Оздырушының өсінділік және ферментативтік қасиеттері.

Сақау стрептококтары аэробты және анаэробты жағдайларда (факультативті аэроб) өседі. Микроб қозғалмайды, спора, капсула және пигмент түзбейді. Ұйыған қан сарысуында қоздырушының



бірқатар штаммдарынан капсулаларды табуға болады. Барлық қарапайым қоректік орталарда өседі (pH – 7,2 – 7,6), бірақ орталарға 10 – 20% қан сарысуын немеме 5 – 10% жылқы қанын (ірі қарадан нашар) және 1% глюкозаны қосқан анағұрлым жақсы.

Сақау стрептококтің өсінділерін өсіру үшін қолайлы температура 36 – 37ºC; төменгі температураларда (+10ºC), іріңдік стрептококктардан айырмашылығы, өспейді.

Қан сарысуы бар кәдімгі ЕПА-да немесе агарда сақау стрептококгі ұсақ шық тамшысы сияқты шырышты тізбектер түзеді, олар соңында араласып мөлдір емес болып кетеді. Агардың конденсат сұйықтығында өсу жеңіл ақ тұнба түрінде, оны микроскопиялағанда стрептококтардың ұзын жіпшелері табылады.

ЕПС-да микроб мамықты нәзік үлпектері бар бұлыңғырлану түзеді. Соңғы бірнеше күннен кейін (3 – 5) түбіне тұнып, ортаны жарықтындырады.

Қан сарысулы ЕПС-да (3% пептон) өсу кілегейлі тұнба түрінде, іріңдік стрептококктан айырмашылығы, ол ұнтақты тұнба түзеді. 1% лактозалы сорпада стрептококктің жаңадан бөлініп алынған өсінділердің көпшілігі өспейді.

ЕПЖ – да өкілмен өсу жекелеген ақ ұсақ (иненің жасуындай яғни өте кішкене) тізбектер (түйінді жіп) түрінде. Желатинаны сұйылтпайды.

Ұйыған қан сарысуында басында ұсақ, мөлдір, одан әрі бұлыңғыр, сұр тізбектер түзеді, олар тұтаса шырышты, жабысқақ жіңішке түзеді. Ұйыған қан сарысуын сұйылпайды.

Қанды орталарда (5%) – гемолиз бета типті (тізбектердің айналасы түссіз аймақты). Гемолитикалық қасиеттерді сынау нәтижелері, көптеген авторлардың пікірінше, стрептококктардың бөлініп алынған штаммдарының уыттылық дәрежесін айтарлықтай анықтайды: гемолиздің неғұрлым кең көлем аймағын қоздырушының ең уытты штамдарды шығарады.

Картопта микроб өспейді; дегенмен кейбір мәліметтер бойынша, өсу жүреді, бірақ көрінбейтін макроскопиялық болар-болмас қатпар түрінде. Штаммдардың басым көпшілігі сүтті ұйытпайды. Индол, аммиак және күкіртті сутек түзілмейді. Жаңадан бөлініп алынған өсінділермен қышқылдың түзілуімен, бірақ газсыз салицин, инулин, рафиноза, мальтоза және сахароза ыдырайды, лактоза және сорбит ыдырамайды (іріңдік стрептококктан айырмашылығы), сонымен қатар маннит, глюкоза,



арабиноза, ксилоза, рамноза, трегалоза, дулцит, адонит, эритрит және глицерин. Лакмус сүтінің-қызаруы.

Метилен көкті сүтті сақау стрептококк өсінділері өзгертпейді. Редуцирлеуші қабілеттін сынау әдісі. Стерильді алынған сүтке

1%-ті метилен көгінің сулы ерітіндісін бояудың қоспасын сүтте 1:5000 тең болатындай есеппен қосады (1 мл метилен көгінің ерітіндісі 50 мл сүтке). 5 мл метилендік сүті бар пробиркаға 18 сағаттық зерттелетін сорпалық өсінді 0,1 мл-і себіледі. Нәтижелерді есепке алу себінді термостатта (37ºС) бір тәулік тұрғаннан кейін жүргізіледі. Оң нәтижелерде сүт түссізденеді, теріс нәтижеде - орта өзгеріссіз қалады.

Сақау стрептококтің өсінділері штамдарының көпшілігі 40% ті өт сорпасында немесе өт-қанды ағарда өспейді. Стрептококктардың өтке деген қатынасын анықтау ЕПС 40%-к өттің зерттелетін өсіндіге егу жолына өңделіп анықталады. Ортаны жасау: алдын ала жасалынған 2% -к ЕПА 40% -к өтті (pH=7,6) қолданар алдында ерітеді, содан кейін 5% -к дефибринделген қанды қосып шыныға құяды; қолданылатын өсіндіні қатқан агарға егеді.

Цветковтың зерттеуі бойынша ауру жануардың іріңінен бырынғай бөлініп алынатын, әдеттегі сақау қоздырушысынан басқа, жылқы сақауынан өлген өліктерден барлық жағдайдаларда бөлінетін стрептококтардың өзге түрі болады (жүрек қаны, өкпелер, көк бауыр), ал кейде әдеттегі стрептококкпен бірге сақаулық іріңнен бөлінеді. Стрептококтың екінші түрінің жағындыларда қысқа тізбекшелі түрі, диплококктары және жекелеген кокктары болады. Стрептококтың бұл түрі лактозаны ыдыратады, метилен және лакмус сүтін өзгертеді және лактозалы сорпада көпірмелі болып өседі: ол сақау көзіндегі асқынуларда, сонымен қатар дақты сүзекте, пневмонияда және жылқы септицемиясында бөлінеді. Өзінің қасиеттері бойынша ол іріндік стрептококқа ұқсас.

Төзімділігі.Сақау қоздырушысы едәуір төзімді, 70-75ºCтемпературада қыздырғанда бір сағат аралығында ғана өлтіреді. Ол іріңде бірнеше айлар (5 – 6) бойы, сарысулы орталарда қайта себусіз 1 – 2 ай, ал вазелин майында немесе дәнекерленген пипеткаларда 5 – 8 айға дейін сақталуы мүмкін. Сақау қоздырушысы кептіруге өте төзімді. Құрғатылған қалпында (вакуум жағдайында) өсінділер бір жылға дейін және одан да ұзағырақ сақталады. Шіру қоздырушысын едәуір тез әлсіретеді.


Наши рекомендации