Рефераттың бағалау критерийі

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Медициналық-профилактикалық іс

Кафедра: Физиология

Дисциплина:Физиолоия

Курс: 1

Тақырыбы:ОЖЖ жеке физиологиясы.Мишық,орталық ми мен ретикулярлық формация,бас миының стриопаллидарлық және лимбикалық жүйесінің қызметтері.

Орындаған:

Тексерген:

Тобы:

Ақтөбе 2017 ж.

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) ОЖЖ жеке физиологиясы

б) Мишық,орталық ми мен ретикулярлық

формациясы

с) Бас миының стриопаллидарлық және лимбикалық

жүйесінің қызметтері

ІІІ. Қорытынды

Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.

Жүйке жүйесінің маңызы.Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:

- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;

- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;

- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Бас миы

Рефераттың бағалау критерийі - student2.ru

Ми.

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол им сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады жєне сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.

Мишық

Мишық үш бөлімнен тұрады мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен жєне мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат. [1]

Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады оған өзгерістер енгізеді, сүйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.

Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады

Артқы ми

Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша ми

Рефераттың бағалау критерийі - student2.ru Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан жєне екі түрлі қызмет өткізгіштік жєне рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса,көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидын қызметiн ми қыртысы реттейтiнiн керсетедi. Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады.

Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми нервлерiнiң V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.

Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтары бар нерв жиынтықтары орналасқан. Осы нерв пен жасушалар жиынтығын – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды. Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарады

а) жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсер. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады. Сонымен қатар, ол организмнің ұйқы-сергек күйінің көрініс беруіне де қатысады

Ортаңғы ми Рефераттың бағалау критерийі - student2.ru

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын көзғайтын ІІІ жұп нервтер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық нервтің нейрондары орналасқан.

Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп нерв аралас нерв тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз етерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл нерв арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл нерв серпiнiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiн қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк нерв. Ми нерв терінің IV жұп нервісi де аралас нерв. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.

Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.

Торлы құрылым немесе ретикулярлық формация Рефераттың бағалау критерийі - student2.ru

Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрарады. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр. Ол бірнеше нервтік жолдарды бнтнді афференттік жолдары :

1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; Эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы.

Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы құрлымның жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады.Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қозды­рады және тежейдi. Айтылғандардың барлығы торлы құрылымның төмен бағытталған әcepiнің болатындығын көрсетеді.Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.Торлы құрылым гипоталамуспен және лимбиялық жүйемен тығыз қарым-қатынаста болып, ағзаның вегетативтік және гомеостатикалық қызметiнiң бiрлескен реакциясын қамтамасыз етедi.Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi.

Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.

Торлы құрлымның организмнің ұйқы- cepгектiк, эмоция және стрес күйлерінің көрініс беруіне қатысы бар.

Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда - ұйқыда болады.

Симпатикалық нерв арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң қызметiне, нерв жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық бездерге, олардағы гормондар мен медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi.

Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылымының жасушаларының бiраз бөлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы.

Аралық ми Рефераттың бағалау критерийі - student2.ru

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус жєне төмпешік асты аймақтан – гипоталамустан тұрады.

Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық афференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі. Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.

Бұршақ тәрізді ядро ақ заттың қабаты арқылы мүшелерге бөлінеді. 1. Сыртқы мүше немесе қабық. 2. Екі ішкі мүше, немесе түссіз шар. Қыртысасты ядроларының негізгі топтарын екі жүйеге бөледі 1. Түссіз шар ядроларының группасы ертедегі жолақ денені, немесе паллидумды құрады. 2. Қабық пен құйрықты ядро жаңа денені немесе стриатумды құрайды.

Қыртыс асты ядролар ми сыңарларының қыртысына бағынады.

Стриатум төмпешіктерден және үлкен жарты шарлар қыртысынан талшықтар алады. Төмпешіктер арқылы стриатум организмнің барлық афференттік жүйелерімен байланысады. Стрнатум паллидумға да талшықтар береді.

Рефлекторлық қимыл актысы орындалу үрдісінде үлкен жарты шарлар қыртысынан импульстер негізінен 3 түрлі төмен кететін жолдар арқылы шығады пирамидалық жол, мишыққа баратын жол және стриатум арқылы өтетін жол. Қыртыс асты ядролар түрлі қимыл актыларына түзетулер енгізеді, сүйтіп олардың орындалуын жеңілдетеді. Адамда қыртысасты ядроларының функциясы бұзылған кезде, қосымша қимылдар не шамадан тыс артық болып кетеді, не олар толығымен жоқ болады. Мысалы мимика (бет қимылы) толық жоғалып, бет маска тәрізді болып қалуы мүмкін. Кейбір басқа ауруларда керісінше құбылыстарды байқауға болады бет қимылдары шамадан тыс артық болады, әрбір қимыл актысы керексіз қосымша қимылдарды тудырады.

Пайдаланған әдебиет

1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

2. Сәтбаева Х.І., Адам физиологиясы, А., 1995; Сапин М.Р., Анатомия человека, т.2, М., 2001; Рақышев А., Адам анатомиясы, т. 2, А., 2004.

3. Қ.Дүйсембин, Г.Абеуова, З.Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және валеология», А.,

Рефераттың бағалау критерийі

Орындау критерийі 0-0,1 0,2-0,3 0,4-0,5
Рефератты безендіру      
Жоспар      
Иллюстративті материал      
Маңыздылығы      
Мазмұны      
Қорытынды      
Әдебиеттер      
СӨЖ-дің өз уақытылы тапсырылуы және графикке сәйкес келуі      
  Қорытынды      

0-0,1 – критерий орындалмаған

0,2-0,3-критерий ескертумен орындалған

0,4-0,5-критерий орындалған

Наши рекомендации