Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 8 страница

* нитраттар

* ілмектік диуретиктер

* кальций антагонистері

*+жүрек гликозидтері

* бета-адреноблокаторлар

! 22 жастағы жігітте қарынша аралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігінің және сол қарыншаның бос қабырғасының айқын гипретрофиясымен шығу жолының айқын обструкциясымен кардиомегалия анықталды.

Көрсетілген дәрілік тобтардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* нитраттарды

* ААФ ингибиторларын

*+В-адреноблокаторларын

* кальций антагонистерін

* жүрек гликозидтерін

! 43 жастағы ер адам горизонтальды қалыпта күшейетін тыныштық жағдайдағы ентігуге шағымданады; түнде болатын тұншығу ұстамалыры, ісінулері бар. Қарағанда өкпеде анық емес ылғалды сырылдар, жүрек тондарының тұйықталуы, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяғында ісінулер анықталды. Анализдері қалыпты жағдайда. ЭКГ- жүрекше жыпылықтауы, ЖСЖ 110-145 рет мин. Эхокг: қабырға қалыңдығының кішіреюімен сол қарынша дилатациясы, ЛФ-34%. Сол қарынша қуысында тромб көрінеді.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* ревматикалық емес миокардит

* рестриктивті кардиомиопатия

*+дилатациялық кардиомиопатия

*гипертрофиялық кардиомиопатия

* оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясы

! 38 жасында пайда болған рентгенологиялық жүректің сол бөлімдерінің контурының тегістелуімен кардиомегалия, барлық жүрек қуыстарының дилятациясы әсерінен шар тәрізді форма, венозды және артериальды өкпе гипертензиясы төменде аталған аурулардың қайсысына тән ?

* рестриктивті кардиомиопатия

*+дилатациалық кардиомиопатия

*гипертрофиялық кардиомиопатия

*жүрекше аралық перденің ақауы

*қарынша аралық перденің ақауы

! Төменде аталған аурулардың қайсысына мыналар тән: сол қарыншаның диастолалық дисфункциясы әсерінен ентігу; науқастың тез горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа өткенде бас айналуы және талуы; нитраттар жағдайын нашарлататын стенокардия ұстамалары; жүректің жиі қағуы және аритмиясы; жедел жүрек өлім болуы да мүмкін:

* ревматикалық емес миокардит

* рестриктивті кардиомиопатия

*дилатациялық кардиомиопатия

*+гипертрофиялық кардиомиопатия

* оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясы

! Жүрекшенің фибрилляциясы және жүрек қуысындағы тромбозбен асқынған жүрек қуыстарының айқын дилятациясы бар 44 жасар ер адамға төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау ЫҚТИМАЛЫРАҚ?

* гепарин

*+варфарин

* амиодарон

* бисопролол

* фраксипарин

! Обструктивті формалы гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар 42 жасар әйел адамға фармакотерапия тағайындаумен физикалық жүктемені шектеу емі жүргізілді. Нәтижесінде науқас жағдайы жақсарды: бас айналуы, талма және ентігу азайды. ЭКГ тәуліктік бақылау барысында жоғары градациялы қарынша аритмиялардың пайда болу қаупі азайды.

Жоғарыда айтылған оң нәтиженің болуы төменде аталған қай топ препараттардың тағайындалуымен тән?

* нитраттар

* ААФ ингибиторлары

*+В-блокаторлар

* кальций антагонистері

* тікелей емес әсерлі антикоагулянттар

! Қарынша аралық перденің айқын гипертрофиясы бар обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиямен ауыратын науқаста сол қарыншаның шығу трактысында қысым грдиентінің барынша жоғарлауы анықталды.

Қандай емді тағайындау БАРЫНША тиімді?

* варфаринді

* кальций антагонистерін

* жүрек гликозидтерін

*+миотомия-миоэктомияны

* селективті емес В-адреноблокаторларды

! Инфекциялық эндокардиттің үлкен Duke-критерийіне қайсысы жатады:

*+регургитацияның жаңа шуылының пайда болуы

* өкпе артерияларының эмболиясы

* бұрын өткерген қақпақшалардың протезденуі

* науқас тамырішілік нашақор

* 38ºС –тан жоғары қызба

! Инфекциялық эндокардиттің эхокардиографиялық белгілеріне төмендегілердің барлығы жатады, мынадан БАСҚАСЫ:

* митральді қақпақшаның алдыңғы жармасының «қалықтауы»

* митральді қақапақшаның артқы жаомағының қалыңдауы

* лақтырыс фракциясының төмендеуі

*+фиброзды сақинаның абсцесі

* сол қарыншаның қабырғасының учаскесінің гипокинезиясы

! 45 - жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - 2,9 х 1012/л, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?

* бронхоскопияны

* сцинтиграфияны

*+эхокардиографияны

* буындардың рентгенографиясын

* өкпенің компьютерлік томографиясын

! Берілген бес белгінің төртеуі қандай ауруға тән: 1. Лукин дақтары. 2. Ослер түйіндері. 3. Үйкеліс шуы. 4. Тырнақ астындағы сызықты геморрагиялар. 5. Румпель-Лееде-Кончалов сынамасының оң болуы .

* перикардитке

*ревматоидты артритке

* ревматикалық қызбаға

*+инфекциялык эндокардитке

* иммунды тромбоцитопениялық пурпураға

! 48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтар ұштарының терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде көрсетілген қандай өзгерістердің анықталуы БАРЫНША мүмкін?

*+вегетациялар

* аортаның атеросклерозы

* қуыстардың кеңеюі

* жүрек қақпақшаларының тығыздануы

* қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы

! Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады:

* метаболиктер

*+антибиотиктер

* антиоксиданты

* глюкокортикостероидтар

* стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

! 46 жастағы ер адам жүрек тұсында шаншып ауру сезіміне, тыныштық жағдайдағы ентігу және жүрек қағуға, дене қызуының 38гр. дейін көтерілуіне және жалпы әлсіздікке шағымданады. Жарты жыл бұрын тісін жұлған. Объективті: Алақанда ұсақ қызыл дақтар. Жүректе I тонның әлсіреуі. ЖСЖ 92 рет мин, АҚ 110/70 мм сб.б. Қанда: гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер 12 мың, ЭТЖ – 38 мм/сағ, СРБ ++. ЭхоКГ: аортальды қақпақшаларда вегетациялар анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* жедел ревматикалық қызба

* алғаш пайда болған стенокардия

* митралдықақпақшаның пролапсы

*ревматикалы емес миокардит

*+инфекциялық эндокардит

! Созылмалы отиты бар 45 жасар науқас сол құлағының ауру сезіміне және бөлінулерге, дене қызуының 38гр. дейін көтерілуіне, жүрек тұсындағы ауырлық сезіміне, аз ғана физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігуге шағымданады. Объективті: терісі бозғылт; таңдай және ұртының шырышты қабатында аз ғана ұсақ нүктелі қызыл бөртпелер. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс,жүрек ұшында систолалық шу естіледі.ЖСЖ - 98 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 16,9 мың. ЭТЖ – 55 мм/сағ. ЭхоКГ – митралды қақпақшада вегетациялар.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* жедел респираторлы вирусты инфекция

* ревматикалы емес миокардит

*+инфекциялық эндокардит

* жүректің митралды ақауы

* тұрақсыз стенокардия

! 30 жасар әйел 39,6 гр дейінгі қызба, қалтырауға, тершеңдік, жиі жүрек қағуға және айқын әлсіздікке шағымданады.Бір ай бұрын холецистэктомиядан кейін перитонитті өткерген. Қарағанда: терісі сүт қосылған кофе тәрізді, конъюктиваның ауыспалы қатпарында және сирағында ұсақ нүктелі бөртпелер. Жүрек тондары көмескі, V нүктеде диастолалық шу. ЖСЖ-102 рет мин, АҚ 105/45 мм сб.б. Көкбауыры ұлғайған. Қанда: эритр.-2,6 млн, гем-86 г/л, ТК-0,99; лейк-8,9 мың, тромб-93 мың. ЭТЖ-60 мм/сағ.

Берілген жағдайда төменде аталған зерттеу әдістердің қайсысы диагнозды анықтайды (верифицирлейді)?

* ЭКГ

*+ЭхоКГ

* сцинтиграфия

* коронароангиография

* сүйек кемігінің пункциясы

! Жас жігіт ентігуге, жүрек тұсындағы сыздаған ауру сезімге, дене қызуының 39° гр. көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Балалық шағынан бронхоэктатикалық ауруы бар. Қарағанда: гипостеник, ортопное, тері жабындылары бозғылт, иығының ішкі жағында геморрагиялық бөртпелер, саусақтары «барабан» таяқшалары тәрізді. Өкпеде крепитация және құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, аорталды қақпақшада систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ -100 рет мин. АҚ 100/50 мм сб.б. Гепатоспленомегалия. Қанда: эритр.- 3,1 млн., гем-78 г/л, ТК-0,75; лейк-22 мың, ЭТЖ-59 мм/сағ. ЭКГ: ырғағы дұрыс, Т тісшесінің инверсиясы.

Науқасты жүргізудегі қандай тактика дұрыс?

* гематолог консультациясы

* жұқпалы ауруханаға жолдама беру

* құрсақ қуысының КТ тағайындау

*+ ЭхоКГ жүргізгеннен кейін госпитализациялау

* тыныс мүшелерінің рентгенографиясын тағайындау

! 37 жасар әйел ентігуге, дене қызуының көтерілуіне, айқын әлсіздікке, сирағындағы ісінулерге шағымданады. 2 апта бұрын жасанды түсік болған. Объективті: дене қызуы 39,2 гр. Ортопное. Сирағында ісіну және петехиальды бөртпелер, саусағында ауру сезімді тығызданулар бар, ұйқы артериясында пульсация. Қанда: лейкоциттер -15,0 мың, ЭТЖ-45 мм/сағң, СРБ+++. Қанды екі рет себу кезінде алтынды стрептококк анықталды.

Төменде аталған препараттар қисындасулардың қайсысын тағайындау ЫҚТИМАЛЫРАҚ?

* фозикард, фуросемид

* рифампицин, диклофенак

* гентамицин, преднизолон

* ампициллин, верошпирон

*+амоксиклав, цефтриаксон

! Фурункулезді өткерген 46 жастағы ер адам физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігу және жүрек қағуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: төмен қабақтың конъюктивасының ауыспалы қатпарында ұсақ нүктелі бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс.ЖСЖ-102 рет мин, АҚ 110/70 мм сб.б. Көз түбін тексергенде –Рот дақтары.

Төменде аталған топ препараттардың қайсысын тағайындау ЫҚТИМАЛЫРАҚ?

* нитраттар

* вирусқа қарсы

*+антибактериалды

* В-адреноблокаторлар

* кальций антагонистері

! 32 жасар ер адам қызба, тершеңдік, жүрек қағуға, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: сұр - сарғыш түстес тері бозғылттығы, ұйқы артериясының пульсациясы, капиллярлы пульс анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, Боткина нүктесінде және төстің оң жақ екінші қабырғааралығында диастолалық шу анықталады. АҚ 160/50 мм сб.б. ЭхоКГ: аорталды қақпақшада вегетациялар.

Науқасты емдеуде қандай тактика жүргізу ЫҚТИМАЛЫРАҚ?

* стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

* глюкокортикостероидтар

* жүрек гликозидтері

*+антибиотиктер

* метаболиктер

! 49 жасар әйел бас айналуға, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: сарғыш түстес тері бозғылттығы, дене қызуының 39,0 гр. Сол қолтық астында –ауру сезімді ұсақ геморрагиялық дақтар. Жүрек тондары тұйықталған, Боткина-Эрба нүктесінде жұмсақ үрлемелі протодиастолалық шу. ЖСЖ 86 рет мин. АҚ 130/50 мм сб.б. Қанда: лейкоциттер-22,0 мың, СОЭ-48 мм/сағ; СРБ+++, оң ревматоидты фактор. ЭхоКГ: аортальды қақпақшада регургитация 2 дәрежеге дейін.

Науқасты емдеуде қандай тактика жүргізу ЫҚТИМАЛЫРАҚ?

* глюкокортикостероидтар

* вирусқа қарсы терапия

* антикоагулянтты терапия

* операциялық ем

*+антибактериалды препараттар

! Жүрекше аралық перде ақауының (дефект) БАРЫНША мүмкін диагностикалық белгілері болып табылады:

* сол қарынша гипертрофиясы

* төстің сол жақ қырынан II қ/а диастолалық шудың болуы

* төстің сол жақ қырынан II қ/а үзіліссіз шу және діріл

* төстің оң жақ қырынан II қ/а қарқынды систолалық шу

*+төстің сол жақ қырынан III қ/а үілдейтін систолалық шу

! Артериальді өзекшенің бітіспеуінің БАРЫНША мүмкін басты аускультативті белгісі:

*+төстің сол жағында II қабырға аралықтағы діріл және систоло-диастоликалық шу

* төстен оң жағында ii қабырға арлықта есілетін систолалық шу

* жүрек ұшында протодиастолалық шу

* I нүктеде ерте диастолалық шу

* жүрек ұшында систолалық шу

! Жиі сол жақ төс қыры бойымен алдыға қарай шамалы иілгенде, отырған қалыпта жақсы естілетін жоғары жиіліктегі урлейтін диастолалық шу қандай жүрек ақауына БАРЫНША тән?

* қолқа саңылауының стенозына

*+қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

* митральді қақпақшаның жетіспеушілігіне

* сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

* оң атриовентрикулярлы саңылаудың стенозына

! 19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл.

Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

*+кеуде қуысының рентгенографиясы

* бас сүйегінің рентгенографиясы

* электрокардиограмма

* магнитті резонанс

* фонокардиография

! Медициналық зерттеу кезінде 18 жасар жас өспірімде төстің сол қырынан III қ/а систолалық шу, тыныс алғанда өзгермейтін өкпе артериясынан II тонның қысылуы анықталды. Шағымдары жоқ. Анамнезінде жиі суықтану аурулары.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноздың верификациясына БАРЫНША ақпаратты?

* ЭКГ

* ФКГ

*+ЭХОКГ

* аортография

* кеуде қуысы ағзаларының рентгенография

! 17 жасар жас қызда профилактикалық қарау кезінде жүрек түрткісінің күшеюі және «мысық үні»анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-84 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Селективті вентрикулография жүргізгенде қарыншааралық перденің мембраноздық бөлігі проекциясында контрасттық заттың оң қарынша қуысына лақтырысы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* Фалло тетрадасы

* аорта саңылауы стенозы

* ашық артериальды өзек

* ашық атриовентрикулярлы канал

*+қарыншааралық перденің ақауы

! 16 жасар жас жігіт бас ауруға, мұрыннан қан кетуге және аяғының сезімталдығына шағымданады. Қарағанда: иығының айқын дамуы, жамбасы тар, қабырғааралық артерияның пульсациясы. Аускультацияда төстің сол жағында IV қабарғааралығында систолалық шу анықталды. ЖСЖ-74 рет мин. АҚ 160/110 мм сб.б.

Берілген жағдайда төменде аталған зерттеу әдістердің қайсысы диагнозды анықтауда БАВРЫНША ықтимал?

* электрокардиография

* коронароангиография

*+кеуде торының рентгенографиясы

* электрофизиологиялық зерттеу

* жүрекшені өңеш арқылы электростимуляциясы

! 18 жасар қыз ентігуге, жүрек қағуға және тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: мұрын ерін үшбұрышының цианозы, эпигастральды аймақтың пульсациясы. Жүрек тондары тұйықталған, дем алудың қарқынды биігінде сол төс жиегі бойынша систолалық шу естіледі. (Риверо-Карвалло симптомы), өкпе артериясы тұсында II тонның акценті. Ырғағы дұрыс, жиі жүрекше экстрасистолалармен үзіледі.

Төменде аталған белгілердің қайсысы берілген жүрек ақауының гемодинамикалық өзгерістер негізіне тән?

* митральды регургитация

* аортальды регургитация

* жұқпалы эндокардит

* пароксизмальды аритмиялар

*+трикуспидальды регургитация

! Үш жасар қызда шырышты қабатының және терісінің диффузды цианозы анықталады, саусақтары "барабан таяқшалары", тырнақтары-сағат әйнегі" тәрізді. Тексергенде өкпе артериясы тұсындаII тонның әлсіреуі және төстің сол жағында II–III қабырғааралығында дөрекі систолалақ шу анықталады; рентгенде жүрек башмай тәріздес; ЭхоКГ қарыншааралық перденің ақауы, өкпе артериясының стенозы, аортаның ығысуы анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* шеткері қантамырлардың толық транспозициясы

*аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі

* үшжармалы қақпақшаның атрезиясы

* ашық артериальды өзек

*+ Фалло тетрадасы

! 33 жасар әйел адам күш түскенде ентігуге, жиі жүрек қағуға, тез шаршағыштыққа шағымданады. Балалық шақта жиі тұмаумен сырқаттанған, өз қатарластарынан физикалық дамуда қалып отырған. Қарағанда: цианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді. ЭхоКГ: жүректің оң бөлімдерінің дилатациясы, қарыншааралық перденің парадоксальды қозғалуы. Допплер ЭхоКГ: сол жүрекшеден оңға турбулентті ағым.

Берілген жүрек ақауында өкпе гипертензиясының айқын дәрежесін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау ЫҚТИМАЛ?

* аортография

* рентгенография

*+жүрек қуысын катетеризациялау

* орта веноздық қысымды анықтау

* өкпе артериясының бітелу қысымын анықтау

! Жақында ЖАПА (ДМПП) пластикасын өткерген 17 жасар жас жігіт физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға, кешке болатын субфебрильды температураға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс, бірен-саран жүрекше экстрасистолалармен үзіледі. ЖСЖ-86 рет мин, АҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГ – Гис шоғырының оң аяқшасының толық бөгемесі.

Төменде аталған топ препараттардың қайсысын тағайындау ЫҚТИМАЛ?

*+антибиотиктер

* антиаритмиктер

* антиагреганттар

* антикоагулянттар

* глюкокортикостероидтар

! 20 жасар студенттің балалық шақтан мойын қантамырларына және екі жауырын арасындағы кеңістікке таралатын Боткина-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталады. Иығында АҚ - 170/100 мм сб.б., санда - 140/80 мм сб.б. Рентгенологиялық сол қарыншаның ұлғаюы және қабырғалардың төменгі жиегінің оюлануы анықталады.

Науқасты жүргізудің қандай жолы дұрыс?

* кардиологтың диспансерлі бақылауы

* санаторлы-курортты ем

* медикаментозды емес ем

* медикаментозды терапия

*+оперативті ем

! 34 жасар ер адам ентігуге, жүректің жиі соғуына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Соңғы 2 жылда ентігуі күшейіп, аритмия пайда болды. Қарағанда: жүрек тондары бәсеңдеген, төстің сол жағында 2-ші қабырғааралығында систолалық шу, өкпе артериясы тұсында 2 тонның акценті, жыпылықтаушы аритмия. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы, ЖЭӨ оңға ығысқан. ЭХОКГ: жүректің оң камераларының кеңеюі, жүрекше аралық перденің деңгейінде солдан оңға қарай лақтырумен турбулентті ағым.

Науқасты жүргізудің қандай тактикасы дұрыс?

* ангиопластика

*+оперативті ем

* медикаментозды терапия

* диспансерлі бақылау

* кардиостимуляторды имплантациялау

! 5 айлық бала емшекпен емген кезінде тез шаршап қалатын болды. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт, салмағының жетіспеуі анықталды. Жүрек аускультациясында өкпе артериясы тұсында айқын естілетін қатаң систола-диастолалық шу. Рентгенологиялық- сол қарынша гипертрофиясы.

Науқасты жүргізудегі ең оңтайлы жол?

* вальвулопластика

* медикаментозды ем

* митральды комиссуротомия

* өкпе артериясы қақпақшаларын протездеу

*+ашық артериальды өзекті эндоваскулярлы жабу

! 9 айлық баланың анасы баласының емізген кезде тез шаршағыштығына және емшектен бас тартуына шағымданады; физикалық белсенділік кезінде периоральды цианоз, ентігу байқалады. Объективті: тері жабындылары цианозды түстес, шеткері цианоз,барабан таяқшалары, сағат әйнегі синдромы. Төстің сол жақ жиегі бойынша қатаң тембрлі систолалық шу естіледі, сол жақта екінші қабырғааралығында 2 тон бәсеңдеген. ЖСЖ 140 рет мин.

Науқасты жүргізудің ең оңтайлы жолы?

* бақылау

* физио ем

* консервативті ем

*+хирургиялық ем

* ревматизмге қарсы ем

! 25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.

Наши рекомендации