Дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы

Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір – ақ түрі өседі. Ол – кәдімгі адыраспа.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м – ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.

1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады.

3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады.

4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады.

5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады.

6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады.

Пайдалану мөлшері: сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі, ұшпа май бар.

Ескерту: улы болғандықтан, абайлап қолданған жөн.

«Сенің денеңнің қуаты - өсімдік шырынында»
Қытай дәрігері Шин Жон.
Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл- Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.
Халық медицинасында пацдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі- адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған.
Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар.
Емдік қасиеттері. Емдік мақстта адыраспанның шөбін, Яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен.
Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі- дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы
• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы
Сонымен, өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

Адыраспан
дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы - student2.ru Адыраспан гүлі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Sapindales
Тұқымдасы: Түйетабандар тұқымдасы
Тегі: Peganum
Түрі: P. harmala
Екі-есімді атауы
Peganum harmala L., 1753


Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасынажататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекшекүшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді.Қазақстанда оның үш түрі бар. ОңтүстікЕуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді.Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.

Наши рекомендации