Тақырыбы:и.ж.а.миокард инфаркты.миокард инфарктының асқынулары

1. Миокард инфаркты:

а) жүрек бұлшық етінің қабынуы

б) жүрек бұлшық етінің некроздануы

в) эндокардтың қабынуы

г) перикардтың қабынуы

2. Миокард инфарктының этиологиясына тек біреуінен басқалары:

а) коронар артериясының тромбоэмболиясы

б) диетаны жиі бұзу

в) көп сұйықтық ішу

г) инфекциялық ошақтар

3.Миокард инфарктының негізгі клиникалық симптомы:

а) дем алысының жиілеуі

б) асқазан тұсының ауырсынуы

в) оң қабырға тұсының аурсынуы

г. жүрек тұсының ауырсынуы

4.Миокард инфарктында жүрек шаншуының сипаттамасы:

а) жүрек тұсы үнемі, баяу, алыстан шаншиды

б) жүрек тұсы күйдіріп, ұйып ауырсынады,бірнеше секундтан 20 минутқа созылады

в) жүрек тұсының шаншуы оң қолға, оң қабырға астына беріледі

г)жүрек тұсы күйдіріп, ұйып, шаншып ауырады, ауырсыну сол қолға, сол иыққа беріледі ауырсыну бірнеше секундтан бірнеше сағатқа созылады.

5.Миокард инфарктының диагностикалық тексеру әдісі:

а) сканирлеу

б) электрокардиограмма

в) ФГДС

г) ренгенскопия

6.Миокард инфарктында ЭКГ-дағы өзгерістер:

а) Р-тісі екі өркештенеді

б) Р-тісі жойылады

в) ST-аралығы ұзарады

г)ST-аралығы изосызықтан жоғарлайды

7.Миокард инфарктында қолданылатын дәрі:

а) гепарин 1000 Б

б) 2,4 %-10,0 мл эуфиллин

в) гастроцедин 20 мг

г) индометацин 0,025г

8. Миокард инфарктының асқынуы:

а) кома

б)кардиогенді шок

в) анафилактикалық шок

г) коллапс

9.Миокард инфарктындағы «ауырсыну» симптомының ұзақтығы:

а) бір-бірнеше секунд аралығы

б) бірнеше секундтан-20 мин аралығы

в) 20 минуттан бірнеше сағат аралығы

г) ауырсыну болмайды

10. Миокард инфарктының ұстамасында жедел жәрдем көрсету тактикасы, тек біреуінен басқалары:

а) жүрек аймағына қыша қағазын қою

б) тіл астына нитроглицерин беру

в) анальгетиктер енгізу

г) мұзды мұйық қою

11.Миокард инфарктымен стенокардияның айырмашылығы, тек біреуінен басқалары:

а) ауырсыну ұзақтығы

б) нитроглицериннің әсері

в) қан қысымының өзгеруі

г) тыныс алуының өзгеруі

12. Миокард инфарктының клиникалық түрлері, тек біреуінен басқалары:

а) ангиноздық

б) абдоминальдік

в) астмалық

г) тұрақты

13. Миокард инфарктының клиникалық түрілері, тек біреуінен басқалары:

а) ангинозды түрін

б) астмалық түрін

в) абдоминальді түрін

г) тұрақты түрін

14. Миокард инфарктында қан қысымының өзгеруі:

а) қалыпты, өзгермейді

б) диастолдық көрсеткіші жоғарлайды

в)қан қысымы күрт төмендейді

г) систолдық көрсеткіші жоғарлайды

15. Миокард инфарктының «ауырсыну» симптомын басу үшін қолданылады:

а)1%-1,0 мл морфий гидрохлоридертіндісі

б) гепарин 1000 Б

в) ацетилсалицил қышқылы 0,5г

г)2,4 %-10,0 мл эуфиллинертіндісі

16.Миокард инфарктында қан ұю процессін реттейтін дәрі:

а) гепарин

б) гипотиозид

в) эуфиллин

г) строфантин

17. Миокард инфарктысына әкелетін ең жиі фактор:

а) коронар артерияларының тромбоэмболиясы

б) салауатты өмір салтын ұстану

в) организмге инфекцияның түсуі

г) ас тұзын жиі , көп қолдану

18. Миокард инфарктының астмалық түрін дифференциялдық диагностика жүргізу қажет:

а) бронх демікпесінің тұншығу ұстамасымен

б) тыныштық стенокардиямен

в) гипертониялық кризбен

г) анафилактикалық шокпен

19.Электрокардиограммадағы ST сегменті изосызықтан өте жоғары Т тісі теріс көрінісі тән:

а)миокард инфарктысына

б) стенокардияға

в) жүрек ақауына

г) ревматизмге

20. Миокард инфарктысымен ауырған науқастардың денсаулығын қайта қалпына келтіру:

а) реабилитация

б) реабсорбция

в) секреция

г) гемасорбция

21. Жедел коронарлық синдромға жатпайды:

а)миокард инфаркты патологиялық Q тісшесімен

б)миокард инфаркты патологиялық Q тісшесіз

в)тұрақсыз стенокардия

г)тұрақты стенокардия

22. Жүрек бұлшық етінің некроздануының электрокардиограммадағы негізгі белгісі:

а) ST - сегментінің төмендеуі

б)ST - сегментінің жоғарлауы

в)R - тісінің вольтажының төмендеуі

г)Q - тісінің кеңеюі

23. Жедел миокард инфарктымен ауырған науқастарға физикалық реабилитация жүргізу:

а) күнделікті физикалық күштеме түсіру

б)физикалық күштемені оптимальді деңгейде түсіру

в)физикалық күштемені шектеу

г) күнделікті физикалық күшті нитрат тобындағы дәрілерді қабылдаумен бірге жүргізу

24.Жедел миокард инфарктындағы шынайы кардиогенді шоктың себебі:

а) инфарктан кейінгі перикардит

б) трансмуралды миокард инфаркты

в)жүрек ритмінің өзгеруі

г)кардиомиопатия

25.Миокард инфарктысының астмалық түрiне тән:

а)инспираторлық ентiгу,қан қысымының төмендеуi

б) төс артының ауырсынуының 30 минуттан асуы

в) қан қысымының көтерiлуi

г) эпигастрий аймағында ауырсыну сезiмiнiң болуы

Наши рекомендации