Несеп жүйесінің аурулары мен синдромдары қаз
/\26 - жастағы бойжеткен, субфебрильді қызу, кеудесіндегі ауыру сезімі, жөтел, бел аймағында,ы тұйық ауыру сезімі, жалпы әлсіздік, тершеңдікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: оң өкпесінде жауырын бұрышының төменгі жағында тынысы кенет әлсіреген, сырылдар жоқ. Қан анализінде: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ - 46 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, реакциясы қышқыл, белок - 0,066 г/л, лейкоциттер көп мөлшерде, көру аймағында эритроциттер - 10. Кеуде клеткасының рентгенограмасында: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталды.
Науқаста бүйректің қандай ауруы болуы барынша мүмкін?
– бүйректің ісігі
+ бүйректің туберкулезі
– зәр-тас ауруы
– жедел гломерулонефрит
– созылмалы пиелонефриттің өршуі
\/
/\42 - жастағы ер адам, оң аяғының 1 табан сүйегінің буындарында кенет пайда болған ұстамалы ауыру сезіміне, бел аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылуына шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,8 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,720 ммоль/л, креатинин - 0,140 ммоль/л, мочевина -15 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 0,9 г/л, гиалинді цилиндрлер - 10 в к/а, зәр қышқылы.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
– бүйрек амилоидозының
– зәр-тас ауруының
+ подагралық нефропатияның
– созылмалы гломерулонефриттің
– созылмалы пиелонефриттің өршуі
\/
/\56 - жастағы ер адамда, денесінің қызуы 1 ай бойы 38,5°С дейін жоғарылап, мезгіл-мезгіл ауыру сезімінсіз макрогематурия пайда болған. Антибиотиктермен ем нәтиже бермеген. АҚҚ 140/80 мм.с.б.б. Қанда гемоглобин - 175 г/л, ЭТЖ - 50 мм/сағ.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
+ бүйрек ісігінің
– амилоидоздың
– поликистоздың
– созылмалы гломерулонефриттің
– пиелонефритпен асқынған нефролитиаздың
\/
/\26 - жастағы пациент, баспамен ауырғасын. 2 аптадан кейін қабағының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, ал 1 ай өткенсін бел және жыныс ағзалары аймағындағы ісінулер пайда болған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1021, белок - 4,0 г/л, эритроцттер - 15-20 к/а, препаратта гиалинді цилиндрлер анықталды.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
– бүйрек амилоидозының
– зәр-тас ауруының
– созылмалы пиелонефрит өршуінің
– созылмалы гломерулонефрит өршуінің
+ стрептококтан кейінгі жедел гломерулонефриттің
\/
/\37 - жастағы ер адам, кенет пайда болған әлсіздікке, басының ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, дене салмағының төмендеуіне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Бүйрек ауруымен ауырғанына 5 жыл болған. Қарап тексергенде: дене салмағы төмендеген, терісі бозғылт - сарғыш түсті, беті ісінген, аяқтары мен табандары ісінген. Қан анализінде: Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0 млн., лейкоциттер - 5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1012, белок - 1,5 г/л, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер - 5-6 к./а.
Қандай зерттеу әдісі барынша мәліметті?
– хромоцистоскопия
+ бүйректің пункциондық биопсиясы
– бүйректің жалпы шолу рентгенографиясы
– Бенс-Джонс белогын анықтау
– зәрді бактериологиялық зерттеу
\/
/\Нефротикалық кризді емдеуге қайсысын тағайындаған барынша тиімді?
– фуросемид, капотенді
– пенициллин, верошпиронды
– циклофосфамид, преднизолонды
– альбуминнің инфузиясы, фуросемидті
+ альбуминнің инфузиясы, преднизолонды
{Правильный ответ}=E
{Сложность}=1
{Учебник} = (Нефрология.Руководство для врачей. И.Е Тареев М.:2000)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Предполагаемое знание тестируемого} =FM
\/
/\Нефротикалық синдромның дамуы мынада барынша мүмкін:
+ бүйрек амилоидозында
– бүйрек туберкулезінде
– жедел пелонефритте
– созылмалы пиелонефритте
– интерстициальды нефритте
\/
/\Нефротикалық синдромда глюкокортикоидтарды тағайындау Барынша көрсетілген?
– бүйрек ісіктерінде
– бүйрек туберкулезінде
– бүйрек амилоидозында
+ жүйелі қызыл жегіде
– диабеттік гломерулосклерозда
\/
/\Нефротикалық синдромның патогенетикалық емінің жоспарына төменде берілген дәрілік заттардың бәрін қосқан барынша тиімді, мынадан басқасы?
– цитостатиктерді
+ антибиотиктерді
– антиагреганттарды
– антикоагулянттарды
– глюкокортикоидтарды
\/
/\24 - жастағы қыз баланы, бетінің және аяқтарының ісуі, қызба, майда буындардағы және бел аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Теңізде дем алғаннан кейін, бет мен мұрныны үсті қызарып, қызуы көтеріліп, шашы түсіп, ауырған. Қанында: Нв - 81 г/л, эритроциттер - 2,8 млн., лейкоциттер - 3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер – 8%, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ +++, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер - 10 к/а, эритроциттер – 20-25 к/а, гиалинді цилиндрлер - 10 к/а.
Емдеу жоспарына кандай дәріні қосқан БАРЫНША тиімді:
– диуретиктерді
– уросептиктерді
– метаболиктерді
– антибиотиктерді
+ глюкокортикоидтарды
\/
/\Жіңішке ішекте сіңірілудің бұзылуы, гепатоспленомегалия, бүйрек өлшемдерінің ұлғаюы төмендегілердің қайсысына барынша тән?
+ бүйрек амилоидозына
– бүйрек поликистозына
– бүйрек-тас ауруына
– жедел гломерулонефритке
– созылмалы пиелонефритке
\/
/\Бүйрек амилоидозының төмендегі асқынуларының қайсысы барынша жиі кездеседі?
– энцефалопатия
– бүйрек поликистозы
– анемиялық синдром
– бүйрек-тас ауруы
+ бүйрек жетіспеушілігі
\/
/\Урограмма мәліметтері бойынша асимметриялы зақымдану, бүйрек тостағаншасы мен түбекшесінің және несепағардың жоғарғы 1/3 бөлігінің кеңеюі мынаған Барынша тән:
+ пиелонефритке
– бүйрек амилоидозына
– бүйрек туберкулезіне
– гломерулонефритке
– бүйрек-тас ауруына
\/
/\37 - жастағы әйел бел аймағындағы ауыру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауыру сезімі, қызба, дизурия мазалағын. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады.
Төменде келтірілген аурурадың қайсысының болуы барынша мүмкін?
– бүйрек рагы
+ пиелонефрит
– бүйрек амилоиидозы
– бүйрек поликистозы
– гломерулонефрит
\/
/\Созылмалы пиелонефриттің өршуін дәлелдейтін қандай зерттеуді жүргізген Барынша жөн?
– Реберг сынамасын
– Зимницкий сынамасын
– жалпы зәр анализін
+ Нечипоренко сынамасын
– тәуліктік протеинурияны анықтауды
\/
/\Этиологиясы белгісіз созылмалы пиелонефриттің емдеу жоспарына мына препаратты қосқан Барынша тиімді?
– линкозамин
+ пенициллин
– тетрациклин
– аминогликозид
– нитрофуран қосылыстары
\/
/\32 - жастағы ер адам бел тұсындағы ауsру сезіміне, жиі ауыру сезімді зәр шығару, дене қызуының 39°С көтерілуі, қалтырауға шағымданып түсті. Салқындағаннан кейін 1 аптадан соң ауырған. Объективті: АҚҚ - 160/80 мм.с.б.б. ЖЖЖ - 90 рет мин. Ұрғылау белгісі оң жағында оң. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Зәр анализінде: лайлы, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – 0,036 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған.
Төмендегі дәрілік препараттардың қандай тобын пайдаланған барынша тиімді?
– цитостатиктерді
+ антибиотиктерді
– антикоагулянттарды
– кортикостероидтарды
– аминохинолин туындылары
\/
/\Қандағы қандай заттың жоғарылауы бүйрек жетіспеушілігінің БАРЫНША мәліметті белгісі болып табылады?
– натрийдің
– кальцийдің
– мочевинаның
+ креатининнің
– қалдық азоттың
\/
/\Бүйректің функциональды жағдайы мен созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің сатысын дәлірек көрсетуі Барынша мүмкін:
– протеинурия
– зәрдегі крестинин
+ шумақтық фильтрация
– түтікшелік реабсорбция
– зәрдің салыстырмалы тығыздығы
\/
/\Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда қандағы қандай заттың деңгейі жоғарылаған жағдайда гемодиализ жүргізу Барынша тиімді?
– калий 5 ммоль/л төмен
– натрий 150 ммоль/л жоғары
– мочевина 10 ммоль/л жоғары
+ креатинин 1,2 ммоль/л жоғары
– қалдық азот 30 ммоль/л жоғары
\/
/\Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы анемияны емдеуге тағайындаған барынша тиімді?
– сорбиферді
– космоферді
– феррум лекті
– тардиферронды
+ эритропоэтинді
\/
/\35 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және негізденіп өзгерген эритроциттер 1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл.
Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы дамуы барынша мүмкін?
– мидың ісінуі
– эклампсия
– жедел өзекшелік ацидоз
+ жедел бүйрек жетіспеушілігі
– жедел жүрек жетіспеушілігі
\/
/\70 - жастағы ер адамға, холецистоэктомия операциясынан кейін қызба,а байланысты гентамицин (80 мг әрбір 8 сағат сайын) және цефазолин (2 г әрбір 6 сағат) тағайындалған. 10 күннен кейін сарысудағы креатининнің 0,3 ммоль/л дейін көтерілуі байқалған. Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1200 мл. АҚҚ 130/80 мм с.б.б. УДЗ мәліметі бойынша бүйректің өлшемдері қалыпты.
Төмендегі асқынулардың қайсысының болуы барынша мүмкін:
– жедел гломерулонефриттің
– гепаторенальды синдромның
+ гентамициннің нефротоксикалығының
– сұйықтықты енгізудің адекватты болмауының
– жедел интерстициальды нефриттің
\/
/\Ренальды жедел бүйрек жетіспеушілігін шақыратын Барынша мүмкін жағдайлар:
– кардиогенді шок
– несеп ағардағы тастар
+ нефротоксиндердің әсері
– қуықтың ісігі
– инфекциялық-токсикалық шок
\/
/\Жедел бүйрек жетіспеушілігінің ерте олигуриялық кезеңінде қандай дәріні тағайындаған БАРЫНША тиімді:
– плазманы
+ диуретиктерді
– антибиотиктерді
– тұз ерітінділерін
– сарысу алмастырушы ерітінділерді
\/
/\Гемодиализді тағайындауға барынша мүмкін көрсеткіштер:
+ уремия
– ацидоз
– гипернатриемия
– гиперкальциемия
– плазманың гиперосмолярлығы
\/
/\Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальді сатысына қандай ем барынша тиімді:
+ гемодиализ
– плазмаферез
– гемосорбция
– лимфосорбция
– қанды лазермен сәулелендіру
\/
/\42 жастағы ер адамда, созылмалы бүйрек шамасыздығы, АҚ - 200/120 мм. с.б.б, креатинин - 0,970 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л.
Қандай емдеу шараларының жоспары барынша тиімді?
+ гемодиализ
– бүйрек трансплантациясы
– преднизолонның үлкен мөлшері
– антибактериальды терапия
– цитостатиктермен пульс терапия
\/
/\Жедел гломерулонефриттің шақырылуы БАРЫНША мүмкін:
– протеймен
– риккетсиямен
– стафилококпен
– ішек таяқшасымен
+ b-гемолитикалық стрептококкпен
\/
/\Базальді мембрана капиллярларының зақымдануы салдарынан туындайтын бүйрек шумақтарының иммунокешенді ауруларына БАРЫНША тән:
– мембранозды гломерулонефрит
– мезангинальді гломерулонефрит
– фиюропластикалық гломерулонефрит
+ мезангиокапиллярлы гломерулонефрит
– фокальді-сегментарлы гломерулосклероз
\/
/\15 - жастағы жасөспірімде, фолликулярлы баспамен ауырғаннан кейін дене қызуы 38 С дейін көтеріліп, бетінің ісінуі, бел аймағында ауыру сезімі, зәр түсінің өзгеруі, бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік пайда болды. Қанда: лейкоциттер – 5,4 мың, ЭТЖ – 35 мм/сағ. Зәр анализі: түсі-«ет жуындысы» түстес. Салыстырмалы салмағы – 1010, эритроциттер – 30-35 көру аймағында, белок – 1,5 г/л.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША тән?
– бүйрек амилоидозының
– жедел пиелонефриттің
+ жедел гломерулонефриттің
– созылмалы пиелонефриттің
– созылмалы гломерулонефриттің
\/
/\32 - жастағы әйелде, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің және аяқтарының ісінуі, дене қызуының 39 С дейін көтерілуі мазалайды. Бассейнге барғаннан кейін ауырып қалды, сол кезде дене қызуының көтерілуі, бұлшық ет доғаларында эритема, шашының түсуі, әлсіздік пайда болды. Қанда: эр – 2,8 млн., Нв – 76 г/л, лейкоц – 3,2 мың, тромб – 136 мың., ЭТЖ – 45 мм/сағ, СРБ, g-глобулин – 25 %. Зәр анализінде: белок – 3,1 г/л, лейк – 12 к/а, эр – 25-30 к/а, гиалинді цилиндрлер – 12 дейін к/а.
Төмендегі қандай препараттардың тобын тағайындау БАРЫНША тиімді?
– диуретиктерді
– уросептиктерді
– метаболиктерді
– антибиотиктерді
+ глюкокортикоидтарды
\/
/\
Жедел гломерулонефрит кезінде тамыр ішілік гемокоагуляцияны басу үшін тағайындау БАРЫНША тиімді?
+ гепарин
– курантилді
– гипотиазидті
– азатиопринді
– пенициллинді
\/
/\45 - жастағы әйелде, суықтанудан кейін басының ауыруы, көруінің нашарлауы, «көз алдында бұлыдырлау», АҚҚ 160/100 мм с.б.б. дейін көтерілуі, бел аймағында ауыру сезімі, ісінулер пайда болды. Қанда: лейк – 10,2 мың, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы салмағы – 1010, белок – 0,066 г/л, лейкоциттер – 12 к/а, эпителий – 3-4 к/а дейін.
Төменде аталған препараттардың тобын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
– цитостатиктерді
+ антибиотиктерді
– антикоагулянттарды
– кортикостероидтар
– аминохинолинді қосылыстарды
\/
/\56 - жастағы ер адам, стресстен кейін интенсиві түрде басының ауыруы, кенеттен пайда болатын әлсіздік, «көз алдында бұлыдырлау», АҚҚ 170/100 мм с.б.б. дейін көтерілуі, айқын ісінулер, бел аймағындағы ауыру сезімі. Қанда: Нв – 86 г/л, эритроциттер – 2,3 млн., лейкоциттер – 4,2 мың., тромбоциттер – 154 мың., ЭТЖ – 38 мм/сағ, СРБ, g-глобулин-37 %. Зәр анализінде: салыстырмалы салмағы – 1001, белок – 2,1 г/л, лейкоциттер – 17 к/а, эритроциттер – 20-25 к/а, гиалинді цилиндрлер – 16 к/а дейін.
Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың барлығын қосу барынша тиімді, мынадан БАСҚАСЫ:
– цитостатиктер
+ антибиотиктер
– антикоагулянттар
– кортикостероидтар
– аминохинолинді қосылыстар
\/
/\Нефротикалық синдромның асқынуына жатуы, БАРЫНША мүмкін:
– нефроптоз
– амилоидоз
– нефролитиаз
– бүйректің туберкулезі
+ нефротикалық криз
\/
/\Бүйрек амилоидозына БАРЫНША тән:
– лейкоцитурия
+ протеинурия
– бактериурия
– глюкозурия
– гематурия
\/
/\16 - жастағы балада, суықтанудан кейін айқын ісіну, асцит, зәрінің сирек шығуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. Зәр анализінде: салыстырмалы салмағы – 1025, белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а. Қанда: Нв – 110 г/л, ЦП – 0,9, лейкоциттер – 16,8 мың., ЭТЖ – 55 мм/сағ, жалпы белок – 48 г/л.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы, БАРЫНША мүмкін?
– жедел цистит
– жедел пелонефрит
– нефротикалық синдром
– нефритикалық синдром
+ жедел гломерулонефрит
\/
/\26 - жастағы пациентте бірінші рет артериальді гипертензия анықталды (АҚҚ 160/100 мм с.б.б.) ісінулер, олигоурия, макрогематурия, зәрде белок – 3 г/л.
Қандай емдәмді тағайындау, БАРЫНША тиімді?
– шектеусіз
+ белоктарды шектеу
– майларды шектеу
– белок пен тұзды шектеу
– құрамында белогы жоғары мөлшерде болатын диета тағайындау
\/
/\Амилоидоз кезінде зәр тұнбасында басым болуы, БАРЫНША мүмкін:
– гематурия
– глюкозурия
– оксалатурия
+ протеинурия
– лейкоцитурия
\/
/\24 - жастағы пациент, жөтел шырышты-іріңді қақырықпен, дене қызуының 38 С жоғарылауы, тершеңдік, бел аймағында ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: везикулалық тыныс, оң жақ бұғана үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар. Соққылау симптомы екі жақтан оң. Ісінулер жоқ. Қанда: эритроциттер – 4,0 млн., Нв – 120 г/л, лейкоцит – 9,8 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1020, реакциясы қышқыл, белок – 0,99 г/л, лейкоциттер – 20 к/а, эритроциттер – 8-10 к/а. Кеуде торы рентгенограмасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі қарайған.
Төмендегі препараттар тобының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
– цитостатиктерді
– кортикостероидтарды
+ туберкулостатиктерді
– нитрофуран туындыларын
– стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды
\/
/\Төрт компонентті емдеу сызбасын тағайындаудың негізгі көрсеткіші болуы БАРЫНША мүмкін:
– созылмалы пиелонефрит
+ жедел гломерулонефритт
– бүйрек туберкулезі
– бүйрек амилоидозы
– бүйрек ісігі
\/
/\Зәрдің қалыпты салыстырмалы тығыздығына жатуы БАРЫНША мүмкін:
– 1000-1008
– 1002-1010
+ 1015-1025
– 1020-1030
– 1016-1036
\/
/\Интерстициальді ұлпа, түбекше-тостағанша жүйесі және бүйрек өзекшелеріндегі инфекциялық-қабыну үрдісі қандай ауруда анықталуы БАРЫНША мүмкін?
– бүйрек инфарктіде
– бүйрек амилоидозында
– бүйрек поликистозында
+ созылмалы пиелонефритте
– созылмалы гломерулонефритте
\/
/\35 - жастағы әйел, дене қызуының 38 С жоғарылауы, қалтыру, жиі зәр шығаруға шағымданады. Объективті: соққылау симптомы оң жағынан оң. Қанда: ЭТЖ – 40 мм/сағ. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1010, эр – 1-2 к/а, лейк – 13-15 к/а, бактериялар.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША мәліметті?
+ зәрдің бактерияға себіндісі
– Зимницкий сынамасын
– құрғақ тағамды қолдану сынамасын
– преднизолондық сынаман
– Мак-Клюра-Олдрич сынамасын
\/
/\18 - жастағы жасөспірім дене қызуының 38,5 С жоғарылауы, қалтырау, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын бел аймағындағы ауыру сезімі, жиі ауыру сезімді зәр шығару мазалайды. Объективті: бел аймағы бұлшықеттерінің қатаюы. Соққылау симптомы екі жағынан да айқын оң. Қанда: ЭТЖ – 45 мм/сағ. Зәрінде: лейк – 15-17 к/а, эрит – 1-2 к/а, белок – 1 г/л, бактериялар +++.
Аталған препарат топтарының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
– цитостатиктерді
+ антибиотиктерді
– антиагреганттарды
– глюкокортикостероидтарды
– стероидты емес қабынуға қарсы заттарды
\/
/\Зәр шығаруды бұзбайтын, тостағанша және несепағардың ұсақ конкременттерінде қандай препарат БАРЫНША тиімді?
– оспамокс
+ цистенал
– цефазолин
– тетрациклин
– норфлоксацин
\/
/\Нефрондар санының күрт азаюы, бүйректің экскреторлы және инкреторлы қызметінің бұзылуы, шумақтық фильтрацияның төмендеуі мына ауруға БАРЫНША тән?
– бүйрек амилоидозына
– бүйрек поликистозына
– бүйрек тас ауруына
+ жедел гломерулонефритке
– созылмалы пиелонефритке
\/
/\Дистанциондық литотрипсия тостағанша және несеп ағардағы конкременттердің ыдырауын қандай өлшемде қамтамасыз етеді?
+ 15 - 25 мм
– 26 - 30 мм
– 31 - 35 мм
– 36 - 40 мм
– 41 - 45 мм
\/
/\19 - жастағы жігіт, массивті ісінулер, айқын ентігу және жөтел, интенсивті бас ауыруға шағымданады. Объективті: жағдайы өте ауыр. АҚҚ 180/100 мм с.б.б. Тәуліктік диурез – 300 мл. Зәрінде: салыстырмалы салм – 1030, белок – 3,8 г/л, эр – 4-5 к/а, лейк – 20 к/а. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 10 мл/млн, өзекшелік реабсорбция – 120 %.
Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
+ гемодиализ
– гемосорбция
– плазмаферез
– ЛПНП-аферез
– перитонеальді диализ
\/
/\Гиперкалиемиядағы шұғыл шараларға төмендегілердің барлығы кіреді, мынадан БАСҚАСЫ:
– фуросемидтің үлкен мөлшерін тағайындау
– глюкозны инсулинмен енгізу
– глюконат кальцидің инъекциясы
– бикарбонат натридің инфузиясы
+ верошпиронды тағайындау
\/
/\Шумақтық фильтрацияның жылдамдығын анықтау БАРЫНША мүмкін:
– Амбурже әдісімен
– Коротков әдісімен
– Нечипоренко әдісімен
+ Реберг-Тареев әдісімен
– Аддис-Каковский әдісімен
\/
/\Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы бүйрек алдылық жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі БАРЫНША мүмкін?
– анемиялық
+ гемолиздік
– лейкопениялық
– тромбоцитопениялық
– қабынулы - мезенхимальды
\/
/\Нефролитиазбен қосарласқан инфекциялық-қабыну үрдісінің емдеуге тағайындаған БАРЫНША тиімді:
– делагилді
– диклофенакты
– метотрексатты
– преднизолонды
+ норфлоксацинді
\/
/\27 - жастағы әйел 4 жылдан бері жүйелі склеродермиямен ауырады. Шағымдары: бел аймағындағы ауыру сезімі, бас айналу, тәбетінің және жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы. Жағдайының нашарлауын суықтаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: АҚҚ – 150/100 мм с.б.б. ЖҚА: Нв – 90 г/л, эр – 2,3 млн., зәр – 25 ммоль/л, креатинин – 1000 мкмоль/л, калий – 6,4 ммоль/л. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1020, белок – 4,5 г/л, эритроциттер – 3-5 көру аймағында, лейкоциттер – 15-17 көру аймағында.
Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы БАРЫНША тиімді?
+ гемодиализ
– плазмаферез
– ЛПНП-аферез
– бүйрек трансплантациясы
– перитонеальді диализ
\/
/\Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне төмендегі спецификалық емес механизмдердің барлығы қатысады, мынадан БАСҚА:
– гипертензия
– протеинурия 1 г/л көп
– тағамның белокпен артық қанығуы
– бүйрек артериясының стенозы
+ диастолық дисфункция
\/
/\22 - жастағы қыз бала, тыныс алғанда кеуде қуысында ауыру сезімі, шеткі майда буындарының ауыруы, ісіну, жалпы әлсіздікке шағымданады. Босанғаннан 4 ай кейін ауырған. Тексергенде дене температурасы 38,4 С, бет ұшында эритема, табан және балтырында ісіктер, буындары ісінген және ауырсынады, плевраның үйкеліс шуы, пульсі минутына 100:, АҚ – 140/90 мм с.б.б., диурезі тәулігіне 500 мл. ЖҚА: Нв – 102 г/л, лейкоциттер – 3,6 мың, тромбоциттер – 118 мың, ЭТЖ – 45 мм/сағ., жалпы белок – 56 г/л, альбумин – 27 г/л, креатинин – 2,02 мкмоль/л, холестерин – 5,72 ммоль/л. ЖЗА-да салыстырмалы тығыздығы – 1014, белок – 5 г/л, эритроциттер – 60-80 көру аймағында, лейкоциттер – 6-8 көру аймағында.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы барынша мүмкін?
– амилоидоз
– жедел нефрит
+ жегілік нефрит
– ревматоидты артрит
– Вегенер гранулематозы
\/
/\Юкстагломерулярлық аппарат клеткаларының мынаны өндіруі БАРЫНША мүмкін:
+ ренинді
– инсулинді
– гистаминді
– альдостеронды
– амин қышқылын
\/
/\43 - жастағы ер адам, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің ісінуі шағымданады.Ұзақ уақыт созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Объективті: АҚ – 140/90 мм с.б.б. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 8,4 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру аймағында. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 20 мл/мин., өзектік реабсорбция – 99%.
Көрсетілгендерден қай асқыну БАРЫНША тән?
– бүйрек амилоидозы
– бүйрек туберкулезі
– неротикалық криз
– созылмалы пиелонефрит
+ созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
\/
/\30 - жастағы әйел, құсу, әлсіздік, ентігу, бас ауыруына шағымданады. Анамнезінде: жиі болатын баспалар, 3 жыл бойы АҚ жоғарылауы, патологиялық зәр тұнбасы. Объективті: терісі бозғылт, АД-160/95 мм с.б.б., аяқтарының Зәр анализінде: белок-0,066 г/л, эритроциттер – 5-10 көру аймағында.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына болуы БАРЫНША мүмкін?
– созылмалы пиелонефрит, асқыну
– ІІ-дәрежелі артериалды гипертензия, қауіп 3
– созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі
+ созылмалы гломерулонефрит, гипертоникалық түрі
– ІІ-дәрежелі артериалды гипертензия, гипертоникалық криз
\/
/\Гломерулонефритпен ауыратын 65 - жастағы әйел тұрақты АҚ көтерілуі, ентігу, аз мөлшерде зәр шығару; әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: беттің ісінуі. ТАЖ – 25 рет минутына, АҚ – 220/130 мм с.б.б. ЖЖЖ – 105 рет/мин. ЖҚА: ЭТЖ – 35 мм/сағ, креатинин – 1050 мкмоль/л, зәр – 15 ммоль/л.
Төмендегі емдеу шараларының қайсысы БАРЫНША тиімді?
+ гемодиализ
– гемосорбция
– плазмаферез
– бүйрек трансплантациясы
– перитонеальді диализ
\/
/\40 - жастағы әйел, жүйелі қызыл жегімен ауырады. Суықтаудан кейін дене температурасы 39,5 С дейін көтерілген; бел аймағында ауыру сезімі пайда болған; беті мен аяғы айқын ісінген. Қарап тексергенде: соққылау симптомы екі жақтан айқын оң. ЖҚА: эр – 2,5 млн., Нв – 68 г/л, ЭТЖ – 45 мм/сағ. Креатинин – 1500 мкмоль/л. ЖЗА: белок – 3,5 г/л, лейк – 15 көру аймағында, эр – 30-35 көру аймағында, гиалиндік цилиндрлер – 16-ға дейін көру аймағында.
Төменде көрсетілген емдеу әдісінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
– гемодиализ
– гемосорбция
– плазмаферез
– дистанциялық литотрипсия
+ тері арқылы жанасатын нефролитотрипсия
\/
/\62 - жастағы ер адам, 2 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Шағымдары: айқын әлсіздік, жүрек айну, бас ауы ру, терінің қышынуы, көрудің төмендеуі, айқын ісінулер, анурия. Қарап тексергенде: тыныс беткей, дұрыс емес. ЖЖЖ – 125 рет минутына, АҚ – 160/85 мм с.б.б. Соққылау симптомы екі жақта да айқын оң. ЖҚА: зәрі – 40 ммоль/л, креатинин – 1350 мкмоль/л, калий – 8,7 ммоль/л. ЖЗА: катетер арқылы алынған, салыстырмалы тығыздығы – 1010, белок – 15,0 г/л, лейк – 3-5 к/а.
Төменде көрсетілгендердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
+ гемодиализ жүргізу
– гемосорбция тағайындау
– антибиотик тағайындау
– антикоагулянттарды тағайындау
– перитонеальді диализді жасау
\/