Іштің және көкіректің тұйық жарақаты. Қосарланған және бірлескен жарақаты.
1. Жедел жәрдем жол-көлік апаты болған орнына келіп жетті. Науқас, ер адам, 45 жаста, ішінің бүкіл аймағында ауру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: кіндіктің оң жағындағы алдыңғы құрсақ қабырғасында соғылған жара байқалады. Науқас тізесін ішіне көтеріп бүйірімен қозғалмай жатыр, құрсақ қабырғасына ешкімді жолатпайды. Егер тиіп кетсе ауру сезімі күшейеді, ал жеңіл қысым құрсақ қабырғасының кенетен тырысуына алып келеді. Пальпация кезінде іш тақта тәрізді кернелген. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Пульс жиі, нашар соғылады. Тілі құрғақ, ақ дақпен қапталған.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. ішек жарақаты
B. іштің тұйық (тупая) жарақаты
C. асқазанның тұйық (тупая) жарақаты
D. іштің ашық жарақаты
E. қуық жарақаты
2. Ер адам 35 жаста, үйге қайтып бара жатты. Кенеттен қатты соққыны сезді. Қысқа мерзімге есінен таңды. Есін жиған кезде оң жақ жіліншігінде бірнеше жерден жыртылғанын көрді, сол жерден қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр, ал сол жақ жамбас жасанды қалыпта тұр. Аяқ-қол ұшында қатты ауру сезімін сезді, қозғала алмады. Қорқыныш, шарасыз сезім пайда болды. Объективно: науқас қозған, солғын, ЖЖЖ 1 миутта 110 соққы, АҚ 90/60 мм с.б, екі жіліншігінде де жыртылған жаралар бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. қосарланған жарақат
B. бас-ми жарақаты
C. *комбинирленген жарақат
D. балтыр сүйегінің ашық сынығы
E. ашық бас-ми жарақаты
3. Ер адам, 35 жаста, жеңіл автокөлік соғып кетті. Бас ауруына, бас айналуына, қысқа мерзімге есінен тануына, жүрек айнуына, оң жақ бұғана аймағында ауру сезіміне және оң жақ кеуде клеткасында терең тыныс алу кезінде ауру сезімі күшейетіндігіне шағымданды. Объективно: бас сүйектері бүтін. Тері жамылғысы солғын. АҚ 120/70 мм.с.б. Ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Оң жақ бұғана аймағында деформация, иық үсті қысқарған және сол жақ иыққа қарағанда төменірек. Сау қолымен білегін ұстап, денесіне қарай қысып ұстап тұр. Пальпация кезінде зақымданған аймақ ісініп тұр, кенеттен ауру сезімі және содан сүйек ұштары сынықтарын анықтауға болады. Оң жақ иық буындарын қозғалтқан кезде ауру сезімі байқалады.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. қосарланған жарақат
B. *бұғана сүйегінің сынығы
C. *иық сүйегінің сынығы
D. *мықын сүйегінің ашық сынығы
E. *бас-ми жарақаты
4. Футбол матчы кезінде спортсмен құлап, ішінен қатты соққы алды. Әлсіздік, бас айналу және оң жақ қабырға астындағы іштің қатты ауыруы себебінен ойынды жалғастыра алмады. Сіз, жедел жәрдем дәрігері ретінде есеңгіреуді (шок) және оң жақ қабырға астындағы ішперде тітіркенуінің әлсіз пальтапорлы белгілерін анықтап алдыңыз.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. ішек жарақаты
B. іштің тұйық (тупая) жарақаты
C. асқазанның тұйық (тупая) жарақаты
D. бауырдың тұйық (тупая) жарақаты
E. қуық жарақаты
5. Жас бала 24 жас, автокөлік апатынан 3 сағаттан кейін. Науқас іштің төменгі бөлігінде ауыруды сезінетіндігіне, үздіксіз несеп шығудың болуына, несеп күшену кезінде бірнеше тамшылар түрінде шығатындығына шағым айтты. Перитонит белгілері әлсіз білінеді. Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. қуықтың жарылуы
B. несепағардың жыртылуы
C. көкбауырдың жарылуы
D. асқазанның жыртылуы
E. буйрек жыртылуы
6. Бала 14 жаста, іштің және ұмаға, төменге жаңғырытын оң жақ бел аймағының ауыруына; әлсіздік, бас айналуға шағым айтты. Сырқатты жарақатпен байланыстырады (4 сағат ішінде білгісіз адамдар ұрып соққан). Тексеру кезінде сіз оң жақ бел аймағында гематоманы анықтадыңыз, перитонит белгілері жоқ.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. ішек жарақаты
B. іштің тұйық (тупая) жарақаты
C. асқазанның тұйық (тупая) жарақаты
D. іштің ашық жарақаты
E. қуық жарақаты
7. Ер адам 36 жаста, сол жақ 10 және 11 қабырға сынығымен. Жарақат алғаннан 4 күннен соң, сол қабырға астында ауру сезімі, әлсіздік және бас айналу пайда болған. Объективті симптомдар: тері жабындысының бозғылттануы, пальпаторлы ауру сезімінің эпицентрі сол жақ қабырға астында, осы жерде ішперде тітіркендіру симтомы әлсіз.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. қуықтың жыртылуы
B. несепағар жыртылуы
C. көкбауыр жыртылуы
D. асқазан жыртылуы
E. буйрек жарылуы
8. Бала 15 жаста, ішінің, кіндік аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі жарақат алғаннан 3 сағаттан кейін пайда болған. Объективно: локальды жедел ауру сезімі, құрсақ қабырғасының бұлшықеті айқын әлсіз кернелген. Щеткина-Блюмберг симптомы күмәнді. Дене температурасы — 37,0.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. ішек жарақаты
B. іштің тұйық (тупая) жарақаты
C. *асқазанның тұйық (тупая) жарақаты
D. іштің ашық жарақаты
E. қуық жарақаты
9. 10 жасар ер бала, велосипед айдап журіп құлап, ішімен рульге соққы алған. Сол жақ қабырға астында ауру сезімін сезінген. Бала өз бетімен үйге келген. Бірер сағаттан кейін іштегі ауру сезімі сол жақ иық астына таралған. Екі мәрте құсқан. Науқас осы уақытқа дейін сол жақ қырымен мәжбүрлі қалыпта жатқан. Температура - 37,6, тахикардия, АҚ - 90/60 мм сб. Несеп жәнезәр шығару- қалыпты. Қарап тексергенде: сол қабырға астында ауру сезімі, бұлшықет қатаңдығы және Щеткина-Блюмберг симптомы анықталады. Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. ішек жарақаты
B. іштің тұйық (тупая) жарақаты
C. асқазанның тұйық (тупая) жарақаты
D. іштің ашық жарақаты
E. қуық жарақаты
10. Ер адам 30 жастағы автокөлік апатынан 40 минуттан соң реанимация бөлімшесіне түсті. Жағдайы өте ауырлықта, есі жоқ, тері жамылғысы солғын әрі мәрмәр тәрізді. Оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, анизокария. Сол жақ жамбас үштен бірі деңгейінде деформацияланған. Көптеген жаралар бар. Шеке аймағында сол жағында гематома анықталады. Сол құлақ жарғағында – ликворея. Бұлшықет гипотаниясы. Тыныс алуы жиі, беттің екі жағынан жүргізіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген, 1 минутта 140 соққы. Тамыр толуы нашарлаған. АҚ 60/30 мм сб.б.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. қосарланған жарақат
B. іштің ашық жарақаты
C. самай сүйектің сынығы
D. мықынның ашық сынығы
E. бас-ми жарақаты
11. Ер адам 40 жаста. Жол-көлік апаты болған орнында жәдел жәрдем дәрігері қарады. Кеуде клеткасының жарақаты бар науқасты тексерген кезде трахеяның зақымданған жақтан қарама-қарсы жаққа жылжуы байқалды, АҚ 100/80, ТЖЖ – 106.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. тыныс жолдарының обструкциясы
B. күштемелі (напряженный) пневмоторакс
C. массивті гемоторакс
D. жүрек тампонадасы
E. кеңірдек сынығы
12. Мас адам көшеде жүру тиым салынған жерден өту барысында, келе жатқан автокөліктен соққы алды. Науқас солжақ иығының қатты ауруына (симптом Kehr) шағымданады, физикальды қарағанда: гемоперитонеум анықталды.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. асқазанның жарақаттық перфорациясы
B. ұйқы безі жарақаты
C. бауыр бұзылуы
D. көкбауыр жарылуы
E. бүйрек үзілуі отрыв
13. Автокөлік жоғары жылдамдықта келе жатып, ғасырлық еменмен соқтығысты. Жүргізушінің кеуде клеткасы рөлдік колонка мен орындық арасында қысылып қалды.
Кеуде клеткасының рөлдік зақымдануы (жарылған кеуде клеткасы) мынадан тұрады:
A. бір жағындағы көптеген екеулік қабырға сынулары
B. бір қабырғаның гематорокс пайда болуымен сынуы
C. екі жағындағы көптеген екеулік қабырға сынулары
D. кеуденің жарықшақты сынығы
E. кеуденің ашық жарақаты
14. 8 жасар ер бала, мектепте аяғымен ішіне соққы алған. Жедел жәрдем бригадасы 20 минутта жетті. Баланың жалпы жағдайы ауыр. Есі бар, бірақ тежелген. Тері жабындысы солғын. Тыныс алу жиілігі минутына 44 рет. АҚ 70/20 ммс.б. Аускультативті симптоматикасында ерекшелік жоқ. Іш палпациясында шамалы кернелген, оң жақ қабырға астында айқын ауру сезімі байқалады. Зәрі ақшыл.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
A. ішек жарақаты
B. іштің тұйық (тупая) жарақаты
C. асқазанның тұйық (тупая) жарақаты
D. іштің ашық жарақаты
E. қуық жарақаты
15. Науқас 68 жаста, үйінде жуыну бөлмесінде сол қолын тіреп құлаған. Сол жақ иық буынында кенет қатты ауру сезімін сезген, сол қолын қимылдата алмаған. Қатты ауру сезімінен түнде ұйықтай алмай, аналгетик қабылдаған. Таңертен 103 шақырған. Қарап тексергенде: сол жақ иық буыны аймағында, иықтық төменгі үштен бір бөлігінен кеуде торына дейін жайылған кенет ісіну мен ауқымды қанталау байқалады. Сол жақ иық біршама қысқарған және сыртқы бұрыш жасап деформацияланған. Сол жақ иық буынын пальпациялағанда кенет ауру сезімі пайда болады. Ауру сезімінің әсерінен белсенді қимыл жасау мүмкін емес, енжар қимыл жасауға тырысқанда ауру сезімі күшейеді.
Сіздің ең алғашқы іс-әрекетіңіз?
A. ауру сезімін басу
B. қаңқалық тарту
C. аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау
D. аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау
E. аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация