Жедел бронхит. Пневмония. Балалардағы ерекшелік.

#1

! Науқас 24 жаста. Ауруы жедел басталған, қалтырау, бас ауруы, темп. 39 С дейін көтерілген. Таңға қарай жөтел мен тыныс алғанда пайда болатын ауру сезімі мазалаған, температура сақталған. Ауруы басталардан бұрын салқындап қалған. Объективті: ернінде герпестік бөртпе. Оң жақ беті қызарған. ТАЖ 25р/мин. Пульс 96р/мин.АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Қарап тексергенде оң жақ кеуде бөлігі тыныс алудан қалып қояды. Дауыс дірілі оң жақ жауырынасты аймағында кұшейген, перкуторлы дыбыс сол аймақта қысқарған. Тынысы оң жағында - бронхиальді, крепитация. Сол жағында –везикулярлы тыныс.,

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. демікпелік статус

B. жедел респираторлы вирусты инфекция

C. созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы

D. жедел бронхит, орташа ауырлықта

E. бронхиальді астма, ауыр персистирлеуші ағымы

F. + ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы

#2

!Қыз бала 13 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, төс артында кеудені басып, қысып тұрған тәрізді сезім. Дене температурасы 37,5°С. Ауруы суық тигеннен кейін басталып, 3 күнге созылған. Аускультацияда везикулярлы тыныс, дем шығаруы ұзарған. Құрғақ сырыл естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. бронх демікпесі

B. созылмалы бронхит

C. +жедел бронхит

D. құпғақ плеврит

E. пневмония

#3

!Науқас Б., 80 жаста. Шағымы: дене температурасының 39,3º С дейін көтерілуі,бас ауруы, әлсіздік. Ауруы жедел басталған, ауруханаға түсерден бір күн бұрын тамаққа шашалып қалғаннан кейін қатты жөтелген. ЛОР-дың кеңесінде болған: патология жоқ.Кеуде торының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. пневмококкты пневмония

B. стафилококкты пневмония

C. Фридлендер пневмониясы

D. +аспирациялық пневмония

E. паракарциноидтық пневмония

#4

!60 жасар науқас алкоголдік мастану жағдайында жоғары температура мен тұтқыр қою-қоңыр түсті қақырықты жөтелмен табылды. Шағымы: ентгу, айқын жалпы әлсіздік, кеудедегі ауру сезімі, қалтырау. Жалпы жағдайы ауыр. Оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс естілмейді, ылғалды ірікөпіршікті сырыл бар. ТАЖ 24 р/мин, АҚҚ 90/60мм.сбб, ЖСЖ 120 р/мин.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. өкпе абсцесі

B. экссудативті плеврит

C. +оң жақтық крупозды пневмония

D. аспирациялық пневмония

E. жедел респираторлы синдром

#5

!Науқас К., 15 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, ентігу, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік. Аталған шағымдары ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін пайда болған. Температурасы 38,7 С. ТАЖ 22 р/мин. Өкпе аускультациясында: құрғақ ысқырық тәрізді сырыл естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

A. оң жақ төменгі бөліктік пневмония

B. +жедел бронхит

C. жедел плеврит

D. өкпе туберкулезі

E. бронхиальді астма

#6

!Отбасылық дәрігер науқаста қалтырау, әлсіздік, көп тер бөліну, кеуде торының оң жағында ауру сезімі, қоңыр, иісі жағымсыз қақырық бөлінуі, ентігу шағымдары бойынша үйге шақырылды. Анамнезінен: алкоголь ішкен соң далада ұйықтап қалып ауырған. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: науқас жағдайы ауыр, акроцианоз, ентікпе, тамақтануы төмен, күтімі жоқ,кеуде торының оң жағында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар, перкуссияда жоғарғы оң жақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы.

Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?

A. бөлімшелік терапевтті үйге шақыру, метрогил инъекциясын жасау

B. +жедел жәрдем машинасын шақырту және шұғыл ауруханаға жатқызу

C. стационарды үйде орналастыру және күнделікті медбикенің қарауы

D. кефзол 1 г тәулігіне б/е, гентамицин б/е, гемодез к/ітамшылатып

E. ампициллин 2 грамм тәулігіне, кордиамин, сульфокамфокаин инъекциясы

#7

!Науқас 58 жаста. Бронхоэктаздық ауруымен, қызбамен оң жақ бүйірімен жатқанда көп мөлшерде іріңді, иісі жағымсыз қақырық бөлінуіне шағымданады.

Аталғандардың қайсысы тиімді болып табылады?

A. микротрахеостома салу

B. емдік бронхоскопия, постуральді дренаж

C. бронхоөкпелік лаваж, санаторно-курорттық ем жылына бір рет

D. жүйелі глюкокортикостероид, қақырықтүсіргіштер, ұзақ әсерлі бета 2 агонисттер

E. + кең спектрлі антибиотиктер, қақырықтүсіргіш және бронхолитикалық заттар

Жауап эталондары

Наши рекомендации