Айталау сұрақтары. Даражарнактылар класы- Мопосоtyledoneae

Зертханалық жұмыс №15

Даражарнактылар класы- Мопосоtyledoneae

Лалагүлдер класс тармағы /Liliidae/

Лалагүлдер /Liliaceae/

Астық тұқымдасы /Poaceae/

Қияқ гүлділер тұқымдасы //Cyperaceae/

Тақырыбы: Лалагүл тұқымдасы - Liliacеае.

Сабақтың мақсаты: Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік

және генеративтік мүшелеріңдегі ерекшеліктерді

ажырату.

Кажетті материалдар: тірі өсімдіктер, өсімдіктердің кеппешөп даналары, пиязшықтар, анықтағыш кітап.

Жалпы түсінік

Лалагүл түқымдастары - біржылдық, екіжылдық, көпжылдық шөптесік даражарнақты өсімдіктер. Бұл тұқымдас өсімдіктердің ішінде эңдемді түрлері және туыстары көп, үлкен тұқымдас, барлық континенттерде кездеседі, әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Казақстаңда 21 туысы белгілі. Дәм татымдық зат есебінде пияз, сарымсақ, қояншөп тамаққа пайдаланылады. Медицинада дәрідермек алуда алоэ, іжугүлдің мені өте зор. Әсемдік үшін лалагүл, қызғалдак, сүмбіл т. б. қолдан есіреді. Кейбір түрлері бөлмеде өсіріледі (мысалы, аспидистра, аспарагүс, кірпі шөп, амариллис, т.б.).

Лалагүл тұқымдастарының жапырақтары тамырға жақын жерден шығады, катарлас (параллель) және доға жүйкелі болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті немесе тіс-тісті болып келеді, бәрінде де тамырсабақтары және пиязшығы болады. Қоңырау тәрізді гүлдері ірі, ашық түсті, қос жынысты, актиноморфты, сирек зигоморфты. Гүлдері шашақгүл, сыпыртқыгүл және шатырша гүл шоғырларын құрайды, кейде бір ғана гүл болады. Гүл жапырағы екі қатар шеңбер бойына орналасқан, бірікпеген, сирек біріккен 6 күлтесі бар, тостағаншасы кейде болмайды. Акдроцейі 6 аталықтан, екі шеңбер бойына орналасады, гинецейі үш аналықтан, үш ұялы, үстіңгі жатын. Жемісі қауашақ кейде жидек болып келеді, тұқымы эңдослермді.

Лалагүл өсімдіктерінің пиязшығы түрі өзгерген өркен болып саналады. Оның түбіртегі түрі өзгерген сабақ болса, етженді қабыкшалары шығу тегі жағынан жапырақ. Түбіртектің төменгі жағынан жер астына тамыр шығады, ал жоғарғы жағы дөңестеу болып келеді де, одан тармақтанбайтын біржылдық өркенін жер бетіне шығарады.

Пиязшығы жер бетіне сабағының шығуынан бұрьш жетіте бастайды. Бұл кезде пиязшықта өткен күздегі жаңа бүршік әрі қарай дамиды және қабықшалары қалыптасады. Осыдан кейін ғана жапырақтар мен сабақ шығады. Жаз бойы пиязшыктың қабықшалары қоректік заттар жинақтайды. Гүлдеп бітіп тұқым бергеннен кейін лалагүлдің жер үстіндегі сабақтарымен жапырықтары өледі де, пиязшығы қыста тыныштық күйге көшеді.

Лалагүлді тұқымы арқылы және вегетативтік әдіспен көбейтуге болады, сонымен қатар пиязшықтарының қабықшалары арқылы көбейе алады. Ол үшін ересек пиязшықтың сыртқы қабықшаларын бөліп алып, оның үштен екі бөлімін тазартылған дымқыл құмға отырғызады.

Лалагүл тұқымдасына мысал ретіңде май інжугүлін – Convalaria majalis - алып қарастарымыз. (1 сурет). Биіктігі 20-30 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағының төмеңгі жағыңда ақшыл-қызғылт түсті қабыршақты қынапты жапырақтары болады. Мұндай жапырақтары бірінің қойнауынан бірі өсіп шығады. Жапырақ тақтасының пішіні ұзынша - эллипс тәрізді ұшы сүйірдеу болып келеді.

Айталау сұрақтары. Даражарнактылар класы- Мопосоtyledoneae - student2.ru

1 – сурет. Май інжугүлі: А - жалпы көрінісі; Б - гинецей; В - түйіннің көлденең кесіндісі; Г - гүлдің ұзыннан кесіндісі; Д - аталық; Е - гүл диаграммасы; Ж - жемісі-жидек; 3 – құрылысынын схемасы: 1 – негізгі өсі(әрқашанда вегетативтік өркен); 2 - төменгі қабыршақ тәрізді жапырақ, 3 - тұйьгқталған кынапты жасыл жапырақтары (4), бұдан жалған сабақ тұзіледі; 5 - гүлмен (гүлсағақты) аяқталатын үшінші реттік өсь; 6 – гүл жапырақ; 7 - екінші реттік өсь (гүлді өркен); 8 - бүйірлік өркенні жапырақ бастамасы; 9 - тамырсабақ; 10 - қосалқы тамырлар.

Гүлшоғыры - шашақ гүл. Гүлсерігі жай, күлтежапырақшалы, түсі ақ, біріккен, алты тісшелі. Аталығы алтау /3+3/. Гинецейі синкарпты, үстіңгі жатын, үшұялы, аналық мойны қысқа, аналық аузы үш бұрышты болады.

Гүл формуласы: *Р(3+3) А3+3 G(3)

Жемісі - жидек.

Тапсырма

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден лалагүл тұқымдас өсімдіктердін вегетативті мүшелерін талдау.

2. Гүл құрылысына зер салып, гүл серігінің қандай екендігін, санын анықтау.

3. Гүлдің аталықтары мен аналықтарын қарап, санын анықтау.

4. Пиязшықты ортасынан жарып, қабыршақтарын, түбіртегін қарау.

5. Кітаптан немесе кестеден май інжугүлінің вегетативтік мүшелерінің, гүл бөлімдері мен гүл диаграммасының суреттерін салу.

6. Анықтағыш кітаптан лалагүл тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

7. Қайталау сұрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

айталау сұрақтары

1. Лалагүлді өсімдіктер қандай белгілері бойынша даражарнақтылар класына жатады?

2. Лалагүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

3. Лалагүлді өсімдіктердің вегетативті мүшелері қандай болып келеді?

4. Гүлдерінде қандай ерекшеліктер бар және қаңдай гүлшоғырлары болады?

5. Қандай жеміс түрлері лалагүлді өсімдіктерге тән?

6. Пиязшықтың құрьлысы қандай және қандай маңызы бар?

7. Май інжугүлінің вегетативті мүшелерінде және гүлінде қандай ерекшеліктер бар?

8. Жергілікті жерде лалагүл өсімдіктердің қаңдай түрлері өседі?

9.Лалагүл өсімдіктердің қандай түрлері Қызыл кітапқа енді және олардың маңызы қандай?

Дебиеттер

1. М. Мәкенова. Ботаника курсының практикумы. Алматы 2000.

2. Ә. Әметов. Ботаника. Алматы 2005.

Наши рекомендации