Обьективті тексеру. Қарау.

Дәрістің тақырыбы:Қан түзу ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру тәсілдері.Негізгі белгілері.Тексеру тәсілдері.Лабораториялық және аспаптық тексерулер.

Дәрістің жоспары:

1. Сұқбаттасу тәсілі.

2. Көк бауыр ( талақ) ауруымен науқас шағымдары.

3. Обьективті тексеру. Қарау.

4. Қан жүйесі ауруларын зертханалық зерттеу.

5. Аспаптармен зерттеу әдістері.

Сұқбаттасу тәсілі. Қан жүйесі ауруларымен науқас шағымдары :

Қан жүйесі ауруларына тән науқастың жалпы шағымдары; тез шаршағыштық, әлсіздік, жалпы сырқаттық, бас айналу, жүректің жиі соғуы, шамалы күш түскенде байқалатын ентігу, жұмысқа құлшыныстың төмендеуі.

Темір тапшы анемияда, хлорозда науқастардың тәбеті бұрмаланады яғни қалыпты дәм, иіс сезімдері бұрмаланып, олардың тәбеті сазға, көмірге, борға, балшыққа шабады, кейбіреулері эфир, бензин сияқты заттарды иіскегенде рахаттанады.

В - 12 дәрумені жеткіліксіздігі ауруында науқастың тілінің ұшы, жиегі ашып, күйеді, ауырады, тәбеті нашарлап, іші жиі өтеді. Гемолиздік анемияда науқастың дене қызуы жоғарылап, субфебрильді қызба пайда болады. болады.

Өткір және созылмалы лейкоз,лимфолейкоз,лимфогранулематоз ауруларында науқастың дене қызуы өте қатты көтеріліп 40 градусқа дейін жоғарылайды, лимфа түйіндері ұлғаяды, денесі қышиды, қатты тершеңдік байқалады, тәбеті нашарлап, біртіндеп жойылады, ауыз қуысындағы инфекция (стоматит), некрозды ойық жаралы баспа салдарынан тамағы, қызыл иегі ауырып, өздігінен немесе сэл ғана эсерден қан кетіп, денесі көгеріп, терісінде, кілегей қабықшаларда қанды бөртпелер (геморрагиялар), дақтар пайда болады, кейде қызыл иектен, мұрыннан, ішектен, жатырдан қан кетеді.

Миелолейкоз, эритремия ауруларында жалпақ сүйектерде ауырсыну сезімі туады, сол жақ қабырға асты мен оң жақ қабырға астында бірдеңе басып тұрғандай сезім, кейде ауырсыну байқалып, науқастар жүдей бастайды.

Қан кетуге бейімділік (геморрагиялық диатез) лейкоз ауруларында ғана емес, миелопластикалық анемияда, Верльгофа, Ослер-Рандю, гемофилия ауруларында кездеседі. Гемофилия ауруымен науқастарда сәл жарақаттанғанда қан кетіп, көпке дейін тоқтамауы мүмкін.

Көк бауыр ( талақ) ауруымен науқас шағымдары.
Көк бауырдың зақымдануы төмендегі патологияларда

кездеседі: бауыр циррозында, қан жүйесі ауруларында
(миелолейкоз), көк бауырда инфаркт қалыптасқанда, талақ
зақымданғанда байқалатын тромбоцитопенияда, талақ

жарақаттанғанда, кейде безгек пен іш сүзекте. Науқаста периспленит салдарынан кенеттен талақ тұсында күшті ауру пайда болады, спленомегалия салдарынан сол қабырға астында ауырлық сезім, жалпы әлсіздік болады, тромбоцитопенияда мұрыннан, қызыл иектен, ішектен қан кетеді, денеде көкшіл дақтар пайда болады. Егер инфекциялық аурулардан кейін немесе созылмалы гепатитте талақ көлемі кішкене болса, науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін.

Ауру анамнезі.

Науқас ауруы қашан және қалай, не себептен кейін басталғаны, қандай тексерулер жүргізілгені, оның нәтижесі, қолданған ем шаралары мен оның нәтижесі. Бұрын ауырған қосымша аурулары, егер ауруы созылмалы болса ауруының қайталау себебі анықталады.

Мір анамнезі.

Науқастың өмір тарихымен танысқанда, науқастың тамақтану мен дем алу ерекшеліктеріне,жұмыс орнындағы зиянды факторларға, бұрын ауырған ауруларына әсіресе қан кету мен қан аздыққа, асқазан жарасы мен ісік ауруларына, туберкулез бен өкпенің іріңді ауруларына, бүйрек пен бауыр ауруларына, қан жүйесіне кері әсер ететін дәрі дәрмектерге, анемия мен гемофилия ауруына көңіл аударып, мұқият сұрап танысу керек.

Обьективті тексеру. Қарау.

Қарап тексергенде науқастың жалпы жағдайы, төсектегі жағдайы, ақыл есі, тері мен кілегей қабықшаларының түсі, терідегі өзгерістер, ауыз қуысындағы өзгерістер, лимфа түйіндердің көлемі, құрсақ қуысының көлемі мен ондағы өзгерістер анықталады. Қан ауруларының соңғы кезеңінде науқас жағдайы нашарлап, есінен танып қалуы мүмкін. Тері және кілегей қабықшаларындагы өзгерістер. Зерттеу күннің тура түскен жарығында жүргізілгені дұрыс.

Анемиямен науқастың терісі мен кілегей қабықшаларының түсі (қуқылдануы) ақшыл бозғылт болады. Жасөспірімдер хлорозында ақшыл жасылдау яғни алебастер түстес болады. В 12 дэрумені тапшы анемиясында сарғыш балауыз тектес түсте болады. Гемолизді анемияда - тері және кілегей қабықшапар айқын сарғаяды. Созылмалы лейкоз және рак ауруларында тері топырақ түстес бозғылт болады. Эритремиямен науқастың беті, мойны, алақандары нартқызыл түстес болады. Терідегі және кілегей қабықтардағы өзгерістер: геморрагиялық диатезде тері мен кілегей қабықшаларда қан қүйылған ошақтар геморрагиялар пайда болады. Олар көлемі жағынан әр тұрлі; ұсақ нүктелер - петехий, ірірек көлемді - пурпура, экхимоздар және өте ірі көлемді дақтар тұрінде байқалады. Бұл дақтар саусақпен басқанда жойылмайды. Темір тапшы анемиямен науқастың аяқ ұштары, балтырлары және беті шамалы ісінуі мүмкін, әсіресе таңертеңгі уақытта көз астының ісінуі байқалады. Қан ауруларында терідегі зат алмасу процесі бұзылады. Темір тапшы анемиямен науқастың терісі құрғап, қабыршақтанады, шаштары көп түсіп, тырнақтары сынғыш болады. Өткір лейкозбен науқастың ауыз қуысында ауыз қуысының қабынуы - стоматит, некрозды ойық жаралы баспа байқалады.

Темір тапшы анемиямен тіс жегісі мен атрофиялы глоссит, гингивит (қызыл иектің қабьшуы) байқалады.

В-12 дэрумені жетіспеушілігі анемиясында тіл бүртіктері семіп, үсті лак жаққандай тегістеледі. 5

Обьективті тексеру. Қарау. - student2.ru

Созылмалы лимфолейкоз, лимфогранулематоз ауруларында мойынның, бұғана асты мен үсті аймағының, қолтық пен шап аймақтарының лимфа түйіндері ұлғайған, бауыр мен талақ өте қатты ұлғайып, қабырға доғалары астынан шығып көрініп тұруы мүмкін. Талақ созылмалы миелолейкозда өте қатты ұлғайып, іштің сол жақ бөлігін түгел жайлап, оның төменгі қыры, кіші жамбас қуысына дейін түседі.

Обьективті тексеру. Қарау. - student2.ru

Наши рекомендации