Осы ауруда диспансерлік бақылау мерзімі және жиілігі қандай?

№2 есеп:

Ұл бала 8 жас, медициналық документсіз басқа аймақтан участікке келді. Тыныс алудың қиындау шағымымен емханадағы жалпы тәжірбиелік дәрігерге барды.

Ұл бала үшінші жүктіліктен (бірінші және екінші жүктіліктегі балалар, неонатальды кезеңде ішектің түйілуінен қайтыс болған). Туылғалы ауырады: тұрақты жөтел байқалды, өмірінің алғашқы жылында 3 рет пневмония ауруын басынан өткізді. Қиын бөлінетін қақырықты жөтел, ентігу, дене қызуының шағымымен соңғы жылдары бірнеше рет ауруханаға жатқызылды.

Қаралған кезде баланың жағдайы өте ауыр. Дене салмағы 29 кг, бойы 140см. Тері жамылғысы бозарған, мұрын-ерін үшбұрышы көгерген.” Сағат әйнегі” мен “барабан таяқшасы” симптомы айқын. ТЖ-40 рет 1 минутта, ЖСЖ-120 рет/мин. АҚ 90/60 мм сын.бағ. Кеуде клеткасы бөшке тәріздес пішінде. Өкпеде перкуторлы тимпаникалық дыбыс. Аускультативті: оң жақ тынысы-әлсіреген, сол жақ-қатаң. Көбінесе сол жақтан, әр түрлі калибрлі құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тынықталған, жүрек ұшында әлсіз интенсивті систолалық шу. Бауыры қабырға доғасынан +5-6 см төмен. Талақ пальпацияланбайды. Нәжісі сұйық, жылтыр майлы, майлама тәрізді.

Клиникалық қан анализі: Hb - 100 г/л, Эр - 3,5×1012 /л, Т.с. - 0,85, Лейк - 7,7×109 /л, т/я - 8%, с - 54%, э - 3%, л - 25%, м - 10%, ЖҚА -45 мм/сағ.

Биохимиялық қан анализі: жалпы ақуыз - 60 г/л, альбумин -46%, альфа1 -глобулин - 9%, альфа2 -глобулин - 15%, бета-глобулин - 10.5%. гамма-глобулин - 19.5%, тимол сынамсы - 9,0, СРБ - ++, ЩФ -850 Уд/л (норма - 220-820), АЛТ - 36 бірлік /л, АСТ – 30 бірлік/л.

Пилокарпинді сынама: натрий - 132 ммоль/л, хлор - 120 ммоль/л.

Копрограмма: көп мөлшерлі нейтральді майлар.

Кеуде клетка рентгенограммасы: Бронхотамырлық суретте кенет екі жақты деформациялану және күшеюі, әсіресе түбір аймағында, қоюланған фиброзды тәж. Орта бөлігінің оң жақ аумағында анағұрлым мөлдірлігінің төмендеуі. “Жүрек тамшысы”, өкпе артерия конусының ұлғайғаны байқалады.

Құрсақ қуысы мүшесінің УДЗ: бауыр сол жақ есебінен ұлғайған, тығыздалған, біртекті емес, шеткі қантамырлық сурет тарылған, дәнекер тіннің бірқалыпты ұлғаюы. Ұйқы безі- 15×8×25 мм, ұлғайған, жайылмалы тығыздалған, анық емес пішіні бар (газдар). Өт қабы - S-пішіндес, қабырғасы тығыздалған. Талақ ұлғайып-тығыздалған, тамыр қабырғасы қалыңдаған. Талақтың көктамыры иреленген.

№2 Есепке тапсырма:

  1. Келтірілген зертханалық-аспаптық зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
  2. Балаға қандай мамандар кеңесі қажет?
  3. Балаға кейінгі тексеру жоспарын құрыңыз.
  4. Осы науқасқа диагноз тұжырымдаңыз.
  5. Стационарлы емнен кейінгі сіздің тактикаңыз?
  6. Осы аурумен балаларды диспансерлік бақылау мерзімі және жиілігі
  7. Ауру асқынбаған кезде спорттың қандай түрімен шұғылдануға болады?
  8. Осы аурудың болжамы қандай?

№ 5 тақырып: «Емшек жасындағы балаларды тамақтандыру. Табиғи және жасанды тамақтандырудың негізгі принциптері»

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Емхана жағдайында баланы бақылап тамақтандыру нені анықтау үшін қажет (2 дұрыс жауап):

A. Дене салмағын;

B. Сорған сүт санын;

C. Қосымша тамақ санын;

D. Енгізетін қоспаны есептеуге;

E. Енгізетін қосымша тамақтанудың есептеу санын;

F. ФД бағалау,

G. ПДН (НПР) бағалау;

H. Резистенттілікті анықтау

2. БЖАИЖ (ИБВДБ) ұсынысы бойынша баланың табиғи қоректенуінде екіншілік қосымша тамақтандыруды енгізу мерзімін көрсетіңіз:

A. 4 айдан бастап;

B. 5 айдан бастап;

C. 6 айдан бастап;

D. 7 айдан бастап;

E. 8 айдан бастап.

3. ЖТД үйге шақыру: әйел адам босанғаннан 10 күн өткеннен кейін тез шаршау, психоэмоциональды тұрақсыздық және сүт мөлшерінің азайғандығын айтады. Гипогалактияны алдын-алу үшін сіздің ұсынысыңыз:

A. емізу арасындағы аралықты кеңейту;

B. қолданылатын сұйықтық көлемін азайту және өзінің ұйқысын арттыру;

C. ыстық ванналарды және серуендеуді азайту;

D. никотин қышқылын қабылдауды тез арада бастау;

E. емізудің қайталануын арттыру, тамақтану, сұйықтық ішу тәртібін және күн тәртібін дұрыстау.

4. Табиғи тамақтандыруда тамақ қоспасы ретінде ана сүтімен қоректенетін баланың рационына жеміс шырыны мен алма пюресін оны қамтамасыз ету үшін қосады:

A. ақуызбен;

B. майлармен;

C. суда еритін дәрумендермен;

D. майда еритін дәрумендермен;

E. көмірсулармен.

5. Гипогалактияның III дәрежесінде ана сүтінің жетіспейтін пайызын бала қажет ететін пайызға қатынасын көрсетіңіз:

A. 30%;

B. 40%;

C. 45%;

D. 50%;

E. 75%.

6. Анасына емшекпен қалай емізу керектігін және тіпті ол баладан уақытша ажыраса да лактацияны қалай сақтап қалуды аясында көрсету қажет :

A. босанғаннан кейін кезеңде босанушыны жалпы тексеру

B. "ана сүтімен қоректендірудің 10 қағидасын" сақтау

C. лактацияны күшейту

D. жаңа туған сәбиде оральды рефлекстерді күшейту

E. баланың психо-физикалық дамуын жақсарту

7. Ана сүтімен қоректенетін жаңа туған баланың құсуына алып келеді (2 дұрыс жауап):

A. кардиальды сфинктердің жақсы дамуы;

  1. кардиальды сфинктердің жеткіліксіз дамуы;
  2. асқазанның пилорикалық бөлімінің гипотонусы;

D. пилорикалық сфинктердің нашар дамуы;

E. асқазанда ферменттер құрамының жоғары болуы;

  1. асқазанның пилорикалық бөлімінің салыстырмалы гипертонусы

G. өте көп мөлшерде сілекейдің ағуы;

H. барлық сфинктерлерінің гипотонусы

8. Ана сүтімен қоректенетін балаға қосымша тамақтандыру туралы сіздің ұсынысыңыз (3 дұрыс жауап):

  1. бірінші қосымша – сүт ботқасы;
  2. бірінші қосымша – көкөніс пюресі;
  3. екінші қосымша – кефир;
  4. екінші қосымша – көкөніс пюресі;
  5. екінші қосымша –сүт ботқасы;
  6. үшінші қосымша – көкөніс пюресі;
  7. үшінші қосымша – кефир;
  8. үшінші қосымша –сүт ботқасы.

9. БМСК жағдайында глютен–туындатқан целиакияда балаға тағамды дайындауда ЖТД қолдануды ұсынады:

  1. бидай ұнын;
  2. қарабидай ұнын;
  3. сұлы қауызы (овсяные хлопья);
  4. ұнтақ жармасын (манная крупа);
  5. жүгері ұнын.

10. Тамақтанудың рационына ет пюресін қосуға болатын баланың жасын көрсетіңіз:

  1. 7 – айлықтан;
  2. 8 – айлықтан;
  3. 9 – айлықтан;
  4. 10 –айлықтан;
  5. 12– айлықтан.

№ 5 тақырып: «Емшек жасындағы балаларды тамақтандыру. Табиғи және жасанды тамақтандырудың негізгі принциптері»

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

Поликлиникада қабылдауда анасы 7 айлық ұлымен. Бала күніне 5рет әр 4 сағ сайын тамақтанады. Күніне 3 рет ана сүтін емеді, 1 рет көкөніс пюресін, 1 рет сүт күріш қоспасын, тауық жұмыртқасының сары уызын 1 шт., жеміс пюресі және шырындар ішеді. Анасы дәрігерге баланың тамақтануы бойынша кеңес-нұсқаулар алуға келген. Қарағанда бала көңілді, белсенді, психомоторлы дамуы жасына сай дамыған, дене салмағы 8600 г, ұзындығы 69 см (туылған кездегі дене салмағы 3200 г, ұзындығы 51 см).

№1 Есепке тапсырма

1. Баланың дене салмағын және бой ұзындығын бағалаңыз.

2. Ұлттық бағдарлама бойынша 1 жасқа дейінгі балаларды тиімді тамақтандырудың нұсқауларын беріңіз.

3. Негізгі тағам қоспалары мен энергияның тәуліктік қажеттілігін көрсетіңіз.

4 1 күнге тиімді тамақтану үлгісін құрыңыз.

№2 есеп:

Қабылдауда қыз бала 1,5 айлық. Анасы баласының тамақтанғаннан кейін белгілі бір уақыт өткесін және тамақтанар алдында жиі құсуына шағымданады. Құсықтың көлемі тұрақсыз (1-2 ш. к «фонтанды»), жиі іртік сүтпен аралас құсады. Тамақты аз жейді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспаларсыз, зәрі қалыпты. 1-ші айдағы салмақ қосуы 650 гр., 2-ші айдың басында 300 гр. Босануы қарқынды болды. Бала невропатологта перинетальды энцефалопатия және жүйке қозғыштығының жоғарылауымен бақыланады. Өмірінің алғашқы күнінен бастап құсады.

№2 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. ажырату диагнозын жүргізуге тырысыңыз.

3. Іс -әрекетіңіз?

4. Баланың дене салмақ қосуын бағалаңыз

5. Емшекпен дурыс емізудің техникасы туралы сұхбат жүргізіңіз.

№ 6 тақырып: «Арнамалы иммундық алдын алу. Ұлттық алдын ала егу күнтізбесі. Егу жұмысын ұйымдастыру. Алдын алу егу жүргізуге көрсетпе және қарсы көрсеткіштері».

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

Ж. №190 ДСМ және СЗ ҚР бұйрығына сәйкес тірі оральды полиомиелит вакцинасына полиомиелитке қарсы жоспарлы арнамалы алдын-алудың қарсы көрсетпелерін көрсетіңіз? Мұндай жағдайда вакцинация инактивтендірілген полиомиелит вакцинасымен өткізілуге болады (2 дұрыс жауап).

A. Дене температурасының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жедел инфекция болуы (жөтел,салқын тию,ентікпе);

B. Компенсация сатысындағы туа пайда болған ақау;

C. Декомпенсация сатысындағы туа пайда болған ақау;

D. ОПВ екпесін алғаннан 30 күн өткен соң парез немесе салданудың (параличтің) дамуы;

E. ОПВ екпесін алғаннан 2 күн өткен соң парез немесе салданудың (параличтің) дамуы;

F. Иммуножетіспеушілігі бар адаммен тұрмыстық қатынаста болуы ;

G. Созылмалы аурулардың жоғары температурамен асқынуы;

H. ОПВ екпесін алғаннан 50 күн өткен соң парез немесе салданудың (параличтің) дамуы.

Наши рекомендации