Патологиялық физиология кафедрасы

СИЛЛАБУС

Патофизиология бойынша - 2 PF-2 3212

051301 "Жалпы медицина" мамандығы үшін:

Сағаттар көлемі - 108 сағат   Дәрістер - 6 сағат   Тәжірибелік сабақтар - 30 сағат   СОӨЖ - 36 сағат  
  Барлығы аудиториялық - 72 сағат  
  Өзіндік (аудиториядан тыс) жұмыс – 36 сағат  
     
Курс – үшінші   Семестр - бесінші - алтыншы  
  Бақылау түрі – емтихан VI семестр  

Алматы, 2012

Силабусты профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Н.Н. Рыспекова, Н.В. Жуйко., М.Б.Байбөрі, оқытушылар Мырзағұлова С.Е., М.Б.Шонбасова ЖШС «Медициналық білім мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығы» бекітіп, басылымға ұсынған патологиялық физиология - 2 бойынша ЖОО студенттеріне арналған біртектес бағдарлама негізінде дайындады. № 5 хаттама 20.03.09

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді 30.04.2010ж., хаттама № 16

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді

« 28 »тамыз 2010 ж., хаттама № 1

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді

« 09 » 09 2011 ж., хаттама № 2

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді

« 07 » 05 2012 ж., хаттама № 17

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

МАЗМҰНЫ

1. Кафедра туралы жалпы мәліметтер..........................................
Пәннің саясаты............................................................................
Бағдарлама ..................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі..................................................
Білімді бағалау ережелері мен критерийлері...........................
Қосымша .....................................................................................
     
     
     
     
     
     
     
     

1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО аталуыС.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Патологиялық физиология кафедрасы

1.3 Пән «Патологиялық физиология - 2», PF - 2 3212

1.4 Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағатының көлемі -108 сағат

1.6 Курс және оқу семестрі -3 курс; V-VI семестр

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты-жөні Қызметі Дәрежесі
1. Балабекова Марина Қазыбаевна Кафедра меңгерушісі, Доцент М.ғ.к.
2. Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы Профессор М.ғ.д.
3. Мельдеханов Тұрсынбек Тулеевич Профессор М.ғ.д.
4. Төлепбергенова Майгүл Жұмановна Модуль меңгерушісі М.ғ.к.
5. Рыспекова Наталья Николаевна Доцент М.ғ.к.
6. Жуйко Нелли Васильевна Доцент М.ғ.к.
7. Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна Доцент М.ғ.к.
8. Табанова Рымкеш Ахметжановна Доцент М.ғ.к.
9. Жоламанов Мейрам Есович оқытушы М.ғ.к.
10. Иманбекова Жанар Абдрашитовна оқытушы дәрежесіз
11. Муратова Айнур Нуржигитовна оқытушы дәрежесіз
12. Жуманова Майя Дүйсенбековна оқытушы дәрежесіз
13. Аскарова Ажар Ермековна оқытушы дәрежесіз
14. Жүкешева Майя Қанатовна оқытушы дәрежесіз
15. Ким Татьяна Александровна оқытушы дәрежесіз

1.8 Байланыс хабарламасы:кафедраның орналасқан жері

Төле-би көшесі, 92, 2 ғимаратының 4 – этажы, Ахан сері көшесі, балалар теміржол ауруханасы

1.9 Пәннің саясатыоқу үрдісін бірізді және мақсатты түрдеқамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

6. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.

8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Дәрігер дайындауда маңызды білім мен дағдыларды үйретудің негізгі міндеті негізгі пәндер мен клиникалық пәндерде үйренген машықтық дағдыларды үйлестіру болып табылады. Осы мақсатта ішкі аурулар пропедевтикасы мен негізгі пәндерді біріктіріп оқытуға арналған негізінде адам организмінің сегіз жүйесі: жүрек қантамыр, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару, эндокрин, тірек қимыл және тері оның қосымшалары, қан өндіруші жүйелерінен тұратын интеграцияланған бағдарлама құрастырылды.

2.2 Патофизиология-2-нің мақсаты: негізгі пәндермен біріктірілген модулдік ұстанымның негізінде адам ағзалары мен жүйелері патофизиологиясы бойынша студенттердің білімін, ішкі ағзалар ауруларының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, клиникаға дейінгі зерттеу ережелерінен құқықтық құзыретті, сонымен бірге өзін өзі дамыту дағдысын қалыптастыру.

2.3 Оқыту міндеттері:

· Жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқорыту, несептік-жыныстық, тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары, қантүзуші, эндокрин, жүйке жүйесі зақымданулары туындауы мен дамуының себептері туралы білімін қалыптастыру

· Организм жүйелері зақымдануының негізгі синдромдары мен симптомдарының патогенезін түсіну

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптаудың машықтық дағдысын қалыптастыру, дерттік үрдістер мен аурулардың патогенездік сызбанұсқасын құрастырып үйрену

· топта коммуникациялық дағдыны (өз ойын анық жеткізу, жолдастарының ойын бөлісу, оларды тыңдай білу) дамыту

· ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерін қалыптастыру

· Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және анықтамалармен, кітапхана каталогтарымен, интернет желісімен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру

Наши рекомендации