Базелиома. Этиологиясы. Клиникасы. .Диагностика және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы

Базелиома (базальды клеткалы рак) – эпидермис клеткаларынан дамитын, терінің қатерлі ісігі. Атының шығу тегі құрылысы терінің базальды клеткаларына ұқсас болғандықтан берілген.Базалиома қатерлі ісіктерге тән негізгі қасиеттер ие: көрші тіндерге еніп оларды бұзады, дұрыс жүргізілген емнен кейінде қайта дамиды. Этиология:

Базалиома негізінен 40 жастан жоғары жастағы адамдарда кездеседі.

§ Күн сәулесінің тікелей әсер етуі

§ Ағзаға канцерогендердің әсер етуі –әр түрлі бояғыштар, химиялық элемент мышьяк, аморфты көмірсулар (сажи) болуы, пиролиза өнімдері, никотин қара майлары.

§ Электромагнитті сәулелер әсері

§ Тұқымқуалаушылық патология

Қауіп факторына иммунодепрессантпен терапия фонында иммунитеттің төмендеуі және аурудың ұзақ өтуі жатады.

Бала және жасөспірімде базалиома даму мүмкіндігі төмен. Бірақ базалиоманың туа біткен формасы – Горлин-Гольц синдромы кездеседі (необазоцеллюлярлы синдром), ол ісіктің беткейтегіс формасынан, төмен жақ сүйек кистасынан, қабырғалардың даму ақауы және басқа да аномалиялардан құралады.

Базалиома классификациясы

1Пішініне байланыстыклассификация : түйінді-жаралы, тесілулі, сүйелді, нодулярлы (ірі түйінді), пигментті, склеродермиформды, ттыртықты-атрофиялық, беткей тегіс базалиома

2 Классификация

Т біріншілік ісік

Тxбіріншілік ісікті бағалау үшін ақпарат жеткіліксіз

Т0 біріншілік ісікті анықтауға мүмкіндік жоқ

Тis Карцинома преинвазивті (carcinoma in situ)

Т1 ісік көлемі – 2 см дейін

Т2 ісік көлемі – 5 см дейін

Т3 ісік көлемі – 5 см артық, жұмсақ тіндер зақымдалады.

Т4 Ісіктер басқа тіндер мен мүшелерге өседі

Базалиоманың 3 сатысы

1 сатысыісік немесе жара диаметрі – 2 см., дермамен шектеліп және жақын тіндерге көшпейді.

2 сатысы тері базалиомасы 5 см., терінің бүкіл қабатына өседі, юірақ тері асты шелалмайына таралмайды

3 сатысы5 см. артықтері базалиомасына өседі. Беткейі өрнектеліп, тері асты шелмайы бұзылады. Әрі қарай жұмсақ тіндер, сіңірлер және бұлышқеттер зақымдалады.

4 сатысы тері базалиомасы, осы кезеңде жұмсақ тіннен бөлек, шеміршек пен сүйек бұзылады.

Локализациясы:жоғарғы ерін;қабақ: жоғарғы немесе төменгі; мұрын және мұрын ерін қатпары; ұрт пен маңдай; құлақ қалқаны және мойын; бастың шашты бөлігі.

Клиникалық көріністері:жекелеген, тығыз, жартылай шар тәрізді түзілістер, ішіндегі кішкене ойыс, диамеьрі 1см артық емес шектелген формаға ие, тері бетінен сәл көтеріңкі

-Сәл уақыттан соң әлсіз қышыну пайда болады, тартқанда түйінді түзілістер байқалады, түйіндер сарғылт-сұр немесе ақшыл түске ие, ісік үлкейе келе ауырсыну пайда болады, бетінен қабыршағын алғанда қанайды.

Түйінді-жаралы базалиома дөңгелек пішінді, теріден шығып тұратын түйінге ұқсас қатаюдың пайда болуымен көрініс табады. Уақыт өте қатаю үлкейіп, бұрыс пішінге өзгереді. Түйіннің айналасында «маржан» тәрізді белдік пайда болады. Қабақта, мұрын-ауыз қатпарында, көздің ішкі бұрышында орналасады.

Тесілулі базалиома көбінесе терінің жарақаттанған аймақтарында пайда болады. Тез өсуімен және айналасындағы тіндердің айқын бұзылыстарымен ерекшеленеді.

Сүйелді базалиома сыртқы түрі түрлі-түсті орамжапыраққа ұқсас. Терінің беткейінде өсетін, қатты ,жаршы дөңгелек пішінді түйін түрінде көрініс береді. Сүйелді базалиоманың ерекшелігі айналасындағы сау тіндерде деструкцияның болмауы.

Нодулярлы (ірі түйінді) базалиома беткейінде «тамыр жұлдызшалары» көрінетін, теріден жоғары орналасатын жалғыз түйін. Түйін сыртқа қарай өседі.

Пигментті базалиома- сыртқы пішіні « маржан» тостағаншаға ұқсайтын түйін. Бірақ ортасындағы немесе шеттеріндегі қара пигменттерге байланысты меланомаға ұқсас болып та келеді.

Склеродермиформды базалиома ерекшелігі түсі бозғылт, қатты , тегіс май тіндеріне ұқсас, шеттері анық түйін. Май тіндерінің беткейі дөрекі, уақыт өте ол жойылады.

Тыртықты атрофиялық базалиома ол да түйіннің пайда болуымен басталады. Өсуімен байланысты ісіктің ортасында деструкция жараға айналады. Уақыт өте жара ісіктің шеттеріне қарай жайылады, ал ортасында тыртық пайда бола бастайды. Осылай ісік тыртықты арнамалы түрге ауысады және ісік әрі қарай өсе береді.

Беткей тегіс базалиома теріге терең өтпейтін, теріден жоғары өспейтін, көптеген 4см жаңа түзілістің пайда болуымен көрініс береді. Түзілістің түсі әр түрлі бөзғылт –қызғылттан қызыл түске дейін «Маржан» тәрізді шеттерімен. Осындай базалиомалар бірнеше онжылдықтар бойы дамиды, ағымы қолайлы.

Диагностика.

-шағымы, анамнез, қарау

-Цитологиялық және гистологиялық зерттеу, ісік беткейінен алынган жұғынды немесе жағынды.

-Керек болған жағдайда басқада қосымша зерттеу әдістерінің пайдалану, басқада базалиома ауруларын ажыратуға бағытталған.

Емі

Келесідей емдеу әдістері қолданылады:

Сәулелі, хирургиялық, кешенді, дәрілік, кригенді, лазерлі.

Сұрақ.

Беткей орналасқан түзілістердің диагностикасы және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы: липома, папилеома, фиброма, гемангиома. Клиникасы. Мүмкін болатын асқынулар

Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Тері асты щелмай клетчаткасында жиі орналасады,бірақ сонымен қатар іш қуысы және одан тыс аймақтардағы мүшелерді қоршап жататын клетчаткада да кездеседі.Липома жеке және көп (липоматоз) болуы мүмкін. Липоманын өсімі адамның салмағына қатысты емес. Оның өсу темпі әртүрлі – баяулатып өсуден жедел түрде тез өсуге дейін барады. Көбінесе, 30 – 50 жас аралығында,әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда жиі кездеседі. Мөлшері жиі 4 см-ге дейін,одан үлкендері де кездеседі. Консистенциясы жұмсақ эластикалық, қозғалмалы, капсуласы болған жағдайда анық шектелген, ауырсынусыз. Емі тек қана хирургиялық. Ісіктің өсуі және косметикалық дефект операцияға көрсеткіш болып табылады. Егер ісіктің мөлшері кішкентай және орналасуы қолжетімді болса оперативті емді жергілікті инфильтрационды анестезиямен амбулаторлық жағдайда жасайды. Ал ісіктің мөлшері үлкен және күрделі анатомиялық аймақтарда (мойын,қолтықасты шұңқыр) орналасқан болса госпитализацияны және стационарлық жағдайда оперативті араласуды қажет етеді.

Папиллома – тері және шырышты қабаттардың вирустық этиологиялы қатерсіз ісіктәрізді түзілісі.Тар негізінде емізік тәрізді (аяғында), жұмсақ немесе тығыз консистенциялы, ашық, қою қоңыр түсті. Папилломалардың теріде орналасуы косметикалық дефект тудырады, көмейде орналасуы – тыныс алу, сөйлеу бұзылысына, ішкі мүшелердің шырышты қабатында орналасуы – жаралануға, қан кетуге әкеледі. Рецидив болуы мүмкін. Папилломаны электрокоагуляция, криодеструкция, хирургиялық, радиотолқындық, лазерлік әсерлесу әдістері арқылы жояды. Гемангиома –бұл тамырлық тіннің клеткаларынан тұратын қатерсіз ісік.Әдетте бұл ауру бірнеше айлық балаларда және жаңа туған нәрестелерде анықталады.Оларда бұл түзілістер ауқымды мөлшерлерге дейін тез дамиды және де айқын косметикалық дефект тудырады. Ересек адамдарда гемангиома сирек дамиды. Гемангиоманың жиі орналасатын жерлері кеуде, мойын,бет болып табылады.Басқа жағдайларда ауру шелмай клетчаткасын,сүйек тінін зақымдайды.Емі хирургиялық.

Диагностика

Шағымдары, анамнез. Диагностика обьективті қарау және пальпацияға негізделеді. Пальпация кезінде ісіктің мөлшерін, консистенциясын (тығыз, жұмсақ эластикалық, бұдыр),капсуласының бар жоғын,терімен және басқа тіндермен байланысын,қозғалысын, регионарлы лимфа тіндерінің үлкеюін анықтау керек.Диагностикада рентгенологиялық зерттеу, УДЗ,кейбір жағдайларда цитологиялық зерттеуге биопсия әдісімен материал алу. Ісікті алған жағдайда міндетті түрде гистологиялық зерттеу.

Емі

Жалпы емдеу принципы– это иссечения в пределах здоровых тканейсау тіндерге дейін капсуласымен бірге кесу,фасция аралық қуыстарға еніп жатқан түбірлерін жою.

Сұрақ.

Аяқтардағы артерияның қан айналымының бұзылыстары кезінде жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы және жүргізу тактикасы. Профилактика. Науқастың жұмысқа қайта қалыптасуы.

Аяқтағы қанайналым бұзылысы артериялардың тарылуы немесе бітелуі салдарынан аяққа қан келуінің азаюынан туындайды.Жүру кезінде ауырсыну пайда болып, тыныштық күйде басылады. Мұндай жағдайды ауспалы ақсақтық деп атайды. Ол әр түрлі аурулар нәтижесінде болуы мүмкін., бірақ әрдайым артериялардың күрделі проблеммаларымен байланысты болады. Сондықтан алғашқы симпомдар көріне бастағанда дәрігерге қаралап, диангостика жүргізу керек.

Этиология: темекі шегу, алколдік қоолдану, семіздік, егде жас, стесс, қант диабеті, генетика, май алмасуының бұзылысы.

Ауыспалы ақсақтық кезінде ауырсыну аяқтың әр түрлі бөлімдерінде : табаннан бастап, сирқ тізе санға дейін кейде бел аймағына дейін тарайды. Кейдк қан айналымының бұзылысы аяқтағы ауырлық сезімімен әлсіздік , құрысы , жынсыздану белгілерімен көрінеді. Кей кезде ауыру перифериялық артериялар арқылы ешқандай клиникалық белгі бермейді. Қан айналымының бұзылысының себебі көп, бірақ оларды 3 топқа бөлуге болады.

- Артерияның зақымдануы ( перифериялық бөлімі)

- Атеросклеротикалық түйіндердің пайда болуынан тамырлардың тарылуы.

- Артерия қабырғаларының қабынуы, тарылуы.

Мұндай бұзылыстардың негізгі себептеріне жататын аурулар.

Аяқтың облитерациялық атеросклерозы. Бұл аурумен әртүрлі жастағы әйел адамда, ер адамда ауырады, бірақ жиі 40 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Холестерин және липидтер қан тамырда жиналып, склероздық түймедақ түзіліп тамырдың толық және толық емес бітелуі болады.

Облитерациялаушы эндоартерит (тромбангиит). Тамырдың созылмалы аутоиммунды ауруы. Сан қантамырының спазмы нәтижесінде қан жеткілікті мөлшерде жетпейді. Көбінесе бұл аурумен зиянды әдеттері бар ер адамдар жиі ауырады.

Қант диабеті кезінде қан тамырының зақымдануы. Ең ауыр асқынудың бірі диабеттік табан. Аяқта қан тамырының жетіспеушілігімен аяқтарда некротикалық іріңдеуі, гангрена дамып, жиі ампутацияға алып келеді

Амбулаторлы жағдайда өткізілетін негізгі (міндетті)диагностикалық зерттеулер:

· Аортаның іштік бөлігінің ,аяқ артерияларының УЗДГ

Амбулаторлық жағдайда жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:

· коагулограмма (АЧТВ, МНО, Фибриноген, ПВ, ПТИ);

· липидті спектрге биохимический қан анализі (ЛПВП, ЛПНП, холестерин, триглицеридов);

·Аяқ артерияларының КТА/МРА ;

· ЛПИ анықтау.

Жоспарлы госпитализацияға жолдама кезінде жүргізілетін зерттеулердің минимальды тізімі:

ЖҚА; ЖЗА; биохимиялық қан анализі (жалпы билирубин, тіке және тіке емес билирубин, АЛТ, АСТ, жалпы белок, мочевина, креатинин, электролиттер, глюкоза);

коагулограмма (АЧТВ, МНО, Фибриноген, ПВ, ПТИ); Аортаның іштік бөлігінің ,аяқ артерияларының УЗДГ ; қан тобы және резус фактор; ЭКГ; ИФА әдісімен қанды ВИЧ-ке зерттеу; ИФА гепатит В, С; Вассерман реакциясы.

Жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:

КТА/МРА; Ангиография; Кеуде клеткасының Рентгенографиясы; Ішқуысын УДЗ; ФГДС.

Профилактикалық іс-шаралар:

· 40 жастан асқан адамдардың артериялық зақымдануларының скринингі;

· шылым шегуден бас тарту;

· салауатты өмір салтын ұстану;

· Дене салмақ индексінің нормализациясы.

Әрі қарай жүргізу:

· жылына 2 рет ангиохирургқа қаралу;

· жылына 1 рет артерияларды ультрадыбыстық зерттеу;

· қанның липидті спектрін бақылау;

· қан ұю көрсеткішін бақылау;

· көрсеткіштері бойынша жыл сайынғы тамырлық консервативті терапия.

Еңбекпен қамту.

Командировкаларға,түнгі кезекшілікке,тұрып жұмыс жасауға,суық және ылғалды жерлерде жұмыс істеуге тиым салынатын рациональды еңбекпен қамтылу.

№17

Наши рекомендации