Каз Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру

вариант 2

$$$001

35 жасар 30-31апталық жүкті әйел 30 минут бойы қағанақ суының кетуіне шағымданып жедел жәрдем көлігін шақыртты. №764 аймақтандыру бұйрығына сәйкес осы жүкті әйел қандай деңгейлі стационарға жатқызылуы тиіс:

А) I деңгейлі

В) II деңгейлі

С) III деңгейлі

D) IV деңгейлі

E) V деңгейлі

$$$002

Дәлелденген ұсынысқа сәйкес антенаталды скрининг жүргізуде жүкті әйелді әрбір қаралу кезінде ең нақты жүргізілетіні:

A) Ұрықтың жүрек соғысын аускультациялау

B) Жүкті әйелдің салмағын өлшеу

C) Жалпылама пельвиометрия жасау

D) Ұрықтың қозғалысын санау

E) АҚ өлшеу

$$$003

Әйелді алдын-ала қарау жүргізуде қосымша зерттеу әдісі

A) Әйелден сұрақ-жауап алу

B) Сүт безін қарау және пальпация

C) Жатыр мойнын айнамен қарау

D) Цитологиялық зерттеуге жағынды алу

E) Маммография

$$$004

Жүктілік, туу және босанудан кейінгі кезеңмен байланысты ана өлімшілдігінің басты себебі:

A) Акушерлік сепсис

B) Акушерлік қан кету

C) Экстрагениталді патология

D) Қағанақ суының эмболиясы

E) Преэклампсия, эклампсия

Каз Босану клиникасы вариант 2

$$$001

Босану бөліміне жүктілер патологиясы палатасынан жасар қайта босанушы жүкті әйел босану қызметінің басталуына байланысты ауыстырылды. Жүктілер патологиясы палатасында 5 күн болды. Диагнозы: Жүктілігі 39 апта. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. Ауыстырған кезде АҚ 140/95 мм сб.бб., зәрінде белок 1,32 г/л. І кезеңнің басында дәрігердің ең ықтималды тактикасы?

A) Амниотомия

B) Босануды аурусыздандыру

C) Гипотензивті терапия

D) Оксигенотерапия

E) Динамикада қарау

$$$002

Босанушы әйелде ұрықтың болжамалы салмағы 4500,0 гр. Вастен белгісі оң, төменгі сегменті толғақтан тыс пальпация кезінде ауырсынады, контракциондық сақина кіндік деңгейінде. Қынаптық тексеруде: толық ашылған, жатыр мойны жиектері ісінген. Басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ең ықтималды диагноз:

A) Босанудың II кезеңі. Ірі ұрық. Шамадан тыс босану қызметі.

B) Босанудың II кезеңі. Ірі ұрық. Дискоординирленген босану қызметі.

C) Босанудың II кезеңі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылу қаупі.

D)Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық.Жатыр жыртылуының басталуы.

E) Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Жатыр жыртылуы.

$$$003

Қайта босанушы әйел жүктілік мерзімі 38 апта, түскен кезде ұрық қозғалғанда күшейетін ішінің төменгі бөлігінде тұрақты ауру сезіміне шағымданады.

Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар тілігі жасалынған. Жатыры қалыпты тонуста.

Операциядан кейінгі тыртық аумағын пальпациялағанда ауру сезімі күшейеді. Ең ықтималды диагнозы:

A) Жүктіліктің 38 аптасы. Жатыр тыртығы. Ай толғақ.

B) Жүктіліктің 38 аптасы. Жатыр тыртығы. Қалыпты орналасқан плацентаның

мерзімінен бұрын сылынуы.

C) Жүктіліктің 38 аптасы. Жатыр тыртығы. Босанудың I кезеңі.

D) Жүктіліктің 38 аптасы. Тыртық бойымен жатыр жыртылу қаупі.

E) Жүктіліктің 38 аптасы. Тыртық бойымен жатыр жыртылып басталуы.

$$$0004

Қайта босанушы, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністер бөлінуімен келіп түсті. Анамнезінде: алғашқы босануы эндометритпен асқынғын. Ұрықтың жүрек қағысы анық, 140 соққы/минутына. Қынаптық тексеру: жатыр мойны ашылуы 4 см, пла­центаның жиегі анықталады. Қағанақ қуығы бүтін. Бөлінділер қанды, аз мөлшерде. Акушердің ықтимал тактикасы:

A) Босануды консервативті жүргізу

B) Қағанақ қуығын тесу

C) Кесар тілігі операциясы

D) Босану қызметін күшейту

E) Спазмолитиктер енгізу

$$$0005

Алғаш босанушы босану қызметінің біріншілік әлсіздігіне байланысты окситоцинмен ынталандыру жүргізілді. Күшену басталғаннан 10 минуттан соң ұрықтың жүрек соғысы 100 - 90 соққы/минутына, тұйық және аритмді болды.Рv: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрық басы кіші жамбастың кең бөлігінде. Акушердің ықтимал тактикасы:

A) Акушерлік қысқыштар салу

B) Кесар тілігін жүргізу

C) Вакуум-экстракция жүргізу

D) Босанушының қалпын өзгерту

E) Окситоцинді көк тамырға енгізуді жалғастыру

$$$0006

Қайта босанушы босануда 4 сағат. Қағанақ суы 6 сағат бұрын кеткен. PV: жатыр мойнының ашылуы 5 см, көз ойығы, мұрын түбі, аузы, бет сызығы оң қиғаш өлшемде. Иегі сол жақ алдыда, мүйіске қол жетпейді. Ықтимал диагноз?

A) Босанудың I кезеңі. Қағанақ судың босануға дейін кету. Бетпен жатудың артқы түрі

B) Босанудың I кезеңі. Қағанақ судың босануға дейін кету. Бетпен жатудың алдыңғы түрі.

C) Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану қызметінің әлсіздігі

D) Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Бетпен жатудың артқы түрі

E) Босанудың I кезеңі. Бетпен жату. Босану қызметінің әлсіздігі

$$$0007

Мерзімінде алғаш босануы, 16 сағаттан бері жалғасуда. Ұрықтың болжам салмағы 3500,. Ұрықтың жүрек соғысы соңғы 30мин бері естілмейді. Бөлінділері іріңді, иісті. Дене қызуы 38С. Диагоналды конъюгата 10 см. PV: Ернеу толық ашылған. Басы кіші сегментімен кіші жамбас кіреберісінде. Ең ықтималды диагноз?

A) I дәрежелі тар жамбас. Хориоамнионит. Ұрықтың интранаталды өлімі.

B) II дәрежелі тар жамбас. Хориоамнионит. Ұрықтың интранаталды өлімі

C) III дәрежелі тар жамбас. Хориоамнионит. Ұрықтың антенаталды өлімі

D) Клиникалық тар жамбас. Хориоамнионит. Ұрықтың интранаталды өлімі

E) Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың антенаталды өлімі

$$$0008

Алғаш босанушы 28 жаста перзентханаға жүктіліктің 33 аптасында қағанақ суы кеткенен 6 сағаттан соң келіп түсті, босану қызметі басталмаған. Акушердің тактикасы:

A) 48 сағат бойы күту тактикасы,содан соң босануды қоздыру

B) 24 сағат бойы күту тактикасы, соң босануды қоздыру

C) Спонтанды толғақ басталғанша күту тактикасы

D) Түсе салысымен босануды қоздыру

E) Босану жолдарын простагландиндермен дайындау

$$$0009

Әйелге босану және босандыру кезінде өзі қалаған қалпын еркін таңдауы мынаған әкеледі:

A) Босану ұзақтығын қысқартады

B) Босану жолдарының жарақатын азайтады

C) Қан кету көлемін азайтады

D) Босануға дейін қағанақ суының кетуін болдырмайды

E) Жатыр инволюциясын жылдамдатады

$$$010

Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жағдайын бағалау үшін жүрек соғысы тыңдалады:

A) Әрбір күшенуден соң

B) Әр 5 минут сайын

C) Әр 10 минут сайын

D) Әр 15 минут сайын

E) Әр 30 минут сайын

$$$011

Перзентханаға алғаш босанушы егіз жүктілікпен 37-38 апталық мерзімде бүтін қағанақ қуығымен босану қызметісіз келіп түсті. Ұрықтар тігінен орналасқан, бастарымен жатыр. Ұрықтардың болжамалы салмақтары 2800,0 - 3000,0. Босануды ең дұрыс жүргізу жоспары:

A) Жоспарлы түрде кесар тілігі

B) Босануды консервативті жүргізу

C) Босануды стимуляциялау

D) Жедел кесар тілігі

E) Босанудың екінші кезеңінде босанудыстимуляциялау

$$$012

Плацентаның жатуына байланысты кесар тілігі операциясын жасау кезінде 1000 мл-ден көп массивті қан кетті, ең ықтимал акушердің тактикасы:

A) Простенонды миометрий қабатына енгізу

B) Б-Линч бойынша гемостатикалық тігіс салу

C) Жатырдың қынап үсті ампутациясы

D) Утеротониктерді қайта енгізу

E) Ішкі мықын артериясын байлау

$$$013

Әйелдің арқасымен жатуы ең жиі алып келуі ықтимал:

A) Бала жолдасының мерзімінен ерте сылынуына

B) Жатыр белсенділігінің төмендеуіне

C) Төменгі қуыс вена синдромына

D) Қарқынды босану қызметіне

E) Ұрықтың қауіпті жағдайына

$$$014

Алғаш босанушы мерзімінде босану қызметі басталғанан 2 сағаттан соң келіп түсті. Толғақтары 45-50 сек. бойы 1,5-2 минуттан, күшену сипатымен. Қынаптық тексеруде жатыр мойнының ашылуы толықтай, басы кіші жамбас қуысында. Босану қызметі аномалиясының қай түрі болу ықтимал?

A) Жылдам босану

B) Жатыр тетанусы

C) Қарқынды босану

D) Босану әрекетінің ілсіздігі

E) Босану әрекетінің дискординациясы

$$$015

Ерте босанғанан кейінгі кезең, қан кетуі 350 мл, қан кету жалғасуда. Жатырдың сыртқы массажынан кейін қатайды, соң тағы да босаңсып кетті. АҚ -100/60 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 90 соққы минутына. Ең ықтималды алғашқы шара?

A) Қан құю

B) Мизопростолды енгізу

C) Жатырдың сыртқы массажы

D) Окситоцинді көктамырға енгізу

E) Босану жолдарын айнамен қарау

$$$016

Босанудың бірінші кезеңінде жыныс жолдарынан қан кетудің ықтимал себебі:

A) Тромбоцитопения

B) Жатыр мойнының жыртылуы

C) Бала жолдасының толық жатуы

D) Бала жолдасының толық емес жатуы

E) Бала жолдасының мерзімінен бұрын сылынуы

$$$017

Босану үйіне жүкті әйел жеткізілді шағымдыры ішінің төменгі бөлімінедегі тартын ауру сезімі. Жүктілік мерзімі 40-41 апта. Жүкті әйелдің босануға дайын екендігін анықтау үшін ең алдымен жүргізілетін ықтимал тексеру әдісі:

A) Маммарлық тест

B) Күйзелістік емес тест

C) Қынаптық тексеру

D) Кольпоцитологиялық тест

E) Ультрадыбыстық тексеру

$$$018

Жүктілік және босану кезінде гипервентиляция күшейеді және бұл әкелуі ықтимал:

A) Гипоксия мен гипокапнияға

B) Тыныстық алкалоз бен гипоксияға

C) Тыныстық алкалоз бен гипокапнияға

D) Тыныстық алкалоз бен гиперкапнияға

E) Тыныстық ацидоз бен гиперкапнияға

$$$019

Босану кезінде регионарлық анестезияға ықтимал көрсеткіш:

A) Преэклампсия

B) АҚ жоғарылауы

C) Жатыр мойнының дистоциясы

D) ДЭК-дан кейін жатыр мойны жағдайы

E) Босанушы әйелдің тынышсыздануы мен қатты ауру сезімінің болуы

$$$020

Кесар тілігі кезінде амниондық эмболия дамуының ең ықтималды себебі:

A) Жатыр атониясы, жоғары дозада утеротониктер енгізу

B) Жатрыды аса қатты басу, жоғары дозада утеротониктер енгізу

C) Жатрыды аса қатты басу мен жатыр гипотониясы

D) Тар операциялық тіліктен нәрестені қиын түрде шығару

E) Операция кезінде айқын гиповолемия болуы

$$$021

Қағанақ суымен эмболия симптомы дамыған кезде көрсетілетін ең ықтималды жедел адғашқы көмек:

A) Адреналин 0,5 мг/кг

B) Преднизолон 420-480 мг

C) Эуфиллин 20 мл

D) Рефортан 500 мл

E) Супрастин 40 мл

$$$022

Босанушы 22 жаста, 4200 г салмақты нәресте босанды, ұрық туылғаннанкейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Босану жолдарын қарағанда қынаптың артқы күмбезінде ладьевидной ойық және аралық аймағында жыртылу байқалды. Мүмкін болатын диагноз:

A) Қынатың жыртылуы I дәрежесі

B) Аралықтың жыртылуы IIдәрежесі

C) Аралықтың жыртылуы III дәрежесі

D) Аралықтың жыртылуы I дәрежесі

E) Қынаптың жыртылуы IIдәрежесі

$$$023

Босанушы 22 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты. Ұрықтың болжам салмағы 3000,0. Босанудың II кезеңі. Жамбаспен жату, таза-жамбастық, жамбасы жамбас түбінде. Кезекті күшенуден кейін іштің ауру сезімі,жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Ұрықтың жүрек соғысы 180 соққы/минутына, ретті. Мүмкін болатын акушерлік тактика:

A) Кесар тілігін жүргізу

B) Акушерлік қысқыш салу

C) Цовьянов әдісін қолдану

D) Ұрықтың шап бүгілген жерінен экстракция жүргізу

E) Классикалық әдіс қолдану

$$$024

Жүктіліктің 29-30 аптасында босану. Аяқта, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісік, зәрде ақуыз 4 г/л, АҚ 190/100 мм рт. ст. Кенеттен бас ауруы, козі көрмей қалды. PV: жатыр мойны ашылуы 8 см. Қағанақ қуығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Мүмкін болатын тактика:

A) Амниотомия

B) Акушерлік қысқыш

C) Кесар тілігі

D) Окситоцинмен ынталандыру

E) Ұрықтың вакуум-экстракциясы

04_01_03 каз Жүктілер патологиясы вариант 2

$$$001

Жүктіліктің қай мерзімінде туберкулездің дамуы және өршуіне қауіпті кезең болып табылады:

A) 12 аптасына дейін

B) 12-20 аптасында

C) 22-24 аптасында

D) 26-32аптасында

E) босанар алдында

$$$002

Жүктілік кезіндегі вирусты гепатит В ағымының ерекшеліктері:

A) Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы

B) Айқын интоксикация

C) Буындардағы ауру сезімі және уртикарлы бөрітпе

D) АСТ және АЛТ көрсеткіштерінің жоғарлауы

E) ЖРВИ белгілері

$$$003

Гипотиреоздағы мүмкін болатын клиникалық өзгерістер:

A) Тырнақтардың сынғыштығы,шаштың түсуі

B) Тежелу, дауыстың қырылдауы , шаштың түсуі

C) Сөздің баяулауы, іш қату, белсенділіктің баяулауы

D) Брадикардия, гипотония, терінің құрғауы, сөздің баяулауы

E) Ақыл есінің төмендеуі, брадикардия

$$$004

Босану үйіне жүктіліктің 24 аптасында дене қызуының 38,5С дейін жоғарлауы, бел аймағында ауру сезімге шағымданып келді. Көрсетілген шағымдар алғаш рет. Объективті: соққылау симптомы бірден ауру сезімді. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. ЖЗА – протеинурия, лейкоцитурия. Мүмкін болатын диагноз:

A) Жүктіліктің 24 аптасы. Несеп – тас ауруы

B) Жүктіліктің 24 аптасы. Созылмалы гломерулонефриттің асқынуы

C) Жүктіліктің 24 аптасы. Созылмалы пиелонефриттің асқынуы

D) Жүктіліктің 24 аптасы. Гестационды пиелонефрит

E) Жүктіліктің 24 аптасы. Гломерулонефрит, нефротикалық түрі

$$$005

Әйелдер кеңесінде тіркеуде тұратын жүкті әйелде эндемиялық эутиреоидты зоб анықталды. Төменде берілген емнің қай түрі анықталған?

A) Калий йодиді 200 мкг тәулігіне 6 ай бойы

B) Калий йодиді 200 мкг тәулігіне 1,5 - 2 жыл бойы

C) Левотироксин натрий 100-150 мкг тәулігіне 6 ай бойы

D) Левотироксин натрий 100-150 мкг тәулігіне 1-1,5 жыл бойы

E) Левотироксин натрий 100 мкг + калий йодиді 200 мкг 6 ай бойы

$$$006

Жүкті әйел жүктіліктің 35-36 аптасы, босану әрекетінсіз, қағанақ суы кеткен сәттен 2 сағаттан кейін келіп түсті. Жүкті әйел жағдайы қанағаттанарлық. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті 136 минутына. Қағанақ суы ашық түсті , аз мөлшерде, иіссіз. Мүмкін болатын акушерлік тактика:

A) Жүктілікті толғақ басталғанға дейін жалғастыру

B) Эритромицин фонында жүктілікті жалғастыру

C) Босану әрекетінің индукциясы окситоцинмен

D) Босану әрекетінің индукциясы окситоцинмен 48 сағаттан кейін

E) Босану әрекетінің индукциясы окситоцинмен 24 сағаттан кейін

$$$007

Әйелдер кеңесі қабылдауында жүкті әйелде жүктіліктің 30 аптасы мерзімінде АҚ 160/80 мм.рт.ст дейін көтерілді. Ең ықтимал болатын себебі?

A) Гипертониялық ауру

B) Преэклампсия

C) Созылмалы гломерулонефрит

D) Созылмалы пиелонефрит

E) Нейроциркуляторлы дистония

$$$008

Жүктілердегі созылмалы гломерулонефриттің түрлік ағымы:

A) Аралас

B) Гипертониялық

C) Нефротикалық

D) Латентті

E) Айқын клиникалық көріністермен

$$$009

Көбінесе жүктілерде болатын анемияның түрі:

A) Мегалобластикалық гиперхромды анемия

B) Темір тапшылықты гипохромды анемия

C) Гипопластикалық анемия

D) Гемолитикалық анемия

E) Апластикалық

$$$010

Бүйрек ауруының келесі түрінде жүктілікті жалғастыруға болады:

A) Гестационды пиелонефрит

B) Гломерулонефрит, аралас түрі

C) Пиелонефрит жалғыз бүйрек

D) Пиелонефрит, гипертензиямен өтетін

E) Пиелонефрит преэклампсияның жеңіл дәрежесімен қосылған

$$$011

Алғаш жүкті С. 33 жаста. жүктіліктің 35 аптасымен балтырда ісіктің болуымен стационарға келіп түсті. АҚ – 140/90 мм сб бб, 130/90 мм сб бб, зәрде ақуыз 1,0 г/л. Қынаптық қарауда «жетілу үстіндегі жатыр мойны». Қандай ең ықтимал жүргізу тактикасы:

A) Индуцирленген босануға ауыстыру

B) Гипотензивті терапияны жүргізу

C) АҚ, пульс, диурез, зәріндегі ақуызды бақылау

D) Әйел ағзасын босануға дайындауды бастау

E) Магнезиалды терапияны жүргізу

$$$012

Артериальді гипертензияның емінің нәтижелігінің информативті критериі

A) Диурездің қалпына келуі

B) АҚ тұрақтануы

C) Ұрықтың өсуінің динамикада оң болуы

D) Криздердің санының азаюы

E) Жағдайының жақсаруы

$$$013

Амниотикалық сұйықтықтың өніміне ең ықтимал қатысады:

A) Ұрықтың өкпелік тіні

B) Амниотикалық эпителий

C) Ана қанының плазмасы

D) Ұрықтың бүйректері

E) Ұрықтың зәрі

$$$014

Ұрық жұмыртқасының дамуының ең ықтимал критикалық кезеңі:

A) Ерте органогенез

B) Имплантация

C) Ерте эмбриогенез

D) Феталді кезең

E) Морула стаысы

$$$015

Ұрықтың көлденең жатуында мүмкін болатын асқыну:

A) Мерзімінен бұрын босану

B) Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі

C) Асқынған көлденең жатуы

D) Кіндік бауының түсуі

E) Ұрықтың ұсақ ағзаларының түсуі

$$$016

Жүктіліктің 1 триместрінде гестациялық пиелонефрит кезінде қолданатын ең ықтимал антибактериалды препараттар:

A) Аминогликозидтер

B) Макролидтер

C) Нитрофурандар

D) Жартылай синтетикалық пенициллиндер

E) Фторхинолондар

$$$017

Ревматикалық ақауы бар жүкті әйелдерде акушерлік тактика анықталады:

A) Қан айналу бұзылысының дәрежесіне

B) Ақау дамуының түрі мен сатысына

C) Ревматикалық үрдістің белсенділігіне

D) Өкпе гипертензиясының дәрежесіне

E) Жүрек ырғағының бұзылысына

$$$018

Мүмкін болатын жүректің туа пайда болған ақауының келесі түрінде жүктілікті жалғастыруға болады:

A) Жүрекшеаралық перденің төмен орналасқан ақауы

B) Жүректің туа пайда болған ақауының толық емес хирургиялық коррекциясы

C) Аорта коарктациясының I дәрежесі

D) Операциядан кейінгі ашық артериалды тармақ

E) Жүрекшеаралық перденің кіші бөлек ақауы

$$$019

Жүктілік кезінде бронх демікпесінің мүмкін болатын асқынуы:

A) Ерте токсикоз

B) Гипертензиялық жағдай

C) Мезгілінен бұрын босану

D) Жүктіліктің үзілу қаупі

E) Аз салмақты нәресте босану

$$$020

Өкпе туберкулезі кезінде жүктілікті үзуге ең ықтимал көрсеткіш:

A) Алдыңғы жүктілік уақытында өршу

B) Өкпеде таралған деструктивті үрдіс

C) Менингиттен кейін 2 жылдан кейін жүктіліктің болуы

D) Милиарлы туберкулезден кейін 2 жылдан кейін жүктіліктің болуы

E) Қосарлы қант диабетінің болуы

$$$021

Жүктілік кезінде қант диабетінің мүмкін болатын асқынуы:

A) Көп сулық

B) Көтере алмаушылық

C) Ұрықтың макросомиясы

D) Зәр шығару жолдарының инфекциялары

E) Ұрықтың антенаталды өлімі

$$$022

Жүктіліктің 15-16 апталық мерзімінде сүйекте, бұлшықетке, бел аймағында ауру сезімі, жүрісінің өзгеруі, жамбас сүйектерінің, қасаға сүйегінің ауру сезім.

Мүмкін болатын диагноз:

А) Белді радикулит

B) Cимфизиопатия

C) Остеопатия

D) Остеохондроз

E) Жүктіліктің үзілу қаупі

04_01_04 каз Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы және патологиясы вариант 2

$$$001

Босанғаннан кейін эндометрий құрылымының физиологиялық қалпына келуі қанша уақытта :

A) 10–15 күнде

B) 6–8 аптада

C) 4–5 аптада

D) 2–3 аптада

E) 9–10 аптада

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК МЗ РК по акушерству и гинекологии. Алматы, 2010 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

Сазонов-Бартельс бойынша босанудан кейінгі кезеңде инфекцияның таралуы жіктеледі:

A) Босанғаннан кейінгі эндометрит, босанудан кейінгі жара

B) Метрит ,прогрессірленген тромбофлебит

C) Параметрит , пельвеоперитонит

D) Параметрит , босанудан кейінгі жара

E) Босанудан кейінгі жара, сепсис

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Акушерство под редакцией академика РАМН Г.М.Савельевой, М. «Медицина», 2000г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

Босанудан кейінгі кезеңде жатырдың бұрынғы қалпына келуінің қолайлы уақыты:

A) 8 апта

B) 10 апта

C) 16 апта

D) 20 апта

E) 22 апта

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК МЗ РК по акушерству и гинекологии. Алматы, 2010 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

Босанушы Л., 30 жаста, кесар тілігі операциясынан кейінгі 5-ші тәулік. Шағымдары: операциядан кейінгі жара орнының ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы 38,50С дейін. Status localis: тігістің гиперемиясы және ісінуі, жағымсыз иісті сары-сұр түсті аз мөлшерде бөлінділер. Операциядан кейінгі жара аймағының мүмкін болатын маңызы бар манипуляция:

A) Тігістің 1-2 алу, жара ревизиясы,антисептиктермен санация

B) Барлық тігісті босату, антисептиктермен санация, жараны ашық қалдыру

C) Тігісті алу, жараның жиектерін ашу, трипсинмен санация

D) Тігіс араларына түтік орнату, жараға антибиотик енгізу

E) Контрапертуралық тілік орнату, жараны дренирлеу

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Акушерство под редакцией академика РАМН Г.М.Савельевой, М. «Медицина», 2000г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

Лактацияны басуға мүмкін болатын көрсеткіш:

A) Анасының экстрагенитальді ауруы

B) Сүт безінің тыртықтық өзгерісі

C) Нәрестенің ауыр жағдайы

D) Іріңді мастит

E) Босанудан кейінгі эндометрит

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Акушерство под редакцией академика РАМН Г.М.Савельевой, М. «Медицина», 2000г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

3 тәулікте 23 жастағы науқас температурасы 38,5С, сол жақ сүт безінде ауру сезім,әлсіздікке шағымданды.Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ сүт безі сыртқы-жоғарғы квадрантыы гиперемирленген, тығыздалған, ауру сезімді.Жалпы қан талдауы: лейкоциттер-13000,Hb-120г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭШМ 35 мм/ч дейін. Мүмкін болатын диагноз:

A) Лактостаз

B) Серозды мастит

C) Инфильтративті мастит

D) Іріңді мастит

E) Инфильтративті -іріңді мастит

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Акушерство под редакцией академика РАМН Г.М.Савельевой, М. «Медицина», 2000г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

04_01_05 каз Жаңа туған нәрестелер физиологиясы мен патологиясы вариант 2

$$$001

Бала туылғанда мекониалді сумен аспирацияға ұшырауының ең ықтималды себебі:

A) Брадикардия

B) Қанды шунттау

C) Ятрогенді фактор

D) Өкпе созылмалылығының төмендеуі

E) Тыныс қозғалысының белсенділігінен

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Интегрированное ведение беременности и родов, «Уход во время беременности, родов, послеродового периода, уход за новорожденным: руководство для клинической практики», ВОЗ, Женева, 2003 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

Жетіліп туылған бала, салмағы 2.800,0 гр., бойы - 47 см., өмірінің 4-ші күні терісінің аздап сарғыштануы байқалды. Анасында - А(II) қан тобы, резус- оң, балада- В(Ш) қан тобы, резус-теріс. Бала белсенді емеді, рефлекстері жақсы. Қан анализінде: Эр.-4,2х1012/л, жалпы билирубин - 98 ммоль/л, тікелей емес 78ммоль/л. Сіздің диагнозыныз:

А) Пренаталді ұрық гипотрофиясы

В) Гипербилирубинемия

С) Физиологиялық сарғаю

D) АВО сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

Е) Резус-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Интегрированное ведение беременности и родов, «Уход во время беременности, родов, послеродового периода, уход за новорожденным: руководство для клинической практики», ВОЗ, Женева, 2003 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

Бастың жасанды ротациясы, йық белдеуінің бекітілу нүктесінде қайсы ең ықтималды келесі ұрықтың туу жарақаты кездеседі:

А) Бұғананың сынуы

B) Білек сынығы

C) Омыртқа жарақаты

D) Иықтың сынуы немесе шығуы

E) Мишықтан бөлінген жағынды

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Интегрированное ведение беременности и родов, «Уход во время беременности, родов, послеродового периода, уход за новорожденным: руководство для клинической практики», ВОЗ, Женева, 2003 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

Жетілген ұрықтың айқын белгісі:

А) Құлақ қалқаны серпімді

B) Бала бойы 48 см және одан да жоғары

C) Тері асты май қабаты жақсы дамыған

D Ер балада аталық безі ұмаға түскен

E) Кіндік сақинасы семсер өсіндісі мен қасаға сүйек ортасында

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Интегрированное ведение беременности и родов, «Уход во время беременности, родов, послеродового периода, уход за новорожденным: руководство для клинической практики», ВОЗ, Женева, 2003 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

Жаңа туған баланың тыныс алу белгілері жоқ, цианозы, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі 90 рет минутына, қолы мен аяғы салбырап тұр. Ең ықтималды болжама диагноз:

А) Ұрықтың дистресі

B) Орташа дәрежелі асфиксия

C) Ұрықтың критикалық жағдайы

D) Ауыр дәрежелі асфиксия

E) Бас миының ишемиялық зақымдануы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Интегрированное ведение беременности и родов, «Уход во время беременности, родов, послеродового периода, уход за новорожденным: руководство для клинической практики», ВОЗ, Женева, 2003 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

Нәресте туылғаннан кейін бірден жыламады, тері жамылғысы сұрғылт, тынысы әлсіз, жүрек соғысы минутына 80 рет, бұлшық ет тонусы босаң. Қандай шара ең алғаш жүргізілуі тиіс ?

A) Баланы құрғату, сәулелік жылу астына дұрыс орналастыру

B) Алдымен ауыз қуысынан, сосын мұрын қуысынан резеңке баллон көмегімен құрамды сорып тазарту.

C) Сәбидің арқасы мен табанына қолмен тактильді стимуляция жүргізу

D) Кеңірдек интубациясы және тыныс жолдарынан құрамды сорғызу

E) Нәрестені анасының кеудесіне жатқызу, әбден құрғата сүртіп оттегімен қамтамасыз ету

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Интегрированное ведение беременности и родов, «Уход во время беременности, родов, послеродового периода, уход за новорожденным: руководство для клинической практики», ВОЗ, Женева, 2003 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

04_05 каз Анестезиология және реанимация вариант 1

$$$001

Наши рекомендации