Рсақішілік листериоз

Қазіргі таңда әлемде зоонозды инфекциялармен аурушаңдық үдемелі жоғарылауда, ал бұрын мұндай инфекциялар өте сирек кездесетін және экзотикалық деп есептелетін. Листериоз осындай инфекциялар қатарына жатады. АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдері осы инфекцияның көп таралған аймақтарына жатады. ДДҰ TORCH кешеніне (O-OTHER) - сифилис, хламидиоз және т.б. инфекциялармен бірге листериозды да жатқызды. Табиғи жағдайда листериозбен жабайы аңдар көп зақымданады, соның ішінде кемірушілер мен құстар. Тәжірибе жүзінде бұл ауру ауыл шаруашылығы мен үй жануарларында, әсемдік және үй құстарында көп кездеседі. Листерияны бөлуге қабілетті және оларға антидене табатын тәжірибелік зертханалардың аздығына байланысты листерия жайында мәліметтер аз. Адамдардың төмен аурушаңдығына қарамастан аурулардың өлім көрсеткіші жиі тіркеледі. Ауру ауру жануарлармен және құстармен немесе инфицирленген ет тағамдарын және өсімдік тектес өнімдерді қолданғанда жұғады. Жануарлардың зақымданған шығарылымдары –листерияның қалыпты өмір сүру ортасы болып табылады. Осындай өнімдердің ішіндегі ең қауіптісі : піспеген капустадан жасалған салаттар, жұмсақ ірімшіктер, ет өнімдерінің жартылайфабрикаттары, сонымен бірге құстардыңда. Піспеген ет және ет тағамдарымен зақымдану 30-50% құрайды. Мамандығы бойынша тірі құстар және жануарлармен қатынаста болатын адамдарда листериозбен зақымдану мүмкіндігі жоғары. Асқазан жолдары- листериоздың адам ағзасына енуінің негізгі жолдарының бірі. Сонымен қатар листериоз тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарына ауа-тамшылы жолдар арқылы, көз коньюнктивиті және тері жамылғылары, жыныс жолдарының зақымдануы кезінде де енуі мүмкін екенін есте сақтау қажет. Листерия тасымалдаушы инфекция көзі болып - зәрмен, нәжіспен листерия бөлуші, вагинальды және басқа сұйықтықтармен бөлетін науқас адам немесе бактериятасымалдаушы да саналады. Симптомсыз тасымалдаушылар немесе жеңіл және клиникасы анық емес ауру түрімен ауыратын адамдар ерекше қауіпті. Листерияның ұзақ тұратын орны несеп-жыныс жолдарының бөлінділері болып табылады. Инфекцианың берілуі ұрықтың құрсақішілік кезінде анасынан(плацента арқылы) немесе туу кезінде инфицирленуі мүмкін. Ұрықтың зақымдануы жүктіліктің кез-келген мерзімінде болуы мүмкін. Жиі жүктіліктің соңғы триместрінде зақымданады. Жүктілік кезінде листериоз симптомсыз немесе тұмауға бейімділік жағдайда өтуі мүмкін, ол аборттың, мерзімінен ерте босанудың және өлі туылудың себебі болуы мүмкін. Құрсақішілік инфицирлену жетілген балаларда 70 % құрайды, ал жетілмегендерде әрдайым летальды болады. Мәліметтерге қарағанда АҚШ –та перинатальдық кезеңде листериозбен өлім көрсеткіші 1 ден 7% құрайды.

2006 жылғы Алматы қаласында жүргізілген бақылау нәтижесінде жүкті әйелдер арасында листериоздың таралу көрсеткіші жоғары жағдайда. Бақылау нәтижесіндегі сандық көрсеткіштері: 3000 жүкті әйелде оң нәтиже көрсеткіші 10-11% ,бұл көрсеткіш ұрықтың құрсақішілік дамуына бұл инфекцияның қауіптілігі жоғары екенін негіздейді. Туғандар және жаңа туылған нәрестелер туғаннан кейінгі бірінші екі апта ішінде қоздырғышты бөлуі мүмкін. Сондықтанда гигиенаның сақталмауы және ауру тасымалдаушыларды дезинфекциялаудың жеткіліксіздігі құрсақішілік листериоз дамуының көзі болуы мүмкін. Ауру қоздырғышы listeria monocytogenes - спора түзбейтін және грам әдісімен жақсы боялатын, жіңішке қозғалғыш таяқша. Листерия 4-6ºС суда, өнімдерде, тағамдық заттарда көбею қабілетіне ие. Сондықтан листерия үй тағамдарын тоңазтқышта сақтаған кезде де жинау қабілетіне ие, мұндай жағдайда басқа көптеген бактериялар өледі және көбеюін тоқтатады, сөйтіп листерияның микробтық массасын көбейтуіне бәсеке тудырмайды. Осындай ерекшелігіне байланысты листерияны "тоңазтқыш микробы" деп те атайды.Бұндай байланыстар тағамдық өнімдерді тоңазтқыштта сақтағанменде листериоздың өліміне әсер етпейді, керісінше листериоздың әрі қарай көбеюіне септігін тигізеді. Қышқыл тағамдар, сүтті және етті тағамдар , микроб өлтіруге арналғандар- листерияның көбеюіне көмектеседі, 6-20 % концентрацияда қайнатылған тұздада сақталады.

Листериоздың қасиетіне – клиникалық көрінісінің әртүрлілігі , өту варианты және ауру соңының ерекшелігі жатады.Инкубациалық кезеңі 2-4 аптадан тұрады.Ауру клиникалық полиморфизмімен сипатталады. Сонымен бірге листериоздың келесі клиникалық формаларын ажыратады: вицералды, безді, жүйкелік және аралас.Жаңа туылған нәрестелерде сонымен қатар септико- гранулематозды листериоз түрі де ажыратылады.

Ағымына байланысты листериоз – аборттық, жедел, жеделдеу және созылмалы болып ажыратылады. Листерианың симптомсыз өтетін түрін де ажыратады. Мамандар листериоздың "жүктілер листериозы"және "жаңа туылғандар листериозы " деген формаларын ажыратты.

Жүкті әйелдер листериоздың кез-келген түрімен ауруы мүмкін . Көпшілік әйелдерде листериозды инфекцияның типтік белгілері болмасада балалары туа пайда болған листериозбен туылған . Кей авторлар жүкті әйелдерде босануға бірнеше апта қалғанда бұлшықеттердегі ауру сезімімен қалтырау, іріңді коньюктивитпен, тонзилитпен көрінетін түсініксіз қызба байқаған. Басқа жағдайларда жүктілік кезінде жеңіл тұмау тәрізді аурулар байқалған. Ол жүкті әйелдерде жиі байқалатын латентті листериоздың асқыну белгілері болуы мүмкін.Осылай 137 жүкті әйелде көпреттік (7-ге дейін ) зерттеулерден кейін нәжісте листерия олардың 60-да (44%) табылған. Басқа зерттеулерде жүктілердің нәжісінен листерия 12% , ал жаңа туылған нәрестелердің микониынан 0,7 % жағдайда анықталған. Демек кез-келген бактерия тасымалдаушылық ұрықтың құрсақішілік инфицирленуіне алып келмейді. Құрсақішілік инфицирлену симптомсыз инфекция тасымалдаушылықта емес , жүктілік кезіндегі латентті листериоздың асқынуында дамиды деп айтса болады.Бұл асқыну жеңіл тұмау тәрізді аурулар ретінде немесе ауыр түрде өтуі мүмкін.

Листериоз ұрық үшін өте қауіпті болып саналады, ол ұрықтың өлі туылуына және мерзімінен ерте туылуына әкелуі мүмкін екенін есте сақтауымыз қажет. Осындай жағдайларға байланысты листериоз TORCH инфекциялар қатарына "Other" бөліміне қосылды.

Жаңа туылғандар листериозы- бұл форманы да септико – грануломатозды деп атайды. Туа пайда болған листериоз –ауыр ағымда өтуімен сипатталады және балалардың өліміне әкелуі мүмкін. Бұл формасы өзіндік ерекшелікті септикалық ауру болып саналады. Ұрық зақымданған жағдайда бала өлі туылады немесе жетілмей , өмірінің алғашқы екі аптасында қайтыс болады. Егерде жаңа туылған нәресте туу кезінде зақымданса онда туа пайда болған листериоз белгілері 1-2 апта ішінде көріне бастайды. Жаңа туылған нәрестелерде листериоз ауыр дәрежеде жоғары летальдылықта өтеді. Олардағы аурудың негізгі симптомдары : қызба (38-39ºС- тан жоғары ), ентігу, цианоз, мұрын бітелуі.Тек жоғары тыныс жолдары ғана емес өкпеде зақымданады. Листерия бронхопневманияға әкелуі мүмкін , сонымен қатар бронхиалды жолдар бұзылыстары, ателектаз, іріңді плеврит дамуы мүмкін.

Аурулардың көбісінде бауыр ұлғайып, сарғаюлар көрінеді. Көкбауыр ұлғаюы аз кездеседі. Сарғаю мен цианозбен қатар кейбір науқастарда экзентемалар көрінеді. Менингиальды симптомдар дамиды, кейде құрысулар, салданулар, сіңір рефлекстерінің байқалмауы болады.Экзентемалар шеткі бөліктерде көп жиналады. Бастапқыда қою- қызыл дақтар пайда болады, одан кейін папулаға, кейбіреулері везикулаларға айналады.

Арнайы элемент болып бөртпелер болып табылады. Мұндай жағдайда ұсақ гранулемалар ішкі ағзалардың көбінде көрінеді. Ағымды сепсис летальді процеске әкеледі. Көп жағдайда женіл бөртпелер көрінбеуі мүмкін, бірақ фарингит, конъюктивит, ренит, іш өту байқалады.

Тест тапсырмалары

1. Мына төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысына менингоэнцефалит, гидроцефалия, көздің зақымдануы, гепатит тән?

А. герпес

Б. хламидиоз

В. листериоз

Г. токсоплазмоз

Д. цитомегаловирусты инфекция

2. Мына төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысына тері мен шырышты қабықтардағы везикулярлы бөртпелер, кератит, сарғаю, гепатит, пневмония, геморрагиялық синдром тән?

А. герпес

Б. хламидиоз

В. токсоплазмоз

Г. қызамық

Д. цитомегаловирусты инфекция

3. Туа біткен цитомегаловирустық инфекцияның арнайы емінде төменде көрсетілген препараттардың біреуі қолданылады:

А. роцефин

Б. видабирин

В. цитотект

Г. реоферон

Д. сумамед

4. Нәрестеде туа біткен хламидиоз. Осы ауруды емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысы тиімді болып табылады?

А. дифлюкан

Б. пенициллин

В. сумамед

Г. преднизолон

Д. виферон

5. Типті ядроішілік құрылымдары бар гигант клеткаларының түзілуі («үкінің көзі») қандай құрсақ ішілік инфекцияға тән?

А. хламидиоз

Б. ЦМВ-инфекция

В. микоплазмалық инфекция

Г. токсоплазмоз

Д. листериоз

6. Туа пайда болған токсоплазмоздың қай формасында арнайы ем ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ?

А. жедел жайылған түрінде

Б. жедел жергілікті түрінде

В. токсоплазмозды хориоретиниттің қалдық көрінісінде

Г. жедел субклиникалық түрінде

Д. жеделдеу ағымында

7. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы туа біткен мерезге ТӘН ЕМЕС?

А. отит

Б. розеолезды және папулезді бөртпе

В. остеопороз, остеохондрит

Г. ринит

Д. бауыр ұлғаюы, сарғаю

8. Мына симптомдардың қайсысы нәрестедегі гонобленореяға ТӘН ЕМЕС?

А. анофтальм

Б. жиі екі жақты процесс

В. конъюнктиваның гиперемиясы

Г. көзден іріңді бөліністердің көп болуы

Д. қабақтың ісінуі

9. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ұрықтың құрсақ ішілік инфицирленуіне ТӘН ЕМЕС?

А. ұрықтың гипоксиясы

Б. құрсақ ішілік дамудың кідіруі

В. шала туылу

Г. ұрық маңы суының көп болуы

Д. жүктіліктің мерзімінен асуы

10. Трансплацентарлық инфицирлену кезінде инфекциялық агент ұрыққа мына жолмен түседі:

А. қан ағысымен

Б. жатыр қабырғасынан

В. құрсақ қабырғасынан

Г. жатыр түтіктерінен

Д. жатыр мойнынан

Наши рекомендации