Интерн-бакалаврларға арналған емтихан тапсырмалары.
Бекет 2.
Тапсырма 2. Фантомда арнайы ішкі акушерлік зерттеу жүргізіңіз.
Уақыт – 6 минут.
Интерн-бакалаврға арналған нұсқау
Арнайы ішкі акушерлік тексеруді жүргізу.
Сіздің алдыңызда арнайы фантом-муляж, дайындықты, асептика мен антисептика ережелерін сипаттаңыз және ішкі акушерлік тексеруді этап бойынша жүргізіңіз.
4 қосымша
ОҚКЕ бағалау парағы.
Интерн-бакалавр № Бекет 2. Тапсырма 2.
Емтихан алушы________________________.
№ | Тапсырма сатыларының критерийлері | 0-0,1 орындаған жоқ | 0,2-0,3 ескертулермен орындады | 0,4-0,5 толық орындады |
Қолдарды тексеруге дайындау | ||||
Сыртқы жыныс мүшелерін қарау | ||||
Жатыр мойнын айнамен қарау | ||||
Қынап арқылы тексеруге дайындау | ||||
Қынап арқылы тексеру техникасы | ||||
Жатыр мойнының, қағанақ қабының, келіп тұрған бөлігін және мүйіске жетуін анықтау | ||||
Жыныс жолдарынан бөліністерді бағалау | ||||
Қолғаптарда жою | ||||
Қорытынды |
Этап бойынша максимальды ұпай – 4,0
Әріп жүйесімен бағалау | Бағаның сандық эквиваленті | % мазмұны | Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А | 3,84 – 4,0 | 95-100 | «өте жақсы» |
А- | 3,51 – 3,83 | 90-94 | |
В+ | 3,17 – 3,50 | 85-89 | «Жақсы» |
В | 2,84 – 3,16 | 80-84 | |
В- | 2,51 – 2,83 | 75-79 | |
С+ | 2,17 – 2,50 | 70-74 | «Қанағаттанарлық» |
С | 1,84 – 2,16 | 65-69 | |
С- | 1,51 – 1,83 | 60-64 | |
D+ | 1,17 – 1,50 | 55-59 | |
D | 1,0 – 1,16 | 50-54 | |
F | 0 – 0,99 | 0-49 | «Қанағаттанарлықсыз» |
Баға _______ Емтихан алушы қолы _____________
Бекет 2 Тапсырма 2
Емтихан алушыға ақпарат: арнайы гинекологиялық зерттеу жүргізу кезінде интерн-бакалаврлардың тәжірибелік дағдысын бағалаңыз.
№ | Тапсырма сатыларының критерийлері | 0-0,1 орындаған жоқ | 0,2-0,3 ескертулермен орындады | 0,4-0,5 толық орындады |
Ережеге сәйкес қолдарын мұқият жуғаннан кейін екі қолына стерильді резеңке қолғаптар киеді | ||||
Сыртқы жыныс мүшелерінің фантомында тексеру жүргізеді: сол қолдың бас және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашады, қынаптың кіребересін қарайды, бартолинит бездерінің аймағын пальпациялайды (үлкен жыныс еріндерінің төмеңгі үштен бірі). | ||||
Жатыр мойнының қарауды бастайды, ол үшін айнаны жанымен енгізіп, бұрып, жатыр мойнын ашу қажет. Содан кейін жатыр мойнын және қынаптың кілегей қабатын тексереді, гиперемия бар – жоғына көңіл бөледі, бөліністерге сипаттама береді. Тексеру аяқталған соң айнаны жауып, сосын шығарады. | ||||
Қынап арқылы қарау үшін емтихан тапсырушы оң аяғын креслоның аяқ қою орнына қояды, сол аяғы жерде қалады. Сыртқы жыныс мүшелерін дезинфекциялаушы ерітіндіге малынған стерильді шарикпен өңдейді. | ||||
Сол қолдың бас және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашады. Қынапқа алдымен ортаңғы саусақты, ол саусақпен қынаптың артқы қабырғасын басады, сосын сұқ саусақты енгізеді. Екінші қолын алдыңғы іштің қабырғасына қояды. | ||||
Жатыр мойнының жағдайын сипаттайды, оның жамбас өсіне қатынасын, консистенциясын, жатыр мойны өзегінің өткізгіштігін, ұзындығын, қағанақ қабының бүтіндігін, келіп турған ұрық бөлігін, мүйісті анықтайды. | ||||
Тексеруден кейін саусақтарды қынаптан шығарып, қарайды және бөліністер сипатын бағалайды (қанды, іріңді, кілегейлі). | ||||
Қолғаптарды жою | ||||
Қорытындысы |
Тапсырмаға берілген уақыт – 6 минут.
3 қосымша