Балалар жұқпалы ауруы ауруханасының реанимация бөлімшесінде жатқан балада себіндіде Pseudomonas aeruginosa анықталды

Клин фармакология ИГА

! 1. 4 жастағы балаға ішек инфекциясына қарсы кең спектрлі микробқа қарсы дәрілік зат тағайындау қажет.

Балалар сүйек шеміршегіннің дамуына жанама әсер тигізуіне байланысты төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын қолдану ӨТЕ қайшы келеді?

*+Доксициклин

*Амоксицилин

* Ампицилин

* Левомицетин

* Бисептол

! 2. 15 жастағы балада белдемелі (опоясывающий) лишай диагнозы қойылған.Ол ауруды герпес вирусы шақыратынын білеміз. Төменде көрсетілген дәрілік заттың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ деп ойлайсыз?

*+Ацикловир

* Анаферон

* Виферон

* Арбидол

* Интерферон

! 3. 2 айлық балада клебсиелла таяқшасы шақырған ішек инфекциясы табылды.

Төменде көрсетілген антибиотиктердің қайсысы ЕҢ ТИІМДІ:

* Тиенам

* Пенициллин

* ровамицин

*+амикацин

* Линкомицин

!4 Қалада тұмау эпидемиясы.7 айлық баланың анасы емханаға тұмаудың алдын алу үшін ұсыныстар сұрап келді. Төменде көрсетілген мұрынға тамызатын дәрілік заттың қайсысы балаға ЕҢ ТИІМДІ деп ойлайсыз?

*+интерферон

* аквамарис

* галазолин

*нафтизин

* проторгол

!5 1,5 жастағы бала жедел ауырды. Дене температурасы - 40,10С-ден 36,20С-ге дейін тез түсті, қалтырау, денесінде қара-көкшіл дағы бар, көп гемаррагиялық бөртпелер бар. Аяқ-қолы салқын, бет-әлпеті шатынаған. Диагноз: менингококті инфекция, молниеносты түрі, токсико-инфекцилық шок.

Госпитализацияның алдыңғы кезеңінде төменде көрсетілген дәрілік заттың қайсысын тағайындау тиімдірек деп ойлайсыз?

* Линкомицин гидрохлорид

* Бензилпенициллин натрий тұзы

*+Левомицетина сукцинат

* Гентамицин

* Сульфамонометоксин

!6 16 жастағы науқаста мына шағымдар: нәжісінің иісі өте сасық, ішінде қан қалдықтары жоқ, көп мөлшерде, ішінің кебуі, тенезм белгілері және салмағының азаюы байқалған.Объективті қарағанда іштің сол жағы мен мезогастрий аймағында ауру сезімі байқалады. Копрологиялық зерттеуде нейтральды майлардың салдарынан стеаторея, креаторея бар.

Осы жағдайда төменде көрсетілген дәрілік заттың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ деп ойлайсыз?

* метронидазол және лоперамид

* холинолитиктер

*+полиферментті дәрілер

*антацидтер және спазмолитиктер

* холинолитиктер және антибактериалды дәрілер

!7 8 жастағы балада дене қызуының температурасы 38,8 дейін көтерілген, жұтқан кезде тамағында ауру сезімі бар, денесінде бөртпелер бар.

Объективті: лакунарнарлы ангина, шектелген гиперемия және жұмсақ таңдайдың энантемасы, дене терісінде ұсақ нүктелі бөртпе, ол көбінесе шап, мойын қысылысында және аяқ-қол бүгілімінің кеңістігінде орналасқан, беті мен мұрын үшбұрышы солғын түсті.

Төменде көрсетілген антибиотиктердіңң қайсысын қолдану ЕҢ ТИІМДІ деп ойлайсыз?

* Ампициллин

* Гентамицин

*+Пенициллин

* Линкомицин

* Тетрациклин

!8 10 айлық балаға температурасын түсіру үшін парацетомол тұнбасын берген. 2 сағаттан кейін дене температурасы түспегесін анасы 0,1г аспиринді берген. 20 минуттан кейін баланың бетінде ісік, папулезді бөртпе пайда болып, дем алуы нашарлаған.Анамнезінде баланың атасы аспиринді көтере алмайды екен.

Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын қолдану ЕҢ ТИІМДІ деп ойлайсыз?

*+Глюкокортикоиды к/т

* Анальгин б/е

* эуфиллин к/т

* жүрек гликозидтері

* Антигистаминді дәрілер

!9 13 жастағы бала жедел респираторлы инфекция ауруына байланысты 1 г.аспиринді ішкен. Препаратты қабылдағаннан кейін балада демалысын қиналтқан, тұншығу ұстамасы пайда болып, ол эуфиллин препаратымен кері қайтарылған. Аллергоанамнезінде бұл ауруға байланысты асқынушылық болмаған.Өткен жылы мұрын полипозына байланысты 2 рет ота жасалынған.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы ЕҢ ДҰРЫС деп ойлайсыз?

*+Аспиринді астма

* Атопикалық бронхиальды астма

*Инфекция-Аллергиялық бронхиалды астма

*Күш салғаннан пайда болған астма

* Симптоматикалық бронхоспазм

!10 12 жастағы балаға ауруханадан тыс пневмонияға қарсы емдеуге бұлшық етке ампициллин тағайындалған.

Төменде көрсетілгендердің ішінде ампициллиннің ЕҢ ДҰРЫС әсер ету механизімі қайсы?

*+Микроорганизм клетка стенкасының синтезін тежейді

* ақуыз клеткаішілік синтезінің тежелуі.

* Цитоплазматикалық мембранадан өтуі нашарлаған

* Микроорганизм SН-тобы ферментінің тежелуі.

* Парааминобензой қышқылының антагонизмі

!11 9 жасар балаға ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде пенициллин тобынан пенициллиназаға тұрақты антибиотик тағайындау керек. Төменде көрсетілгендердің ішінен қай препаратты тағайындау ЕҢ ДҰРЫСЫ деп ойлайсыз?

*+Амоксиклав

* Амоксицилин

* Оспамокс

* Азлоцилин

* Ампицилинтригидрат

!12 1 жасар бала пульмонология бөлімшесіне ауруханадан тыс пневмония диагнозымен түсті. Анамнезінен байқағанымыз балада β-лактамды антибиотиктерге аллергиясы бар. Төменде көрсетілгендердің ішінен қай препаратты тағайындау ЕҢ ДҰРЫСЫ деп ойлайсыз?

*+Спирамицин

* Ампицилин

* Цефазолин

* Цефтриаксон

* Меропенем

!13 9 жасар қызда ішек инфекциясына байланысты антибиотик қабылдағаннан кейін, ауыз қуысы шырышының қабынуы мен ақжабынды дамып, бактериологиялық зерттеуде ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар табылған. Төменде көрсетілгендердің ішінен қай препаратты тағайындау ЕҢ ДҰРЫСЫ деп ойлайсыз?

* нистатин

*+флуканазол

* тетрациклин

* фуразолидон

* полимиксин

!14 10 жасар балада эритромицин қабылдағаннан кейін медикаментозды аллергия негізінде жайылмалы есекжем, Квинке ісінуі дамыды. Баланың жағдайы ауыр.

Интенсивті терапияны қай дәріден бастағаны ЕҢ дұрысы: * Антигистаминді
*+Глюкокортикоидтар
* Диуретиктер
* Кальция глюконат

* Витаминдер

!15 12 жасар бала ота жасатылған соң көп антибактериалды ем алған. Түрлі сипаттағы іштегі ауру сезіміне, жиі сұйық нәжіске (4-6 рет күніне), жалпы әлсіздікке шағымданады. Об-ті: жағдайы қанағаттанарлық, АД 120/ 70 мм рт ст, ЖСЖ 84 рет мин, іші пальпация кезінде жұмсақ, төменгі бөліктерінде ауру сезімімен. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды.

Төменде келтірілген препараттардың қайсысы ЕҢ дұрысы? * Панзинорм.

*+Линекс

* Эссенциале Н.

* Мотилиум.

* Имодиум

!16 14 жасар балада респираторлы инфекцияның 5 күні дене қызуы, бас ауруы күшейіп, бас айналу, қосарланып көріну, мимикалық бұлшық еттердің салдануы, жұтыну кезінде шашалулар байқалды.

Аталған препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?

* Гемодез

* Глюкокортикоиды

* Цефтриаксон

* Лазикс

*+Зовиракс

!17 12 жасар созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын балада тұйық, сыздаған оң қабырға астындағы ауру сезімі, лоқсу, ауыздың кебуіне деген шағымдары пайда болды. Об-ті: Курлов бойынша бауыр өлшемі - 13-12-11 см., көкбауыр +2. АсАТ- 3,2 мкмоль/л.ч, АлАТ- 4,8 ммоль/л.ч. Серологиялық зерттеулерде Hbeag, ДНҚ жоғары концентрациясы, HBV анықталды.

Вирусқа қарсы препараттардың қайсысын тағайындау дұрыс?
*+aльфa-интерферон
* Ацикловир
* Ремантадин
* Арабинозид монофосфат
* ингабирин

!18 17 жасар бала бас ауру, лоқсу, әлсіздікке, іштегі аздаған ауру сезіміне, кейде іш өтуге шағымданып келді. 4 ай бойы ауырады. Қаралуға келерден 1 күн бұрын нәжісінде 15 см ұзындықтағы дөңгелек құртты анықтаған.

Төмендегі препараттардың ішінен қайсысын бұл ауруда тағайындаған дұрыс?
* Бильтрицид
* Метронидазол
* Фенасал
*+Декарис
* Альбендазол

!19 16 жасар қыз бала стационарда жайылмалы микозға байланысты ем алып жатыр. АмфотерицинВ к/т, витамин В6 б/е, реополиглюкин к/т тамшылатып, хилак форте және сыртқы терапия (ламизил) алған. 3 аптадан кейін қанында креатинин мен мочевинаның деңгейі жоғарылап, гематурия пайда болды.

Келтірілген препараттардың қайсысына осы жанама әсерлер тән?

* Нистатин

* Гризеофульвин

*+Амфотерицин В

* Итраконазол

* Декамин


!20 4 айлық балада екіншілік АКДС вакцинациясынан 15 минут өткен соң Квинке ісінуі байқалды.

Аталған препараттардың қайсысын тағайындау дұрыс?

* Гепарин
*+Преднизолон
* Адреналин
* Фуросемид
* Седуксен

!21 Нәрестелердің сарғаюын дамытатын, сульфаниламидтерге тән қасиет:

* плазмадағы альбуминдердің синтезін төмендетеді

* эритроциттердің ыдырауын жоғарылатады

* билирубин метаболизмін тежейді және байланыспаған билирубинді қанға жинайды

*+ плазма альбуминіндегі билирубин байланыстыру аймағына таласады

* плазмадағы диглюкуронид билирубин түзілуіне қарсы тұрады

!22 Антибиотиктердің қай жанама әсері көбіне ағза мен тіндердің тікелей токсиндік әсеріне байланысты:

* Ішек дисбактериозы

*+Естудің төмендеуі мен вестибулярлы бұзылыстар

* "Өршу" реакциясы

* Аллергиялық реакцияның жылдам түрі

* Жүйке жүйесінің бұзылыстары

!23 ЖРВИ-мен ауырған 9 айлық балада аяқ астынан тырысу, жалпы цианоз, естен танулар байқалады. Объективті: клонико-тоникалық тырысулар, тері цианозы, ауыздың көпіруі, рахит белгілері. Ішкі ағзалар бойынша патологиялық өзгерістер жоқ. Төменде көрсетілгендердің ішінен қай препаратты тағайындау ЕҢ ДҰРЫСЫ деп ойлайсыз?

* Седативті препараттар

* Кальций препараттары

* Глюкокортикоидтар

* Рахитке қарсы препараттар

*+Тырысуға қарсы препараттары

!24 Төменде көрсетілгендердің ішінен қайсы препарат бета-лактамазамен бұзылысқа ұшырамайтын болып табылады?

* Феноксиметилпенициллин

* Ампициллин

* Азлоциллин

*+Оксациллин

* Бензатин бензилпенициллин

!25 Аспирин қабылдағаннан кейін Рея синдромымен балалар жұқпалы ауруының реанимация бөлімшесіне 7 жасар бала түсті. Төменде көрсетілгендердің қайсысы Рея синдромының ЕҢ негізгі белгісі болып табылады?

* естудің төмендеуі, құлақта шу, бас айналу

* диспепсия, тырысулар, жедел бүйрек жетіспеушілігі

*+энцефалопатия дамуымен жүретін бауыр зақымдануы

* Қан ағу, ДВС синдром

* гастропатия, диспепсиялық синдром

! 26 8 жасар бала қабылдау бөлімшесіне жедел диарея диагнозымен түсті.

Қай препарат диарея кезінде ішек транзитін төмендетуге бағытталған?

* бисакодил

*+имодиум

* церукал

* ранитидин

* солкосерил

! 27 8 жасар балаға герпестік ангинаға ацикловир тағайындалған.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы ацикловирдің әсер ету механизміне тән:

*+ Таңдамалы жиналып, тек зақымдалған жасушада ғана белсенділеніп, таңдамалы түрде вирус ДНҚ тежейді

* Вирус мессенджерлерінің РНК және РНК-тәуелді полимераздарын бұзады, транскиптазаны тежейді

* Вирустардың қайта транскиптазалануын тежейді

* Қайта транскриптазалануда бәсекелессіз байланысады

* Вирустардың қабығынан шығуын бөгейді

!28 Төменде көрсетілгендердің ішінен Пириметаминге (хлоридин) қай қасиет ең тән?

* Адам ағзасына түскен спорозоиттарға қарсы тиімді

* Сульфаниламидтермен әсері бірдей

*+ Малярия кезінде химияпрофилактикаға көрсетілген

* Гамонттар оларға сезімтал емес

* Ол балаларға қарсы көрсетілген

!29 Параэритроцитарлы формалы плазмодияларға (малярияның соңғы рецидивтерінде профилактика үшін) қарсы әсер ететін препарат:

*+примахин

* хинин

* хинидин

* мефлохин

* хлорохин

!30 Тропикалық елдерден келген балаға малярияға байланысты хинин тағайындалды.

Хининнің негізгі әсері қандай?

*+ ДНК байланысу, ДНК еселенуінің тежелуі, ақуыз транскрипциясы және синтезі, плазмодии нәрленуінің бұзылысы

* Плазмодии мембранасының өзгеруі,плазмодии митохондриясының бұзылысы

* Плазмодии митохондриясының бұзылысы

* Дигидро фолат редуктазаны тежеу арқылы, фолий қышқылының синтезін бұзу және плазмодий мембранасының өзгеруі

* плазмодидің тамақтық вакуолімен гемоглобинді жұтуын тежейді, нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады

!31 Бактериалды менингит кезінде балаға цефалоспориндердің 3 ұрпағы тағайындалды.

Төменде көрсетілгендердің ішінен цефалоспориндерге ең тән қасиет?

*+ Пенициллиндердің әсер ету механизіміне ұқсас

* Пенициллиндер тәрізді пенициллиназамен бұзылысқа ұшырайды

* АІЖ сіңбейді

* Әсер ету спектрі табиғи пенициллиндерге ұқсас

* Жоғары токсинділігімен қолданылуы шектеледі

Балалар жұқпалы ауруы ауруханасының реанимация бөлімшесінде жатқан балада себіндіде Pseudomonas aeruginosa анықталды.

Наши рекомендации