Медициналық симуляцияның сценариі
Клиникалық жағдай:«Ювенильді ревматоидты артритпен науқастың диагностикасы мен жүргізу тактикасы»
Ситуациялық есеп:Сіз –жалпы тәжірбиелік дәрігерсіз.Сізге қабылдауға 6 жастағы қыз бала анасымен (-әкесімен) келді.
Соңғы қорытынды (outcomes):
Ø Сұрау жүргізу: шағымдары мен анамнезін жинау.
Ø Лабораторлы – инструментальды зерттеуге интерпретация жүргізу
Ø Диагноз қойыңыз
Ø Ауруды жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Соңғы қорытынды (outcomes):
Ø Сүйек- буын жүйесі патологиясымен аурулармен сөйлесіп физикалды тексеру
Ø ЮРА- ң клиникалық диагностикасы және асқынулары бойынша білім
Ø ЮРА ажырату диагностикасы бойынша білім
Ø Диагностиканың ақпаратты әдістер және буындардың рентгенографиясын интерпретациялау
Ø ЮРА- мен пациентерді жүргізу
«Ювенильді ревматоидты артритпен науқастың диагностикасы мен жүргізу тактикасы»
клиникалық жағдайға байланысты бағалау беті (check-list)
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллмен бағалау | ||
Дұрыс орындады | Дұрыс орындамады | Орындамады | ||
Анамнез жинау.Барлық сұрақ қойылды ма? | 1,0 | 0,5 | ||
ЮРА –ң критериилер» анықталды ма | 2,0 | 1,0 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – жалпы қарау | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – тыныс алу жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – балалардың жүрек қантамыр жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Болжам диагноз | 2,0 | 1,0 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
Дифференциальді диагностика жоспары | 1,0 | 0,5 | ||
ЖҚА, ЖЗА, Б/а интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | ||
Буындардың рентгенографиясын интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | ||
Баланың емдеу жоспарын тағайындады | 2,0 | 1,0 | ||
Базисті терапияны тағайындау | 2,0 | 1,0 | ||
Емнің тиімділігін бақылау | 1,0 | 0,5 | ||
Пациентпен және ата-анасымен дұрыс қарым қатынас | 1,0 | 0,5 | ||
Қортынды балл |
Стандартталған актер үшін мәтін сценариі және оның рөлінің сипаттамасы:
Мысал: 6 жастағы ауру қыз және оның анасы (-әкесі).
Шағымы: тізе, тобық, білезік және жамбас буындарындағы ауру сезімі, тәңертеңгі бойкүйездік, жалпы әлсіздік.
Сұрақтың мәні | Актер үшін сұрақтың мәні | Актер жауабы |
Аурудың басталу уақыты | Ауру кашан басталды және оны немен байланыстырасыз? | ЖРВИ дан кейін дене қызуы көтеріліп, тізе, тобық, білезік және жамбас буындарында ауру сезімі пайда болып, 2-жасынан бастап ауырады. |
Аурудың сипатын анықтау | Аурудың сипаты қандай - жедел, тұрақты, тыныштық жағдайда немесе қозғалғанда | тізе, тобық, білезік және жамбас буындарындағы ауру сезімі жедел, активті және пассивті қозғалғанда мазалайды. |
Аурудың тәулік ішінде пайда болу кезі | Ауру тәуліктің қайсы кезінде пайда болады? | Әдетте тәңертеңгі уақытта ұйқыдан тұрғанда, жүргенде |
Буындардың зақымдануы | Қайсы буын зақымданған | тізе, тобық, білезік және жамбас буындарындағы ауру сезімі |
Аурудың пайда болған уақыты және өршігуінің себебі | Буындардағы ауру сезімі қашаннан мазалайды | ЖРВИ дан соң 4-жыл бойы ауырады |
Жанұялық анамнез | Ата анасы қандай аурулармен ауырды? | Әкесінің аяғы ауырады, анасында- гипертониялық ауру |
Жүргізілген емнің тиімділігі | Қандай препараттар қабылдады? | СҚҚП: ибуфен, диклофенак және метотрексат таблетка түрінде, жергілікті индометацин жағындысын қабылдаған, уақытша әсер етеді. |
Қосымша зерттеулер мәліметтері | Қандай зерттеулер жүргізілді? | Ақылы емханада ЖҚС және ЖЗС, тізе буындарының рентгенографиясын жасады |
Ауру анамнезінен: ЖРВИ дан кейін дене қызуы көтеріліп, тізе, тобық, білезік және жамбас буындарында ауру сезімі пайда болып, 2-жасынан бастап ауырады. Буындық синдром 6 ай бойы сақталып, ЭТЖ жоғарылауымен, лейкоцитоз, шамалы анемиямен бірге жүрді.СҚҚП: ибуфен, диклофенак және метотрексат таблетка түрінде, жергілікті индометацин жағындысын қабылдаған, уақытша әсер етеді., сосын удеріске басқа буындар қосылды.
Өмір анамнезінен:қыз ІІ- ші жүктіліктен, ІІ- ші туыттан. Туылғандағы салмағы 3400,0 неонатология кезеңі, өсіп дамуы қалыпты, проф. екпелері уақытылы. Тұқым қуалаушылығы: әкесінің аяғы ауырады, анасында- гипертониялық ауру.
Объективті қарап тексеру:Баланың жағдайы ауыр, көңіл күйі бұзылған. Қыз арықтау, физикалық дамуы төмендеген. Дене температурасы 37,6 С.Тері жабындылары бозғылт. Перифериялық лимфотүйіндер: жақасты, шап аймағындағы 2-ші көлемге дейін ұлғайған, қозғалғыш, ауру сезімінсіз. ЧД 24 в минуту. Өкпесінде: перкуторлы – өкпелік дыбыс, аускультативті - везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ЖСЖ 106 мин, АД 90/60 мм.рт.ст. Жүрек үндері шамалы тұйықталған, тахикардия. Іші жұмсақ, пальпациясы ауру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасы бойымен, көкбауыры пальпацияланбайды. Бойы - 100 см, салмағы – 23 кг.
Локалды: тізе, тобық, білезік және жамбас буындары ісінген, ыстық, ауру сезімі жедел, активті және пассивті қозғалғанда, аяқтарының бұлшықеттерінің гипотрофиясы.
Лабораторлы-инструментальды зерттеулер:
ЖҚА: Эр-3,08*10 12/л, Нв-100 г/л, Л-15,0*109 /л, тром-456*109/л э-2%, п/я-4%, с/я-42%, лим-49%, мон-3%, ЭТЖ-36 мм/ч.
ЖЗА: тығыздығы-1014, белок- 0,0033, эпит.клеткалар-1-2-2 к/а., лейк-1-2-3 к/а., шырыш+
Қанның б/х. сынағы: жалпы белок-60 г/л., глюкоза– 5,2 ммоль/л, калий-3,4 ммоль/л; натрий-137ммоль/л, хлоридтер-105ммоль/л, кальций-2,02 ммоль/л, темір-11,1 ммоль/л, жалпы билирубин-14,1 мкмоль/л, АЛТ-0,4 ммоль/л, АСТ-0,5 ммоль/л, СРБ ++
Тізе буындарының Р-граммасы:
«Ювенильді ревматоидты артритпен науқастың диагностикасы мен жүргізу тактикасы»