Тірек-қимыл аппаратының ауруларын алдын алу

Кальций тапшылығы адамның жалпы жағдайының төмендеуіне, сүйек ұлпасының жұмсаруына, сүйек буындарының сырқырауына, тіс ауруларына, остеопорозға әкеп соғуы мүмкін. Остеопороз – бұл қанқаның жүйелі ауруы, сүйек салмағының төмендеуі мен сүйек ұлпасының құрылысының бұзылуы. Остеопороз сүйектің морттығын күшейтеді, сыну мүмкіндігін өсіреді. Остеопороз дамуының үдеуіне келесі қатерлі мәнбірлер: тұқым қуалаушылыққа бейімділік, темекі шегу, маскүнемдік, тиімсіз тамақтану, аналық бездерінің қалыпты жұмысының әлсіреуі, дәрумендермен ақуыздардың шамадан аз болуы, жалпы зат алмасу бұзылыстары себеп болады.

Біріншілік алдын алуға ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, және физикалық күш түсуіне бейімдеу, дұрыс тамақтануда маңызды роль атқарады (көп мөлшерде ас тұзын қолдану буын ауруларының негізгі себебі болады). Сонымен бірге ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны уақытында жою керек.

Екіншілік алдын алу аурудың қозуын болдырмау, қауіпті мәнбірлерді жою және де мерзімді ем қабылдап отыру. Көктемде және күзде пациенттерге қабынуға қарсы антибиотиктер және стероидтық емес гормондар тағайындалынады. Пациент темекіден және ішімдіктен бас тарту керек. Жыл сайын тұмауға қарсы иммунизация жүргізеді. Салмақты төмендетуге кепілдемелер беріледі.

Үшіншілік алдын алу буын функцияларын қалпына келтіру. Санаторлық-курортты ем кеңінен қолданылады: минералды су, климаттық ем, тәулік бойы таза ауада серуендеу, ауа және сәулелік ванналар. Дене шынықтыру, емдік жаттығулар әр пациентке буынның функциясына байланысты тағайындалады.

Дәнекер тіннің диффузды аурулары (ДТДА)

Дәнекер тіннің диффузды аурулары – бұл шығу тегі бір, морфологиялық өзгерістері жақын және клиникалық көріністері ұқсас аурулар тобы. Бұл аурулардың себептері әлі белгісіз. Тұқым қуалаушылық ерекше орын алады. Сырқаттың дамуына әртүрлі мәнбірлер әсер етеді: жұқпалы қоздырғыштар, күнге қыздырыну, екпелер және т.б. Жалпы сырқаттың даму механизіміне аутоиммунды дәріс жатады, яғни лимфоцидтердің өз антигендерін тануы. Нәтижесінде антиген – антидене субстраты құрылып, тіндерге жабысып оларды зақымдайды. Сөйтіп тамырларда, буындарда, бүйректе және басқа жүйелерде, мүшелерде қабыну дәрісі дамиды. Тамыр қабырғаларының зақымдану нәтижесінде қанның торшы элементтерінің агрегациясы артып, оның реологиялық қасиеттері төмендейді. Бұл құбылыстың соңы қан айналысының бұзылысына және қан ағысының азайып тіндердің гипоксиясына әкеп соғады. Қан айналу бұзылысының дамуы дәнекер тіннің диффузды ауруларының дамуына әкеп соғады. ДТДА клиникалық көрістерінің әртүрлілігімен сипатталады, онда ішкі мүшелер мен тамырлардың зақымдануы және қайталану ағымы ремиссия және қозу мен кезектеседі. Оның тобына жүйелі қызыл жегі, склеродермия (жүйелі терінің қатаюы), диффузды фасцеит, дерматомиозит, Шегрен синдромы, полихондрит т.б. жатады. Бұл аурулардың әр қайсысы өзіне тән ауру түрі мен ерекшелінеді және жалпы белгілерімен қоса арнайы клиникалық белгілерімен, асқынуымен, ағымының ерекшелігімен мінезделеді.

Тапсырма.Мамандық бойынша сұхбат құрыңыз.

Полиомиелит

Полиомиелит (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы) — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі.Бұл ауруды 1840 ж. неміс дәрігері Я.Гейне, 1883 ж. орыс невропатологы А.Я. Кожевников және 1890 ж. швед педиатры О.Медин алғаш рет зерттеген. Бұл аурумен көбінесе 3 жасқа дейінгі сәбилер жиі ауырады. Полиомиелиттің қоздырғышы ауырған сәбидің нәжісі арқылы қоршаған ортаға тарап, бірнеше апта бойына белсенділігін жоймайды. Сондықтан инфекция ластанған ауыз су, жеміс-жидек, көкөніс және шикі сүт арқылы жұғады. Ауру жаздың соңы мен күздің басында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі 4 — 35 күнге созылады. Полиомиелит жедел басталады. Сәбидің дене қызуы 38 — 39С-қа көтеріліп, жөтеледі, қайта-қайта түшкіріп, тамағы ауырады, кейде іші өтеді. Бұл белгілер 4 — 5 күннен кейін жоғалып, бір аптадан кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, науқас сәбидің бұлшық еттері, әдетте аяқ-қол бұлшық еттері салдана бастайды (Полиомиелит параличі). Кейде ауру ұзаққа созылып, науқас мүгедек болып қалуы мүмкін. Дерт асқынғанда, орт. жүйке жүйесінің нейрондары зақымданып (Бульбарлы паралич), сәбидің ас жұтуы, тыныс алуы қиындайды, ауа жетпей, тілі күрмеледі. Бұл жағдай сәби үшін өте қауіпті. Аурудың алдын алу үшін П-ке қарсы жаппай вакцина егу керек. Қазіргі кезде вирусы өлтірілген (инактивацияланған) және вирусы әлсіздендірілген, тірі (аттенуацияланған) вакциналар қолданылады. 1952 ж. Полиомиелитке қарсы вакцинаны американдық ғалым Дж. Солк (1914 — 1995) тапты. Полиомиелитмен ауырған сәбиді дереу ауруханаға жатқызып, карантин қою, үйді дезинфекциялау қажет. Қазақстанда Дүниежүз. Денсаулық сақтау ұйымының аясында Полиомиелитті жою Ұлттық бағдарламасы 1999 жылдан бері іске асырылып келеді.

Сал ауруы.

Бүкіл жан-жануар мен адамның қимыл-әрекетін ерікті және еріксіз (шартсыз) деп бөледі.
Шартсыз қимыл-әрекетің негізінде созылу қарапайым рефлексі немесе миотатикалық рефлекс жатады. Интрафузалды талшық (актин) – оның ортасында спираль тәрізді

рецептор жатыр, оның бір жақ шеті сіңірмен, ал екінші жақ шеті экстрафузалды

талшықпен байланысқан. Интрафузалды (миозин) талшықтарынан сигнал жұлынның алдынғы мүйізіндегі γ –жасушаларға беріледі. Сигналдың жартысы α-мотонейрондарға беріледі,одан шыққан сигнал экстрафузалды талшықтарға жетеді. α жасушаларынан экстрафузалды талшықтарға берілетін сигналдың жартысы қайтадан Рэншоу жасушаларына қайтып келеді (экстрафузалды талшықтарға келіп түсетін артық импульстарды реттеуші орталық). Оларда жұлынның алдынғы мүйізінде орналасады, яғни γ-ілмек түзеді. Рефлекторлы(шарттсыз) іс-қимыл жасау үшін тітіркенгіш пен рефлекторлы доға біртұтастығы қажет. жүйке жүйесі Шартты қимыл жасау үшін ми қыртысының алдынғы орталық иірімінен және орталық алды бөлігінен импульс жұлынның алдынғы мүйізіне жетіп, одан әрі алдыңғы түбір арқылы, өрімнің қимылға жауапты бөлігімен нерв арқылы бұлшық етке жетеді. Қыртыс-бұлшықет жолы 2 нейроннан тұрады: орталық және периферикалық. Орталық нейрон денесі мандай бөліктін алдыңғы орталық иірімінің 5-ші қабатындағы Бецтың үлкен пирамида жасушаларында орналасқан. Пирамида жолы деп аталатын аксон бойымен импульс ішкі капсуланың артқы саны, ми аяақшасы, варолиев көпірі, сопақша ми арқылы өтеді. Сопқша ми мен жұлын шекарасында пирамида жолының (80%) қарсы жаққа өтіп, жұлынның бүйір бағанына кіріп әрбір сегмент деңгейінде ( 31-32 сегмент бар) жұлынның алдынғы мүйізінде орналасқан перифериялық нейронмен синаптикалық байланыс түзеді. Содан кейін алдыңғы түбір құрамындағы аксон бойымен өрім мен нервтың қимылға жауапты бөлігі арқылы бұлшықетке беріледі. Егерде қимыл-қозғалысқа аяқ,дене бұлшықеттері қатысса, импульс қыртысты-спиналды(пирамидалы) жол арқылы жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан 2-ші нейрон денесіне бағыталады. Егерде қимыл-қозғалысқа көмей, жұтқыншақ, бет, тіл бұлшықеттері және шайнайтын, көз қимылдатын бұлшықеттер қатысса импульс кортико-ядролы жол құрамында бмн сай қимылдататын ядроларға беріледі, онда периферикалық нейрон денесі орналасқан, ары қарай импульс қимылдатқыш түбір мен нерв арқылы бұлшық етке жетеді.

Наши рекомендации