Жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы көмек көрсету

Бүгінгі күндері жолдарда көптеген апаттар мен жол-көлік оқиғалары болып жатқан кезде жәбірленушілерге бірінші көмек көрсете білу маңызды болып табылады. Дұрыс көрсетілмеген көмектің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн.

Жәбірленушілердің өмірі- бірінші кезекте апат куәгеріне байланысты. Жыл сайын Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) бірнеше мың адам көз жұмып, көптеген адамдар жарақат алып, соның нәтижесінде мүгедектерге айналып жатады. Өлімге әкеп соғатын негізгі себеп ЖКӨ мен алған жарақаттар емес, ал дұрыс көрсетілмеген алғашқы көмек болып табылады. Статистикаға сүйенетін болсақ, азаматтардың: 20%- апатта ауыр жарақат алу нәтижесінде, 10%- жедел көмектің кеш келуінен, ал енді ойлаңыныздар 70%- куәгерлердің іс-әрекет етпеуінен көз жұмады. Уақытылы және дұрыс көрсетілген медициналық көмектің арқасында ЖКО зардап шеккен азаматтардың көбінін өмірлерін сақтап қалуға болады.

Әрбір адамның парызы өз бауырларына осы көмекті көрсету болып табылады. Апат куәгері болған адамдар көбіне ешқандай іс-әрекет етпейді. Өз бауырлары мен қарындастары қалай қиналып, жан тәсілім етіп жатқандарын телефон мен камераға түсіретіндері де табылады. Бірінші медициналық көмек- бұл адамдардың 70% құтқару мүмкіндігі. Бірақ адам оны дұрыс көрсете білуі керек. Бұл істе ең негізі-жәбірленушіге зиян келтіріп алмау. Қате және орынсыз іс-әрекеттер, жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына соңы ауыр болатын жағдайларға әкеліп соғады.

Клиникалық өлім кезіндегі бірінші медициналық көмек. Клиникалық өлімнің белгілерін қарастырайық. Бірінші кезекте жүрек соғысын, демалысын және санасына көңіл аудару керек. Егер олар болмай, көз қарашығы үлкейіп кетсе, адам организмінде өмірінің маңызды процестері жалғасып жататын клиникалық өлім орын алды. Және де ұйқы мен сәулелік артериялар арқасында пульсты анықтау керек. Жәбірленушіні клиникалық өлім жағдайынан шығару үшін бірінші кезекте өкпенің желдетілуін, жабық жүрек мессажын жасау арқылы қан айналымын қалпына келтіру керек.

Алғашқы көмек көрсету тәртібі:

- жәбірленушіні түзу, қатты жерге жатқызу керек;

- тілін жұтып қоймас үшін мойнының астына валик салу керек.

Жүрек қағысы болмай, демалмай жатса жүрекке массаж және жасанды демалыс жасау керек. Бір адам жасанды демалыс кезінде 2 үрлеуге 15 басу жасауына болады. Егер жасанды демалысты екі адам жасап жатса, әрбір 5 басуға 1 үрлеу жасау керек. Жоғарыда аталған әрекеттерді түзу және қатты жерде жасау керектігін естен шығармау керек. Ауа бір немесе екі секунд үрленіп, жәбірленушінің кеуде клеткасын 4-5 сантиметрге басу керектігін білу керек. Егер бала болған жағдайда кеуде 2-3 см-ге басылады. Жүрек жұмысы қалпына келгенге дейін массаж жасалады. Төменде аталған белгілер сіздің іс-әрекеттеріңіз сәтті екендігінің айғағы: жәбірленушінің көз қарашығы тартыла бастауы, ұйқы артериясында пульсация сезіле бастауы, жәбірленушінің тері жабыны қызғылт бола бастауы, жәбірленушінің өздігінен дем ала бастауы.

Қан ағуы және күйік шалуы.Жәбірленушінің жарақаттануы кезінде қан ағуы мүмкін. Қан ағулар екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сыртқы қан ағу көзге көрінсе, ішкі қан ағудың белгілері: жәбірленушінің жалпы жағдайының әлсіреуі, суық тер, қол-аяқ тері жабындарының ағаруы, есінен тануы және т.б. Сыртқы қан ағу болған жағдайда: қан қою қызыл болып үзіліссіз шашырап ақса- бұл венозды қан ағу, бұл кезде жара бетіне тығыз орама тарту керек. Егер қан ашық түсті болып пульсациялы қатты ағыспен ақса- бұл артериалды қан ағу, бұл кезде жәбірленушінің зақымданған тамырын саусақпен басып тұрып тығыз орама тарту керек (егер қан тоқтамаса бір сағатқа жгут тарту керек). Егер тері жабыны зақымдалып қан ақса- тығыз орама тарту керек.

Сүйек сынуының белгілері болып дене аумақтарының қатты ауыруы, ісінуі және деформациясы болып табылады. Егер ашық сыну болса сүйек жарақат орнынан шығып көрінуі мүмкін. ЖКО жәбірленушінің сүйектерінің сынуы болған жағдайда оған ауруды басатын дәрі беріп, жараны өңдеп шинаны дұрыс салу керек.

ЖКО кезінде дұрыс көрсетілген алғашқы медициналық көмек жәбірленушінің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Павлодар облысы ТЖД

Павлодар қаласы ТЖБ

АҚТ офицері

Майор Е.З. Касимов

Наши рекомендации