Бақылау сұрақтары.

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: Сүйектер байланысы туралы түсінік. Байланыстардың дамуы. Сүйектер байланыстарының түрлері

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы:5В130100 « Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды 2014 ж.

Тақырыбы: Сүйектер байланысы туралы түсінік. Байланыстардың дамуы. Сүйектер байланыстарының түрлері.

Мақсаты:Студенттерді қаңқа сүйектердің байланыстарымен (синартроз , диартроз, симфиз) және олардың жеке түрлерімен ( синдесмоз , синхондроз, синастоз) таныстыру.Буындарды құрайтын элементтері және буындардың жіктелуі мен қызметтері (биомеханикасы) мен маңызы туралы түсінік беру.

Дәрістің жоспары: 1. Байланыстардың түрлері : үзіліссіз, үзілісті

байланыстар.

2. Буындардың негізгі және қосымша элементтері

3. Буындардың дамуы және жасқа байланысты

ерекшеліктері.

4. Буындардың түрлері және кинематикасының негіздері

5.Буындардағы қозғалыстардың көлемін анықтаушы

факторлар.

Адам организімінде сүйектер, мүшелер ретінде, пассивті /енжар, ырықсыз/ қозғалыстық аппаратқа жатарын біртұтас функциональдық жүйе болып табылады. Сүйектер байланыстарының түрі мен пішіні бойынша қозғалыс көлемін елестетіп және соған байланысты тірек – қозғалыс аппаратының функционалдық ерекшеліктері туралы ой тұжырымдауға болады . Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология – artrologia, деп аталады.

Сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектік және сүйектік ұлпалар байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі: адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір – бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті қозғаласын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, сүйек аралық байланыстардың ішкі құрылымы иілгіштігі, созылмалығы және буындарда болатын қозғалыстың көлемі, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.

Сүйектердің дәнекер ұлпасының / суда өмір сүретін төменгі сатыдағы омыртқалыларда /немесе шеміршек ұлпасының / кейінірек көмегімен бірігуі олардың байланысының алғашқы түрі болады. Бірақ сүйектедің мұндай тұтас жолмен байланысуы қозғалыстың көлемін шектейді , қозғалыстың сүйектік рычагтары пайда бола бастайды . Осының нәтижесінде сүйектер байланысының жаңа түрі – бөлінген үзілісті байланыс , мүшелену /буындану / дамиды . Сүйектер тек қана жалғаспай, сондай-ақ буындаса бастайды яғни буындар пайда болады . олар сүйектік рычагтарды жануарлардың жер бетінде өмір сүруіне қажетті кең көлемді қозғалыс жасауына мүмкіндік береді . Сонымен , филогенез процесінде сүйектер байланысының 2 түрі дамиды : Алғашқы – қозғалыс көлемі шектелген тұтасқан үзіліссіз және кешірек /кейінгі / - бөлінген үзілісті / кең көлемді қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін/ . Осы филогенездік , жануарлардың буындардағы қозғалыстың көмегімен сыртқы ортаға бейімделу процесін қайталай отырып , сүйектер байланысының дамуы адам эмбриогенезінде / онтогенезінде /осы 2 сатылай өтеді . Алғашқыда қаңқаның бастамалары мезенхиманың қабаттарымен өзара үзіліссіз байланысқан . Мезенхима , сүйектерді байланыстыратын аппарат түзетін , дәнекер ұлпаға айналады . Егер, сүйектердің арасында орналасқан дәнекер ұлпа тұтас болса , онда сүйектердің тұтас үзіліссіз байланысы – бірігу немесе синартроз пайда болады . Егер дәнекер ұлпаның ыдырауы арқылы онда қуыс пайда болса , онда байланыстың басқа түрі – қуысты, немесе үзілісті байланыс – диартроз пайда болады .

Сонымен, дамуы, құрылысы және қызметі бойынша қаңқадағы сүйектердің байланыстарының келесі түрлерін ажыратуға болады:(№1 кестеге сәйкес)

1. Үздіксіз , немесе үзіліссіз байланыстар – синартроздар, /synartrosis/ дамуы бойынша ертерек пайда болған қызметі бойынша аз қозғалысты .

2. Үзілісті байланыстар –диартроздар, /diartrosis/ кешірек дамыған , қызметі бойынша өте қозғалмалы .

Осы екі топтың арасында өткінші – үзіліссіз байланыстан үзілістіге немесе керісінше – түрі бар . Ол, нағыз буын қуысындай құрылысы жоқ кішкентай саңылауы бар байланыс, сондықтан мұндай байланысты жартылай буын – 3.симфиз , /symphisis/, деп атайды.

I.Үзіліссіз байланыстар – синартоздар Үзіліссіз сүйек аралық байланыстар, synarthrosis, өте берік, серпімді, қозғалысы мардымсыз байланыс.

Қаңқа дамығанда 3 сатыдан өтетіні бізге мәлім: дәнекер ұлпалық , шеміршек және сүйектік . бір сатыдан екінші сатыға өту сүйектердің арасындағы ұлпалардың өзгеруімен байланысты болғандықтан , сүйектердің байланыстары да дамудың сол 3 кезеңінен өтеді , сол себепті синартроздардың 3 түрін ажыратады;

1.Егер , туғаннан кейін сүйектердің арасында дәнекер ұлпа қалатын болса, онда сүйектер дәнекер ұлпа арқылы байланысқан болып табылады - синдесмоз,/sindesmosis/

2. Егер, сүйектердің арасындағы туғаннан кейін қалатын дәнекер ұлпа , шеміршек ұлпаға айналса , онда сүйектер шеміршек ұлпалар арқылы байланысқан болып табылыды – синхондроз,/synchondrosіs/

3. Ақыр аяғында , егер сүйектердің арасындағы дәнекер ұлпа сүйек ұлпасына айналса / десмальды сүйектенуде / немесе әуелі шеміршек , ал содан кейін сүйек ұлпасына хондральді сүйектенуде / айналса, онда сүйектер сүйек ұлпасы арқылы байланысқан болып табылады - синостоз /

Сүйектер байланысының сипаты адам өмірі бойы өзгеріссіз қалмайды Сүйектенудің 3 сатысына сәйкес синдесмоздар синхонроздарға және синастоздарға айналады . Синостоздар қаңқаның дамуының соңғы кезеңі болып табылады .

1. Синдесмоз, sindesmosis, (№2 кестеге сәйкес) деп сүйектердің дәнекер ұлпа арқылы байланысын атаймыз. Сүйек аралық дәнекер ұлпалы байланыстар, ұлпалардың беріктігі мен созылмалы қасиеттеріне байланысты: созылмайтын берік коллагендік дәнекер ұлпа мен созылмалы эластикалық дәнекер ұлпаларға бөлінеді. Созылмайтын берік коллагендік дәнекер ұлпаға: байламдар, сүйек аралық жарғақ пен жіктер жатады.

А) Байламдар, ligamentum, деп ірі талшықты, созылмайтын дәнекер тіндік шоғырларды немесе табақшаны атаймыз. Негізгі қызметі: бір сүйектен екінші сүйекке қарай өтіп, буында болатын қозғалыстарды тежеу және буын қапшығының беріктігін сақтау. Сонымен қатар, омыртқа доғаларының аралығында, созылмалы эластикалық дәнекер ұлпадан тұратын сары түсті байлам, ligamentum flava, кездеседі. Эластикалық ұлпалар , сары түсті болып келгендіктен сары түсті байлам деп те аталады. Сары түсті байламның негізгі қызметі: иілгенде созылып, жазылғанда керісінше қысқарып, омыртқа бағанасының қозғалысын реттеу.

Ә) Сүйек аралық жарғақ, membranae interosseae, созылмайтын берік ірі талшықты дәнекер ұлпалардан тұратын табақша. Олар, ұзын сүйектердің бойында орналасқан. Негізгі қызметі: сүйек аралық қапшықты бір деңгейде ұстау мен қатар, бұлшықеттердің басталатын орны болып табылады.

Б) Сүйек аралық жік, suturae, фиброздық дәнекер ұлпаның бір түрі болып саналады. Ол бас сүйектің жиектерінің бойында орналасқан. Жіктердің түр ерекшелігіне қарай: қабыршақтық жікке, suturae squamosa, тісті жікке, sutura dentata, және сыртқы пішініне қарай: тәжді жікке, sutura coronalis, сагитальді жікке, sutura sagitalis, және гректің «λ» ламбда әріпіне ұқсап орналасқан ламбда тәрізді жікке, sutura lambdoidea, бөлінеді. Адамның жасы ұлғайған сайын бұл жіктер сүйектік ұлпға ұласады.

В) Тіс ұяшықтық байланыстар, articulations dentoalveolaris, сыртқы беті периодонт ұлпасымен көмкеріліп тістердің түбірлері мен жақ сүйектерінің ұяшықтарының аралығындағы байланыс . Мұнда, тістердің түбірлері тығыз дәнекер ұлпалар арқылы байланысқан. Қартайған шақта, бұл ұлпалар сүйектік ұлпаға ұласуына байланысты тіс түбірінің орналасуына немесе босаңсуына ықпал етеді. Ол дәнекер ұлпалы байланыстың ерекше бір түрі болып саналады.

Көрнекі материал:: кесте №1, Сүйектердің байланыстарының түрлері,

1. кесте №2 синдесмоз,

2. кесте №3 синхондроз,

3. кесте №4 буын,

4. кесте №5 қасағалық қоспа немесе симфиз,

5. слайдтар, кода карталар.

Әдебиеттер:

А) Негізі әдебиеттер

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том 2004

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Б) Қосымша әдебиеттер

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

Бақылау сұрақтары.

1. Байланыстардың қандай түрлерін білесіздер?

2. Синартроздың түрлерін атаңыздар?

3. Диартроздың түрлерін атаңыздар?

4. Симфиз дегеніміз не?

5. Буындардың негізгі және қосымша элементтерін атаңыз?

6. Буындардың түрлері және кинематикасының негіздерін атаңыз?

Наши рекомендации