ТуберкулездіҢ алдын алу спецификалыҚ жӘне спецификалыҚ емес typi

— Спецификалық:

— - вакцина және БЦЖ ревакцинациясы

— Спецификалық емес:

— - салауатты өмір салты;

— - тиімді тамақтану;

— - дене шынықтыру белсенділігі;

— - зиянды әдеттерден бас тарту.

— Салауатты өмір салтын ұстану, яғни спортпен айналысу

— -Тиімді және құнарлы тамақтану( ет,сүт және сүт өнімдері,балық,дәнді дақыл өнімдері,көкөністер,жемістер)

— -Зиянды арақ-шараптарды және темекіні,есірткіні қолданудан бас тарту

— -Қоршаған орта және жеке бас тазалығын сақтау

— -Жеке гигиена құралдары мен ыдыстарды пайдалану

— -Жылына екі рет рентгенді тексеруден өту

— -Бала туылғаннан кейін міндетті түрде БЦЖ вакцинасын және ревакцинаны егу

— -Аурулармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтаңыз ( бөлмені жиі-жиі елдету, маска кию т.б.)

Диогностикасы

Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т.б.

Зерттеу тәсілдері: микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік) микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу) биологиялық серологиялық (сирек қолданылады) аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары) Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР

Туберкулинодиагностика: Манту сынағы жүргізіледі – тері ішіне 2 туберкулин бірлігі енгізіледі.72 сағаттан кейін нәтижесі бағаланады.Егер папула диаметрі 4 мм жоғары болса Манту сынағы оң болып есептеледі.

Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалмаған балаларға БМСК мекемелеріне вакцинация жасалады және де 2 айға дейін вакцинация алдында туберкулинді сынама жүргізілмейді де 2 айдан асса – Манту сынамасының теріс нәтижесінде ғана.

Вакцинация жасалған және перзентханадан шығысымен бактерия бөлушімен қарым-қатынас жағдайына түсетін балаларды жаңа туылған нәрестелерді күту бөлімшеелерінде немесе сәбилер үйінде кем дегенде 2 ай бойы оқшаулау қажет (туберкулезке шалдыққан науқасты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда).

Егер сәбидің анасы туберкулездің белсенді түріне шалдыққан болса,нәрестені 3 ай бойы химиопрофилактика жүргізу үшін оқшаулайды.Содан кейін 2 ТБ Манту сынамасы жасалады.Манту сынамасы оң нәтижелі болса,изониазидпен химиопрофилактика 6 айға дейін созылады.Манту сынамасы теріс нәтижелі болса,БЦЖ вакцинасы егіліп,анасынан иммунитет түзілгенге дейін тағы 2 ай бойы оқшауланады.

Егер анасындағы туберкулез босанар алдында анықталған болса,нәресте (мүмкін болса сәбидің жолдасы/плацентада) туа біткен туберкулезге тексерілуі тиіс.

БЦЖ ревакцинациясы:

- Дені сау ТМБ жұқпаған Манту сынамасы теріс нәтижелі 6 жасар (1-сынып) балаларға жасалады;

- Күмәнді реакциясы бар балаларға 2 ТБ Манту сынамасы 3 айдан кейін;

- Қайта жүргізіліп және оның нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ ревакцинациясы жасалады;

- Ревакцинациясы БМСК мекемелерінің медицина қызметкерлері жүргізеді,Республика бойынша мектептерде бір уақытта 6 жасар оқушылар арасында оқу жылының 1ші айында ұйымдастырылады.

Пайдаланылған әдебиттер:

1. Справочник фтизиатра Н.А.Шмелева

В.Л.Эйниса

2. Скорая медицинская помощь Б.Д.Комарова

3. adilet.zan.kz

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/4695

Зертханалық зерттеу әдістері Қақырықты зерттеу. Қақырық деп жөтелу және қақыру кезіндегі ішкі тыныс алу жолдарынан бөлінетін патологиялық затты айтамыз. Шырышты қақырық әдетте түссіз немесе сәл ғана ақтау, тұтқыр болады. Сірлі, ұйыма қақырық түссіз, сұйық, көбікті болса ол өкпе ісінуіне әкеледі. Кілегейлі іріңді қақарық сары немесе жасыл түсті, тұтқыр, созылмалы бронхит, туберкулез т.б. аурулар кезінде байқалады. Нақты іріңді қақырық біркелкі, жартылай сұйық, сарғыш жасыл түсті болса, ол іріңді абцестің жарылған кезінде болады. Қанды қақырық өкпеден қан аққанда (туберкулез, рак, бронхоэктаздар) таза қан түрінде болуы мүмкін. Ол қан аралас түрінде де болуы мүмкін. Егер қан баяу бөлінсе, оның гемоглобині гемосидеринге айналады да қақырыққа қызғылт-қоңыр тот түсін береді, бұл крупозды пневмонияға тән. Қақырықта көзге көрінетін бөлек элементтерде болуы мүмкін Куршман спиральдері кішкентай тығыз ақ түсті ирелендеген жіптер тәрізді болады. Олар фибрин ұйындысы болып есептелінеді, ақшылдау және қызылдау ағаш тәрізді бұтақталған түзілістер, бұлар фибринозды бронхитте, кейде пневмониялар кезінде де байқалады. Өкпе тіні ыдырағанда қақырықта эластикалық талшықтар пайда болады. Гангрена кезінде олар көбінесе байқалмайды, себебі олар анаэробты флораның ферменттерімен ерітіліп кетеді. Эластикалық талшықтар иреңдеген екі контурлы, ұзындығы мен жуандығы біркелкі, дихотомиялық бұтақталған. Ол талшықтар өкпе көпіршіктерінің орналасуын сақтаған түрінде кездеседі. Олар қақырықтың кез-келген талшығында табыла бермейтіндіктен, зерттеуге оңай болу үшін оларды қоюландырады. Ол үшін қақырықтың бірнеше милиметріне біпдей немесе екі есе мөлшерде NaOH 10 процент ерітіндісін қосып, оны шырыш ерігенше қыздырады. Бұл жағдайда шырышпен бірге эластикалық талшықтардан басқа формалық элементтер де ериді. Суытқаннан кейін сұйықтыққа эозиннің 1 процент спиртті ерітіндісінің 3-5 тамшысн қосып, центрифуга арқылы тұндырады. Бұл кезде эластикалық талшық жоғарыда айтылған сипатын сақтайды және алқызыл түсті болып, айқын көрініс табады.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1521 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

Рентгенологиялық зерттеу. Тыныс алу органдарына рентгенологиялық зерттеулер жасалынады. Ал кейбір түсініксіз жағдайларда диагнозды дәлдеу үшін рентгонография. Томоргафия және бронхография әдістері қолданылады. Қалыпты жағдайда өкпе тінінде рентген сәулелері тоқтамайды. Сондықтан, экранда өкпе екі ақшыл алаң ретінде көрінеді, ішінде өзіне тән қан тамырлармен бронхылар орналасқан, өкпе түбірінде әсіресе айқын көрінетін түбі бар. Ірі және орташа бронхтар бұл жағдайда өз қабаттарының жай ғана көлеңкесімен шектелген ашық тілімдер болып көрінеді, ал қан тамырлар болса, ол қанмен толық болғандықтан үзіліссіз сызық тәрізді көлеңкелер тәрізді көрінеді. Егер бронхылармен қан тамырлар көлденең кемкінмен түссе, онда жай ашық дөңгелектер болып көрінеді. Зерттегенде ең ашық болып өкпенің төменгі бөліктері көрінеді, өкпе ұштарының ашықтығы төмендеу болады, өйткені олар қалың бұлшық еттермен жабылып тұрады.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1521

Пайдаланылған әдебиттер:

1. adilet.zan.kz

2. №19 бұйрық Алматы 2014

3. Ішкі аурулар С.Қ.Асауова С.Қ.Валишваева

Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі). Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады. Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1890 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

Наши рекомендации