Тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз

Тігінен:

1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі.

2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы

3. Май тіндерінің қатерлі өспесі.

4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі.

5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген.

6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын канцероген.

7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі.

8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы.

9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені.

10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы.

11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы.

12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің нәтижесін ашққан ғалым.

13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт.

14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым.

Көлденеңінен:

15. Жасуша бөлінуін тежейтін ген

16.Канцерогендердің әсерін күшейтіп , бірақ өзі өспені туындатпайтын агент

17.Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуымен сипатталатын, канцерогенездің бірінші сатысы

18.Протоонкогендердің санының көбеюі

19.Бұлшықеттер тіндерінің қатерсіз өспесі.

20. Қатерсіз өспенің өсу сипаттамасы.

21.Тері өспелелерінің туындауын күйенің әсерімен байланыстырған ағылшын хирургі.

22.Эмбриондық антигеннің пайда болуымен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы.

 
                         
                         
                               
         
                           
               
                                 
                         
                         
                     
                           
                       
                 
                                 
                         
                           
                     
                               
                           
           
                                 
                   
                             
                   

23.Өспелердің пайда болуында вирустардың маңызын тәжірибеде дәлелдеген ғалым.

24.Қатерлі өспелер кезінде дамитын жүдеу және жалпы әлсіздену синдромы.

25.Өспелер этиологиясында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибеде дәлелдеген жапондық ғалым.

26. Өспе жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы.

27.Хромосома бөлшегінің жоғалуы.

28.Көп оралымды хош иісті көмірсутегінің тобына жататын канцероген.

29. Жоғалуы, қатерлі өспелерге тән анаплазияға әкелетін, үрдіс

30.Өспені алып тастағаннан кейін қайтадан пайда болуы.

31.Метаболизмдік айналудан кейін ғана, қалыпты жасушаның өспеге айналуын туындатуға қабілетті жайт.

32.Өспе жасушаларын тасымалдау салдарынан дамыған, кейінгі өспе түйіні.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357 – 385.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 236-243.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837

4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 77-79.

5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254

6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қаза0 тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 – 243


Қосымша

7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.

8. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.

9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, 366-400.

10. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.

11. Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.

12. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

13. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с

БАҚЫЛАУ –

ситуациялық есептер мен сөзжұмбақтың шешілуін тексеру

18-тақырып. №3 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Тақырыптар: «Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары», «Қабыну», «Жұқпалық үрдіс», «Қызба», «Аллергия», «Аутоиммундық аурулар», «Өспе өсуі».

Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

2. клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын бағалау

  1. Ситуациялық есептерді талқылау барысында коммуникациялық дағдысын бағалау

Студенттер білімін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Теңгерулік үрдістер:біріктіріп қосу, қосымша қанайналымы. Алдын алу және емдеу жолдары.

6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары.

7. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынудың онтогенез барысында дамуы.

8. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер.

9. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабыну туындататын және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.

10. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

11. экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

12. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы.

13. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері.

14. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері және олардың патогенезі.

15. Жұқпалық үрдіс туралы түсінік, патогенезі.

16. Сепсис туралы түсінік. Сепсистік сілейменің патогенезі.

17. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі.

18. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі.

19. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері

20. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Пиротерапия туралы түсінік. Туылғаннан кейінгі кезеңдегіқызбалық әсерленістің ерекшеліктері.

21. Гипертермия (ысыну) туралы түсінік, патогенезі. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

22. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

23. Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі.

24. Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі.

25. Аллергиялық серпілістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі.

26. Аллергиялық серпілістердің жасуша қатысуымен болатын түрі. Сатылары, патогенезі.

27. Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері.

28. Жалған аллергиялы серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі.

29. Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Өспелер атипиясы туралы түсінік. Морфологиялық атипиясы, өсу және көбею атипиясының сипаттамасы.

30. Өспелер атипиясы туралы түсінік. биохимиялық атипиясының сипаттамасы.

31. Өспелік жасушалардың антигендік және қызметтік атипиясының сиапттамасы.

32. Қатерлі өспелердің биологиялық ерекшеліктері (сіңбеленіп өсуі, метастазалануы, қайталануы), патогенезі.

33. Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

34. Өспе өсуінің патогенезі (бастама, күшею, өршу сатылары).

35. Қатерлі өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі.

36. Өспе өсуіне қарсы төзімділік тетіктері, (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспелерді емдеудің ұстанымдары.

Наши рекомендации