Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «ЖРҚ диагностикасы»

Ситуациялық есеп:Сіз-кезекші дәрігер.Қабылдау бөліміне 16 жастағы А деген науқас келіп түсті

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зертханалық-зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз

Соңғы қорытынды (outcomes):

Ø Буын және жүрегі ауыратын науқасқа сұрастыруды және физикалды қарап тексеруді жүргізу

Ø ЖРҚ-ның клиникалық диагностикасы және оның асқынулары

Ø Жалпы қан анализі, ревмосынамалар (СРБ, АСЛ-О), электрокардиограмма, эхокардиография мәліметтерін интерпретациялау

Ø ЖРҚ-н науқасты жургізу тәсілі, жағдайының мониторингі

Ø ЖҚР-ң екіншілік профилактикасы

Стандартталған: әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: дене қызуы 37,8ºС-қа дейін жоғарылауы, тізе буындарының ауру сезімі, ісінуі, жалпы әлсіздік, жүрек аймағындағы ауру сезімі, ентігу, жүрек қағуы

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құрастыру Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 2 апта  
Дене қызуының жоғарылау мерзімі Дене қызуының жоғарылауы қанша уақытқа созылады? Дене қызуы каншаға дейін жоғарылаған? Қалтырау болды ма? Дене қызуы 37,5-38,0ºС-қа дейін 2 апта бойы жоғарылайды. Кешке жоғары болады. Қалтырау болмады.
Стрептококты инфекциялар, ЖРВИ немесе диареялар болуын анықтау Буындарының ауруына дейін ангиналар, суықтаулар немесе ішектік инфекциялар болды ма? Шамамен 3 апта бұрын ангинамен ауырған – температура және тамағының ауруы болған. Антибиотиктер кабылдамаған. Стрепсилз, антигриппин қабылдаған және тамағын шайған, 5-6 куннен кейін ауру сезімі қайтқан.
ЖҚЖ жағынан шағымдары Жүрек аймағындағы ауру сезімі қашан пайда болды,ауру сипаты, даму шарттары және т.б Жүрек аймағындағы сыздайтын ауру сезімі тұрақты емес, себепсіз пайда болады, дене қызуы жоғарылағаннан кейін бір аптадан кейін дамыды.
Жүрек қағуы, ентігу. Тұрақты емес, куштемеде пайда болады, ауа жетіспеу сезімімен бірге дамиды.
Буындары Буындарында ауру сезімі қашан пайда болды? Буындары ісінеді ме, қимылдағанда аурады ма? Тізе буындары дене қызуы жоғарылағаннан кейін бірден пайда болды. Алғашында тек ауырды, кейін буындар ісінді. Біресе тізе, біресе шынтақ, біресе шынтақ–шыбық буындары ауырады. Ауру сезімі ауысып тұрады. Қимылдағанда аурады.
Хорея Бұлшық етінде әлсіздік болады ма? Қалай ұйықтайсыз? Мектепте қиындықтар болып тұрады ма? Сабақпен қиындықтар болады ма? Жоқ болмады. Жақсы ұйықтаймын.Мектепте қиындықтар жоқ, бірақ мәліметтерді қиын қабылдайтын болдым.
Сақина тәрізді (аннулярлы)эритема, ревматикалық түйіндер Бөртпелер болды ма?   Жоқ.

Анамнезінде: Үш апта бұрын ангинамен ауырдым. Антибиотиктер қабылдамаған. Ангинадан кейін шамамен 2 аптадан кейін ауырған. Одан кейін буындары ауыра бастаған-буындары кезектесіп ауырған, тізе тобық буындары ісінген. Дене қызуы 38 0С-қа дейін жоғарылаған және сол қалпында сақталған, қалтырау болмаған. Дене қызуын түсіру үшін аспирин қабылдаған Буындарынан кейін жүрек аймағында ауру сезімі пайда болған, тұрақты емес, физикалық күштемемен байланысты емес, күштемеде ентігу және жүрек қағуы пайда болады. Мектепке бара берген, соңғы аптада жағдайы нашарлағаннан (дене қызуы туспеген,буындарындағы ауру сезімі күштірек болған) үйіне дәрігер шақыртқан.Ата-анасымен жер үйде тұрады. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық..Анасында да жас кезінде буындары ауырған

Сіз жасыңызға сай өстіңіз бе? – Иә
- Сіздің өмір сүру жағдайыңыз калай? - Қанағаттанарлық
- Боткин ауруы,туберкулез,венерологиялық аурулармен ауырғансыз ба? – Жоқ
Бала күніңізде қандай аурумен ауырдыңыз? -Бала күнімде кызылша ауруымен ауырғанмын.
- Қан құюлар мен операциялар болды ма? – Жоқ
- Отбасыңызда тұқым қуалайтын аурулар бар ма? - Жоқ
- Дәріге аллергияңыз бар ма? Бұрын антибиотиктер қабылдағансыз ба? – Жок Анығын білмеймін
-Зиянды әдеттерініз бар ма (темекі шегу)? - Жоқ
Жасыңызға сай егілгенсіз бе? Анам барлық егулерді алғансың дейді

Қарап тексергенде: бойы-158см, салмағы 49 кг. ТЖ-18 рет минутына, АҚҚ-100/70мм с.б., ЖСЖ-93 рет/мин.

Терісі бозғылт. Тізе буындары ісінген, жергілікті дене қызуы бар, пальпацияда және қимылдағанда ауру сезімді.

Жүрек шекарасы солға ұлғайған - сол бұғанаорталық сызығы бойында. Аускультативті: жүрек тондары тұйықталған,1-ші тонмен байланысқан үрлеуші, систолалық шу, жүрек ұшында естіледі, сол жауырын астына беріледі. Бауыры қабырға доғасы бойымен.

Общий анализ крови Гемоглобин – 105 г/л Эритроциттер -3,6х 1012 /л Түсті көрсеткіш-0,8 Тромбоциттер – 280х109/л Лейкоциттер– 12,0 х 109/л Таяқшалы нейтрофильдер-10% Сегмент ядролы нейтрофилдер– 70% Эозинофилдер– 3% Базофилдер – 2% Моноциттер-5% Лимфоциттер– 10% ЭТЖ – 38 мм/сағ Анизоцитоз ++, пойкилоцитоз +, гипохромия + Общий анализ мочи Көлемі – 50 мл Түсі – Сары Тұнықтығы-тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1015 Реакция – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер-1 –3 к/а Шырыш+++ Оксалат тұздары ++
Биохимиялық қан анализі Мочевина – 7,2 ммоль/л Креатинин – 53 ммоль/л АЛТ – 0,32 ммоль/л АСТ – 0,28 ммоль/л Глюкоза – 3,8 ммоль/л Жалпы белок – 56 г/л СРБ - +++ Фибриноген – 5,5 г\л АСЛ О – 1/640   Ауыз қуысынан жағындыны бактериологиялық тексергенде:: Streptococcus pyogenes А тобы

Медициналық симуляция сценариі - student2.ru

Буындар рентгеннограммасы

Медициналық симуляция сценариі - student2.ru

Эхокардиографиялық зерттеу КАРТАСЫ

Жасы 16 ж______________________________________________________________

Митральді қақпақша____митральді тесіктің ауданы-3,4 см2____________

Қақпақша жармаларының қалыңдауы, алдыңғы митральді жарманың ертелі диастоликалық жабылуының айқын төмендеуі (выраженное снижение скорости раннего диастолического зак­рытия передней митральной створки), регургитация 1-2 дәрежесі

Аорта 2,6_см______________________________________________

Өкпе артериясы 2,0______Қысымы=19мм.с.б.______________________________

Сол жүрекше. Диастоладағы өлшемі _2,2__см_____________________________________

Оң қарынша. Диастоладағы қуысының өлшемі 2,0см__________________________

Сол қарынша. КДР 4,6_____________________________________________

КСР 3,1_______________________________________________________________

Соғу көлемі (Ударный объем) 66_____________________________________________________

Систоликалық көлемі 45______________________________________________________

Айдау фракциясы 53%______________________________________________________

Артқы қабырғасының диастоладағы қалыңдығы 1,0-1,1________________________________

Қарынша аралық перде 0,8-0,9_________________________________________

Қорытынды:Қарыншааралық перденің гипокинезі. Сол қарыншаның миокардының жиырылу қабілетінің аздаған төмендеуі. Митральді қақпақшада 1-2 дәрежелі регургитациясы

Наши рекомендации