізді формаға ие, ядросы орталықта орналасқан. Ядро домалақ немесе сопақша формалы, жайылған, гемотоксилинмен боялады. Цитоплазмасында кератогиалинді гранулалар бар.

Электронды микроскопта аралық жасушалардың төмен жатқан қабаттармен салыстырғанда азаюы анықталады, ал сыртқы жасуша мембранасының қалыңдығы үлкейген. Ядро терең инвагинацияланған ядролы қабықты пикнотикалық түрге ие. Ядрошықтар шағын, домалақ формалы. Органоидтар аз айқындалған және тонофиламент жүйесі де.Кератогиалин грануласы дұрыс емес формалы, гомогенді немесе түйіршікті түрде. Химиялық зерттеу бойынша, 99% протеазадан тұрады, ал қалған бөлігі липидтер мен карбогидраза құрайды. Түйіршікті жасушаның цитоплазмасында кератогиалин түйіршігінен басқа көп мөлшерде кератиносом бар.

Жылтырақ қабат- шынытәріздес, айрықша ақуызды заттан тұрады, май тамшысын еске салатын қатты марғау бояулы және «элеидин» деген атқа ие. Элеидиннен басқа гликоген және май заттары(липоидтар, олеин қышқылы) анықталады.Бірнеше созылыңқы жасушалар қатарынан тұрады.

Ол эпителиальді қабаты қалың аймақтарда алақан, аяқ терілерінде жақсы анықталады.

Мүйізгекті қабат-эпидермистің жоғарғы қабаты, сыртқы ортамен байланысады және әртүлі сыртқы әсерлерге тұрақты қарым- қатынас жасауымен ерекшеленеді. Ол жұқа ядросыз мүйізделген, ұзындыққа созылған, бір- бірімен тығыз байланысқан, мүйізгекті жасушалары- кератинге толы жасушалардан тұрады. Кератин құрамына- цистин, аргинин, лизин, гистидин кіреді. Мүйізгекті қабатта осы қабаттың барьерлік қызметін атқаратын липидтер анықталады. Мүйізгекті қабықтар төменгі және ортаңғы қабатта бір- біріне тығыз байланысқан, ал беткей қабатында борпылдақ және жеңіл түсіп қалады.

Электронды микроскоппен мүйізгекті қабықтар жасуша мембранасымен қоршалғаның, тегіс емес контурын, бір- бірінен алшақтаған аралықты көруге болады.

Кератинннің мүйізгекті қабықта орналасуына байланысты мүйізгекті қабатты 3 қатарға бөлуге болады: негізгі, аралық, беткейлік. Негізгі қатарда қабықтар талшықты кератинмен шағын толған, келесі қатарларда төмен электронды тығыздықтағы талшықты кератин анықталады.

Меншікті тері- дерма.

Негізгі массаны коллаген, эластин және ретикулярлы талшық, олардың арасында жасуша элементтері болатын талшықты субстанциядан тұрады.

Дерманың негізгі заты тіндік сұйықтықпен қаныққан аморфты субстанциядан тұрады. Ол ақуызбен байланысқан әртүрлі

мукополисахаридтерден(гиалурон қышқылы, хондроитинкүлгін, кератосульфат) тұрады. Аморфты зат фибробластардан, гистиоциттерден, базофилдерден өндіріледі.

Дерма эпидермис пен теріасты май жабаты жасушаларының арасында орналасады.

Онда 2 қатарды бөледі: емізікті және торлы. Емізікті қатар эпидермистен беткей қантамырлар торларына дейінгі орналасқан дерма бөлігі. Торлы қатар айқын шекарасыз теріасты май қабатына өтеді.

Меншікті тері талшықты субстанциядан, дәнекер тін талшықтарының арасында орналасқан коллагенді, эластикалық, аргирофильді талшықтан және құрылымсыз аморфты аралық заттан тұрады. Дерманың емізікті қатары жұқа коллаген талшықтарының будасынан және аз көлемде жұқа эластикалық және преколлагенді талшықтан тұрады. Торлы қатарда коллаген будалары шағын және қалыңдай бастайды, қоймалжын ілмекті торға айналады.

Негізінен торлы қатардың құрылымын тері беріктігіне, біркелкі емес әртүрлі аймақпен анықтайды.

Коллаген талшықтары буда түрінде орналасады. Емізікті қатарда будалар жұқа, эпидермис беткейінде перпендикулярлы орналасады, ал торлы қатарда олар қалыңдау және эпидермисқа параллельді орналасады. Коллаген талшығының негізін күрделі ақуыз- коллаген құрайды.Олар қышқыл бояулар- эозин, фуксинмен жақсы боялады. Электронды микроскоппен қарағанда коллаген талшықтары бір- бірімен цементтеуші заттармен байланысқан коллаген фибриллаларынан тұрады. Әр фибрилла көлдеңен көрініске ие.

Эластикалық талшықтар-резорцин- фуксинмен қара- көкке боялады.Ол ақуызды комплекстен және мукополисахарид серасынан тұрады.

Коллаген және эластикалық талшықтардан басқа , дермада ретикулярлы талшықтар болады, олар қантамыр айналасында, май және тер бездері, шаш фолликуллаларында субэпидермальді орналасады. Олар жұқа коллаген фибриллаларынан тұрады.

Торлы және әсіресе емізікті қатарда қалыптыда аз көлемде әртүрлі жасушалық элементтер болады: фибробласттар, гистиоциттер, лимфоциттер, плазматикалық бұлтты жасушалар.

Фиброциттер және фибробласттар әртүрлі функциональді мінезге ие, яғни фибробласттар көбірек активті. Фибробласт ұзындығы 15-20 мк, ол РНҚ-лы өте ірі ядродан тұрады. Цитоплазмада митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, рибосома, фибриллалар болады.

Гистиоциттер-қантамыр жолында фибробласттар арасында аз көлемде кездеседі. Гистиоциттер дифференциясына қарай әртүрлі морфологиялық көрініске ие: фагоциттеуші гистиоциттер, гистиоциттер, синтездеуші ақуыздар арнайы секрециялық қызметіне және жиналуына қарай бөлінген. Цитоплазмада көп мөлшерде РНҚ, гликоген, фосфолипид, липопротеидтер болады.

Гистиоцит дұрыс емес формалы жасушалармен бірге көптеген псевдоподиялар, ірі ядро, терең инвагинацияланған ядро қабатынан тұрады.

Тіндік базофилдер немесе бұлтты жасушалар дермада қантамыр жолында, шаш фолликулаларында, дерманың емізікті қатарында орналасқан. Оның цитоплазмасында арнайы гранулалар болады.Олар ақуыз және гепарин, сонымен қоса гистамин, серотонин, фосфолипидтерден тұрады.

Плазмалық жасушаларқалыпты теріде аз кездеседі. Олар ірі, ядросы сопақша формалары. Цитоплазма базофильді, РНҚ-сы көп.

Лимфоциттер-дөңгелек формалы үлкен емес жасушалар, хроматиннен тұратын ядроға ие. Реакция түріне байланысты, Т- лимфоцит, жасушалық және В- лимфоцит, гуморальді типті иммундық жауапты тудырады. Олар әртүрлі морфологиялық құрылымға ие, Т- лимфоциттер- беткейі тегіс, В- лимфоцит- беткейі кедір- бұдыр.

Дермада шаштар, май және тер бездерінде, сонымен қатар бұлшықетте, қантамырында, жүйке жүйесінде және жүйке аяқшаларында орналасқан.

Теріасты май қабаты

Гиподерма дерманың торлы қатарынан шыққан және кеңөрімді тордан түзілуші Коллагенді және эластикалық талшықтардың көп будасынан тұратын және ілмекте май жасушаларының ірі жиынтығы- май тіндерінің бөліктері кездеседі. Гиподермаға тығыз дәнекер табақшасынан тұратын тері фасциясы кіреді.

Гиподерманың қалыңдығы әр адамда және дененің әр аймағында әртүрлігімен ерекшеленеді. Қалыптыда бас аймағында қалыңдығы 2 мм, арқа аймағында 5-10 мм, іш аймағында бірнеше см-ге жетуі мүмкін. Гиподерма механикалық зақымданулар мен тонудан сақтайды.

Терінің қанайналым жүйесі.

Терінің қанайналым жүйесі бірнеше қантамыр өрімінен тұрады. Фасциядан шыққан ірі артериялық қантамырлар теріасты май қабатына өте отырып, жолда май бөліктеріне тармақтар береді. Дерма және гиподерма шекарасында бұл артериялар тармақтар бөледі, олар горизантальді бағытта және бір- бірімен анастомоздалынады. Теріде терең артериальді өрімдер пайда болады, одан шыққан тармақтардан тер бездерінің тостағаншалары, шаш фолликулалары және май бөліктері қоректенеді. Сонымен қоса, терең артериалдық өрімдерден ірі артериалар көтеріледі, ол емізікасты қатарға жетіп беткейлі артериалды өрім түзеді. Осы өрімнен шыққан майда артериалды тармақтар бұлшықетті, май, тер бездерін, шаш фолликулаларын қоректендіреді.

Емізікастындағы өрімдерден де артериалар өтеді, бірақ анастомозданбайды. Одан емізікке бағытталған капиллярлар өтеді және артериалды тамырға қарағанда кеңдеу венозды капиллярлар түрінде қайтып келеді.

Теріде венозды тамырлар үш өрім түзеді: емізік астына, дерманың төменгі бөліміне және теріасты май қабатына. Эпидермис қантамырсыз.

Тамырдың эндотелиі фаго- және пиноцитозға бейім, өткізуді негізделген, онда көптеген ферменттердің белсенділігі анықталады, соның ішінде энергетикалық алмасудың ферменттері, эстераза, холинэстераза.

Наши рекомендации