Оқу процесін ұйымдастыру

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ және әлеуметтік ДАМУ МИНИСТРЛІГІнің

Байқау кеңесі бар «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС

АЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

ДӘЛЕЛДЕУ МЕДИЦИНАСЫ ОРТАЛЫҒЫ

Силлабус

Пән:Дәлелді медицина негіздері

Пәннің коды: ODM – 3229

Мамандық:051301 Жалпы медицина

Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі:54 сағат

Оқыту курсы3семестрі5

Ақтөбе, 2016

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) ДМО (дәлелді медицина орталығы) «Мейірбике ісіндегі Дәлелді медицина» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрылды.

ДМБ кеңесінде талқыланды 29.08.2016 ж.

Хаттама №1

ДМБ жетекшісі, м.ғ.к., доцент__________ Назарбаева Р.К.

Жалпы мәлімет:

Оқытушылар туралы мәліметтер

Аты, жөні, тегі Ғылыми дәрежесі, қызметі Категори-ясы Ғылыми жұмысы Мамандықты жетілдіруі Контакты телефоны, Эл почта
Назарбаева Рысты Казтугановна м.ғ.к., ДМО жетекшісі сертиф пульмонология Москва, 2010 Астана, 2010, 2011, 2012 [email protected]  
Алекенова Нургуль Умирбековна ассистент сертиф Ішкі аурулар Актобе, 2011, Астана 2012 8775 923 08 93 [email protected]
 
Маннапова Акжунус Иманкуловна м.ғ.к. ассистент сертиф. Иммунология Алматы 2007 [email protected]  
Талдыбаева Айгуль Жанузаковна ассистент   сертиф. Педиатрия Актобе 2012
Кенжина Назым Касымгалиевна ассистент сертиф. Ішкі аурулар Актобе 2014, 2015
Бекниязова Даража Кабаевна ассистент сертиф. педиатрия Актобе 2004, 2015

Байланыс ақпараты:ҚР,Ақтөбе қ., Маресьев көшесі 68, № 1оқу корпусы , каб. 102,

110, 111. тел. 8(7132) 552038

Пәннің саясаты:

ДМБ негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес кәсіби білім мен дағдыларды игерген мамандарды теориялық және практикалық дайындау болып саналады.

ДМБ өз қызметінде жетекшілік етеді:

· Қазақстан Республикасының Конституциясы;

· Қазақстан Республикасының заңдары;

· Университет жарғысы;

· Университет ОӘК, кураторлар кеңесі, ректорат, Ғылыми кеңес шешімдеріне;

· Университет ректоры бұйрығына;

· ҚР медициналық жоғары оқу орындарының РОӘБ, ҚР ДСМ және БҒМ директивті құжаттарына;

· Инструктивті хаттар мен Ережелер.

Жұмыс тарауларын орындалмағанда қойылатын талаптар: жіберілген сабаққа рұқсат қағаз әкелу, аптасына 2 рет деканатқа қызметтік жазба тапсыру (ішкі нормативті құжаттарға сәйкес).

Пәннің саясатының талаптары бірдей және келесі тараулардан тұрады:

-Оқу процесін ұйымдастыру;

-Оқу процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі;

-Аудиторлық сабақтар және СӨЖ өткізуге талаптар;

-Оқушыларға қойылатын талаптар.

Оқу процесін ұйымдастыру

ДМБ оқу процесін сабақ кестесіне сай факультет, курс және оқыту формасына сәйкес жоспарлайды және ұйымдастырады. Оқу процесінің өткізілуін жетілдіреді. Студенттер білімін ағымдағы бақылау оқу сабақтарының кестесіне сай өткізіледі. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша ағымдағы бақылаудың түрлері келтірілген: ауызша сұрастыру, жазбаша бақылау, біріктірілген бақылау, үй тапсырмалары презентациясы және тестілеу. Оқушылардың аралық аттестациясы оқу жоспары, академиялық календарь және оқу бағдарламасына байланысты жүргізіледі. Емтихан сессиясы кезінде оқушылардың білімі пән бойынша емтихан тапсыру бойынша өтеді. Емтихан 2 этапта: ауызша және практикалық дағдылану бойынша өтеді. Оқу кестесін оқу бөлімі және офис-регистратормен бірге штаттық кестеге сәйкестендіреді. Оқу-әдістемелік құжаттармен студенттер сириус арқылы танысады. М.Оспанов атындағы БҚММУ Ғылыми орталығымен тығыз байланыста. Үшінші семестрді өткізуде қосымша білім беру қызметтерін алу үшін жағдай жасайды.

Оқу процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі: Силлабустар, анықтама-жолсеріктер, практикалық сабақтың әдістемелік нұсқамалары, СӨЖ және СОӨЖ студенттерге электрондық нұсқасы «Сириус» платформасында ұсынылады. Сабақ кестесі, кеңес беру кестесі, қызметкерлердің жұмыс кестесі ДМО ақпараттық хабарлама тақтайшасында ілінген. ПОҚ сабақтарында уақытында рейтингтік бағалары жөнінде хабардар етеді.

Аудиторлық сабақтар және СӨЖ өткізуге талаптар:Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар факультет, курс және оқыту түріне байланысты сабақ кестесіне сай әдістемелік ұсыныстармен қамтылады.

Оқушыларға қойылатын талаптар:Практикалық сабақ пен дәрістерге қатысу міндетті түрде. Киім формасы таза, үтіктелген халат пен қалпақ. Студенттер үнемі еңбек тәртібін сақтауы керек. Айыппұл санкциялары «Марат Оспанов атындағы БҚММУ оқу процесін ұйымдастыру ережесі, 2015» негізінде жүргізіледі. Жіберілген сабақтары өтеу сабақтары журналында тіркеледі. Сабақтары өтелмеген студенттер аралық бақылауды тапсыруға жіберілмейді. Сабақтары өтеліп болған соң студент декан рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсырады. Сабақтары өтелмеген немесе аралық бақылау бойынша нашар баға алған студент пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді.

Бағдарлама

Кіріспе

Соңғы он жылдың ішінде медицинада – дәлелді медицина (ДМ-evidence-based medicine) деген жаңа білім саласы қалыптасты. Оны сөзбе-сөз аударғанда – «тек дәлелдерге негізделген медицина» немесе бұл термин «ғылыми – негізделген практикалық медицина» деген ұғымды береді немесе «ғылыми-дәлелденген медицина» деуге де болады. Ғылыми-дәлелденген медицина – ғылыми ақпараттардың жинау технологиясына, анамнездеріне, интерпретациясына, жиынтықтарына негізделген жаңа бағыты мен түрі болып есептеледі.

Бұл дәрігердің клиникалық тәжірибесінің, сырқат құндылығының маңызды ғылыми мәліметтерінің интеграциясы, клиникалық тексерулер мен ем жасаудың дәл, ең тиімді түрін белгілі ауруға жасай білу.

Осыған байланысты, қазіргі дәрігер текқана медицина саласындағы технологиялық жаңалықтарды біліп қоймай, емдеудің осы немесе басқа әдісі неліктен тиімді және залалсыз болып есептелетінін анықтауы қажет.

2. Пәннің мақсаты:студенттерге дәлелді медицинаның негізін қалыптастыру, оны орындай білудің дағдыларын, пайдаланудың тәсілдерін, әрбір медициналық жаңалықтарды сын көзбен бағалаумен, болашаққа керекті жерінде пайдалануды оқыту.

3. Оқыту міндеттері:

· студенттерге ДМ негізгі терминдерін оқыту;

· студенттерді клиникалық тексеулердің негізгі түрлерін айыра білуге үйрету;

· студенттерге ДМ мәліметтерін пайдаланатын негізгі дағдыларды оқыту;

· ДМ сүзгілерінің көмегімен медициналық ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауды үйрету;

4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

· дәлелді медицинаның даму тарихын (дәлелге негізделген медицинаны);

· дәлелді медицинаның клиникалық эпидемиологиясын, биологиялық статистикамен байланысын;

· ғаламтордағы дәлелді медицинаның барлық мәліметтерін;

· клиникалық практикада шешім қабылдау түрлерін;

· клиникалық эпидемиологияда қолданылатын зерттеулер түрлерін;

· клиникалық басқару туралы ұғымды (стандарт, диагностика және емдеу хаттамалары);

· клиникалық аудит туралы ұғымды;

Студент үйреніп алуы қажет:

1. PICO тәсілімен клиникалық сұрақтарды (проблемаларды) құрастыруды;

2. әртүрлі деректерді салыстыра отырып, дәлелді ізденіспен бағалауды жүргізуді;

3. фильтрлерді (сүзгілерді) пайдалана отырып, іздестіру жүйесінде жұмыс істеуді;

4. медициналық статьяларды сынауды және талдауды;

5. өзінің практикалық жұмысында, клиникалық аудитті жобалау жоспарын жасауды;

Пререквизиттер:информатика, социология, биостатистика, эпидемиология.

Постреквизиттер:қоғамдық денсаулықты сақтау, жалпы дәрігерлік практика, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология, балалар аурулары, неврология, психология және наркология, медициналық жедел жәрдем көмегі

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

ДМ-ның анықтамасы, даму тарихы, дүниежүзілік даму тәжірибесі. Клиникалық эпидемиологиядағыы тексеру принциптері мен әдістері. ДМ-ның мәліметтер базасы. Интернеттен дәлелды медицина фильтрлері пайдаланып ақпарат алу. Мақаларды талқылау және сыныптау. Клиникалық тәжірибе бойынша жетекшілікке кіріспе. Медициналық аудит: түсініктеме, мақсаты және бағыты.

Наши рекомендации