ЖІС бойынша кеңес жүргізу

Акушерия және гинекология бағыты бойынша, 7 курс итерндарына арналған мемлекеттік Қорытынды атестацияға медициналық симуляция сценариі.

(2 этап – клиникалық білімін бағалау)

Оқу жылы

Клиникалық жағдай: «ЖІС (жатыр ішілік спираль) енгізу»

Жағдай:Сіз – жалпы тәжерибелік дәрігерсіз, әйелдер кеңес бөлімінде қызымет жасайсыз. Сізге қабылдауға жасы 28 жасар әйел ЖІС салуға келді.

- ЖІС жөнінде кеңес жүргізу

- Өмір анамнезін, бала босану қызыметі және етеккір циклі бойынша анамнез жинау.

- Әйелді жалпы қарап тексеру жүргізу

- Әйелді гинекологиялық тексеру

- Бактериоскопияға жағынды алу

- Зертханалық және құралдық тексерулер тағайындау

- Жүргізілген зертханалық – құралдық тексерулерге интерпритация жүргізу

- ЖІС салатын күнді белгілеу

- ЖІС енгізу

- Келесі қабылдау күнін тағайындау

Қорытынды нәтиже (outcomes):

- ЖІС жөнінде кеңес жүргізу

- Өмір анамнезін, бала босану қызыметі және етеккір циклі бойынша анамнез жинау.

- Әйелді жалпы қарап тексеру

- Әйелді гинекологиялық тексеру

- Бактериоскопияға жағынды алу

- Тексерілу жоспарын тағайындау

- Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, бактериоскопияға жағындыны, кіші жамбас ағзаларының УДЗ зеріттеулерін талдау

- ЖІС енгізу

Бағалау парағы (check-list)

клиникалық жағдай бойынша

«ЖІС енгізу»

Қадамдарды бағалау критерилері Балдық бағалау
Дұрыс орындады Ескертулер арқылы орындады Тапсырманы орындай алмады
ЖІС жөнінде кеңес жүргізу, ЖІС - ге көрсеткіш, қарсы көрсеткіш, қай кезде салу және алу керектігі туралы барлық сұрақтар қамтылды ма. 1,0 0,5
Өмір анамнезін, бала босану қызыметі және етеккір циклі жайында анамнез жинау.   1,0 0,5
Физикальды тексерудің дұрыстығы – жалпы қарап тексеру. 1,0 0,5
Физикальді тексерудің дұрыстығы – гинекологиялық тексеру. 1,0 0,5
Бактериоскопияға жағынды алу 1,0 0,5
Зертханалық – құралдық тексерулерді тағайындау 1,0 0,5
Жүргізілген зертханалық – құралдық тексерулерге интерпритация жүргізу   1,0 0,5
ЖІС енгізетін күнді белгілеу   1,0 0,5
ЖІС енгізу 1,0 0,5
Келесі қабылдау күнін тағайындау   1,0 0,5
ҚОРЫТЫНДЫ

Макс балл – 10

Стандартталған актерға (науқасқа) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің маңызы:

28 жасар әйел. Әелдер кеңесіне жалпы тәжерибелік дәрігерге ЖІС енгізуге келді. Шағымдары жоқ.

ЖІС бойынша кеңес жүргізу

  1. ЖІС- ге көрсеткіш:

ü контрацепцияның тұрақты және қайтымды әдісін таңдаған, босанған әйелдер

ü бір ғана сексуальді жұбы бар

  1. ЖІС - ге қарсы көрсеткіш:

ü жүктілік

ü кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары

ü етеккір циклдің бұзылысы

ü анамнезіндегі жатырдан тыс жүктілік

ü босанбаған әйелдерге ұсынылмайды

  1. Тексеру жоспары: ЖҚА, ЖЗА, бактериоскопияға жағынды, кіші жамбас ағзаларына УДЗ.
  2. ЖІС салуға және алып тастауға ең қолайлы уақыт: етеккір кезінде
  3. ЖІС экспозициясы: құрамына мыс қосылғанЖІС - де 10 жылға дейін. Жүкті болғысы келетін әйелдер кез – келген уақытта ЖІС алып тастауға болады.
  4. Жанама әсерлері: ұзақ уақыт және аурып келетін етеккір, анемия.
  5. ЖІС алып тастауға көрсеткіш: фертильділікті қалыптастыру, әйел жыныс ағзаларының қабыну аурулары, гиперполименорея, дисменорея, гиперполименорея әсерінен пайда болған анемияның орта және ауыр дәрежелері, ЖІС орнынан қозғалуы.
  6. Фертильділікке қалай әсеретеді: ЖІС алып тастағаннан кейін қалыпқа келеді.

Анамнезінен: соматикалық аурулар, операциялар, жарақаттар болмаған. Тұқым қуалайтын аурылары, аллергиясы жоқ. Зиянды әрекеттері жоқ. Кәсіптік және тұрмыс жағдайы жақсы. Етеккір функциясы: менархе 12 жас, етеккір циклі бірден қалыптанған. Етеккір 4-5 күннен қалыпты мөлшерде, ауру сезімінсіз, етеккір циклі 30 күн. Жүктіліктер - 2, босанулар -2, ерекшеліксіз. Контрацепция – презервативтер.

Объективті жағдайы:

Дене қызуы 36,4ºС.

Жағдайы қалыпты. Тері жабындылары таза, түсі – қалыпты. Ісіну –жоқ. ТАЖ 18. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек қағысы анық, ырғақты. АҚҚ 120/70 мм.с.б. ЖСЖ – 76 минутына. Іші дұрыс пішінді, тыныс алу актісіне қатысады, беткей пальпацияда ауыру сезімінсіз. Бауыр және көкбауыр ұлғаймған. Ұрғылау симптмы екі жақта да теріс. Перифериялық ісінулер жоқ.

Үлкен дәрет тұрақты. Зәр шығаруы бос, ауыру сезімінсіз.

Гинекологиялық тексеріс:

Сыртқы жыныс ағзаларын қарап тексеру: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамып жетілген, түктенуі әйел типтес, уретра және парауретральды жолдар өзгеріссіз.

Айнамен қарап тексеру: Жатыр мойнының, қынаптың шырышты қабығы паталогиялық өзгеріссіз, бөлінулер шырышты.

Бимануальді тексеріс: қынап босанған әйелге тән. Жатыр мойнының ұзындығы -3,0 см, цилиндр пішінді, консистенциясы тығыз, сыртқы ернеуі саңылау тәрізді, жабық. Жатыр anteversio, flexiо қалыпында, қалыпты өлшемді, тығыз, беті тегіс, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Жатыр қосалқылары екі жақтан да анықталмайды, аймақ пальпация кезінде ауыру сезімінсіз, қынаптық күмездер бос, ауыру сезімінсіз.

Наши рекомендации