YӀII. Дифференциальді диагностика

Жедел эрозивті гастрит дифференциальді диагностикасы флегмонозды гастритпен және созылмалы гастриттермен, ГЭРА, асқазан жарасы ауруымен жүргізіледі.

Флегмонозды гастритте клиникасында жоғары қызбамен, үздіксіз құсумен, кейде ірің араласқан және эпигастрий аймағындағы айқын ауырсыну сезімімен көрінеді.

Созылмалы гастриттің қалыпты немесе гиперсекреторлы түріндегі науқастарда асқазан жарасы секілді симптомдар тән. Ашқарынға және түнгі, тамақтан кейін 0.5-1 сағаттан кейін болатын ауырсыну сезімі, жүрек айнуы, қыжылдау, қышқылмен кекіру, іштің қатуы сияқты. Эндоскопиялық зерттеуде антральді бөлімінің шырышты қабатының қызаруы мен ісінуі, сирек жағдайда шырышасты қабатында қан құйылулар және эрозиялар және антральді стаз, пилороспазм анықталады.

Созылмалы гастриттің гипосекреторлы түрі көбінесе орта және егде жастағы науқастарда кездеседі. Эпигастрий аймағындағы ауырлық және толу сезімімен, сыздап ауырсынумен сипатталады. Ауамен кекірумен, тәбеттің төмендеуімен, іштің кебуімен көрінеді және іштің өтуіне бейім болып келеді. Эндоскопиялық зерттеуде асқазан денесінде және түбінде шырышты қабаты бозарған, тегістелген, жарақаттануға бейім, кейде дақты гиперемия анықталады. Сонымен қатар гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі анықталады.

ГЭРС көбінесе тамақтанған кейінгі қыжылмен көрінеді, әсіресе түнгі уақытта.Сонымен қатар,эпигастральді аймақтың немесе төстің төменгі бөлігінде күйдіріп,қысып ауырсыну байқалады,тамақтан кейін және алға еңкейгенде,ауырсыну мойынға , төменгі жаққа және жауырын аралығына таралады, кеуде қуысының сол жақ бөлігіне беріледі.Дисфагия,қышқылмен және ауамен кекіру мазалайды. Эндоскопиялық зерттеуде төменгі өңеш сфинктерінің жетіспеушілігін көреміз.

Асқазан жарасы ауруында көбінесе егде жастағы адамдар 45−70жастағы науқастар жиі ауырады. Ауру сезімі эпигастрий аймағынан жоғары және солға қарай орналасады. Тамақтан соң 1-2сағаттан кейін ауырады. Ауру сезімінің жара кардиальді бөлімде орналасқанда сол йыққа, сол жауылынға берілуі тән,ауамен кекіру, жүрек айнуы, лоқсу, сирек жағдайда пилорикалық бөлімде орналасқанда құсу болады. Эндоскопияда ошақты жара анықталады. Жара формасы домалақ немесе сопақша, шеттері анық, қызарған, ісінген, жара түбі ақ-сұр немесе сарығыш түсті фибринозды қабатпен жабылған.

IХ. Клиникалық диагноз

Шағымдарына: Эпигастрий аймағындағы қысып ауырсыну сезімі тамақтан алдын және тамақтан кейін шамамен 1сағаттан кейін, жүрегінің айнуы, құсу 2 кунде 1рет, қыжылдау,ауамен кекіру және тәбетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік.Клиникалық синдромдар:

1) Абдоминальді ауру синдром

2) Диспепсиялық синдром

3) Интоксикациялық синдром негізінде

Ауру анамнезіне: Өзін 14.10.2016ж куннен бері ауру санайды. Бастапқыда асқазан аймағындағы қысып ауырсыну сезімі мазалаған. Науқастың айтуы бойынша ашығумен байланыстырады. Кейін тамақтанғаннан соң асқазан аймағындағы дискомфорт пен құсу болған. Тунде эпигастрий аймағындағы қысып ауырсыну сезімі қайта мазалап, лазаретке барып қаралып,берілген дәріні қабылдаған. Құсуы 2 кунде 1рет болған.

Обьективті қарау бойынша: Жалпы жағдайы- орташа дәрежелі ауырлықта, тәбеті төмендеген, іштің пальпациясында эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі.

Лабораторлы –инструменталды зерттеу негізінде:. ФГДС қорытындысы: жедел эрозивті гастрит. Құрсақ қуысын УДЗ қорытындысы: Деформацияланған өт қабы, өт іркілісімен.

Дифференциалды диагностика жүргізу нәтижесінде негізгі клиникалық диагноз қойылды.

Клиникалық диагноз: Жедел эрозивті гастрит

Қосымша ауру:Өт жолдарының дискинезиясы, гипомоторлы типі

Х. Емдеу жоспары

1) Диета стол № 1. Асқазанның кілегей қабатын механикалық, термиялық, химиялық зақымдалудан қорғау. Тәулігіне 4-5рет тамақтану. Қою шай, кофе, тұздықтар, шоколад,қуырылған тағамдар, консервадағы өнімдерді, алкоголь қолдануға болмайды. Буға піскен және қайнатылған тағамдарды,ботқа, сүт өнімдерін қолдану.

2) Режим № 2

3) Омез 20мг 1капx2рет тәул. Протондық насос тежегіштері, антисекреторлы препарат.

4) Денол 120мг 1табx4рет тәул. Гастропротектор

5) Мотинорм 10мг 1табx3рет тәул. 20мин тамақ алдында. Прокинетикалық заттар

6) Панкрим 250мг 1табx3рет тәул. Ферменттік препарат, құрамында ұйқы безінің ферменттері бар

7) Магния сульфат 10г ұнтақ, 100мл суға еріту 1қ x3рет тәул. Холекинетик.

Күнделік

27.10.2016ж сағ 10.00 Т−37.2`С Шағымдары: Эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі,жүрегінің айнуы,әлсіздік.Жалпы жағдайы орташа. Ақыл-есі анық. Тәбеті төмендеген ,тері жабындары қалыпты түсті,шырышты қабаттары ал-қызыл,ылғалды,тері асты май қабаты жақсы дамыған. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған ,ауырсынусыз.Тыныс алуы мұрын арқылы еркін. Өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ. жүрек тондары анық,ырғақты. АҚ – 110/70 мм.с.б., PS - 76. Тілі қалыпты түсті,жұтынуы еркін. Іші пальпацияда жұмсақ, эпигастрий аймағының ауырсынуы. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Нәжісі сұйық,1 рет тәул. Соққылау симптомы теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

31.10.2016ж 10.00 Шағымдары: Эпигастрий аймағындағы аздаған ауырсыну сезімі,аузына қышқыл дәм келуі,жүрегінің айнуы,әлсіздік.Жалпы жағдайы орташа. Ақыл-есі анық. Тәбеті орташа. Обьективті – тері жабындары қалыпты түсті,шырышты қабаттары ал-қызыл,ылғалды, тері асты май қабаты жақсы дамыған. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған,ауырсынусыз.Тыныс алуы мұрын арқылы еркін. Өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ, жүрек тондары анық,ырғақты. АҚ – 110/70 мм.с.б., PS - 80.Тілі қалыпты түсті,қабық жоқ,жұтынуы еркін. Іші пальпацияда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Нәжісі сұйық,1 рет тәул. Соққылау симптомы теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Сыныстар.

Еңбекке жарамды. Салауатты өмір салтын ұстау. Рационалды тамақтану, ас ішу тәртібін сақтау(уақытылы, тәулігіне 3­4рет, тамақтану пирамидасы). Асқазанның шырышты қабатын тітіркендіретін әсерден сақтану, алкогольді сусындар қолданбау, темекі тартпау, жүйкеге күш түсіруді және теріс эмоцияларды жою.

Наши рекомендации