Ажыратып-балайтын (дифференциалды-диагностикалық) орталар.

Гисс ортасы.

Негізгі Гисс ортасы пептон суына (0,5℅ NaCl, 1℅ пептонның дистилденген судағы ерітіндісі), 0,5-1℅ көмірсуы және 0,5℅ Андредэ анықтағышы қосылып, қағаз сүзгіден сүзіліп, пробиркаларға қалқытып түбінен жоғоры түсіріп жіңішке кішкентай пробиркалармен (2-4см) («газды») қүяды. Залалсыздандырады. Орта түссіз болады.

Дайын қоректік орта анықтағышты қосқаннан кейін пробиркаларда сабандай сары күлгін түссіз түрде болады, ал керісінше болған жағдайда бояу ерітінді мен сілтіні алдын-ала титрлеу қажет. Ол үшін 8 пробиркаға 5 мл-ден 0,5℅ фуксиннің қышқылды ерітіндісін құйып, 1-ші пробиркаға 0,1 мл-ден 0,4℅ ащы натрий ерітіндісін құйып, келесі, яғни әрқайсысына алдындағыларға қарағанда 0,1 мл-ден көбіректеу құйып шығады. Пробиркаларды сілкіп өтпелі жарыққа қарайды. Анықталған рецептті жасаған кезде фуксин мен сілті қатынасына қарай алады. Ондағы қоспа түсі сабан түстес сарыға жақын болады, сондай-ақ титрлеуге 4℅-ды сілті ерітіндісі емес, оның 10 ретке еріген түрін алады.

Гисс ортасы сұйық және жартылай сұйық болып дайындалады. Гисс сұйық ортасы Андредэ анықтағышымен дайындалады,

оған фуксин қышқылы (0,5г), 16 мл 1℅-ды NaОН ерітіндісі 100 мл дистилденген суға жасалады.

Гисс жартылай сұйық ортасы («газды»емес Гисс(фабрикаөндірісінде) ВР анықтағышпен дайындалады (бояғыш қоспа судағы көгілдір күлгін қышқылымен), ол құрғақ түрде шығарылады. 2г орта ұнтағы 100мл дистилденген суға ерітіп, оны пробиркаларға құйып 120С-та 20 минут залалсыздандырады.

Эндо ортасы.

ЕПА-ды (рН 7,4-7,6) су моншасында ерітеді, оған 0,5-1,0 лактоза, 0,5℅ фуксиннің спиртті ерітіндісінде негізгі қаныққан түрі, түсін жоғалтқан 10℅-ды күкіртқышқылды натрийді тамшылатып қосады. ЕПА қосылған қосындылармен қайнатылып және Петри аяқшаларына құйылады.

Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақ түріндегі орталар кеңінен қолданылады, ол ұзақ уақытқа сақталады.



Құрғақ Эндо агары.

5г құрғақ ортаны 100 мл дистилденген суға ерітеді, яғни қыздырған кезде араластырып тұрып 5 минут қайнатады да стерильді Петри аяқшаларына құяды. Агар қатқаннан кейін термостатқа кептіру үшін салып қояды.

Левин агары (бұл да құрғақ түрде шығарылады).

Бұл орта метилен көгі ерітіндісіндегі Хоттингер агарынан, бактериологиялық эозин сілтіден, лактозадан, калийдің екі негізді фосфорқышқылынан (К2НРО4) тұрады. Левин ұнтақты ортасын 5г алып 100мл дистилденген суда ерітеді, оны ысытқан кезде араластырып тұрып 5 минут қайнатады да Петри аяқшаларына құяды. Қатырғаннан кейін ортаны термостатқа кептіру үшін қояды. Бұл орта күлгін түстес болады.

Плоскиревтің сұрыптап және ажыратып-балайтын ортасы (бактагар Ж).

Ылғалтартқыш, жарықсезгіш орта (анықтағышқұрамды орта). Ортаның құрамы: қатты агар ортасы, лактоза, өт қышқылды тұз, кальций содасы, фосфорқышқылды екі натрий, бриллантты жасыл, NaCl, лимонқышқылды натрий қышқылы, қызыл бейтарап анықтағыш. Ортаны даярлау үшін 6г құрғақ ұнтақты 100мл дистилденген суға ерітеді (рН 7,2-6,8).

Құрғақ висмут-сульфит-агар: ЕПА,құрамына висмут цитраты,натрий сульфиті, натрий дифосфаты, Мор тұзы, бриллантты жасыл, глюкоза, кальций содасы кіреді. 6г құрғақ ұнтақты 100мл дистилденген суға ерітіп, 50С-та суытып, ақырындап араластырып тұрып Петри аяқшаларына құяды. Қатқан агарды термостатқа кептіру үшін қояды.

Сүт (майсызданған)-табиғи жануар өнімі.Сүтті ақырындап1℅-ды екікөмірқышқылды соданы қосып сілтілейді де, лакмус қағазымен реакциясын тексереді, егер сүт әлсізсілтілі орта болса қағаз біртіндеп көгереді. Оны сүзіп, стерильді пробиркаларға құйып залалсыздандырады.

Селективті (молайту) орталарын даярлау.Бұл орталарзерттейтін материалда микроорганизмдердің саны күрт аз болған жағдайда пайдаланады.

Шустова ортасы ЕПА-ға(рН7,4) 10℅көлеміне50℅-дынатрий тиосульфттың судағы ерітіндісін (Na2S2O3∙5H2O) және 2℅ Люголь ерітіндісі қосылады. Раппопорт ортасы – сұйық болады.



ЕПС-ға 1℅ глюкоза, 10℅ - өт, 1℅ Андредэ анықтағышы қосылады, залалсыздандырылады.

Киллиан ортасы: 100мл стерильді ЕПС-ға(рН6,7-6,9)текқолданар алдында 1:100000-1:150000 қосылады.

Өсімдікті қоректік орталар.

Картоптан, сәбізден, бұршақтан, қырыққабаттан және басқа да өсімдіктерден дайындалады.

Картоп ортасы (картоп тілімі немесе сұйық картоп ботқасы).Жуылған картопты қабығынан, көзшелерінен тазартып цилиндр секілді тілімдеп, сосын қиғаштап екіге бөледі (негізі тегіс бетіне бактерия егу үшін), оған 1℅-ды екікөмір қышқылды сода ерітіндісіне 1-2 сағат салып, сосын сүзгі қағазбен кептіріп және арнайы (пробирка Ру) төменнен үшіншіге көшіру пробиркаларына салады. Пробирка түбіне көшіруге дейін 5℅-ды глицеринді суды құяды. 120С 20 минут залалсыздандырады.

Сұйық картоп ботқасы түріндегі және бұршақтан дайындалған орталар көбінесе биологиялық өнеркәсіптерде қолданыс тапқан. Бұл процесті даярлау өте күрделі және ұзақ. Сондықтан бактериологиялық балау жұмыстарында өте сирек қолданады.

Наши рекомендации