Подагралық артритке тән рентгендік белгі

!

Ревматоидты артриттің диагнозын қоюда маңызды лабораториялық маркер болып табылады:

/

циклді цитруллиндік пептидке антидене (АЦЦП)

/

ревматоидты фактор

/

нейтрофильді лейкоцитоз

/

анемия

/

тромбоцитопения

!

16 жастағы науқас дене қызуының 38,5° дейін жоғарылауына, тізе буындарының ісінуі мен ауырсынуына, координация бұзылысына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды нақтылау үшін маңызды қосымша зерттеу:

/

стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау

/

Scl 70 антиденелерін анықтау

/

Ваалер-Роуз реакциясы

/

Хеддельсон және Райт реакциялары

/

цитруллинді пептидке антидене

!

Ревматоидты артритке тән:

/

эрозиялы-деструкциялық артрит

/

сакроилеит

/

остеосклероз

/

қол басы фалангаларының остеолизі

/

остеофитоз

!

Подаграға тән рентгендік белгі:

/

сүйек тканінің эрозиялары (ойық синдромы)

/

подаграның жедел ұстамасында жұмсақ тіндердің ісінуі

/

остеофиттер

/

сүйек маңы остеопорозы

/

дистальді фаланганың остеолизі

!

РА IV рентгендік сатысының белгісі:

/

анкилоз

/

бұлшық еттер атрофиясы

/

шеміршек деструкциясы (узуры)

/

остеопороз

/

буын деформациясы

!

Подагралық артритке тән рентгендік белгі

/

«ойық» симптомы

/

эрозиялық артрит

/

остеофиттер

/

кальцификаттар

/

буын жігінің тарылуы

!

50 жастағы науқас кешкі мерзімде күшейетін буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 7 жылдан бері артралгия мазалайды, бастапқыда тізе буынының мерзімдік ісінулері байқалған. Өз бетінше халықтық ем қабылдаған. Обьективті: тері асты клетчаткасы жақсы дамыған. Қол басының III-IV саусақтарының дистальді фалангалық буындарында тығыз түйіндер, тізе буындары қозғалысы кезінде «сықыр» естіледі, сипағанда жергілікті гиперемия және буынның ісіңкілігі анықталады. ҚЖА: Нв-120 г/л, Эр-4,0х1012/л, ЦП-0,9, л-7,5х109/л, ЭТЖ-20 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок 70 г/л, СРБ +. Осы ауруға тән рентгенологиялық көрініс:

/

буын жігінің тарылуы, остеосклероз, остеофитоз

/

остеопороз, буын жігінің тарылуы, ойықтар

/

остеопороз, буын жігінің тарылуы, "тесілу" симптомы

/

дистальді фалангалар остеолизі, эпифизарлы остеопороз

/

буындардың симметриялы зақымдануы,остік қаңқаның энтензопатиясы

!

Тофус дегеніміз –

/

тіндерде ураттардың шөгуі

/

остеофиттер

/

гранулемалардың қабынуы

/

тері асты клечаткасының тығыздалуы

/

барлығы дұрыс емес

!

15-жастағы науқас, дене қызуының 37оС дейін жоғарылауына, әлсіздікке, қолдары мен басының еріксіз қозғалуына, сөзінің анық еместігіне шағымданады. Қарағанда балтырларында бірен-саран ақшыл қызғылт түсті сақиналы бөртпелер анықталады. Қан анализінде: лейкоциттер – 8,5 мың., ЭТЖ– 29 мм/сағ. Болжам диагноз:

/

ревматизмдік қызба

/

самай артерииті

/

жүйелі қызыл жегі

/

түйінді полиартериит

/

бейспецификалық аортоартериит

!

Жедел ревматизмдік қызба қоздырғышы:

/

А тобындағы β гемолиздік стрептококк

/

жасылдаушы стрептококк.

/

Эпштейн Барр вирусы

/

алтындаушы стафилококк

/

энтерококк

!

18 жасар студент 20 күн бұрын баспамен ауырған соң бастапқыда оң тізе буынының ауыруы байқалып, кейінірек сол тізе буынының ауыруы қосылған. Екі күннен соң тізе буынындағы ауырсыну басылып, білезік және тобық буындарына ауысқан. Дене қызуы 38,5°С. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 110 мин. Қан анлизінде: лейкоциттер 11 мың, ЭТЖ 37 мм/сағ. Болжам диагноз:

/

жедел ревматизмдік қызба

/

Рейтер ауруы

/

реакциялық артрит

/

ревматоидты артрит

/

жедел подагралық артрит

!

18 жастағы науқаста баспамен ауырғаннан 3 аптадан соң, буындарының ауыруы, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жүрек соғуының жиілеуі, теріде сақина тәрізді ақшыл-қызғылт түсті бөртпелері пайда болды. Объективті: тахикардия, жүрек ұшында I тон әлсіреген, систолалық шу. ЭКГ-да: интервал PQ = 0,24 с. АСЛ-0 – 500 ХБ/мл. Науқас стационарда ем курсын қабылдаған соң екіншілік алдын алу үшін қажетті:

/

5 жыл бойы экстенциллин қабылдау (айына 1 рет)

/

интеркуррентті инфекцияда аспирин қабылдау

/

экстенциллин көктемде және күзде

/

хирургиялық және стоматологиялық ем қабылдар алдында экстенциллин қабылдау

/

көктемде және күзде 1-2 ай көлемінде аспирин қабылдау

!

16 жасар науқаста ЖРВИ соң дене қызуының көтерілуі, көшпелі полиартрит, денесінің және аяқ-қолдарының терілерінде ақшыл-қызғылт түсті жұқа сақина тәрізді бөртпе байқалды. Жүрек ұшында нәзік систолалық шу. ЭКГ-да: PQ интервалы ұзарған. ЭТЖ жылдамдаған. СРБ оң мәнді. Нақты диагноз:

/

жедел ревматизмдік қызба

/

инфекциялық эндокардит

/

ревматоидты артрит

/

инфекциялық-аллергиялық миокардит

/

қызамықтағы артрит (краснухе)

!

45 жасар науқас, сол тізе буынымен өкшесінің ісінуіне шағымданады. Бір ай бұрын жедел дизентерия жөнінде ем қабылдаған. Обьективті: сол жақ тізе буынының және өкшесінің дефигурациясы, терісінің гиперемиясы. Қан анализінде: эр4,2 млн., лейк 11 мың, ЭТЖ 26 мм/cағ. Болжам диагнозы:

/

реакциялық артрит

/

сепсистік артрит

/

ревматоидты артрит

/

подагралық артрит

/

ревматизмдік қызба

!

Жастағы науқас оң аяғының бас бармағының буындарының күшті ауыруына, ісінуіне, терісінің қызаруына, дене қызуының 38°°С дейін жоғарылауына шағынды.

Бұл шағымдар аяғын қысатын аяқ-киіммен ұзақ жүргеннен соң пайда болған. Об-ті: оң аяғының бақай-фалангалық буынының гиперемиясы, қозғалысы қатты шектелген; құлақ қалқандарында өлшемдері 2-4мм-лік сары түсті, ауырмайтын теріастылық түйіндер анықталды. Анализдерінен: лейк. 10 мың, ЭТЖ 30 мм/сағ., СРБ ++, несептік қышқылының титрі жоғары. НЖА: тығыздығы 1014, эр. 5-7 к/а, ураттар +++. Болжам диагнозыңыз:

/

подагралық артрит

/

ревматоидты артрит

/

остеоартроз

/

псориаздық артрит

/

реакциялдық артрит

!

36 жастағы науқас соңғы 3 ай бойына мазалаған, физикалық күштемеден кейін басылатын, арқасының төменгі бөлігінің ауыруына, омыртқасының бел бөлігінің қимылының шамалы шектелуіне шағымданды. Жамбас сүйектерінің рентгендік зерттеуінде екі жақты сакроилеит. Сіздің диагнозыңыз:

/

Бехтерев ауруы

/

остеоартроз

/

ревматоидты артрит

/

подагра

/

пирофосфатты артропатия

!

16 жасар науқас, дене қызуының 38,5° дейін көтерілуіне, тізе буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, координация бұзылысына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды нақтылау үшін қажет:

/

стрептококтарға қарсы антиденелер титрін анықтау

/

Scl 70 антиденелерін анықтау

/

Ваалер-Роуз реакциясы

/

Хаддлсона және Райт реакциялары

/

циркуляциядағы цитруллинді пептидке антиденелерді анықтау

!

60 жасар науқас, шынтақ буындарының ауырсынуына шағымданады. Емделу барысында диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Об-ті: шынтақ буындарының ісінуі, тері гиперемиясы, қозғалысының шектелуі, бұршақ көлемді тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған, жыбыр аритмиясы. ЖСЖ 100 мин. ҚЖА: эр. 4,2 млн. Нв-150 г/л, лейк. 10 мың. ЭТЖ 2мм/сағ. НЖА: сал.тығ. 1020, лейк. 4-5 к/а., эр. 6-8 к/а Ураттар +++. Диагнозды нақтылайтын зерттеу:

/

несеп қышқылының деңгейін анықтау

/

жедел қабынулық көрсеткіштерді анықтау

/

Ваалер-Роуз реакциясы

/

креатинин деңгейін анықтау

/

синовийлік сұйықтықты бактериологиялық зерттеу

!

40 жастағы науқаста қол басының майда буындарының ауыруы мен ісінуі, ЭТЖ 30 мм/сағ., несеп қышқылы 0,56 ммоль/л. Болуы мүмкін патология:

/

подагралық полиартрит

/

екіншілік остеоартроз

/

гонореялық олигоартрит

/

Рейтер ауруы

/

туберкулезді артрит

!

50 жастағы әйел кісі, қол басының дистальді фалангааралық буындарының ісінуіне, қозғалысының қиындауына шағымданады. Басқа буындарында өзгеріс жоқ. Болжам диагнозы:

/

остеоартроз

/

ревматоидты артрит

/

жүйелі қызыл жегі

/

склеродермия

/

подагра

!

53 жастағы науқаста қол басының майда буындарының ауыруы, қозғалысының шектелуі. Қарағанда қол басының дистальді фаланагаралық буындарында тығыз симметриялы түйіншіктер анықталады. Рентгенографияда саусақтардың шеткі фалангаларының сүйек тіндерінде шеткі өсінділері пайда болған. Осы түйіншек тәрізді құрылымдардың аты:

/

Геберден түйіндері

/

Бушар түйіндері

/

тофустар

/

ревматоидты түйіндер

/

ксантомалар

!

52 жастағы әйел науқас, қол басының фалангаарлық буындарының ауырсынуына, қолғалысының шектелуіне шағымданды. Қарағанда дистальді фалангаралық буындар маңында көлемі 0,5см, пальпацияда аздап ауырсынатын, тығыз түйіндер анықталды. Буындар аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында буын жігінің тарылуы, остеопороз. Болжам диагноз:

/

остеоартроз

/

реакциялық артрит

/

ревматоидты артрит

/

псориаздық артрит

/

подагра

!

Жастағы науқасты соңғы 2 жыл көлемінде тізе буындарының, басымырақ оң жақта жүрген кезде пайда болатын ауырсыну мазалайды. Ауырсыну баспалдақпен төмен түскенде күшееді. Қарағанда оң тізе буыны сұйықтыққа байланысты аздап ұлғайған. Тізе буындарының рентгенографисында екі жақты бірдей остеофитоз.

Диагноз қойыңыз:

/

остеоартроз

/

подагра

/

коксартроз

/

Рейтер ауруы

/

Бехтерев ауруы

Наши рекомендации