Сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы: Жүйкелік талшықтар бойымен қозудың өтілу заңдары. Парабиоз. Синапстың физиологиялық қасиеттері.
№ 1-жұмыс.Жүйке бойымен қозудың екі жақты таралуы.(Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 90-91 б.).
Құрал – жабдықтар: стимулятор, электродтар, шыны ілмек, шыны пластинкалар, лоток, дәкелер, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмыстың барысы: Бақаның артқы аяқтарынан препарат дайындаймыз. Сосын бақаның санын артқы бетімен жоғарыға қарай айналдырамыз. Екі үлкен саусақпен санның бұлшықетін ашып, шонданай (седалищный нерв) жүйкесін табамыз. Содан соң шыны ілмектің көмегімен санның төменгі 3/1 бөлігінде шамамен 1 см аралығында шонданай жүйкесімен жұмыс жасалынады. Санның төртбасты бұлшықетінің тармақтарын сақтау үшін, жүйкемен жұмыс жасағанда мүмкіндігінше абайлап жасау керек. Жүйкемен жұмыс жасаған соң оның астына қайшы браншасын өткізіп, санның сүйегін және бұлшықеттерін кеседі. Сан мен сирақ бір – бірімен шонданай жүйкесі арқылы байланысады. Препаратты шыны пластинкаға орналастырамыз, ал жүйкені стимулятормен байланысқан электродқа саламыз. Жүйкені қоздырамыз да сан мен сирақ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.
Жүйке талшығының бойымен қозу тітіркендірген жерден бастап екі жаққа таралуға қабілетті.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Жобасын салыңыз(29б., 90б.), қорытындыда жүргізілген тәжірибе нені дәлеледейтіндігін көрсетіңіз.
№ 2-жұмыс.Жүйкенің физиологиялық бүтіндік заңы.(Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 91-92 б.)
Жүйке анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан бүтін болғанда, жүйкелік талшық бойымен қозу таралады. Фармакологиялық препараттармен әсер еткенде немесе жүйке салқындағанда оның физиологиялық бүтіндігі және қозуды өткізгіуі бұзылады.
Құрал – жабдықтар: стимулятор, электродтар, лоток, мақта, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), Рингер ерітіндісі, 2% новокаин ерітіндісі, бақа.
Жұмыстың барысы: Жүйке – бұлшықеттік препарат дайындаймыз. Электродты жүйкеге орналастырып, стимуляторды қосады. Сөйтіп, балтыр бұлшықетінің жиырылуын бақылаймыз. Содан кейін 5 минутқа 2% новокаинмен сіңірілген мақталық тампонды жүйкенің бір бөлігіне орналастырамыз. Қайтадан стимуляторды қосқанда балтыр бұлшықетінің жиырылмауын байқаймыз. Содан соң мақталық тампонды алып тастап, Рингер ерітіндісімен жүйкенің бір бөлігін сулаймыз. 5 минут өткеннен кейін жүйкені тоқпен қоздырып, қайтадан бұлшықет жиырылуының пайда болғанын көреміз.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Қорытындыда неліктен жүйкенің физиологиялық бүтіндігі бұзылғанда, оның қозуды өткізуі де бұзылатындығын түсіндіріңіз.
№ 3-жұмыс.Парабиоз.(Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 92-93 б.)
Құрал – жабдықтар: миограф, кимограф, стимулятор, әмбебап штативі, электродтар, лоток, мақта, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), лигатура 1% калий хлоридінің ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмыстың барысы: Парабиоз жайлы ілімді алғаш рет Введенский анықтаған. Жүйке - бұлшықеттік препараттың көмегімен жүйке қиындысынан импульстің өтуін зерттеу арқылы ол: электродтар арасындағы жүйке бөлігіне химиялық немесе наркотикалық заттардың әсер етуі және бірнеше уақыттан кейін бұлшықеттің жиырылуы қозуға жауап беруін тоқтатқанын анықтады. Парабиоз кезінде лабильдіктің күрт төмендеуі байқалады. Парабиоз біртіндеп дамитын 3 фазадан тұрады: теңестірулік; парадаксальді; тежегіштік.
Жүйке – бұлшықеттік перпаратты дайындап, оны стимулятормен байланысқан электродқа орналастырады. Біркелкі стимулмен қоздырып және бұлшықет жиырылуының әлсіз және күшті қоздырғыштарын кимографқа қисық сызықтар арқылы тіркейді, мұны бұлшықеттің әлсіз және күшті жиырылуы деп атайды. Электродтан төмен орналасқан жүйкенің бір бөлігіне 1% калий хлоридінің ерітіндісіне батырылған мақталық тампонды орналастырамыз. Біраз уақыттан кейін (әдетте, парабиоздың дамуы 8-10 мин кейін басталады) жүйкені қоздырып және қозу күшінің жоғарылауы мен төмендеуі - бұлшықеттің жиырылуының бірдей амплитудада тіркелетіндігіне көз жеткізеді. Бұл парабиоздың теңестірілген фазасының басталуын көрсетеді. Әлсіз стимулдар жоғарғыамплитудалық жиырылуды шақырса, ал күшті стимулдар, керісінше, бұлшықеттің жиырылуының төменгіамплитудалық периодын шақырады. Бұл парабиоздың парадаксальді фазасы. Егер де бұлшықет жиырылуын тоқтатып, әлсіз және күшті қоздырғыштарға жауап беруін тоқтатса, онда оны парабиоздың тежегіштік фазасы деп түсінеміз.
Парабиоз туралы ілім Н.Е. Введенскийге тән. Жүйке-бұлшық еттік препаратың жүйке кесіндісі арқылы серпініс өтілуін зерттегенде, ол химиялық немесе есірткілік заттарды электрод пен бұлшық ет аралығындағы жүйке бөліміне әсер еткенде тітіркендіргіш әсеріне бұлшық ет жиырылуының тоқтағандығын бақылады. Парабиоз кезінде қызметтік қимыл бірден төмендейді. Парабиоз біртіндеп дамумен сипатталады, онда үш: тепе-теңдік, парадоксальді және тежелуші кезеңдерді ажыратады.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда парабиоз кезеңдерінің даму үрдісінде бақыланатын құбылыс тегершігінің қандай екендігін түсіндіріңіз.
№ 4-жұмыс.Жүйке-бұлшық ет препаратында қажу орны.(Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 93 б.)
Құрал – жабдықтар: кимограф, стимулятор, қайта қосу (переключатель), вертикальді миограф, электродтар, лоток, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмыстың барысы: Қажу ұлпаның төмендеуімен немесе мүмкіндіктің толық жоғалуымен сипатталады немесе бүтін ағзаның қозуға адекватты жауап беруі. Жүйке – синапс – бұлшықет жүйесінде синапста ең бірінші қажу байқалады.
Жүйке – бұлшықеттік препарат дайындап, бұлшықетті вертикальді миографқа бекітеміз, ал жүйкені электродқа орналастырамыз да, миографтың жазғышын кимографқа жақын орналастырамыз. Сөйтіп қозу күшінің табалдырығын анықтаймыз. Стимулятор жиілігін 1 Гцқа қоямыз, бұлшықеттің тік емес қозуының қажуын қиғаш сызық түрінде кимографқа жазамыз.
Қажу ұлпа қабілеттілігінің толығымен жойылуы немесе төмендеуімен немесе біртұтас организмнің үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне жауап тудырмауымен сипатталады. Жүйке-бұлшық ет-синапс жүйесінде қажу ең алғаш рет синапста дамиды.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: сурет дәптерде 30 б., 93 б. суреттерді салыңыз, қорытындыда тікелей тітіркендіргіш әсеріне өткенде, бұлшық ет амплитудасы неліктен өзгеретіндігін түсіндіріңіз және жүйке бұлшық ет препаратында қажу орны туралы қорытынды жасаңыз.