Бүйректің созылмалы ауруы

1. Төменде аталған себептердің қайсысы ересектерде БСА дамуының ЕҢ жиі себептері болып табылады:

а) +Артериальды гипертензия, қант диабеті

б) ЗТА, калькулезді пиелонефрит

в) Созылмалы гломерулонефриттер

г) Поликистозды ауру, ересек және балалар типтері

д) Созылмалы тубуло-интерстициалды нефриттер

2. Терминальды бүйрек жетіпеушілігі дамығанда негізгі емдеу тактикасы қандай:

а) Ақуызсыз емдәм

б) Медикаменттерді тоқтату

в) Диуретиктердің мөлшерін жоғарлату

г) Жалғыз өмірді сақтап қалатын әдіс – бүйрек трансплантациясы

д) +Бүйрек қызметін алмастыру терапиясының кез-келген әдісін бастау қажет

3. Науқас 31 жаста.Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Бұл науқаста қандай қауіп факторы терминальды бүйрек жетіспеушілігінің үдеуін және дамуын қамтамасыз етеді?

а) Зәрде инфекцияның ұзақ болуы

б) Туа пайда болған аномалияның сипаты

в) +Протеинурия

г) Жасы

д) Жынысы

4. Науқас 31 жаста.Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Егер қосымша зерттеу жүргізсе берілген ШФЖ деңгейі БСА тән қандай бұзылыстардыанықтауға болады?

а) +Анемия

б) Гиперкалиемия

в) Олигурия

г) Иммунологиялық

д) Гемокоагуляциялық

5. Бүйректің созылмалы ауруы бар 68 жастағы ер адам әлсіздікке, парестезияға және үнемі үдейтін ентігуге шағымданады. Бұл шағымдар науқаста 4 күн бойы мазалайды. Зерттеген кезде: калий деңгейі 7,2 ммоль/л. ЭКГ-да – Т тісшесінің және ST сегментінің жоғарылауы, QRS кешенінің кеңеюі көрінеді. Емнің қай түрі ЕҢ мүмкін болатын асқынудың даму мүмкідігін жоғарылатады?

A. Диализ

B. +Бета-тежегіштер

C. К/і инсулин+глюкоза инфузиясы

D. К/і кальций глюконаттың 10% ерітіндісін енгізу

E. Полистирол натрий сульфонаты (Kayexalate)

6. Науқас 31 жаста.Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. Нв-90г/л. БСА осы сатысында қандай бұзылыстарды коррекциялау көрсетілген?

а) Гормональдық

б) Метаболикалық

в) Иммунологиялық

г) Гемокоагуляциялық

д) +Анемия және протеинурияны

7. 40 жастағы ер адам клиникаға бел аймағындағы ауру-сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде: креатинин клиренсі 76 мл/мин. Анамнезінен белгілі болғандай, әкесі 45 жасында бағдарламалы гемодиализ алған. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 149/88 мм с.б. зертханалық несеп талдауларында: лейкоциттер 3+, эритроциттер +. Бүйрек УДЗ-де: бүйрек өлшемдерінің екі жақты ұлғайғаны, бүйректерде бірнеше кисталар анықталды. Келесі аталған пайымдаулардың қайсысы дұрыс емес?

а) Генетик кеңесі

б) ААФ ингибиторлары гипертензияны реттеу үшін

в) Көп мөлшерде сұйықтық қабылдау

г) +1-2 жылдан соң диализ қабылдау қажеттігін жеткізу

д) Жоғарғы несеп жолдарының инфекциясын емдеу үшін антибиотик

8. 19 жастағы қыз. Анамнезінде: 12 жасынан қант диабетінің 1-ші типіне байланысты бақылауда, инсулинотерапия қабылдауда. Цистит эпизодтары, антимикробтық емге қарамастан, 1 жылдан аса мазалауда. Соңғы 2 жыл бойы оральды контрацептивтер қабылдайды және күніне 10 дана темекі шегеді. Қарағанда: дене бітімі астеникалық типте, ДСИ (ИМТ) 21,5 кг/м2, АҚҚ 108/76 мм с.б. Басқа ағзалар мен жүйелер бойынша бұзылыстар анықталмады. Зертханалық тексерулер: Na 140 ммоль/л, калий 4,5 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л, креатинин 95 мкмоль/л, аш қарындағы глюкоза 10,2 ммоль/л, HbA1c 10,1%. ЖЗА: глюкоза +, лейкоциттер 5-10 к/а. Бүйрек УДЗ-де рефлюкс-нефропатияға күдік туды. Бүйрек қызметінің үдеуінің алдын алу үшін аталған шаралардың ең дұрысы қайсы?

а) ААФи

б) Темекі шегуді тоқтату

в) + Қатаң гликемиялық бақылау

г) Ұзақ уақытты антимикробтық ем

д) Рефлюкстің хирургиялық коррекциясы

9. Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). Лизиноприл лозартанмен бірге тағайындалған кезде АҚҚ қалыпты болған. Диабетикалық нефропатияның протеинуриялық сатысында ААФ ингибиторын АТ2 рецепторларының блокаторларымен біріктіруінің оң нәтижелігі неге негізделген:

а) Липидтік алмасуды жақсартуға

б) Жақсы гипотензивті әсерге

в) Гликемиялық профильді жақсартуға

г) +Антипротеинуриялық әсерді жақсартуға

д) Гемокоагуляциялық бұзылыстарды коррекциялауға

10. Науқас 30 жаста, СБЖ терминальді сатысы ануриямен. Бағдарланған гемодиализде 6 ай. Күрделі антигипертензивті ем қабылдауына қарамастан диализ аралық кезеңде АҚ 160/105мм.сбб. Аяғында ісінулері бар. Артериялық гипертонияға қарсы сіздің тактикаңыз:

а) Құрғақ салмағын көбейту

б) +Құрғақ салмағын азайту

в) Ілмекті диуретиктер қосу

г) Тиазидті диуретиктер қосу

д) Өзгеріс енгізбеу

11. 60 жастағы науқас, БСА 4 сатысы. Диурезі сақталған, никтурия, көзге көрінетін ісінулері жоқ. Антигипертензивті терапия фонында АҚҚ 130/80 мм.с.б. Биохимиялық қан анализінде: креатинин 350 мкмоль/л, К, Na – қалыпты, жалпы Са 1,9 мкмоль/л., ПТГ -180, Р – 1,54 ммоль/л. Науқастағы Са деңгейін коррекциялауда төмендегі аталған тактикалардың бірін атаңыз:

а) +Альфа-кальцидол, Са,Р, ПТГ бақылауымен

б) Кальций Д3

в) Кальций глюконаты

г) Кальций карбонаты

д) Са препаратын қабылдауды қажет етпейді

12. Гемодиализдегі науқастарда артериялық гипертониямен күресудің негізгі тактикасы:

а) Гемодиализ жиілігін азайту

б) Гемодиализ уақытын қысқарту

в) Анурия болса диуретиктер қосу

г) +Оптимальді құрғақ салмаққа жету

д) Антигипертензивті емді күшейту

13. БСА бар науқастарда фосфор-кальций алмасуының коррекциясы қай кезде көрсетілген?

а) +Гиперпаратиреоз анықталған кезде

б) Гипопаратиреоз анықталған кезде

в) Тек қана гемодиализде

г) Тек қана перитонеальді диализде

д) Гиперпаратиреоз кезіндегі бағынбайтын емдәмде

14. Тек протеинурия 1 г/тәул аз және гематуриямен қосарласқан созылмалы гломерулярлы аурулардың үдеуін тежейтін препараттар?

а) +ААФи немесе АРБ

б) Циклофосфан және солумедролмен пульс-терапия

в) Дезинтоксикациялық терапия

г) Циклоспоринмен терапия

д) Қосарланған антибактериалды терапия

15. Төмендегі аталған бүйрек ауруларының қайсысында БСА-ң терминальды сатысында бүйрек өлшемі кішіреймейді?

а) +Бүйректің поликистоздық ауруы

б) Гипертониялық нефропатия

в) Мембранозды нефропатия

г) Рефлюкс-нефропатия

д) Ig A нефропатия

16. 21 жастағы әйел адам I типті ҚД-мен 7 жылдан бері ауырад, қандағы қант деңгейін бақылай отырып, инсулинотерапия қабылдайды. Соңғы айларды АУ 100-150 мг/тәу. анықтала бастады. Қандай мақсатпен қандай ем тағайындайсыз?

а) Сулодексид АУ төмендету үшін

б) қант төмендету үшін емдәм жүргізу

в) +АУ азайту үшін және ликвидациялау үшін ААФи

г) гликемиялық профильді ұстап тұру жеткілікті

д) диуретикалық мақсатпен фитотерапия

17. Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы НШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта сүйектеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Зәрінде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Қанда: ПТГ жоғары (200пг/л), кальций мен фосфор деңгейі қалыпты. Қосымша қандай дәрілік зат тағайындау керек?

а) +Кальцитриол

б) Кальций дәрілік заттары

в) Фосфор дәрілік заттары

г) Поливитаминдер

д) Бифосфанаттар

18. 54 жасар (салмағы 65 кг) ер адам бас ауыруына, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: 20 жыл бойы артериалды гипертензиямен ауырады, криздер жылына 4-5 рет қайталанады. 10 мг фозикард алады, жүйелі емес, жұмысы күйзелістермен байланысты, АҚ тұрақты түрде өлшемейді, өлшегенде 160/90 – 140/80 мм.с.б. шамасында өзгеріп тұрады. Темекі шегеді. Соңғы жылдары көруі нашарлап, жөтел пайда болды. 2 күн бұрын қатты басы ауырып, склерасына қан құйылғанда АҚ-ң 220/120 мм с.б. болғаны анықталды. Жиі баспамен, бронхитпен ауырады. Соңғы гипертониялық криз осыдан 2 күн бұрын болған, АҚ 220/120 мм.с.б. Жедел жәрдем ауруханасында тексергенде креатинин 150 мкмоль/л дейін, мочевина 14 ммоль/л дейін болған, зәр анализінде белок 1,5 г/л, эритроциттер 10 к/а дейін, менш.салм. 1017. Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, бұл науқасқа қандай адекватты ем тағайындайсыз?

а) +ААФ ингибиторы+диуретик, статиндер

б) Циклоспорин А+диуретик

в) Фитотерапия+поливитаминдер

г) Дезинтоксикациялық ем

д) Антибактериалдық ем

Наши рекомендации