Медициналық симуляцияның сценарийі

ЖМ 4 курсына арналған фтизиатрия пәні бойынша тәжірибелік емтихан

Медициналық симуляцияның сценарийі

Клиникалық жағдай: «Кеудеішілік лимфа бездерінің туберкулезі»

Ситуация: Сіз – қалалық поликлиниканың балалар дәрігерісіз. Сіздің қабылдауыңызға анасымен баласы келді. 14 жастағы ұл бала медициналық көмек алуға келді.

- Шағымдарын, анамнезін жинаңыз және пациентке қарап тексеруді жүргізіңіз.

- Клиникалы, лабораториялық, аспапты зерттеу әдістерінен алынған мәліметтерге талдау/интерпретация беріңіз.

- Клиникалық жіктелуге және анықталған ауруларға сәйкес болжама диагнозды қойыңыз.

- Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Қорытынды нәтиже:

- кеудеішілік лимфа бездерінің туберкулезімен ауырған науқасқа сұрау және физикальды тексеру жүргізудің нәтижесі;

- зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау беру: қанның және зәрдің жалпы анализдеріне, биохимиялық анализге, Манту және Диаскинтест сынамаларына, қақырықты туберкулез микобактериясына (ТМБ) зерттеу нәтижесіне: бактериоскопия, G-xpert; кеуде торша ағзаларының рентгенограммасының нәтижесіне;

- аурудың жағдайына және клиникалық жіктелуіне сәйкес болжам диагнозын қою;

- кеудеішілік лимфа бездерінің туберкулезімен ауырған науқасты жүргізу тактикасы және емдеу жоспары.

Бағалау парағы (чек-лист)

«Кеудеішілік лимфа бездерінің туберкулезі» деген клиникалық жағдай бойынша

Қадамдарды бағалау Балмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады Орын дамады
1. Шағымдарын жинау. 1,0 0,5
2. Анамнез жинау 1,0 0,5
3. Өмір анамнезін жинау 1,0 0,5
4. Эпидемиологиялық анамнезді жинау 1,0 0,5
5. Кеудеішілік лимфа бездері туберкулезінің ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
6. Физикальдық зерттеуді өткізу - жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
7. Туберкулезге қарсы жүргізілген иммунизацияның нәтижелігін бағалау (БЦЖ вакцинациясы) 1,0 0,5
8. Шеткі лимфа бездеріне пальпация жасау 1,0 0,5
9. Тыныс алу жүйесін тексеру 1,0 0,5
10. Болжама диагноз қою 1,0 0,5
11. Тексеру жоспарын тағайындау 1,0 0,5
12. Ажырату диагностикасының жоспары 1,0 0,5
13. Микробиологиялық диагностиканың нәтижелеріне талдау беру 1,0 0,5
14. Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне талдау беру 1,0 0,5
15. Теріішілік Манту сынамасының және Диаскинтесттің нәтижелерін талдау 1,0 0,5
16. Кеуде торша ағзалардың рентгенограммасына талдау беру 12,0 0,5
17. Кеудеішілік лимфа бездерінің туберкулезіне күмәнданған науқастың түрін және категориясын жіберілген диагнозында көрсету 1,0 0,5
18. Химиотерапияның жоспарын құрастыру 1,0 0,5
19. Емнің тиімділігін бақылау 1,0 0,5
20. Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және қорқыныш сезімін басу 1,0 0,5
  Баллдың жиынтығы

Максимальды балл – 20,0

Стандарттылған актерге (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін суреттеу:

Қалалық поликлиникаға педиатрдің қабылдауына анасымен баласы бірге келді.

Екі көзі қызырғанына, ісінгенге және іріңді бөлінділердің шықанына, жарыққа қарай алмайтындығына шағымданып келді.

Сұрақтың мәнісі Актерге сауалды қою Жауаптары
Науқастың шағымдары. Аурудың басталуы, симптомдары. Сіздің балаңызды не мазалайды? Сіздің балаңыздың осы жағдайын немен байла-ныстырасыз? Соңғы уақытта дұрыс тамақтанбайды, таңертең ұйқыдан тұруы мен мектепке баруы қиындап, таңертең көзінен іріңді бөлінді бөлінген. Салқындағаннан кейін ЖРВИ-мен ауырып жазылуымен байланыстырады
Ауру қалай басталды? Тұмауға ұқсас - мұрынынан бөлінді ағып, әлсіз жөтел болды. Таңертең, бала оянғанда екі көзі қызарғанын, ісінгенін, жасаурауын байқаған. Жалпы көңіл-күйі жаман емес.
Соңғы уақытта (бір айға дейін) өзіңізді қалай сезіндіңіз? Үш аптадай менде жалпы әлсіздік, тәбетім төмендегенін байқадым.
Түнде тершеңдік болды ма? Ия, таңертең оянғанда жастығым дымқыл болғанын байқадым.
Амбулаториялық ем     Сіз дәрігерге қашан қаралдыңыз?   Ем тағайындады ма? Сол күні дәрігер педиатрда және окулисте болдым. Диагноз қойды: ЖРВИ. Жіті конъюктивит. Ем тағайындады.
Ауыртпалы факторлардың анализы Қандай жиілікте суық тиюмен, тұмаумен, ЖРВИ-мен сырқаттанасыз? Жиі суық тиіп сырқаттанатын бала ретінде дәрігер педиатрдің есебінде тұрады.
Қосарланған аурулар Осы уақытқа дейін қандай аурулармен ауырдыңыз?   Туберкулез, АИТВ, гепатитпен? Тұмаудан басқа аурулармен ауырған жоқпын.     Жоқ, ауырған емеспін.
Әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің отбасыңызда тубер-кулезбен ауырғандар болды ма?   Сіз қай жерде тұрасыз?   Отбасыңыз қанша адамнан тұрады, соның ішінде кім жұмыс істейді? Менің әкем өткен жылы екі ай бойы ауруханада жатып шыққан, содан соң үйде дәрілер қабылдады. Кейінірек әкемнің өкпе тіберкулезімен ауырғанын білдім. Бірақ ол аурудың жұқпайтын түрімен ауырғандығын айтты. Біз жатақхананың бір бөлмесінде тұрамыз.   4 адам тұрамыз ата-анам, екі баламен. Тек анам асханада аспазшы болып жұмыс істейді.

Анамнез

Аурудың анамнезі: үш аптадай өзін аурумын деп санайды. ЖРВИ сияқты ауру басталды: мұрыннан бөлінді ағып, әлсіз жөтелмен. Бір мезгілде екі көзі ісінді, қызарды және іріндеді, жалпы әлсіздік, түнгі тершендік, тәбетінің нашарлауы байқалды. Медициналық көмек алуға дәрігер педиатрға және окулистке қаралды. ЖРВИ. Жіті конъюктивит диагнозы қойылды. Ем тағайындалды: жиі көп мөлшерде сұйықтық ішу, антигрипин, ингавирин таблеткаларын әр 3 сағат сайын ішу. Окулист дәрігерінің тағайындауы: 0,25% левомецицетин ерітіндісінің тамшысын екі көзіне әр 2 сағат сайын тамызу, түнде төменгі қабағына тетрациклин көз майын жағу. Осыдан кейін баланың хал жағдайы біраз жақсарды. 3-5 күннен кейін катаральды көріністер жойылды, жөтел мазаламайды. Көздің гиперемиясы азайды, бірақ бұрынғыша ісіну, склераның гиперемиясы сақталады, таңертең көздерінен ірің шығады.

Өмір анамнезі: 2 жүктіліктен туылды, жасына сәйкес өсті. Күнтізбелік жоспарға сәйкес алдын алу екпелеррін алды. Жиі ауыратын бала ретінде дәрігердің диспансерлік есебінде тұрды. 3 жасында Манту сынамасын жасады-нәтижесі теріс, ал 7 жасында-12 мм болды. Сынаманың нәтижесінің оң болуы бойынша педиатр және фтизиатр тексерген жоқ. Соңғы жылдары туберкулин сынамасы жасалған жоқ. Плевритпен, АИТВ-мен, гепатитпен ауырған жоқ. Зиянды әдеттер пациентте жоқ. Материальдық-тұрмыстық жағдай қанағаттанарлықсыз- жатақханың бір бөлмесінде 4 адам тұрады. Отбасының материальдық табысы төмен. Анасы аспазшы болып асханада жұмыс істейді.

Эпидемиологиялық анамнез: баланың әкесі былтыр екі айдай стационарлық ем қабылдаған, содан ауруханадан шығарғаннан кейін бактерия бөлмейтін өкпенің инфильтратты туберкулезі бойынша амбулаториялық ем қабылдады. Бала анасының сөзіне қарағанда: отбасының мүшелері туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерде тексерілген жоқ, туберкулездің инфекция ошағында профилактикалық шаралар өткізілген жоқ.

Қарап тексергенде: бойы 137 см және салмағы 32 кг. Орташа интоксикация симптомдарын ескерсе жалпы хал күйі орташа ауырлықта. Есі анық, бітімі астеникалық. Тері жабындысы құрғақ, бозғылт, таза, терінің созылғыштығы сақталған. Денесінің температурасы 36,5°-36,9° шамасында. Сол иығында БЦЖ бір тыртығы бар – 3 мм. Перифериялық лимфа бездері пальпацияланады: желке, мойын, бұғана үсті, қолтық, шынтақ және шап бездері 2-3 өлшемге ұлғайған, эластикалы, ауыру сезімінсіз, қозғалмалы. Мұрынмен бос тыныс алады.

Кеуде торшасы астеникалық, деформация жоқ, пальпацияда ауырмайды, тыныс алуға кеуде торшаның екі жартысы симметриялы және біркелкі қатысады. Өкпенің экскурсиясы сақталған. ТЖ-20 рет минутына. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясында алдынан парастернальды аймақта және артынан жауырын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған. Өкпенің қалған симметриялы аймағында – ашық өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда өкпеде екі жағында да везикулярлы тыныс естіледі.

Жүрек тондары ашық, дыбысты, ақырын, ырғағы дұрыс. ЖСЖ- соғысы 82 рет минутына, АҚ 110/70 мм с.б. іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды, зәр шығаруы өзгеріссіз.

Жалпы қан анализі

көрсеткіштер нәтижелер
эритроциттер 4,5 млн
гемоглобин 130г/л
түсті көрсеткіш 0,89
лейкоциттер 12,8x109
нейтрофилдер: таяқшаядерлі
сегментоядерлі
эозинофилдер
лимфоциттер
моноциттер
тромбоциттер 195x109
ЭТЖ 28 мм/сағ

Наши рекомендации