Кесте Кенелік энцефалит вакциналары.

Вакцина Құрамы
Дақылдық, тазартылған, концентрацияланған, құрғақ кенелік энцефалит вакцинасы, Ресей Қарсытек (Софьин штамы). Консервантсыз, антибиотиксіз, формальдегидсіз. Белок 30 мкг. еріткіші Аммоний гироксидінің. 3 жастан бастап қолданылады.
ЭнцеВир – сұйық вакцина, Ресей. Вирустың қалқымасы (тауық эмбрионы жасушасының дақылдық өсіндісі) 1 дозада (0,5мл) тауық ақуызы 0,5 мкг дейін, адам альбумині 250 мкг дейін, алюминий гидроксиді 0,3-0,5 мг. Консервантсыз, антибиотиксіз. 3 жастан бастап қолданылады.

Шұғыл енжар иммундық алдын алу үшін адам кене энцефалитіне қарсы иимуноглобулині қолданылады.

Кене энцефалитіне қарсы вакцинасы сұйылтылған құрғақ балалар мен ересектерге арналған вакцина. Курсы: 2 доза (0.5мл) 5-7ай аралығымен. күзде және көктемде жүргізеді (рұқсат етілетін минимум – 2 ай). Бірінші қайта вакцинациялау 1жылдан кейін, содан кейін 3 жыл сайын жасалады. Вакцинаны жауырын астына немесе дельта тәрізді бұлшықетке енгізеді.

Энцевир 3 жастан бастап қоладанылады. Курсы: 5-7 немесе 1-2 ай аралықпен 0.5мл бұлшықетке енгізетін 2 иньекциядан тұрады (шұғыл схема). Бірінші қайта вакцинациялау 1жылдан кейін, содан соң - 3 жыл сайын.

Кене энцефалитіне қарсы адам иммуноглобулині егілмегендерге ошаққа барғанға дейін 96 сағат бұрын 0.1мл\кг дозасын бұлшықетке енгізеді. Қорғаныс әсері 24 сағаттан кейін басталып, 4 аптаға созылады, содан кейін сол дозаны қайталайды.

Егуден кейінгі реакциялары мен қарсы көрсеткіштері

Иньекция жасаған жерде ауру сезімі, ісіну, тығыздану байқалады, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, өте сирек – гранулема байқалады. Бірінші дозадан кейін қысқа мерзімдік дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, дененің, аяқ-қол ауру сезімі, жүрек айну, лоқсу, құсу байқалады, келесі дозаларға бұл белгілер сирек байқалады.

Қарсы көрсеткіштері, барлық вакциналарға болатын жалпылардан басқа тауық жұмыртқасына аллергия; босанғаннан кейін 2 аптадан кейін егуге рұқсат етіледі, ФСМЕ-ИММУНжүкті және бала емізетін әйелдер үшін қарсы көрсету болып табылмайды. Сонымен қатар Отандық вакциналарға қарсы көрсеикіштері болып: туберкулез, ревматизм, дегенеративті және тұқым қуалайтын аурулары мен ОНЖ жүйесі аурулары жатады.

Экспозициядан кейінгі алдын алу

Кенелік энцефалитік қарсы адам иммуноглобулинін кене шаққаннан кейін енгізеді (егілмегендерге немесе кене шағуына дейін 10 күннен кем егілгендерге): бірінші 96 сағатта 0.1-0.2мл\кг (баяу, бұлшық етке, терең) 5 млден дененің әр бөліктеріне 4-ші күннен кейін 28 тәулік бойы – кене энцефалитінің жасырын кезеңі – препаратты енгізбейді, себебі, ол аурудың көрінуін ауырлатуы мүмкін. Осы себеппен оны бірқатар елдерде балаларға енгізбейді. Көптеген мемелекеттерде бұл егу түрін 14 жасқа дейін немесе тіпті қолданбайды. Арнайы иммуноглобулин және кене энцефалитіне қарсы вакцинация енгізу аралығы 4 аптадан кем болмауы қажет.

Ку қызбасы

Зоонозды, негізінен мал шаруашылығы дамыған аудандарда таралған. Preteobacteria γ-топ астына жататын Coxiella burnetii қоздырғышымен шақырылады. Адамға негізінен ауру жануарлармен қарым қатынаста болғанда, кененің шағуы кезінде ,сүтті пайдаланғанда жұғады. Инфекцияда ауа тамшылы,шаң тозаң жолдарымен жұғуы мүмкін. 14 жастан 60 дейінгі қауіп топтарын вакцинациялайды.

Қу қызбасының М -44 тірі құрғақ вакцинасы. Ресейде тауық эмбрионының қапшығында өсірілген M-44 әлсіретілген штамының тірі дақылын лиофилизирленген салмағы. Шығару формасы: бір қорапта 0.5 (10 доза ) ампула+ 1 ампула 9% натрий хлоридінің ерітіндісі. Қорапта 5 комплект. 2-10°С сақтайды, жарамдылық мерзімі-2жыл. 2 тамшыдан (0.05мл ) сұйылтылған вакцинаны 30-40 мм қашықтықта иықтың сыртқы бетінің үштен бір бөлігінің терісіне скарификация әдісімен бір рет енгізіледі. Бір-бірінен 3-4 мм қашықтықта 8-10 мм ұзындықта кресттәрізді насечкамен үйкелеу арқылы өндіреді. Қайта вакцинациялауды қан сарысуында арнайы комплемент байланыстырушы қарсыденелері жоқ адамдарға осы дозамен бірінішілік вакцинациядан кейін 1 жылдан кем емес уақытта жүргізеді.

Вакцинаны біррет енгізгенде ұзақтығы 1 жылдан кем емес, егуден кейін 3-4 аптадан кейін арнайы иммунитет дамуымен жүреді.

Вакцинациядан кейін пайда болатын реакциялар

2-3 күні бір күндік дімкәстік, қалтырау,бас ауруы мен дене қызуының 37.5°С көтерілуі байқалады. Жергілікті реакция (егілгендердің 90 пайызында): 3-4 тәулікке созылған қызару мен сызық бойы түйінді ісіну болады.

Тірі вакцинаға жалпы қарсы көрсеткіштермен қатар:

· аллергиялық аурулар (анамнез мәліметтері бойынша): бронхиальді астма,атопиялық дермаатит, поллиноз, тауық ақуызына аллергия;

· өкпе мен жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы аурулары;

· дәнекер тіндердің жүйелі аурулары.

· жүктілік.

Егуді басқа вакциналардан кейін бәр ай өткен соң жасу керек. Бруцеллезге қарсы вакцинвамен біріктіріп енгізуге болады.

Лептоспироз

Табиғи-ошақтық трансмисивті жолмен берілмейтін зооноз, инфекция көзі ауыл шаруашылық жануарлар мен иттер болуы мүмкін. Жұқтыру заралған су қоймаларында суға түскенде іске асады. Малмен қатыста болған адамдарды вакцинациялайды.

Лептоспирозды концентрлі инактивирленген сұйық вакцина,Ресей - төрт серотоптың лептоспир дақылында инактивирленген қоспа. Консервант - формалин. 2-8°С температурада сақтайды.

7 жастан бастап вакцинация жүргізіледі, иммунитет 1жылға сақталады. 0.5мл дозада жауырының астыңғы бұрышына, теріастына енгізеді. Қайта вакцинациялауды 1 жылдан кейін сол дозада жүргізеді.

Вакцинациядан кейін пайда болатын реакциялар және қарсы көрсеткіштер

Егудің бірінші тәулікте гиперемия және диаметрі 30мм инфильтрат пайда болып, дене қызуы Т 38°С-қа көтеріледі. Барлық вакциналарға жалпы көрсетулерден басқа қарсы көрсетулер:

· бронх демікпесі, анамнезінде айқын аллергиялық реакцияларының болуы;

· эндокринді жүйе аурулары;

· ОЖЖ прогредиенті аурулары жиі ұстамаларымен жүретін эпилепсия;

· жүктілік.

Менингококты инфекция

Менингококты инфекцияның қоздырғышы - Neisseria meningitidis 12cеротобы бар, соның ішінде жиі кездесетіндері: A ,B ,C ,Y және W-135. Ресейде, Азияда, Африкада менингококтардың А тобы басым, Батыс Европада және солтүстік Америкада - С тобы. Инфекцияның оқиғалардың тең жартысында менингококтың В тобымен шақырылған, олар А және С менингит сырқаттанушылығының тез төмендеген кезде көбейеді. Меккеге хажылыққа және Африка елінің «менингитік белдемесіне» баратындарға Менцевакс ACWY (ГлаксоСмитКляйн) егу жүргізу талап етіледі.

Инфекция көзі - менингококтар тасымалдаушылары, эпидемиялық кезең аралығында, оның жиілігі , ал эпидемия ошағында 50% және одан жоғары. Тасымалдаушылық қысқамерзімдік – 1 аптадан аз, сондықтан тасымалдаушыларды емдеу еш пайдасы жоқ. Менингит науқастары продрома кезеңінде жұқтыруы жоғары, олар антибиотикотерапия басталғаннан 24 сағаттан кейін қоздырғышты бөлуін тоқтады. Көбіне 5 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Вакцинация бағдарламасының мақсаты

А және С полисахаридты вакцинасымен 2 жастан үлкен балаларға вакцинация А және С полисахаридты вакцина эпидкөрсету бойынша жүргізіледі, жеке қорғаныс туғызады, ұжымдық иммунитет құрып және тасымалдаушылықты төмендетеді. (1.3. кестені қара), 2 жастан жоғары. Сондай- ақ вакцинацияны инфекция ошағында да жүргізеді. Менцевакс ACWYвакцинасы 2 жасқа дейін балаларда С қарсытегіне бөлінетін қарсытектердің төменгі деңгейін береді, W-135 және Y қарсы денелеріне одан да аз, А қарсыденесіне қатысты сероконверсия жиілігі 6 айдан жоғары балаларда қанағатанарлықсыз.

Полисахаридті вакциналарды қауіп қатер топтарындағыларды қорғау үшін қолданылады.

Батыс Европада және Канада елдерінде С тобындағы менингокок басым, онда коньюгирленген жоғары тиімділіктегі С тобының вакцинасыМеньюгейтті қолданады, (схема – 2-3-4 ай., басқа вакциналармен бірге) жоғары ісермен қолданылады. Африка белдемелерінде арнап А типті конъюгирленген вакцина шығарылған. АҚШ-та 11 жата (қауіп топтарында 2 жастан бастап) рутиндік вакцинация үшін 4 валентті конъюгирленген вакцина Menactraтм ( серотптар - A ,B, C ,Y , W-135 – санофи пастер) қолданылады, оның мақсаты жасөспірімдерде сырқатанушылықты төмендету, әсіресе бұрқ етпелерді беретін колледж бірінші курсатарына жүргізіледі. 4-валентті конъюгирленген Menveo(Новартис вакцинс) қазіргі кезде 2 жастан бастап қолданылады, 2 айдан бастап вакцинациялацға тіркеуден өткен нұсқаулығы өтеді.

В типіндегі полисазаридтівакцина ми тінінмен детерминантты жалпы қарсетегі бар, асқынуды өршітетін, оның үстіне оның беткей ақуыздары өте өзгергіш. Норвегия мен Жаңа Зеландияда менингококк сыртқы мембрана белоктарының негізінде В тобындағы вакциналар шығарылған, тек жергілікті штамдарға иммуногенді. Геномдық негізде дайындалып жатқан («кері вакциналогия») В менингоккоктың 28 неғұрлым тұрақты ақуыз қарсытектерімен қоса алғанда Новартис вакцинс вакцинасы зерттеуден өтіп жатыр.

Препарат сипаттамасы

Наши рекомендации