Дәрілік өсімдіктер

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің , оны танып білудің маңызы зор.Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби,Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни,Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін "дәрісіз ем-домды" дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы " Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады," "Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында" деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин НонШындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.

Емдік шөптер-үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер.Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. "Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр". "Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік" "Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…"Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден-жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеннің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Тамырдың жиналатын кезі август-сентябрь айлары. Өсімдік 5-8 жылдық болғаны дұрыс. Женьшеньді: атеросклероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберкулездің алдын алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады, ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында қолданса болады.
Мойыл. Биіктігі 3, 5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.
Қара пышақ, күшәла(эминиум). Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзекше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.
Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауруға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.
Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.
Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі - дәрумендердің бай қоры.Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына ем.
Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.
Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.


Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.
Сүйел шөп(чистотел). Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.


Шай шөп(зверобой). Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.


Аскөк(Укроп). Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.

Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Жалбызтікен(проскурняк) – құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп. 150 сантиметрге дейін бойлап өсетін ұзын сабақты көпжылдық өсімдік. Дәрілік жалбызтікен маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты. Әрбір жапырақтың қолтығында топтасып орналасқан түйнекше дәні бар. Жалпы саны 15-20 жемістен құралған. Жалбызтікеннің тамыры да дәрілік шикізат. Оның құрамында 37 пайызға шамалас крахмал, 10, 2 пайызға дейінгі қант, сондай-ақ пектин, май, түрлі дәрумендер топтамасы бар. Жалбызтікеннің тамырының біршама бөлігі сілекейлі-шырышты заттан құралатындықтан, түрлі ісік, қабыну ауруларына ем.
Жөтелді бәсеңдетеді, қақырық түсіреді. Жүйке жүйесін тыныштандыруда таптырмайды. Асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады. Қуық жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада жалбызтікен іш жүргізу, түрлі инфекциялардан арылтуда, асқазан жарасын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Тіс түбі еттерінің босап, алқым бездері ісігі асқынғанда таптырмайды. Жалбызтікеннің тұнбасымен ауыз қуысы, тамақты үнемі шайып жүрсе, бірден-бір ем екен.
Жөке ағашы(Липа). Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құртады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, сусамыр(диабет) , ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Мәдени өсімдіктерден-капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішіне адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам.

Наши рекомендации