Жүрек тұсын қарағанда анықталатын патологиялық симптомдар.
Жүрек тұсын қарағанда кеуде сүйегінің ілгері қарай шығып тұрғанын байқауға болады бұл «жүрек дөңесі симптомы» деп аталады. Жүрек дөңесі симптомы жүрек ақаулары балалық шақтан кеуденің сүйегі мен қабырға шеміршегіне әсер еткенде және қолқа кеңейгенде немесе үлпершекке сұйықтық жиналғанда қалыптасады. Жүрек көлемі ұлғайғанда әсіресе оң қарыншаның көлемі ұлғайып жүрек алға қарай ығысқанда, көкірек қуысының артқы бөлігінде ісік пайда болғанда, жүрек тұсының күшті пульсациясы байқалады бұл «жүрек түрткісі симптомы» деп аталады.
Мойын тұсын және шеткі қан тамырларды қарап зерттеу.
Қалыпты жағдайда сау адамда жатқан кезде мойын тұсында көк тамыр ісініп, орнынан тұрған кезде өз қалпына келеді. Егер ісінген көк тамыр өз қалпына келмесе онда адамда жүрек ақауларының салдарынан оң қарыншаның жетіспеушілігі, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, экссудативті перикардит бар болуы мүмкін. Жүрек көлемі кеңейгенде, жүректің жүмыс істеу ритмі бұзылғанда (тахикардия, аритмияда) мойын тұсында қалқанша без көлемінің ұлғайғандығы көрінеді. Мойын мен қол көк тамырларының кенеттен кеңейіп ісінуі, қолқа аневризмасы немесе жоғары қуысты венаның тромбозынан, жоғары қуысты венаны көкірек қуысының артқы жағындағы ісік қысқандықтан болады бұл «Стокс жағасы симптомы» болып табылады. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде, кейде Базедов ауруында, гипертрофияда, кенетген болатын тахикардияда мойын тұсындағы ұйқы артериялары көзге көрінерліктей қатты әрі тез соғады – бұл«Каротидтер биі симптомы» және осы тамырдың соғуына сәйкес науқас басының теңселуі байқалады - бұл «Мюссе симптомы» деп аталады.
Ұйқы артерияларын қатты соғуы шеткі артерия қан тамырлардың соғуымен қатар болады мысалы: (art subclavia brachialis radialis) т.б. Бүкіл қан тамырлард ың өте қатты пульсациясы көрінеді,бұл - (Homo pulsans – пульсирующий чело век) деп аталады. Кеуденің алдыңғы жағы мен төс сүйегі аймағындағы тері асты веналарының кеңеюі көкірек қуысының ісігі теренде орналасқан веналарды сық қанда көрінеді. Төс ойық көк тамырының (яремная вена) пульсациясы қарын шалар систоласымен қатар байқалса, бұл үш жақтаулы қақпақша жетіспеуші лігіне тән симптом. (положительный венный пульс деп аталады). Қолқа сағасы тарылғанда кеуденің алдыңғы жағында қабырғааралық артериялардың кеңеюі және қатты соғуы көрінеді. Құрсақ үсті аймағының көзге көрінерліктей қатты соғуы гипертрофияға, дилятацияға ұшыраған оң қарыншаныңжиырылуынан болады Көп босанған әйелдердің аяғын тексергенде варикозды кеңейген көк тамырлар көрінеді. Тромбофлебитпен науқаста жергілікті ісіну, пигментация және трофикалық жаралар байқалады. Жүрек ауруымен науқастың қол саусақтарының ұштары «Барабан (дабыл) таяқшалары тәрізді» өзгереді.
Жүректі пальпация тәсілімен зерттеу.
Қалыпты жағдайда қарап зерттегенде анықталатын жүрек ұшы түрткісінің орнын, енін, күшін, серпінділігін пальпация тәсілімен анықтауға болады.
Ол үшін науқасты сол қолмен демеп, оң қолдың алақанын кеуденің сол жағына, төссүйегіне қаратып, ал саусақтарды қолтық жаққа қаратып қойып алып, алдымен алақанмен, кейін үш саусақтың жұмсақ бетімен сырттан ішке қарай қабырға араларын баса сипай отырып, жүрек үшы түрткісі басталатын жерді тауып алу керек. Біртіндеп сипай отырып жүрек үшы түрткісінің ені, күші, биіктігі мен серпінділігі анықталады. Сау адамда - жүрек ұшы түрткісі- сол жақта 5 қабырғалар аралығында, бұғана орта сызығында немесе одан 1-1,5 см ортаға (ішке) қарай орналасады. Жүрек үшы түрткісінің биіктігі мен серпіні орташа, ені 1,5-2 см-ге тең. Жүрек үшы сезілетін аймақтың диаметрі 2 см-н кем болса шектелген , ал 2 см-н артық болса жайылмалы деп аталады. Шектелген жүрек ұшы түрткісі өкпе эмфиземасы ауруында, көкет төмендегенде, ал жайылмалы түрі диафрагма жоғарылағанда немесе көкірек қуысының артқы жағындағы ісік жүректі алға қарай ығыстырғанда, өкпенің біраз бөлігі қабысқанда байқалады. Амплитудасына қарай жүрек ұшы түрткісі биік және темен болуы мүмкін. Биік жүрек үшы түрткісі жүрек көлемі ұлғайғанда, төмен түрі жүрек артқа қарай ығыстырылғанда мысалы: өкпе эмфеземасы мен көкет төмендегенде және семіздікте кездеседі.