Анның биохимиялық анализі

Балалар неврологиясы» бағыты бойынша 7 курс интерндарының қорытынды бақылау үшін медициналық симуляцияның сценариі

(2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)

Оқу жылы

Курс интерндерін қорытынды бақылауға, БН дайындалуға (2этап – клиникалық дағдыларды бағалауға) арналған медициналық симуляцияның сценариі, 2015-2016 оқу жылы

Клиникалық жағдай:«Эпилепсияның ұстамадан кейінгі кезеңіндегі диагностикасы және жүргізу тактикасы» Сіз-емхананың дәрігерісіз. Сізге қаралуға 10 жасар науқас қыз бала келді.

· Анамнез жинаңыз және науқасты қарап тексеріңіз, аурудың ауырлығын бағалаңыз.

· Болжама диагноз қойыңыз, жоспар құрыңыз және салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

· Инструменталды зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жүргізіңіз.

· Науқасты жүргізу тактикасын анықтап, базисті терапияны жазыңыз.

· Емдеу нәтижелілігінің критериін жазыңыз.

Қорытынды нәтиже (outcomes)

· Сурастыру, жүргізу және тырыспалы ұстамалармен науқастың неврологиялық статусын қарап тексеру.

· Эпилепсияның клиникалық диагностикасы және оның асқынулары.

· ЭЭГ жасау және интерпретация жүргізу.

· Эпилепсиямен науқасты жүргізу тактикасы, функционалды жағдайының мониторингі

Клиникалық жағдайды бағалау парақшасы (check-list)

«Ұстама кезіндегі эпилепсияны диагностикалау және жүргізу тактикасы»

Қадамдарды бағалау Балл бойынша бағалау
Дұрыс орын- далды Ескерту-лермен орындалды Орын-далмады
Анамез жинау 1,0 0,5
Эпилепсия ауырлығының белгілерін анықтау 1,0 0,5
Физикалды қарап тексеру – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
Неврологиялық қарап тексеру – неврологиялық статус 2,0 1,0
Болжама диагноз 2,0 1,0
Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Диагностика жүргізуді жоспарлау 1,0 0,5
ЭЭГ интерпретациясы 2,0 1,0
Бассүйек рентгенограммасының интерпретациясы 2,0 1,0
Көз түбі зерттеулерінің қорытындыларын интерпретациялау 1,0 0,5
Жұлын сұйықтығының анализ қорытындыларын интерпретациялау 1,0 0,5
Емдеу тактикасын анықтау 1,0 0,5
Базисті терапияны тағайындау 1,0 0,5
Емдеу нәтижелілігін бақылау 1,0 0,5
Науқаспен оптималды байланыс орнату және үрейді басу 2,0 1,0
  ЖАЛПЫ БАЛЛ      

Максималды балл -20

Сценарий мәтіні: Ауру қыз бала, 10 жаста.

Шағымдары:Анасының айтуы бойынша қызында ұстама: есінің жоғалуымен,тілін тістеуімен, қол аяғының тырысулармен, еріксіз зәр шығарумен көрінеді.

Сұрақтың негізі Актер үшін сұрақты құрастыру Жауап
Ұстаманың сипатын нақтылау Қандай ұстама – есінің жоғалуы мен не есі анық Есінің жоғалуымен ,тонико –клоникалық тырысулармен.
Ұстаманың түрі Ұстама болған жағдайда не болады. Басында бұлшық еттері босаңсыйды да артынан қатайып тырысады. Басы артқа шалқайып көзі сол жаққа қарай бурылады содан кейін қол аяғы дірілдеп тартылады.
Қосымша симптомдары Ұстама болғанда көбінесе не байқалады Ыңырсу, дыбыс шығару, еріксіз зәр шығады, тілін тістеп ауызынан көбік шығады.
Ұстаманың ұзақтығы қанша Қанша уақытқа созылады. 2-3 минутқа дейін
Ұстама қанша уақыттан бері байқалады Қандай жағдайда ұстама басталды және алғашқы бірінші ұстама кай ұақытта болды. 6 жасында балалармен жұгіріп ойнап журген кезде.
Ұстаманың жиілігі Тәуліктің қай уақытында байқалады? Ұзақ күннің кай кезінде ұстама болады және жиілігі қалай? Бала кезінде ұстама анда санда болатын, кейінгі кезде жиі болып тұрады. Соңғы 1,5-2 айда ұстама күндізгі ұақытта байқалады.

Анамнезінде:Анасының айтыуы бойынша қыз баланың ұстамасы күндізгі ұақытта болады.Ұйқысы бұзылған, өйткені ол жиі түнгі уақытта сабақ оқиды, компьютерде көп отырады. Бірінші рет ұстама 6 жасында балалар мен ойнап жүргенде, аяқ астынан болды. Ұстама бала кезінде анда санда болушы еді, енді жиілеп кетті. Невролог дәрігерде есепте тұрады, ұстамаға қарсы ем қабылдайды. Науқастың әкесінде ұқсас ұстамалар байқалады. Соматикалық дені сау.

Объективті:Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Дене бітімі қалыпты. Тәбеті қанағатанарлық. Бойы 122 см. Салмағы 28кг. Тері астындағы майлы клечаткасы бір қалыпты дамыған. Терісі таза, кәдімгі түрде, дене қызуы 36,4С. Шеткі лимфотүйіндер ұлғаймаған. ЖҚС минутына 70 соққы.

Неврологиялық статусында:Науқастың есі анық, ұйқылы, жағдайы ұстамадан кейін, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Менингиальды белгілері жоқ. Иіс сезуі сақталған. Көздің көруі қалыпты, көру аймағы бұзылмаған. Көздің қарашығы біркелкі, қыймылы толық, нистагм жок. Конвергенция және аккомодация реакциялары қалыпты. Беттің сезімталдығы бұзылмаған. Шайнау бұлшық еттері симметриялық тұрде. Қабақ ұсті және төменгі иектік рефлекстері қалыпты жағдайда. Бет сәйкестікте, мимикалық пробаларды қанағатанарлықтай орындайды. Дәм сезуі қалыпты. Есту қабілеті ақаусыз. Бас айналуы жоқ. Көмекей рефлекстері қалыпты. Тіл ортада гипотрофия және дірілдеу байқалмайды. Сөзі анық. Басын буруы, ыйық көтеруі бұзылмаған екі жақта бірдей. Қыймыл сферасы: Сіңір рефлекстері екі жақта қолдары мен аяқтарында біркелкі шақырылады қалыпты. Патологиялық белгілер жоқ. Сезімталдығы сақталған. Тепетеңдігі қалыпты жағдайда. Жоғарғы ми қыртысының функциясы қалыпты. Сақтау кабілеті, праксис функциясы, өз-өзіне деген критикасы сақталған.

Зерттеу нәтижелері:

Компоненттер Қортынды
Гемоглобин 128 г/л
эритроциттер 4, 34×1012
ЦПК 1,0
тромбоциттер 280×109
лейкоциттер 5,6×109
нейтрофильдер, с/я 67,0%
п/я 4%
эозинофилдер 2%
лимфоциттер 27%
ЖЭТ 10 мм/ч

Жалпы зәр анализі

Компоненттер Қортынды
Көлемі 50 мл
Түрі Сары
Түнықтығы Түнық
Қатылығы
Реакциясы Қышқыл
Ақуыз теріс
Қант теріс
Жалпақ эпителий 0 – 1 көру аймағында
Лейкоциттер 0 –1 көру аймағында

анның биохимиялық анализі

Компоненттер Қортынды Қалыпты Бірлігі
Жалпы ақуыз 70,5 60 – 80 г/л
АЛТ 0,42 0,0 – 33,0 Ед/л
АСТ 0,38 0,0 – 32,0 U/L
Билирубин (жалпы) 18,2 0,0 – 21,0 U/L
Мочевина 5,5 6,0 – 42,0 ммоль/л
Креатинин 97 – 115,0 мкмоль/л
холестерин 4,5 3,9-6,5 ммоль/л
Глюкоза 4,8 5,5-6,6 ммоль/л

Ликвордың жалпы анализі:

Наши рекомендации