E. Мезентериальды тромбозға

10. 38 жастағы М. есімді науқас ЖТД-не эпигастрий аймағындағы пышақ сұққан тәрізді ауырсынуға, құсуға, салқын тер басуға шағымданып келді. Ауырсыну кенеттен пайда болған. Науқастың айтуы бойынша гастриттен басқа еш аурумен ауырмаған. Халық емін қолданғалы бір жылдан астам уақытта еш тексерілмеген. ЭКГ-да өзгеріс болмаған, сол уақытта УДЗ аппараты жұмыс жасамаған. Дәл қазіргі уақытта ең маңызды зерттеу әдісін атаңыз?

A. Компьютерлі томография

B. Іш қуысының рентгенограммасы

C. ЭРХПГ

D. Іш қуысының УДЗ

E. Фистулография

11. 41 жастағы С. есімді науқас ЖТД-ге әлсіздікке, бас айналуына, құсуға, қара түсті нәжістің болуына шағымданады. Құсу болмаған. Анамнезінен: 10 жылдан бері созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 жылда тексерілмеген. Ректальды қарағанда: мелена анықталған. Объективті қарау: тері жамылғысы бозғылт түсті, пульс 90 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм.сбб., ТЖ 20 рет минутына, t-37,0С. Жалпы қан талдауында: Эри.- 2,9 * 1012, Hb- 88, L- 10,0 *109, ЭТЖ- 12 мм/сағ.. Ішектің жоғарғы бөлігіндегі жасырын қанды анықтау үшін төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысын жасаған дұрыс?

A. Іш қуысының УДЗ-ін

B. Магниторезонансты томография

C. Компьютерлі томография

D. ЭФГДС

E. Лапароскопиялық зерттеу

12. 43 жастағы К. есімді науқас ЖТД-не іш аймағының ауырсынуына, жүрек айнуына, ауызының құрғауына, құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Аталған шағымдар 25 сағаттан бері мазалайды. Кенеттен эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айнуы, көз алдының қараю белгілері пайда болды. Ауырсыну үдей түсті, оған ішінің керілуі қосылды, желдің шығуы доғарылды. Қарау барысында: Склярова –«шылпыл шуы», Тэвенаре – «аққан тамшы» және «жарылған көпіршіктер» симптомдары-оң мәнді. Ректальды қарау кезінде «Обуховской аурухана симптомы», «Цега- Мантейфеля» симптомдары оң мәнді. Авторы бойынша «құлаған тамшы» және «жарылған көпіршіктер» симптомдары қалай аталады?

A. Э.Т. Кохера

B. А.А. Вишневского

C. С.И.Спасокукоцкого

D. Ситковского

E. Образцова

13. 38 жастағы Ф есімді науқас емханаға есту қабілетін тексерту үшін медициналық тексеруден өтуге келді. Науқастың айтуы бойынша жас кезінде оң жақ сыртқы есту жолының жарақатын алған. Объективті: оң жақ құлақ қалқаны сол жақ құлақ қалқанына қарағанда тыртықты өзгерген және бүріскен, дабыл жарғағы тұрғысынан өзгерістермен бөліністер жоқ. Дауыстарды естуін тексеру мақсатында, егер біздің тексерістен өтіп жатқан науқаста есту қабілеті қалыпты болса, онда қандай қашықтықтан дауысты естуі керек?

A. 1 метрден

B. 15 метрден

C. 10 метрден

D. 5 метрден

E. 20 метрден

14. 27 жастағы Р. есімді науқас ЖТД-ің қабылдауына сыртқы есту жолынан іріңді бөліністің болуына шағымданып келді. Бала күнінен іріңді отиттен зардап шегеді. Оперативті емді басынан өткерген. Мүгедектігіне байланысты әскери қызметін өтемеген. Емін уақытылы қабылдайды. Болашақта науқаста іріңді отиттен соң қандай асқыну кездеуі мүмкін?

A. Бүйрек амилоидозы

B. Сепсис

C. Бауыр жетіспеушілігі

D. Жүрек жетіспеушілігі

E. Аллергиялық ауру

15. 44 жастағы П. есімді науқас ЖТД-ге оң жақ құлағының ауырсынуына шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша кеше төбелес кезінде құлағын жарақаттап алған. Салқын грелка қойған. Түнде оң жақ құлағының бітелуіне байланысты нашар ұйықтаған. Жалпы тәжірибелік дәрігер қажетті тексерістен өткізген соң лор дәрігеріне жолдамас бұрын алғашқы көмек көрсеткісі келді. Жалпы тәжірибелік дәрігер қандай көмек көрсетті?

A. Дикаин тамызды

B. Новокаинмен блокада жасады

C. антибиотикотерапия

D. физиоем

E. майлы тампон жасады

16. 27 жастағы С. есімді науқас ЖТД-не оң жақ құлағының ауырсынуына, қанды бөліністің болуына, естудің нашарлауына шағымданып келді. Науқас жұмыс жасап жүрген сәтте баспен оңға бұрыла берген сәтінде оң жақ құлағына металл ұнтақтары кіріп кеткен. Хирург науқастың құлағынан металл ұнтақтарын шығарды, құлағын шайды. Осыдан соң естудің нашарлауы және қанды бөліністер пайда болды. Есту жолының бөгде денесі диагнозы қойылды. Дәрігерлер науқасты лор бөлімшесіне қандай асқынумен жіберуге мәжбүр?

A. Есту жолының жыртылуы (разрыв)

B. Кереңдік

C. Есту жолының қабынуы

D. Дабыл жарғағының жарақаты

E. Есту нервісінің зақымдалуы

17. Жалпы тәжірибелік дәрігеріне 7 жастағы бала жұтынған кезде ауырсыну және дене температурасының жоғарылауына шағымданып келді. Жарақат болмаған. Анасының айтуы бойынша бала нашар ұйықтайды. Объективті: араны гиперемирленген, бадамша бездері іріңдеген. Жалпы тәжірибелік дәрігері араннан жұғынды алды. Жалпы тәжірибелік дәрігері қандай ауруды жоққа шығарғысы келді?

A. Актиномикоз

B. Сифилис

C. Туберкулез

D. Сальмонеллез

E. Дифтерия

18. ЖТД-не науқас сирағындағы варикозды веналарды алып тастау мақсатында келді. Науқас өзін ұзақ уақыттан бері аурумын деп есептейді, ауруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Науқасты қарағанда жасы 49-да, сол жақ сирағының ортаңғы үштен бірінде ауырсыну, ісіну және көлемінің ұлғаюы байқалады. Теріасты веналары ирелеңдеген, төменгі үштен бірінің үстінде жұмсақ тері пигменттелген, бірақ инфильтрация жоқ. Науқас допплерография мәліметін көрсетті. Науқастың горизонтальды қалпында аяғын жоғары көтерумен Троянов-Тренделенбург сынамасы тексерілді. Санның үлкен тері асты венасын оның сан венасына енетін жерден төменгі бөлікті қолмен баса отырып, науқас аяғына тұрды. Дәрігер қолын жібергенде қан венаны жоғарыдан төмен қарай кері ағыспен толтырады, ол беткей веналар қақпақшасының тұрақсыздығын дәлелдейді. Дельбе-Пертестің шартты сынамасы тексерілді. Науқастың вертикальды қалпында санына тек беткей веналарды (аяқ басындағы артериядағы пульс өзгеріссіз қалады) қысатын жгут салынды. 3-4 минут жүргеннен кейін науқаста балтыр бұлшықеттерінде ауырғандық пайда болды. Протромбин индексі 100. Осы сынамалар қалай аталады?

A. Артериялардың ауруы

B. Теріастылық веналар қақпасының патологиясы

C. Терең веналардың өткізбеушілігі

D. Миграциялайтын тромбофлебит

E. Бюргер ауруы

19.Жалпы тәжірибелік дәрігеріне 80 жастағы науқас балтыр венасының варикозды кеңеюін алып тастауға жолдама алуға келді. Науқас өзін ұзақ уақыттан бері аурумын деп есептейді. Ауруын жүктілікпен, егіз босанумен байланыстырады. Науқаста көптеген қосымша аурулар бар, қант диабетіне байланысты ем қабылдайды. Қарағанда сол жақ аяқтың сирағының ортаңғы үштен бірінде ауырғандық, ісіну және көлемінің ұлғаюы байқалады. Науқас УДЗ өткен, допплерография мәліметі бойынша терең веналардың өткізбеушілігі байқалады. Протромбинді индекс 70. Троянов-Тренделенбург, Дельбе-Пертес және Шейнистің үш байламды сынамалары терең веналардың өткізбеушілігін көрсетеді. Емхана жағдайындағы дәрігердің іс- әрекеті?

А. Операцияға жоспарлы түрде дайындау

В. Жедел түрде операцияға жолдау

С. Консервативті терапия

D. Санаторлы-курортты ем

Е. Эндовидеохирургияны қолдану

20. 35 жастағы науқас ЖТД-ге балтыр бұлшықетіндегі ауырғандыққа, тез шаршауға және варикозды кеңейген веналардың барына шағымданып келді. Науқас өзін ішімдік және темекі қолданған сәттен бастап аурумын деп есептейді. Ол ауруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Қарау барысында сирақ аумағында ауырғандық анықталады. Теріасты веналары ирелеңдеген, төменгі үштен бірінің үстіндегі жұмсақ тері пигменттелген, инфильтрация жоқ. Науқастың айтуы бойынша кезеңді түрде тері асты венасындағы гиперемия екінші аяққа беріледі. Троянов-Тренделенбург, Дельбе-Пертес, Шейнистің үштік байламды сынамалары терең веналардың өткізбеушілігін көрсетеді. Тамырдың қандай патологиясы туралы ойлауға болады?

А. Облитерациялаушы атеросклероз

В. Облитерациялаушы эндартерит

С. Миграциялаушы тромбофлебит

Д. Рейно ауруы

Е. Бюргер ауруы

21. 60 жастағы науқас ЖТД-ге шап жарығынан кейін туындаған іштегі ауырғандыққа шағымданып келді. Ауру анамнезі: науқас 1 сағаттан бері тіке шап жарығынан зардап шегеді. Жергілікті: оң жақ мықын аймағында 1,5х2 см кеңейген шап сақинасы анықталады, терісі өзгермеген. Пальпация кезінде жөтел симптомы оң мәнді. Емхана жағдайындағы дәрігердің іс-әрекеті?

A. Науқасты урологқа жолдау

B. Науқасты жедел түрде хирургия бөлімшесіне жолдау

C. Үйіне қайтару

D. Емхана жағдайында бақылау

E. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек жасау

22. 32 жастағы В есімді науқас ЖТД-ге сол жақ шап, ұма аймағында түзілістің болуына, түзіліс аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жоғарыда аталған шағымдар ЖРВИ және жөтелден соң пайда болған. Жергілікті: пальпацияла сол жақ шап аймағының ұмаға өтер аумағында түзіліс байқалады, ұманың сол жақ бөлігі ұлғайған, перкуссияда тимпанитті дыбыс. Сол жақ шап терісі өзгермеген, пальпацияда аздап ауырсынады. Қандай аурумен ажырату диагнозын жүргізу қажет?

A. Cancer Testis (аталық бездің қатерлі ісігі)

B. Гидроцеле су шемені

C. Түзелмейтін жарық

D. Орхоэпидидимит

E. Крипторхизм

23. Науқас ЖТД-ге жұтынудың қиындауына, жоғары температураға, ұйқысының бұзылысына шағымданып келді. Бала күнінен созылмалы тонзилитпен ауырады. Ауруының асқынуын тоңазытқыштан салқын су ішуімен байланыстырады. Объективті: араны гиперемирленген. Бадамша бездері болбыр, гиперемирленген. Бадамша бездің сол жағында жұмсақ тіндердің ісінуі, қызаруы, флюктуация белгілері анықталады. Емханада лор дәрігері жоқ екен. ЖТД хирургтан науқасқа көмектесуін сұрайды. Дәрігерлер қандай диагноз қойған?

A. Жедел флегмонозды баспа

B. Жедел фолукулярлы баспа

C. Аранның дифтериясы

D. Созылмалы тонзилиттің өршуі

E. Паратонзилярлы абсцесс

24.Науқас 30 жаста тұрғылықты жері бойынша дәрігерге үлкен дәретке шығудың ауырсынуына шағымданып келді. Аталған шағыммен 3 жылдан бері зардап шегеді. Аурудың өршу белгілері 2 күннен бері дефикация актісінен кейін анустан қанды бөліністің болуымен байқалады. Дәрігер науқасты қарау кезінде анус аймағында ұсақ нүктелі бөртпелердің пайда болғанын байқаған. Анустан серозды бөлініс бөлінеді. Ректоскопияда кілегей қабаты гиперемияланған. Пальпацияда флюктуация белгілері жоқ. ЖТД ем тағайындады: қан тоқтататын препараттар, жергілікті свеча және салауатты өмір салтын сақтауын ұсынды. Науқасқа қандай қан анализін жасаған дұрыс?

A. Хирургтың емдеуіне жолдау

B. Колопроктологтың емдеуіне жолдау

C. Гастроэнтерологтың емдеуіне жолдау

D. РВ қан анализіне жолдау

E. Өзбетінше емдеу

25. М. есімді 77 жастағы науқасты ауруханаға аз ғана интоксикация белгілерімен, тері жамылғысының айқын бозаруымен жедел жәрдеммен жеткізілді. Оң жақ аталық без аймағында ауырсыну, гиперемия және жергілікті температура байқалады. Сол жақ аталық безбен салыстырғанда оң жақта ісіну, терісінің қатпарлануы байқалады. Диагноз қойыңыз және сіздің іс-әрекетіңіз?

A. Инфильтрат, майлы байлам салу

B. Инфильтрат, жергілікті антибиотиктерді еңгізу

C. Инфильтрат, физиоем

D. Инъекциядан кейін абцесс, ашу

E. Инфильтрат- антибиотикотерапия

26. 19 жастағы М. есімді науқас дәрігерге ішінің ауырсынуына, жүрек айнуына, бір рет құсуына және жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Пальпацияда мезогастральды аймақта ауырсынады, Щеткин-Блюмберга, Ситковский-Ровзинга, Краузе симптомдары-оң мәнді. Науқас гинекологтың қабылдауында болған: жүтілігінің 12-13 аптасы екенін анықтаған. Тік ішек арқылы тексергенде оң жақ іш қуысында ауырсынады. Қан анализінде: эритроциттің, гемоглобиннің мөлшері қалыпты, лейкоцитоздың мөлшері 11-ге дейін. Науқаста қандай диагноз?

A. Жүктілердегі аппендицит

B. Гестоз белгілері

C. Оң жақ шап жарығы

D. Жатырдың айналмалы байламының қабынуы

E. Жедел ішек өткізбеушілігі

27. 49 жастағы науқас ЖТД-не иекаймағының ауырсынуына шағымданып келді. Науқасты тіркеу бөліміндегілер қант диабеті диагнозы бойынша эндокринологқа жолдады. Эндокринолог науқасты хирургтың қарауын өтінді. Науқас анамнезінен белгілі болғандай бір жылдан бері фурункулезбен зардап шегеді. Науқасты қарау барысында денесінің барлық бөлігінде фурункулден қалған тыртықтың іздері байқалады. Бет аймағы гиперемияланған, ісінген. Ісіктің әсерінен беттің ассиметриялығы байқалады. Хирург диагноз қойды: беттегі фурункул, флебитпен асқынған. Аталған диагнозды қандай аурумен ажырату диагнозын жүргізу керек?

A. Беттің тілме қабынуы

B. Карбункул

C. Беттің абцессі

D. Бет терісінің актиномикозы

E. Сібір жарасы

28. 58 жастағы науқас дәрігерге оң жақ башпайының ауырсынуына шағымданып келді. Хирургта облитерилеуші атеросклероз диагнозы бойынша «Д» есепте тұрады. Объективті: оң жақ башпайы ісінген, ауырсынады. Анамнезінде белгілі болғандай тырнақ алып отырған сәтте жарақаттап алған. Ренген суретінде асқынусыз. Облитерияциялық атеросклероз диагнозында тырнақты міндетті түрде алып тастау керек па ?

А. Тырнақты шетінен алып тастау

В. Тырнақ пластинкасын алып тастау

С. Қосарланған ем

Д. Консервативті ем

Е. Тырнақ пластинкасын шетінен алып тастау

29. 23 жасар әйел ЖТД-не босанғаннан кейін оң жақ сүт безінің ауырсынуына шағымданып келді.Ауру емізікшенің жарылуынан басталды. Соңғы кездері бала емізу және емшекті сауу кезінде сүт безінің ауырсынуы, дене демпературасының жоғарылауы мазалауда. Объективті: сол жақ сүт безіне қарағанда оң жақ сүт безі үлкенірек, гиперемияланған, төменгі бөлігінде инфильтрат анықталады. Іріңді мастит диагнозы қойылды, іріңдікті ашты. Қандай аурумен ажырату диагнозын жүргіземіз?

A. Инфильтрация түріндегі маститпен

B. Фиброзды кистозды мастопатиямен

C. Мастит тәрізді қатерлі ісік

D. Іркілген мастит

E.Ретромаммарлы маститпен

30. 65 жастағы науқас зәрінің 6-7 сағатқа кідірісіне байланысты дәрігер қабылдауына келді. Анамнезінде белгілі болғандай бір ай бұрын аталық бездің аденомасы диагнозы бойынша урологтың қабылдауында болған. Диспансерлі есепке алынып, оперативті ем тағайындаған. Бірақ, науқас халық емін пайдаланған. Іш аймағында ауырсыну байқалады, ауырсыну жыныс мүшелеріне қарай беріле бастаған. Кіндік аймағында перпуссияда қуық түбі анықталады. Перитонит белгілері жоқ.Тік ішек арқылы тексергенде оң және сол аталық бездерінің ұлғайғаны анықталған. Катетер арқылы зәр шығуы қиындық тудыруда. Сіздің іс- әрекетіңіз?

A. Урология бөлімшесіне жолдау

B. Күндізгі стационарға жолдау

C. Пункция жасау

D. Физиоем тағайындау

E.Металл катетер еңгізу

31. Егде жастағы қарт кісі жалпы тәжірибелік дәрігерін көзінің нашар көруі шағымына байланысты үйіне шақыртты. Науқас инсульттан кейінгі гемипарезбен төсек режимінде жатыр. Дәрігер тексеріп қарағанда ол жасына сай қалыпты болған. Невропатологтың тағайындаған емін қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігер қарашық пен склераны 5 нүктеде тексеріп қарады. Сезімталдық он екі сағатқа әлсіреген. Қандай нервтің бұзылысы жөнінде айтылып тұр?

A. Бет нервісінің иннервациясының бұзылысы

B. Үштік нервтің бұзылысы

C. Көз нервісінің иннервациясының бұзылысы

D. Өзгеріс жоқ

E. Есту нервісінің иннервациясының бұзылысы

32. 75 жастағы науқас дәрігерге ауыр жүк көтергеннен кейін оң жақ шап аймағында ісінудің пайда болуына, зәрдің жиі және ауырсынып шығуына шағымданып келді. Іші жұмсақ, жел шығуы ауырсынусыз , нәжісі бар. Науқасты қарау барысында оң жақ шап аймағында ісіну байқалады, тері түсі өзгермеген. Дәрігер науқаста жатқан қалпында ұманың төменгі сызығы арқылы шап жарығының сыртқы шығу қақпасын тексерген. Науқасты вертикальды қалпында тұрғызып пальпациялағанда жөтел симптомы- оң мәнді. Тік ішекті қарау кезінде және қуық асты безін УДЗ арқылы тексергенде өзгеріс анықталмады. Қан және зәр анализдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?

A. Шап лимфадениті

B. Липосаркома

C. Орнына келмейтін шап жарығы

D. Шап жарығының қысылуы

E. Чумалық бубон

33. 87 жастағы науқас дефекация актісі кезінде тік ішек аймағында ауырсыну сезімінің болуына байланысты өз еркімен колоноскопия өткісі келді. Қызы дәрігер болып табылатындықтан үйінде ішінің қатуына байланысты емдеген. Колоноскопия жүргізу барысында науқастың іші ауырып, есінен танып қалған. Шоктан шығу шаралары нәтижесінде науқасқа оперативті ем жүргізілген. Қазіргі таңда науқас 97 жаста, жағдайы жақсы. Аталған науқасты хирургтар қандай ауру бойынша операцияға алды?

A. Колоноскоппен зақымдалу

B. Ішек жарасының перфорациясы

C. Ішек полипінің үзілуі

D. Девертикул аймағында жарылуы

E. Майлы тіндердің жарылуы

34.38 жастағы М.есімді науқас тұрғылықты жері бойынша емханалық жалпы тәжірибелік дәрігерге эпигастрий аймағында пышақ сұққан тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуға, салқын тер басуына шағымданып келді. Ауруы жедел басталған. Бұрын 12-елі ішек жарасының перфорациясы бойынша операция жасалынған. 3 реттік құсу, нәжіс және жел шығарудың кідірісі байқалған. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, асқа тәбеті төмендеген. Іші тақтай тәрізді, пальпацияда Щеткин-Блюмберг, Мендель «көйлек» симптомдары- оң мәнді. Емхана жағдайында неғұрлым оңтайлы әдіс:

A. Компьютерлі томография

B. Іш қуысының рентгенограммасы

C. Эндоскопиялық зерттеу

D. Іш қуысының УДЗ

E. Фистулография

35. Емханаға окулиске қаралуға науқас келген, бірақ маман болмаған. Сол себепті науқасты медициналық тіркеуші жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына алып келді. Науқастың айтуы бойынша оң көзінен жарақат алған. Гиперемия, ісіну және жас ағу пайда болған. Саусақ арқылы қарағанда көздің көруі бұзылмаған. Болжам диагноз қойылды: жарақаттан кейінгі асқынбаған кератит. Асқынбаған кератиттің емдеу әдісі?

A. Консервативті

B. Хирургиялық

C. Физиотерапиялық

D. Санаторлы-курортты

E. Сәулелі терапия

36. 25 жастағы науқасты жалпы тәжірибелік дәрігер эпигастрий аймағының ауырсыну, құсу, ауырсынудың 2 сағаттан соң оң жақ бүйіріне көшу шағымдары бойынша үйінде қарады. Іші пальпацияда әсіресе Пти үшбұрышына пальпация жасағанда ауырсынады. Ситковский-Ровзинг, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң мәнді. Аппендициттің ретроцекальды орналасуындағы симптомды атаңыз?

A. Мендель

B. Ситковский-Ровзинг

C. Образцов

D. Бартомье-Михельсона

E. Ауре-Розанова симптомы

37. 50 жастағы әйел адам 3 күн бұрын холецистоэктомия операциясын басынан өткергенін. Кенеттен операциядан кейінгі кезеңде ентікпе, кеуде артының ауырсынуы, « тот басқан» түсті қақырықты жөтелдің пайда болғанын айтады. АҚҚ – 110/70 мм.сбб., пульс- 90 мин., ТЖ-30 рет мин.,субфебрилитет. ЭКГ- синусты ритм, баяу тахикардия, ЭОС қалыпты жағдайда. Қан анализінде лейкоцитоз солға ығысқан. Мүмкін болатын себебі қандай?

A. Өкпе артериясы тармағының эмболиясы

B. Холангит

C. Бауыр астылық абсцесс

D. Аспирациялы пневмония

E. Панкреатит

38. Науқас созылмалы іш қату, периодты түрде құсу шағымдары бойынша дәрігерге қаралды. 12-елі ішек жарасы диагнозы бойынша терапевте күз және қыс мезгілдерінде ем қабылдап тұрады. Науқасқа ішек өткізбеушілігін нақтылау мақсатында барий сұйықтығын ішкізген. Шолу рентгенограммасында ішектің бариймен толғаны байқалады. Рентгенологиялық зерттеу тәсілмен ішектің қай бөлігінің өткізбеушілігін анықтайды.

A. Жіңішке ішектің өткізбеушілігін

B. Тоқішектің өткізбеушілігін

C. Ішек инвагинацисы кезінде

D. Обтурациялық ішек өткізбеушілігі кезінде

E. Странгуляциялық ішек өткізбеушілігі кезінде

39. Бауыр циррозымен және асцитпен зардап шегетін науқас, ішінің ұлғаюына, ентігудің пайда болуына жағдайының нашарлауына байланысты жалпы тәжірибелік дәрігерін үйіне шақыртты. Емханада 2 апта бұрын хирург лапароцентез арқылы сұйықтықты алып тастағаннан кейін науқастың жағдайы жеңілдеген. Жалпы тәжірибелік дәрігері лапароцентез және іш қуысына пункция жасау барысында қолын, науқастың іш қуысы қабырғасының беткей бөлігін антисептикпен өңдеу керек. Үй жағдайында жалпы тәжірибелік дәрігеріне қолын және науқастың ішін залалсыздандыру мақсатында қандай антисептик ыңғайлы?

A. Бруно әдісі бойынша 90% спиртпен

B. Антисептик ерітіндісімен

C. 0,5% хлоргексидин ерітіндісі+70% спирт

D. Первомур ерітіндісі

E. Бетодин

40. 35 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігеріне күзгі алдын-алу еміне байланысты күндізгі стационарға емделуге жолдама беруін өтінді. Емхана жағдайында 12- ішек жарасы диагнозы бойынша «Д» есепте тұратын науқасты рентгенологиялық тексерістен өтуге жіберді. Ренгенскопияда асқазан мықын сүйегінің жоғарғы қыры деңгейінде «шұлық» тәрізді керілген. 24 сағат өткен соң R-скопияда және графияда- асқазанда барий сұйықтығының қалғанын байқаған. Аталған рентгенологиялық көрініс асқазанның қандай патологиясында кездеседі?

A. Асқазан жарасында

B. Қалытқы (привратник) стенозында

C. Кардиальды стенозда

D. 12 ішек жарасының пенетрациясында

E. Малигнизацияда

41. 59 жастағы Т. есімді науқас ауруханадан кейінгі емнен соң емханаға келді. Науқасқа ауруханада аппендикулярлы инфильтрат диагнозы бойынша консервативті ем жүргізілген. Инфильтрат кішірейе бастаған. Ауруханадан шығу көшірмесінде емін амбулаторлы жағдайда жалғастыру, хирургта диспансерлі бақылауда болу және 3-4 айдан соң жоспарлы түрде оперативті емге келуі тағайындалған. Аппендикулярлы инфильтратта біріккен консервативті ем кезінде қандай дәріні тағайындамағаны жақсы?

A. Төсек режимі

B. Антибиотикотерапия

C. Физиоем

D. Ауырсынуды басатын

E. Парэнтеральды тамақтану

42. Науқас ішінің ауырсынуына, құсуға, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезінен белгілі болғандай жедел ауырған, 2 сағат бұрын эпигастрий аймағында ауырсыну байқалған, ауырсыну оң жақ мықын аймағына берілген. Науқасты қарау жүрек және өкпе мүшелерінен бастап, ішті қараумен аяқталған. Перитонитке тән: дефанс Щеткина-Блюмберга, іштің тітіркенуі және Мендель симптомдары анықталған. Перитонитке тән аталған симптомдар қандай кезекте тексеріледі.

A. Бірінші кезекте тексеріледі

B. Соңынан тексеріледі

C. Іштің тітіркену симптомы тексерілмейді

D. Үшінші кезекте тексеріледі

E. Анализ қорытындысы дайын болғанға дейін тексеріледі

43. 58 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігеріне оң жақ қабырға аймағындағы тұрақты түрде ауырсыну, жүрек айну,құсу шағымдарының мазалауы бойынша келді. Аталған шағымдармен көп жылдан бері зардап шегеді. Әсіресе майлы тағамдарды жегеннен кейін ұстама тәрізді ауырсыну мазалайды. Науқас бауырдың КТ-на жолдама беруін өтінді, бірақ жалпы тәжірибелік дәрігер қазіргі заманғы тексеру әдісін жүргізгенді жөн көрді. Калькулезді холецистит кезінде маңызды диагностикалық зерттеу әдісі болып табылады:

A. Іш қуысының рентгенографиясы

B. Фиброгастродуоденоскопия

C. Лапароскопия

D. Компьютерлі томография

E. Өт қабының УДЗ

44. С. есімді 36 жастағы науқас емханаға жалпы тәжірибелік дәрігеріне оң жақ қабырға аймағында ауырсыну сезіміне және кезеңді түрде ентігуге шағымданып келді. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: асқа тәбеті жоғарылаған. Ішті қарау және пальпация жүргізу барасында Грей-Тернер, Мейо-Робсон, Мондора, Кулена симптомдары- оң мәнді. УДЗ-де өт қабында диаметрі 0,5см конкременттер анықталған. Ұйқы безінің ісігі байқалады. Жедел холециститтің клиникасы көрініс береді және Курвуазье, Ортнера, Георгиевский-Мюссе симптомдары-оң мәнді. ЖТД диагноз қойды: Асқынған калкулезді холецистит. Панкреатит. ЖТД-дің іс-әрекеті қандай болуы керек?

A. Спазмолитиктермен емдеу

B. Холеангиография тексеру

C. Холецистэктомияға жолдама беру

D. Лапароцентез

E. Консервативті ем жүргізу

45. 36 жастағы С.,есімді науқас кезеңді түрде оң жақ қабырға аймағындағы ауырсынуға шағымданп келді. Науқас хирургия бөлімшесіде ұйқы безінің кистасы бойынша оперативті ем қабылдаған. Ауырсыну себебін диета бұзылғанына байланысты деп ойлайды. Қарағанда: Грей- Тернера, Мейо – Робсон,Мондора, Кулена симптомдары - теріс мәнді. УДЗ де ұйқы безінің ісігі. Жедел холецистит клиникасы байқалады. Ортнер, Георгиевский Мюссе симптомдары күмәнді. ЖТД холецистопанкреатит диагнозын қойды. Сіздің іс әрекетіңіз?

A. Консервативті ем тпғайындау

B. Холеангиографиямен тексеру

C. Операцияға жолдау

D. Холецистоэкомия

E.Спазмолитикалық терапия

46. Травмпунктке сол жақ иық буынының ауырсынуы шағымымен науқас келді. Науқастың айтуы бойынша жарақатты бүгін үйінде байқаусызда баспалдақтан құлау нәтижесінде алған. Жедел жәрдем машинасы ауырсынуды басу үшін кетанал салған. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: сол жақ қолының иық буыны аймағы деформацияланған. Пульс ұйқы артериясында сақталған. Рентгенограммада диагноз верифицирленген. Жалпы тәжірибелік дәрігердің кезекшілігінде барлығы 25 әртүрлі шағымдармен науқастар келген, соның ішінде жарақат алғаны 5-у. Барлығына репозиция және Дезо гипсті байламын салған. Шығудың ең жиі бөлігін атаңыз:

A. білек

B. сан

C. иық

D. тілерсек

E. Бұғана

47. Сенбілік кезекшілікте 25 жас шамасындағы науқасты туыстары жаяу жүргіншілер жүретін жолмен өтіп бара жатқанда оң жақ балтыр буыны аймағынан жарақат алған жерінен емханаға жеткізген. Жарақат алған балтыр буыны аймағы ауырсынады, қансыраған. Кезекші ЖТД-рі науқасты жедел жәрдем арқылы кезекші ауруханаға жібермес бұрын алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек еді. Жалпы тәжірибелік дәрігері өзінің іс-әрекетін неден бастау керек?

A. Тасымалдау шинасын салудан

B. Ауырсынуды басу

C. Асептикалық байлап салу

D. Қанды тоқтату

E. Шина қою және таңу

48.Травмпунктке 25 жасар жігітті жедел жәрдем машинасымен жаттығу жасап жүрген сәтінде сол жақ иық буыны аймағында ауырсыну шағымы бойынша жеткізді. Анамнезінде үйреншікті сол жақ иық буыны аймағының шығуы. Объективті: сол жақ қолы, иық буыны ауырсынады. Рентгенограммада сол жақ иық сүйегінің шығуы,сол жақ иық буыны верифицирленген. Иық буынының шығуын салудың казиіргі заманғы әдісін атаңыз?

A. Кохер әдісі

B. Гиппократ әдісі

C. Джанелидзе әдісі

D. Милча әдісі

E. Стимсона әдісі

49. Травмпунктке 42 жастағы науқас оң жақ иық буынының ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінде науқас жарақатты үйінде погребтен шыға берген сәтінде аяғы тайып құлап алған. Жедел жәрдем шақырған, ауырсынуды кетанал арқылы басқан. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: оң жақ иық буынында жергілікті ауырсыну сезіледі. Рентгенограммада верифицирленген диагноз, оң жақ иық сүйегінің көлденең диафизді сынығы.Травматологиялық бөлімшеге жібермес бұрын тасымалдау иммобилизациясын қандай аймаққа салған дұрыс?

A. Сау жақтын алақан саусақ аралығына

B. Иық буыны

C. Ауру жақтың

D. Ауру жақ иық

E. Иық буыны буыны

50. Травмпунктке 25 жастағы оң жақ білек сүйегінің ауырсыну шағымы бойынша науқас келіп түсті. Науқас жарақатты осыдан 20 минут бұрын подъезден шыға берген сәтінде алған. Жедел жәрдем шақырған, ондағы дәрігер кетанал салып кеткен. Бұрын жарақат алмаған.Объективті: сол жақ тоқпан жілік аймағында жергілікті ауырсыну, деформация, крепитация және буынында қозғалыстың шектелуі байқалады. Білек сүйегі зақымдалған сәтте тасымалдау иммобилизациясын қандай аймаққа салады?

A. Сау жақтың саусақ- жауырын жағы

B. Саусақтар- иықтың ортаңғы үштен бірі

C. Саусақ- жауырын зақымдалған жақтың

D. Білезік буыны- иық буыны

E. Саусақ- білезік буыны

51. Травмпунктке 75 жас шамасындағы науқас тобық буынының ауырсыну шағымы бойынша келді. Анамнезінде науқас жарақатты 40 минут бұрын ас үйде жүрген сәтінде орындықтың шет жағынан құлаған. Жедел жәрдем шақырған, ауырсынуды басу мақсатында наркотикалық емес ауырсынуды басатын дәрі еңгізген. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: оң жақ тобық аймағының ауырсынуы, деформация, крепитация және үлкен жілік аймағында жүруге мүмкін емес ауырсыну,сирақ,табан аймағында ісіну байқалады. Оң жақ төменгі бөліктің қызметі бұзылғаны байқалады. Табан артериясындағы пульс сақталған. Рентгенограммада диагноз верифицирленген, оң жақ үлкен жілік аймағында сынық іздері көрінеді. Травматологиялық бөлімшеге жібермес бұрын тасымалдау иммобилизациясын тобық сүйегінің қандай аймағына салады?

A. Табан- санның жоғарғы үштен бір бөлігіне

B. Саусақ- тізе буынына

C. Табан- жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігіне

D. Саусақ- санның жоғарғы үштен бір бөлігіне

E. Саусақ- тізе буыны

52. Науқас сирағындағы аздаған ауырсыну сезіміне, стационарлы емнен кейін 2 айдан бері емханадағы хирургте оң жақ үлкенжілік және сүйегінің келіп отыр. Соңғы рентгенограммада консолидация жоқ. ВКК да отырған жалпы тәжірибелік дәрігер травматологқа гипсті лонгетаны ұзақ уақыт салғанда псевдоартроз мүмкін емес па деген сұрақ қойды. Стационарлы емнен кейін ұзақ уақыт жарақатта жүрудің себебі не екенін травматолог қалай түсіндірді?

A. Сүйектің дұрыс емес қалыпта бітісуі

B. Сүйек сынықтарының интерпозициясы

C. Сүйек өсіндісінің баяу дамуы

D. Буынның дұрыс емес шығуы

E. Жарақат орнында тыртықтың болмауы

53. 35 жастағы М.есімді науқас көлік апатынан зардап шеккен. Науқас кома жағдайында жатыр. Маңдай бөлігінде терінің жырылған іздері байқалады. Сол жақ саны сынған, сол жақ аяғының сыртқа ротациясы байқалады. Тері жыртылуына байланысты қажетті шаралар жасалған. Науқасты тасымалдау мақсатында міндетті түрде иммобилизация жасалынды. Белгілі болғандай науқаста политравма: жоғарғы бөліктің және қабырғалардың сыну симптомдары. Науқасты тасымалдау кезінде жедел жәрдемнің көмекшілері Дитерихс шинасын қандай сынуда қолданады?

A. Санның сынуында

B. Төменгі бөліктер зақымдалғанда

C. Бұғананың сынуында

D. Иықтың сынуын емдеуде

E. Омыртканың сынуында

54. Емханаға ЖТДің қабылдауына балабақшаның тәрбиешісі келді. Ол бір қолымен ауыз қуысын бет орамалымен жабады,ал екінші қолымен алма жегеннен кейін ауызын жаба алмайтынын қағазға жазады. Бұл жағдай балабақшада түскі үзіліс кезінде орын алған.Объективті: ауыз қуысы ,төменгі жақ қимылдамайды. Рентгенограммада төменгі жақтың шыққаны байқалады. Дәрігер науқастың жағын орнына келтірді, сынық жоқ, ауз қуысы жабылады. Науқасқа қатты тағамдар жемеуін ұсынды және байлам салды. Салынған байлам қалай аталады?

A. Кокситті байлам

B. «И»- тәрізді лангета

C. Дезо гипсті байламы

D. Пращевидтік

E. Торакобрахиальды байлам

55. Стационарға 35 жас шамасындағы науқас оң жақ жамбас сүйегінің ауырсынуы шағымымен келіп түсті. Науқас жарақатты 60 минут бұрын үйінде ремонт жасап жатқан кезінде құлап алған. Жедел жәрдем ауырсынуды басатын дәрі дәрмек тағайындап кеткен. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: оң жақ жамбас сүйегі аймағында жергілікті ауырсыну, ісіну бар. Оң жақ төменгі бөліктің қимылының бұзылысы байқалады. Рентгенограммада диагноз верифицирленген, жамбас сүйегі аймағында жарықтар байқалады.Травматологиялық бөлімшеден шығар кезде міндетті түрде гипсті байлам салу керек. Аталған жағдайда байламның қандай түрін салған дұрыс?

A. Кокситті байлам

B. «Етік»

C. Окончатая

D. «Ошейник»

E. «тутор»

56. Травмпунктке 20 жасар бала жедел жәрдеммен дене шынықтыру сабағы кезінде сол жақ иық буыны аймағына жарақат алуына байланысты жеткізілді. Бала күнінде бронходенит және сол жақ иық буынының остеомиелиті диагноздары бойынша емделген. «Д» есепте тұрады.Объективті: сол қолы иық буыны аймағында иық сүйегінің басы болмауының әсерінен деформацияланған. Сол жақ иық сүйегінің басы бұғана астында орналасуына байланысты сол жақ жоғарғы бөліктің қызметінің бұзылысы байқалады. Рентгенограммада сол жақ иық буынында бұғананың шығу верифицирленген. Сүйек тінінде еріген қант тәрізді деструктивті өзгерістер байқалады. ЖТД травматологпен біріге отырып науқасқа байлам салып травматологиялық бөлімшеге жіберді. Аталған жағдайда иық буынының шығуы қандай аурудың негізінде пайда болды?

A. Туылғаннан

B. Жарақат әсерінен

C. «застарелый»

D. Гарре остеомиелиті

E. Сүйек туберкулезі

57. Стационарға 45 жас шамасындағы науқас сан сүйегінің ауырсыну шағымына байланысты келіп түсті. Анамнезінен белгілі болғандай науқас үйінде ремонт жасап жүрген сәтінде құлаған.Жедел жәрдем дәрігері ауырсынуды арнайы дәрі көмегімен басқан. Объективті: оң жақ сан сүйегінің диафизді бөлігінде жергілікті ауырсыну, қозғалыстың шектелуі, ісінуі байқалады. Оң жақ төменгі бөлігінің бұзылысы байқалады. Рентгенограммада диагноз верифицирленген, оң жақ сан сүйегінің диафизді бөлігінің сынуы. Науқасқа шокқа қарсы терапия жасалынды. Травматолог тағайындауына қосымша эссенциале тамшы түрінде қосты. Аталған жағдайда дәрігер ерте асқынудың қандай түрінен қорқады?

A. Травматикалық шоктың қайталануынан

B. Майлы эмболиядан

C. Жедел қан кетуден

D. Тесілу

E. Сынықтарың қозғалып кетуі

58. Науқас травмпунктке жамбас сүйегі аймағында ауырсыну шағымы бойынша жеткізілді. Жарақатты гаражда домкраттың жарылуы нәтижесінде алған, кеуденің төменгі бөлігі болған. Науқас травматологтың, кезекші хирургтың қарауында болған.Зәр анализінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Науқасқа рентгенологиялық тексеру тағайындамас бұрын травматологиялық бөлімшеге «бақа» қалпында тасымалдаған. Науқас қандай сүйек сынығында «бақа» қалпында тасымалдануы керек?

A. Жамбас сүйегінің

B. Төменгі бөліктің

C. Омыртқаның

D. Қабырғаның

E. Құйымшақтың

59. Науқасты туыстары травматология бөлімшесіне оң жақ сан аймағының ауырсыну шағымы бойынша жеткізген. Жарақатты егін жинап жүрген сәтте алма ағашына бекітулі тұрған баспалдақтың құлауы нәтижесінде алған. Оң жақ санында ауырсыну мазалауына байланысты ауырсынуды басатын дәрі дәрмек беріп, шина салып, стационарға жеткізген. Травматолог салған. Салуға көрсеткіш:

A. Қабырғаның «окончатые» сынуы

B. Жамбас сүйегінің сынуы

C. Ұзын құбырлы сүйектің сынуы

D. Типтік орында сәулелік сүйектің сынуы

E. Үлкен жіліншік сүйегінің сынуы

60. 37 жастағы М.есімді науқас дәрігерге оң жақ көзінің ауырсынуына, қышуына, іріңді бөліністің болуына шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай жарыққа аллергиясы бар, өзбетінше емделеді. Объективті: қастың жоғарғы бөлігі қызарған, ұстағанда қышу пайда болады,қастың жоғарғы бөлігінің қалыңдауы және кірпік түбінен сары іріңді бөліністер байқалады. Сары кор алу кезінде қастың үстінде қансыраған жара іздеріқалады. ЖТД гельментті тексеруге жолдама берді және асқазан ішек жолының жұмысын бақылауды, салауатты өмір салтын сақтауды ұсынды. Жергілікті ем: қастың жан жағын томпонмен өңдеу,жүйелі түрде антибактериальды маздармен мысалы,флоксалом жағуды, тоқтаусыз қышуда -0,5-1% гидрокортизон мазын тағайындады. Қастың төменгі бөлігіне корнерегель мазын күніне 2-3 рет жағуын ескертті. Науқаста қандай блефарит?

A. Чешуйчалық блефарит

B. Жаралы блефарит

C. Жай блефарит

D. Аллергиялық блефарит

E. Қастың

61. 47 жастағы В.есімді науқас ЖТД ге сол көзінің ауырсынуына, көруінің нашарлауына шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай аталған шағымдар жарақаттан соң пайда болған. Одан соң жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын басынан өткерген. Жарықтан қорқу, жас бөліну, жарыққа қарай алмаушылық белгілері пайда болған. Объективті: қасаң қабықтың айналасындағы тамырлар инъецирленген, қасаң қабықтың мөлдірлігі бұзылысы, қараю белгілерінің бары, инфильтрат байқалады. ЖТД қабынуға қарсы бонафтон, интерферон препараттарын тағайындады. Науқаста кератиттің қандай түрі?

A. Саңрауқұлақты

B. Вирусты

C. Токсико аллергиялық

D. Бактериальды

E. Дистрофиялық

62. ЖТД дің кезекшілігінде 38 жас шамасындағы К.есімді науқасты туыстары жұмыс жасап жүрген жерінде металл жаңқаларының әсерінен жарақат алуына байланысты, оң жақ көз алмасының ауырсыну шағымы бойынша жеткізді. Қан кетудің әсерінен жараның қаншалықты терең екенін білу мүмкін емес, көздің барлық бөлігі зақымдалғаны анық. Мұндай жағдайда бөгде денені алу мүмкін емес. ЖТД хирургиялық өңдеуді көз бөлімшесінде, көзішілік бөгде денені алу және зақымдалған аймақтың реконструкциясын мүмкіндігінше бір мезгілде жасаған дұрыс деп шешім қабылдады. Сол себепті алғашқы көмек көрсетті: қан тоқтату мақсатында дицинон жасады, аскорбин қышқылы, дезинфекциялаушы (30% сульфацил натрий ерітіндісін,0.25% левомицетин ерітіндісін сіреспеге қарсы анатоксинді пробадан соң еңгізді және көзіне бинокулярлы байлам салды. Науқасты көз бөлімшесіне қандай диагнозбен жолдайды?

A. Енбеген жара

B. Гемофтальм

C. Көздің

D. Енген көз жарасы

E. Көздің орбитасынан шығуы

63. ЖТД-ін қыз бала сол жақ көз аймағының ауырсынуына, жоғары температураға,қалтырауға, өте қатты бас ауруы шағымдары бойынша үйіне шақыртты. Айтуы брйынша ауырғанына бірнеше сағат болған.Қарау барысында сол жақ көз аймағы ісінген, гиперемияланған. Оң жақ көзге қарағанда көз саңлауы қысылған және деформацияланған. Пальпация кезінде тері асты клетчаткалары ауырсынады, жергілікті температура бар. ЖТД науқасты көз бөлімшесіне қандай диагнозбен жолдайды?

A. қас некрозы

B. көз

C. іріңді блефорит

D. иридоциклит

E. флегмонасы

64. Аудандық ауруханаға бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы, мұрынмен дем алудың қиындауы шағымдарымен науқас келіп түсті. Анамнезінде белгілі болғандай 5 күн бұрын мұрынынан жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. О бъективті: ден температурасы 38,3С. Пульс 96 рет минутына, ритмді. Жүрек және өкпе мүшелері сау.Қарау барысында: мұрын тіні ісінген, гиперемияланған, пальпацияда ауырсынады. Алдыңғы риноскопияда: мұрын қалқанының екі жағынан қызыл-көк түсті жұмсақконсистенциялы түзіліс байқалады. Мұрын қалқанының кілегей қабаты гиперемияланған, ісінген. Дәрігер түзіліс үстінен тілік жасағанда оң жақтан мөлшері 3 мл ірің алып шыққан. Ірің жиналған жерге турунда қойып, әр 8 сағат сайын цефозолиннің 1,0 мөлшерін тағайындаған. Дәрігер науқасты асқынудың алдын-алу мақсатында облыстық ауруханаға қандай диагнозбен жолдады?

A. сепсис

B. кавернозды синустың тромбозы

C. менингит

D. іріңді гайморит

E. іріңнің сол жаққа көшуі

65. Лор бөлімшесіне 60 жастағы О.есімді науқас кеуде артының ауырсынуымен, астың өтпеу сезімімен, тамақ жегеннен соң аздаған іріңді бөліністің болу шағымдарымен ЖТД-дің жолдамасымен арқылы келді. Анамнезінен белгілі болғандай науқас тауық етін жеген кезде кішкене сүйгін жұтып қойғаны анықталды. Кезекші оториноларингологтың тексеру барысында анықталды: теріастылық эмфизема. Гипофарингоскопияда анықталғандай жұтқыншақтың төменгі бөлігінде сұйқықтықтың көп мөлшерде болғаны байқалады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Диагноз қойылды: Өңештің мойын бөлігіндегі бөгде дене. Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. өңеш дивертикулиті

B. мойын флегмонасы

C. өңеш перфорациясы

D. варикозды веналардың жаралануы

E. кеңірдектің жаралануы

66. Науқас ЖТД-нің қабылдауына келді. Қант диабетімен зардап шегеді. Бір жыл уақыттан бері фурункулезбен ауырады. Эндокринолог тың консультациясында болып, хирургтың қабылдауына жолданды. Науқастың барлық дене мүшесінде жазылған фурункулдан қалған тыртықтың іздері байқалады. Иек аймағы гиперемияланған, ісінген. Беті ісінудің әсерінен ассимметрияланған. Беттің барлық іріңді ақаулары, асқынған фурункулдері, абсцестері қайда емделуі керек?

A. бет флебиті және карбункулі

B. беттің абцесі

C. стационарда

D. беттің актиномикозы

E. сібіржаралы фурункул

67. Науқас ЖТД-не асқазаннан кофе түсі тәрізді құсудың болуына шағымданып келді.Алкогольды ішімдіктерді қолданғаннан кейін пайда болғанын айтады. ЖТД Маллори-Вейса синдромы диагнозын қойды. Аталған симптом қандай ауруда кездеседі?

A. қалтқының стенозы

B. "біріккен жараның" болуы

C. асқазанның кардиальды бөлігінің

D. жараның бауырға көшуі

E. кардиальды сфинктердің тұрақты спазмы

68. Науқасқа ішек өткізбеушілігін анықтау мақсатында науқасқа барий сұйықтығын ішкізген. Жалпы шолу рентгенограммасында ішектің бариймен толғаны байқалады. Осы әдіс арқылы ішектің қай бөлігінің өткізбеушілігін анықтайды?

A. жіңішке ішектің өткізбеушілігінде

B. тоқ ішектің өткізбеушілігінде

C. ішек инвагинациясында

D. обтурациялы ішек өткізбеушілігінде

E. странгуляциялы ішек өткізбеушілігінде

69. Арнайы емес спонтанды пневмоторакстің емдеу әдісі болып табылады:

A. плевральды пункция

B. бақылауда болу

C. плевральды қуысқа дренаж қою

D. торакоскопия плевральды қуысты дренаждаумен

E. торакотомия

70. ЖТД-ге іш аймағының ауырсыну шағымымен науқас келді. 2 сағат бұрын әуелі эпигастрий аймағының ауырсынуы, сәлден соң ауырсыну іштің оң жақ шетіне қарай берілгенін баяндайды. Оң алақанмен қабырға доғасын оң және сол жақ аймақтан симметриялы түрде қағу сәтінде күдікті жайттар сезіледі. Жедел аппендицитке қандай симптом тән болып табылмайды?

A. Кохер

B. Ситковский-Ровзинга

C. Грекова симптомы

D. Бартомье-Михельсон

E. Образцов

71. 48 жастағы әйел кісі емхананың күндізгі стационар дәрігеріне эпигастрий аймағының интенсивті түйіліп ауырсынуына және ауырсыну арқаға берілетіне шағымданады. Әуелі жүрек айну сосын жеңілдік әкелмейтін запыран құсқанын айтады. Ауырсыну майлы тамақ және ішімдік қолданғаннан кейін пайда болғанын айтады. 3 жыл бұрын аппендицитке байланысты операция болған. Объективті: тері көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт түсті.Пульс 90 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.сбб.,іші керілген, эпигастриде және оң жақ қабырға аймағында ауырсынады. Кера, Мейо-Робсон және Воскресенский симптомдары оң мәнді. Қан анализінде: лейкоцит 12*10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ., Вольгемута бойынша зәр диастазасы 530ед., қандағы қант 6,5 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз? Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ішіндегі ең негізгісін атаңыз? (2)

A. спирт- новокаинмен блокада жасау

B. жедел холецистит

C. хирургиялық ем

D. лапароскопия

E. ингибиторлармен емдеу

F. жедел панкреатит

G. склероьерапия

H. пиявкамен емдеу.

72. 62 жастағы науқас ЖТД-не желдің ұстамау сезіміне, дефекация актісі кезінде тік ішектің аздаған бөлігінің шығуына, қолмен қайта орнына салған сәтте тез игерілетініне шағымданады. Науқас ауруын жас кезінде парапроктитпен ауырғанымен байланыстырады. Хирургка қаралмаған. Объективті: науқас мәжбүрлі қалыпта тұрған сәтте тік ішектің кілегей қабаты "конус" тәрізді болып шығады. Күш түскен сәтте анустың кіре беріс аймағынан іріңді бөліністер бөлінеді. Саусақ арқылы пальпацияда сфинктер босаңсыған, қолғапта нәжіспен араласқан ірің байқалады. Диагнозды нақтылау мақсатында қандай тексеру әдістерін жүргізген дұрыс? Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ішіндегі ең негізгісін атаңыз? (2)

A. фистулография

B. ректопексиямен

C. микроклизма

D. іш қатудың алдын-алу

E. склерозирлеуші терапия

F. отыратын ванна қою

G. ректороманоскопия

H. антибактериальды ем.

73. 27 жастағы науқасты 2 сағаттан бері эпигастрий аймағының ауырсыну шағымына байланысты туыстары емханаға дәрігердің қабылдауына жеткізді. Анамнезінде 12 ішектің жара ауруы, емін уақытылы алмаған. Объективті: іші қатайған, пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг, Мендель, Дефанс симптомдары оң мәнді. ЖТД перфорацияға күманданып, жалпы шолу рентгенографиясын жасауды ұсынды. Рентгенограммада суретінен не күтесіз? Тағы қандай қосымша зерттеу әдістерін жасаған дұрыс? (2)

A. оң жақ диафрагмада қараю бейнесін

B. гастропоз

C. 12 ішектің

D. "Клойбер" тостағаншаларын

E. іш қуысында сұйықтыңтың болуын

F. "Клойбер" тостағаншаларын

G. жалпы қан және зәр анализін

H. магнитті-резонансты томографияны

74. 37 жастағы С.есімді науқас ЖТД-ге дефекация актісі кезінде аурсынуға, дене температурасының жоғарылауына шағымданып келді. Дефекация актісі кезінде қан байқалмайды. Іш қатумен зардап шегеді. Өзбетінше емделген. Науқасты қарау кезінде анус аймағы ісінген, гиперемияланаған, тері астында флуктуация белгісі байқалады. Саусақпен қару кезінде шаншып ауруды байқадыңыз. Сіздің диагнозыңыз және емдеу іс-әрекетіңіз? (2)

A. геморроидальды қуыстың ұзаруы

B. созылмалы геморрой

C. тік ішектің жарығы

D. криптит

E. жедел проктит

F. геморроидальды қуыстың тромбозы

G. оперативті ем

H. жедел тері астылық паропроктит

Наши рекомендации