Ол кездегi шұғыл жәрдем.

  Химиялық заттың аты, оның синонимы және сипаты     Улану симптомы Шұғыл көмек: 1. белсенді детоксикация әдісі 2. антидотты ем 3. симптоматикалық ем  
Антибиотиктер (стрептомицин, мономицин, канамицин). Нейротоксикалық, ототоксикалық әсерлер Бірмезгілде шамадан тыс мөлшерде антибиотиктерді қабылдаған кезде (10 мг жоғары) есту жүйкеснінің зақымдануының салдарынан саңыраулыққа (стрептомицин) немесе бүйректің зақымдануының әсерінен олигоурия (канамицин, мономицин) дамуы мүмкін. Көрсетілген асқынулар препараттарды ұзақ уақыт қабылдаған кезде, әртүрлі инфекциялардың фонында диурездің төмендеуі кезінде дамиды. Антибиотиктерге жоғары сезімтал болған жағдайларда емнің қалыпты мөлшерін қабылдаған кезде анафилактикалық шок дамуы мүмкін.   1. естудің төмендеуі кезінде: уланғаннан кейінгі 1-3 тәулікте гемодиализ және форсирленген диурез көрсетілген. 2. олигоурия кезінде: алғашқы тәулікте – форсирленген диурез. Жедел бүйрек жетіспеушілігін емдеу.
Керасин. Психотропты (наркотикалық), гепатотоксикалық, нефротоксикалық, пневматоксикалық әсері. әсіресе этилденген бензин, құрамында тетраэтилқорғасын. Өкпе және асқазан ішек жолдары арқылы тез сіңеді. өкпе арқылы шығарылады. Бумен тыныс алған кезде – басының айналуы, басының ауырсынуы, масаю сезімі, қозу, жүрек айну, құсу. Ауыр жағдайларда – тыныстың бұзылуы, естен тану, тартылулар, ауыздан бензин иісі. Жұтынған кезде іштің ауырсынуы, құсу, бауырдың ұлғаюы мен ауырсынуы, сарғаю, токсикалық гепатопатия, нефропатия. Аспирация кезінде - кеудедегі ауырсыну, қанды қақырық, цианоз, ентігу, қызба, әлсіздік. Улану балаларда ауыр жүреді. Созылмалы ингаляциялық интоксикация болуы мүмкін. 1. бензиннің буымен қаныққан мекемеден зардап шеккен адамды шығарамыз, бензин ішке түссе асқазанды зонд арқылы 200 мл вазелин майымен немесе белсенді көмірмен шаямыз. 2. бумен тыныс алған кезде немесе аспирауия кезінде - отегімен ингаляция, антибиотиктер(10 млн/ЕД пенииллин және 1 г стрептомицин б/е), банкалар, горчичниктер. Терінің астына кам-фора – 2мл 20%ертіндісі, корди-амин – 2мл, кодеин – 2 мл 10% ертіндісі. К/т 30-50мл 40% ерт. Глюкоза корглиомен (0,06% ерт-сі 1 мл) немесе строфантинмен (0,05% ертіндісі 0,5мл). ауырсынған кезде – 1 мл 1% промедол ертіндісі, 1мл 0,1% атропин ертіндісін теріастына. Коматозды жағдайда тыныс бұзылған кезде – интубация, жанама тыныс, оттегі.  
Витамин D2(эргокаль-циферол, кальциферол). Кальций алмасуының бұзылуы және ағзадағы фосфордың цитотоксикалық, нефротоксикалық әсері. Токсикалық мөлшері 1 млн. ИЕ – 25 мг (20мл майлы ертінді , 5 мл спирттік ертінді). Витамин D белсенді метоболиттердің түзілуімен бауырда және бүйректе метоболизденеді. Ол препараттың улылығымен негізделген. Ағзада кумуляцияланады. Көп мөлшерде дәріні қабылдаған кезде улануы мүмкін. Балаларды – курстық емнің мөлшерінің жоғарлауында болуы мүмкін. Жүрек айну, құсу, сусыздану, гипотрофия, әлсіздік, дене температурасының жоғарлауы, жалпы адиномия, бұлшық еттік гипотония, ұйқышылдық, тартылулар, АҚ жоғарлауы, жүрек тондарының тұйықталуы, кейдә ырғақтың және өтімділіктің бұзылуы. Гематурия, лейкоцитурия, протеинурия, азотемия, жедел бүйрек жетіспеушлігі. Гиперкаль-циемия (қан сары суындағы кальцидің құрамы 20мг% жәнеодан жоғары), гиперхолистеринемия, гиперфосфатемия, гиперпротеинемия. Түтікшелі сүйектердің рентгенографиясында диафизарлы бөліктің остеопарозы. Бүйректің, миокардтың, жүрек қақпақшаларының, қан тамырларының кальцификациясы.   1. жоғары дозаны қабылдаған кезде - гемодиализ, детоксикациялық гемосорбция. 2. Гидрокортизон – 250 мг/тәу немесе преднизолон – 60 мг/тәу б/е. Тирокаль-цитонин – 5 ЕД 2-3 рет күніне, витамин А (майлы ертінді) 30000-50000 МЕ 2 рет тәулігіне б/е. Тикоферола (вит. Е) 30% ертіндісі – 2 мл б/е 2 рет тәулігіне. Жүрек тамыр жүйесінің заттары. АҚ жоғарлаған кезде – 1% дибазол ертіндісін 2-4 мл ден б/е. Кальцийдинатрий тұзы ЭДТА 2-4 г 500 мл 5% глюкоза ертіндісін к/т тамшылатып. Глюкоза инсулинмен – 8 ЕД, изотоникалық ертіндісі хлорилы натрий 40% - 20 мл, сары су және сарысуды алмастырғыш заттар.
Жүрек гликозидтер:наперстнянка (дигитоксин, дигоксин), горицвкта, ландыша, желтушника, строфанта, моозника, морского лука және т.б түрлерінің препараттары. Кардиотоксикалық әсерлі. Көктамырға енгізген кезде асқазан ішек жолдары арқылы тез сіңіріледі, зәрмен шығарылады. Диспепсиялық бұзылыстар (жүрек айну, құсу). Брадикардия, қарыншалық және жүрекшелік экстрасистолалар, тахикардия, қарыншалардың жыпылықтауы және фибрилляциясы түріндегі өтімділіктің әртүрлі бұзылыстары. АҚ төмендеуі, цианоз, тартылулар, көрудің бұзылуы, психикалық бұзылыстар, естен тану. 1. асқазанды шаю, тұзды слабителдер, белсенді көмір ішке қабылдайды. Детоксикациялық гемосорбция. 2. Брадикардия кезінде атропина 0,1% – 1 мл ертіндісін тері астына. Калий хлоридін көктамырға тамшылатып енгізеді (гипокалиемия кезінде ғана) – 0,5% 500 мл ертінді. Унитиола 5% 5 мл ертіндісін б/е 4 рет тәулігіне 3. Аритмия кезінде: 0,1% атропин – 1-2 мл ертіндісін к/т, лидокаиннің – 100 мл әр 3-5 мин к/т тамшылатып (аритмия басылғанға дейін), ди-фенин – 10-12 мг/кг 12-24 сағат ішінде к/т тамшылатып.  
Димедрол және басқада анти-гистаминді препараттар. Нейротоксикалық (пара симпатолитикалық, орталық, холинолитикалық), психотропты (наркотикалық) әсері. Қауыпты мөлшері – шамамен 40 мг/кг. Қандағы токсикалық концентрация 10 мг/л. Алғашқы 6 сағат ішінде тіндердегі концентрация максималды мөлшеріне жетіа, тез сіңіріледі. Бауырдың детоксикациясы, 24 сағат ішінде зәрмен метоболит түрінде шығарылады.   Ауызбен жұтқыншақтың құрғауы, ұйқышылдық, басының айналуы, жүрек айну, бұлшық еттерпдің тарылулары, көрудің бұзылуы. Қарашықтар ұлғаяды, горизонталды нистагм болуы мүмкін. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт. Қозғалыстық және психикалық қозулар, естен танумен тартылулар. Коматозды жағдай, АҚ төмендеуі, димедролды ішке қабылдаған кезде ауыз қуысының жансыздануы мүмкін. 1. ішке қабылдаған кезде – асқазанды вазелин маймен жағылған зондпен шаю, форсирленген диурез. 2. Физостигмин – 0,1% - 1 мл ертіндісін тері астына қайталап, қозу болмаған кезде пилокарпин – 1 мл 1% ертіндісін қайталап тері астына. 3. қозу кезінде – амина-зин немесе тизерцин – 2,5% - 2 мл ертіндісін б/е, тартылулар кезінде диазепам – 5-10 мг к/т
Күшті қышқылдар: органикалық емес (азотты, серная соляная және т.б.), органикалық (срке, щавел және т.б). Щавелдік қышқылы татбасуларды кетірулерге арналған тұрмыстық химиялық заттарқұрамына кіреді: жидкости «Ваниол» (10%), «Антиржа-вчин», паста «Прима» (19,7%), порошок «Санитарный» (15%), «Тартарен» (23%). Жергілікті күйдіретін әсері (коагуляциалық некроз, гемотокскалық , гемолитикалық және ьнефро-гепатотоксикалық - органикалық қышқылдар үшін. Қауыпты мөлшері 30-50 мл Ішке қабылдаған кезде ауыз қуысының, аранның, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның химиялық күюлері, кейде – ауыз қуысы, өңеш жолында, іштегі ауырсынулар. Асқазан ішектен қан кетеді. Жұтқыншақтың күюімен ісінуіне байланысты механикалық асфиксия. Токсикалық күю шоктары (компенсирленген немесе декомпенсирленген ). Ауыр жағдайларда әсіресе, сірке қышқылыныың эссенсиясымен уланулары кезінде, гемолиз, гемоглобинурия (зәр қошқыл –қызыл, қою қоңыр түсті) бақыланады. Бірінші тәуліктің соңында тері жабындыларымен склераның сарғаюы бақыланады. Гемолиздің фонында токсикалық коагулопатия дамиды (гиперкоагуляция фазасының қысқаруы және екіншілік фибриолиз). 2-3 тәулікте экзогенді токсиемия басым болады (дене температурасының жоғарлауы, қозу), рективті пеританит, панкреатит көріністері, одан кейін жедел гемоглобинуринді нефроз фонында нефропатия құбылыстары (сірке қышқылымен уланулар кезінде), гепатопатия, инфекциялық асқынулар (іріңді трахеобронхит, пневмония). Кеш асқазан ішектен қан кету күйік ауруының 2-3 аптадан кейінгі асқынуы болуы мүмкін. Ауыр күйіктер(жаралы некротикалық қабынулар) кезінде 3-аптаның соңында өңештің немесе асқазаннның шыға беріс бөлігінде тыртықты тарылулар белгілері болады. Күйікті астения, дене салмағын жоғалту, белоктық және су электрлік тепе теңдіктің бұзылулары байқалынады. Жаралы некрозды гастрит немесе эзофагит жиі созылмалы ағымда болады. 1. Өсімдік майымен жағылған зонд арқылы асқазанды шаю. Шаяр алдында асқазанды - тері астына 1 мл 1% морфин ,ертіндісін немесе 1 мл 0,1 % атропин ертіндісін енгізу керек. Қанды сілітілеумен форсирленген диурез. Мұз бөлшектерін жұту. 2. Метаболикалық ацидоздың дамуы және қою зәр пайда болған кезде көктамырға 1500 мл 4% гидро карбонат ертіндісін енгізеді. 3. Күйік шогын емдеу. Полиглюкин – 800 мл к/т тамшылатып. Глюкозаның новокаиндық жаңаң қоспасы (глюкоза – 300 мл 5%), новокаина – 30 мл 2% ертіндісі) тамшылатып. Папаверин – 2 мл 2% ертінідіс, платифиллин – 1 мл 0,2% ертіндісі, атропин – 0,5-1 мл 0,1% ертіндісі тері астына 6-8 рет тәулігіне. Жүрек тамыр жүйесінің заттары (кордиамин – 2 мл, кофеин – 2 мл 10% ертіндісін тері асына). Қан кету дамыған кезхде – ішке мұз басады. Көп мөлшерде қан жоғалтқан кезде – қан құяды. Антибиотикалық ем (пенициллин 8 млн ЕД тәулігіне). Гормондық ем: гидрокор-тизон – 125 мг, АКТГ – 40 ЕД б/е тәулігіне. Жергілікті күйген жері үшін 3 сағаттан кейін ішке 20 мл келесі құрамдық микстураны қабылдайды: 10%өсімдік майының эмульсиясын – 200 мл, анестезин – 2 мл, левомицетин – 2 г. Витаминдік ем: В12 – 400 мкг, В1 – 2 мл 5% ертіндісі, В6 – 2 мл 5% ертіндсі, б/е (бір уақытта енгізбейді). Токсикалық нефропатия және гепатопатияның емі стационарда жүргүзіледі. Қанды тоқтатқаннан кейін токсикалық коагулопатияның емі үшін – геаприн 30000-50000 ЕД тәулігіне к/т немесе 2-3 тәулік ішінде б/е( коагулограмманы бақылаумен). Жұтқыншақтың ісігі кезінде - новокаин аэрозолімен ингаляция - 3 мл 0,5% ертіндісіні эфедриннің1 мл 5% ертіндісін немесе адреналиннің – 1 мл 0,1% ертіндісін. Көрсетілген шаралардың нәтижесіздігінде – трахеостомия жасалынады.  
Морфин және басқа да опиын топтарының наркотикалық анальгетиктері: опиын, пантопон, героин, дионин, кодеин, текодил, фенадон. Опиын топтарының заттары бар препараттар, - асқазан таблеткалары және тамшылары, кодтерпин, котер-мопс. Психотропты (наркотикалық), нейротоксикалық әсерлер. Ішке қабылдаған кездегі морфиннің аса қауыпты дозасы – 0,5-1 г, к/т енгізгенде – 0,2 г. қандағы аса қауыпты концентрациясы - 0,1-4 мг/л. Барлық препараттар баларға аса қауыпты. 3 жастағы балалар үшін аса қауыпты дозасы – 400 мг, фенадон – 40 мг, героин – 20 мг. Асқазан ішек жолдары арқылы тез сіңіріледі және парентералды енгізгенде де, детоксикациясы конъюгация жолымен 90% жа5дайда глюкуронмен жасалынады, 73% бірінші тәулікте конъюгат түрінде зәрмен шығарылады.   Ішке қабылдаған да немесе парентералды енгізгенде препарттың токсикалық дозасында коматозды жағдай дамиды, оған жарыққа реакцияның әлсіреуімен қарашықтардың тарылуы, терінің қызаруы, бұлшық еттердің гипертонуысы, кейде клоникалық-тоникалық тартылулар болады. ауыр жағдайларда тыныс алудың бұзылыстарымен және шырышты қабаттың цианозымен, қарашықтардың ұлғаюы, брадикардия, коллапс, гипотермиямен асфиксия дамиды. Кодеинмен ауыр уланулар кезінде науқастың есінің сақталуымен тыныс алудың бұзылыстары болуы мүмкін, сонымен қатар артериялдық қысымның шамалы түрде төмендеуі болады. 1. асқазанды қайталап шаю, белсендетілген көмір, тұзды іш айдағыштар, қанның сілтіленуімен форсирленген диурез. Детоксикациялық гемосорбция. 2. Налорфинді енгізу (анторфин) – 3-5 мл 0,5% ертіндісін к/т. 3. тері астына 1-2 мл 0,1% атропин ертіндісін, 2 мл 10% кофеин ертіндісін, 2 мл кордиамин ертіндісін енгіземіз. 3 мл 5% В1 витаминін к/т енгіземіз. Оттегінің ингаляциясы, жанама тыныс алдыру. Денені жылыту.    
Никотин. Психотропты (қоздырғыш), нейротоксикалық (холинолитикалық, тартылулы) әсері. Қандағы токсикалық концентрациясы 5 мг/л, аса қауыпты дозасы – 10-22 мг/л. Шырышты қабаттармен тез сіңіріледі, ағзада тез метоболизденеді. Детосикациясы бауырда жүреді. 25% өзгермеген күйде зәрмен, өкпемен, термен шығарылады. Бас ауыру, бас айналу, жүрек айну, құсу, іш өту, сілекей ағу, суық тер. Пульсі басында баяу, одан кейңн жиі, дұрыс емес. Қарашықтардың тарылуы, есту мен көрудің бұзылуы, бұлшық еттердің фибрилляциясы, клоникалық тоникалық тартылулар. Кома, коллапс. Ұзақ темекі тартатын адамдарға қарағанда темекі тартпайтын адамдар темекіге өте сезімтал болады. 1. Ақазанды калий перманганатының 1:1000 ертіндісімен шаяды, содан кейін, тұзды іш айдағышты енгізеді. Ішке белсендірілген көмір. Форсирленген диурез. Ауыр уланулар кезінде гемосорбциямен детосикация. 2. Ішке 50 мл 2% новокаина ерт, 500мл 5% глюкоза ерт, 25% 10 мл магний сульфаты. Тыныстың қиындауымен тартылулар кезінде 10 мл 10% барбамид ертіндісін к/т немесе 2 мл 2% дитиллин және жанама тыныс алдыру аппараты. Жүрек ырғағының бұзылысы кезінде - 10 мл 10% новокаинамид ертіндісін к/т, брадикардия кезінде - 1 мл 0,1% атропина ертіндісін тері астына.  
Көміртегі қышқылы: (иісті газ). Гиптоксикалық, нейротоксикалық, гемотоксикалық әсері. Қандағы аса қауыпты карбоксигемоглобиннің концентрациясы – жалпы гемоглобиннің құрамының 50%. Машина газдарымен, дұрыс печтерді жақпаудан, пожар ошақтарында уланулар. Жеңіл дәрежесі – басының ауырсынуы, сақинасының ұстауы, басының айналуы, жүрек айну, құсу. АҚ транзиторлы жоғарлауы және трахеобронхит белгілері болуы мүмкін. (пожр кезінде уланулар). Қандағы карбоксигемоглобиннің концентрациясы 20-30%. Орташа ауырлық дәрежесінде – болған жерде қысқа уақыт ішіндегі естен тану болады, ол есту және көру галлюцинацияларымен немесе тежегіштікпен, адиномиямен ауысуы мүмкін. Гипертониялық синдром, тахикардия, жүрек бұлшық еттерінің токсикалық зақымданулары. Сыртқы тыныстың бұзылуларымен трахеобронхит көріністері. Болған жерде алған қандағы карбоксигемоглобиннің концентрациясы 30-40%. Ауыр уланулар – ұзақ кома жағдайы, тартылулар, ми ісігі, сыртқы тыныстың жетіспеушілігімен тыныс алу жетіспеушілігі, гипертониялық синдром, жүрек бұлшықеттерінің токсикалық зақымданулары, инфркт миокардының дамуы мүмкін. Кейде терілік трофикалық бұзылыстар, мио – реналды синдромның дамуы, жедел бүйрек жетіспеушілігі. Болған жерде алған қандағы карбоксигемоглобиннің концентрациясы 50%.   1. зардап шекккен адамды таза ауаға шығарамыз. 2-3 сағат бойы үздіксіз оттегімен ингаляция. 2. орташа дәрежелі уланулар кезінде – 50-60 минут бойы камераның қысымы 2-3 ата кезінде гипербаралық оксигенация. 3. мидың ісігі кезінде жоғарғы қысыммен10-15 мл ликворды алып тастаумен люмбалды пункция, 6-8 сағат бойы осмотикалық диуретиктер (манни-тол, мочевина). Қозу кезінде промедолдың 1 мл 1% ертіндісін тері астына, аминазин 2 мл 2,5% ертіндісін б/е, тартылулар кезінде - дизепамның 2 мл 0,5% ертіндісін немесе барбамилдің ертіндісін к/т. Жоғарғы тыныс жолдарының зақымданулары кезінде трахеобронхиоскопияның емдік диагностикалық санация. Өкпе асқынуларының профилактикасы: антибиотиктер, гепарин(25 000 ЕД тәулігіне б/е). Айқын тыныс алу жетіспеушілігі кезінде – жанама тыныс алдыру аппараты, эуфиллиннің 10 мл 2,4% ертіндісін к/т, аскорбин қышқылының 10-20 мл 5% ертіндісін 5% – 500 мл ертіндісімен к/т енгіземіз. Витаминдік ем.
Сынап және оның қосындылары: органикалық емес – сынаптың дихлориды (сулема), сынаптың монохлориды (каломель), сынап цианидыжәне т.б.; органикалық: этилмеркурхлориды (гранозан), диэтилсынабы және т.б. Жергілікті тітіркендіретін, энтеротоксикалық, нефротоксикалық, нейротоксикалық әсері. Сынап ағзаға өкпе, асқазан ішек жолдары, тері жабындылары арқылы түсуі мүмкін. Бумен ингаляция кезінде сынаптың 75% сіңіріледі. Асқазан ішек жолдарында – 10-30% суда еритін неорганиткалық қосындылар және органикалық қосындылар. Металды сынап асқазан ішек жолдарында сіңірілмейді. Металды сынаптың ашық су көздерінде алжил сынап қосындысы түзіледі, осындай сулардағы балықтарды жеген кезде ауыр уланулар пайда болады. Зақымдалмаға тері арқылы 2-3% сіңіріледі. Ми, бауыр, бүйрек қандарында сынаптың бір бөлігі белоктармен байланысады, ал үлкен бөлігі деполанады(әсіресе майда еритін органикалық қосындылар). Ағзаларда деполанған органикалық қосындылар ақырындап неорганикалыққа ауысады. Сынап бүйрек, асқазан –ішек жолдары арқылы шығарылады, органикалық қосындылар органикалық емеске қарағанда баяу шығарылады.   Сынаптың буымен уланған кездеріндегі айқын симптомдарға тыныс жолдарының зақымданулары, суық тию, трахеобронхит көріністері, бірнеше сағаттан кейін ауыр трохеобронхит дамиды, өкпенің токсикалық ісігі. Бір мезгілді асқазан ішек жолдарының зақымдану симптомдары пайда болады (жиі іштің өтуі) және ОНЖ (ұйқышылдық, қозу кезеңі). 3-4 тәулікте токсикалық нефропатия кезеңдері. Сынап буымен уланған кезде – токсикалық пневмонияның емі стационарда: антибиотикалық ем - пенициллин 6 млн ЕД тәулігіне және т.б., 5% унитиол ертіндісін – 10 мл 2 рет тәулігіне б/е. Форсирленген диурез. Өкпенің токсикалық ісігі кезінде – к/т 100-150 мг преднизолон, 100-150 мл 30% мочевина немесе 80-100 мг лазикс. Оксиге-нотерапия
Этиль спирті(этанол, алкоголды сусындар). Психотропты (наркотикалық) әсері. Қауыпты дозасы - 300 мл (95%), алкоголге үйренген адамдарда дозасы одан да жоғары. Қанның токсикалық концентрациясы – 1,5 г/л, аса қауыпты – 3,5 г/л. Асқазанда (40-90 мин) (20%) және ас ішекте (80%) тез сіңіріледі. Ацетальдегид, сірке қышқылы түрінде қышқылданады. Зәрмен 7-12 сағат ішінде шығарылады. Бәріне мәлім масаю симптомынан кейн токсикалық дозаны қабылдағаннан кейін кома тез дамиды. Терісі суық жабысқақ, беттің қызаруы, дене температурасының төмендеуі, құсу, үлкен және кіші дәретке отырып қою. Қаршықтары тарылған, ал тыныс алудың бұзыған кезде - кеңейеді. Горизонтальды нистгам. Тынысы баяулаған, пульсі жиі, әлсіз. Кейде тартылулар, құсық массаларының аспирациясы, ларингоспазм. Жүрек тамыр қызметінің төмендеуімен механикалық асфиксияның нәтижесінде ыныс тоқтауы мүмкін. 1. Тұзды іш айдағыштармен зонд арқылы асқазанды шаю, форсирленген диурез. 2. ауыз қуысын тазарту, тілді ұстап тұратынды салу, жұтқыншақ қуысынан шырышты сору.бұзылған тынысты қалыптастыру: атропиннің – 1 мл 0,1% ертіндісі, кордиаминнің – 2 мл тері астына, тілдің ішіне немесе к/т. Жұтыну рефлекстері болмаған кезде – жанама тыныс алдыру аппараттың интубациясы. Глюкозаның – 40 мл 40% ертіндісін инсулинмен – 15 ЕД к/т. Витамин В6 – 2 мл 5% ертінідісі, В1 – 5 мл 5% ертндісін б/е. қанды сілтілендіру: натрий гидрокарбонаты – по 1000 мл 4% ертіндісін тамшылатып. Нико-тин қышқылының – 1 мл 5% ертіндісін тері астына қайталап.  
Сульфаниламидтер. Нефротикалық, гемотоксикалық әсері Осы топтың препараттарының асқазан ішек жолдарына сіңуі тез және әртүлі. Бос ацетилденген түрде зәрмен шығарылады. Жеңіл уланулар кезінде – жүрек айну, құсу, бас айналу, әлсіздік. Ауыр уланулар кезінде сульфгемоглобин түзіледі, ол жедел кенеттен цианоздың пайда болуына әкеледі. Агранулоцитоз, некроздық ангина пайда болуы мүмкін. Қышқылды зәр реакциясы кезінде төмен диурез фонында препараттарды үлкен дозада қаьылдаған кезде жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін (олигурия, азотемия). Қалыпты емдік дозаны қабылдаған кезде аллергиялық реакция дамуы мүмкін. 1. Тұзды іш айдағыштармен зонд арқылы асқазанды шаю, қанды сілтілеумен форсирленген диурез (натрий гидрокарбонаты 10-20 г ішке). Ерте гемодиализ. 2. Димедрол – 1 мл 1% ертіндісі, хлорлы кальций – 10 мл 10%ертіндісін к/т. метгемоглобинемия кезінде: аскорбин қышқылының – 10 мл 5% ертіндісін, витамин В12 – 600 мкг б/е. Паранефралды новокаиндық блокада. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің емін стационарда жүргізеді. Кристиллурия кезінде несепағар мен бүйрек лоханкаларын шаю.  
Формалин. Жергілікті күйдіретін, гепатотоксикалық, нефротоксикалық әсері. Ішке қабылдаған кезде қауыпты дозасы – шамамен 50 мл. Тыныс және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы сіңіріледі, құмырсқа қышқылының түзілуімен қышқылданады. У ішке түскен кезде - өңеш жолдарының, ауыздың күюі, төстің артындағы күюлер. Қанмен құсулар, шөлдеу, токсикалық шок. Бауыр мен бүйректің зақымданулары(олигоурия, сарғаю). Жас ағу, жөтел, ентігу. Ингаляция кезінде шырышты қабаттың тітіркенуі, жайылмалы бронхит, ларингит, пневмония, психоматорлы қозу. 1. Науқа таза ауаға шығару керек. Нашатыр спиртінің, аммони хлорының әлсіз ертіндісімен асқазанды шаю. Натрий сульфатын – 30 г ішке. 30% мочевина ертіндісін (100-105 мл) енгізумен форсирленген диурез. 2. Жүрек тамыр жүйесінің заттары - атропин – 1 мл 0,1% ертіндісі, промедол – 1 мл 2% ертіндісін тері астына. Токсикалық гепатопатияны емдеу. Ингаляциялық улану кезінде - нашатыр спиртінің бірнеше тамшысын қосумен сулы бу ингаляциясы, ылғалдандырылған оттегі, жүрек тамыр жүйесінің заттары.  

Наши рекомендации