Жедел тыныс жеткіліксіздігі, балалардағы ерекшеліктер.

#1

!Жедел тыныс жетіспеушілігіне әкелетін себептер

A. жүйелі қызыл жегі

B. ревматоидты артрит

C. жедел коронарлы синдром

D. +наркотикалық заттармен улану

E. вертебро –базиллярлы жеткіліксіздік

#2

!тыныс жетіспеушілігінің клиникалық белгілері

A. тырысулар

B. гипертермия

C. тері жабындысының гиперемиясы

D. бірден болған гипотония, тахикардия

E. +тері жабындыларының цианозы, ентігу

#3

! Жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесіне тән емес белгі

A. қозу

B. қатты тер

C. +терінің дақты цианозы

D. артериальді гипертензия

E. тыныс алу жиілігі минутына 40

#4

! Жедел тыныс жетіспеушілігінің өмірге қауіпті белгілері

A. тері қабатының гиперемиясы

B. жыпылық аритмиясы, цианоз

C. +минутына 40 –тан астам ентігу, сопор

D. гипертермия, гиперсаливация, тырысулар

E. қарыншалық тахиаритмиялар, гипотермия

#5

!Кеңірдек интубациясына көрсеткіш

A. тұншығу ұстамасы

B. тыныштықта ентікпе

C. кеуде торында ауру сезімі

D. физикалық жүктемеден соң ентігу

E. +ентікпе минутына 40 рет , апное

#6

!Жедел тыныс жеткіліксіздігінің ерте белгісіне жатады?

A. мойын көк тамырының ұлғаюы

B. диффузды цианоз

C. тахикардия

D. тұншығу

E. +ентігу

#7

!32 жастағы пневмониясы бар науқас жағдайы нашарлап ентікпе күшейді, науқаста қозу, қатты тер, тері жамылғысының цианозы. Тыныс алу жиілігі 35-40, тыныс алуға қосымша бұлщық еттер қатысуда, ЖЖЖ минутына 120—140 рет, артериальді гипертензиясы өршуде.

Төменде аталған асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

A. сепсис

B. өкпе абсцессі, плевраның эмпиемасы

C. инфекционді токсикалық шок

D. +жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі

E. жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІІ дәрежесі

#8

!60 жастағы науқас. Мас күйінде табылды, жоғары қызба, жөтел бар. Қара-қоңыр тұтқыр сұйықтық бөлінділерімен табылды.

Шағымдары. Ентігуге, жалпы әлсіздікке, кеуде тұсында ауру сезіміне, қалтырауға шағымданады. Науқастың жағдайы ауыр. Өкпенің сол жақ оң жақ бөлігінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар, ТЖ 30, АҚ 140\70, ЖЖЖ 120 рет мин.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. өкпе абсцессі.

B. эксудатты плеврит.

C. жедел респираторлық синдром.

D. +оң жақтық крупозды пневмония, ТЖ I дәрежесі.

E. ауыр ағымды аспирациялық пневмония ТЖ II дәрежесі.

#9

!Науқас Н. 42 жаста, ауаның жетіспеуіне, ентікпеге, әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінен: 3 жылдан бері бронх демікпесімен ауырған. Өз уақытысында емделмеген. Жедел жәрдемді тұншығу ұстамасы болғанда шақырады. Науқас есі анық, мазасыз (эйфория). Тері қабаты бозарған, ылғалды, әлсіз акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі 25-30/мин, ЖЖЖ - 110 мин, АҚ 130/70 с.б.б.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. созылмалы бронхит өршу сатысы

B. ауруханадантыс пневмония, орта ауырлық дәрежесі, ТЖ І

C. бронх демікпесі, орта персистирленгенағымды,ТЖ II

D. + бронх демікпесі, ауыр персистирленген ағымды, ТЖ I

E. өкпенің созылмалы обструктивтіауруы, ауыр ағымда

#10

!Науқас 27 жаста. Шағымы: ентікпе, қозу,бас айналу. Анамнезінен: көршілері бос дифенгидраминдың ампулаларын тауып жедел жәрдем шақырған. Объективті: науқас қозған, көз қарашықтары кеңейген, тері қабаттары ылғалды, цианоз. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 25 \мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ 140\мин. АҚ 130/80 с.б.б.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. белгісіз умен жедел улану, ЖТЖ ІІ дәрежесі

B. жедел наркотикалық заттармен улану, ЖТЖ ІІ дәрежесі

C. ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағым ЖТЖ ІІ дәрежесі

D. + антигистаминді препараттармен жедел улану, ЖТЖ І дәрежесі

E. жедел фосфорорганикалықбайланстармен улану, ЖТЖ ІІІ дәрежесі

#11

!Науқас 60 жаста. Анамнезінде: Ес түссіз саябақтан табылған, қасында ингалятор Бередуал жатыр. Обьективті: жағдайы өте ауыр, науқас комалық жағдайда. Дене бітімі астеникалық, кеуде торы эмфизематозды. Терісінде дақты цианоздар байқалады. Көз қарашығы кеңейген, тынысы беткей – ТАЖ минутына 40 -тан асады. Пульс аритмиялық жиі, қолға әлсіз сезіледі. АҚ 70\30 мм.сб.б. құрсақ қуысы жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыры ұлғаймаған.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. бронх демікпесі, демікпелік статустың 1-дәрежесі, ТЖ III дәрежесі.

B. ЖИА. инфарктан кейінгі кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісігі

C. екі жақты ауруханадан тыс пневмония, орташа ауырлық дәрежелі ТЖ – 1-дәрәжесі

D. ауру сезімінсіз екі жақты пневмония, ауыр дәрежесі, ЖТЖ 2-дәрежесі

E. +өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ауыр ағымды, ЖТЖ 3-дәрежесі

#12

!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

A. вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит

B. демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі

C. +жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2

D. созылмалы обструктивті бронхит өршуі

E. ауруханадан тыс пневмония

#13

!ЖЕДЕЛ ТЫНЫС ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ ЕРТЕ БЕЛГІЛЕРІ:

A. тұншығу

B. + ентігу

C. гипотермия

D. +тахикардия

E. диффузды цианоз

F. мойын веналарының ісінуі

#14

!ЖЕДЕЛ ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІШІГІНІҢ ІІ ДӘРЕЖЕСІНЕ ТӘН ЕМЕС БЕЛГІЛЕР

A. тұншығу

B. +ентігу

C. гипотермия

D. +тахикардия

E. диффузды цианозы

F. мойын көктамырларының ісінуі

#15

!ЖІТІ ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ДАМУЫ МҮМКІН

A. диареяда

B. +пневмонияда

C. гипертермияда

D. гипогликемияда

E.+демікпелік статуста

F. озылмалы алкоголизмде

Жауап эталондары

 
D
E
C
C
E
E
D
D
D
D
E
C
B,D
B,D
B,E

Наши рекомендации