Гипогликемиялық және гипергликемиялық комалар.

Бүйрек және зәр шығару органдарының аурулары: Диффузды гломерулонефрит, пиелонефрит

Жас балалардың бүйректері төменірек орналасқан, салмағы үлкен кісінің бүйрегімен салыстырғанда 2 есе ауыр, сондықтан зәр шығару функциясы да жоғары.

Баланың бүйрек түбектері мен несепағарлары кеңдеу және несепағарларының сергітуі төмен. Бұл ерекшеліктер зәрдің тоқтап қалуына жағдай туғызып, қабыну процесстеріне әкеліп соқтырады. Нәрестенің қуығы сәл жоғары орналасқан, оның көлемі жаңа туған балада -50 мл, 3 айында -100 мл, 1 жасында 200 мл, 10 жасында 900 мл. Жаңа туған бала суткасына 25 ретке дейін зәр шығарады. Зәр шығатын жол қысқа- қыз балада 0,8-1 см, сондықтан баланың астын дұрыс жумаған кезде инфекция оңай жоғары көтеріліп бүйректі қабындырады. Пиелонефрит дамиды. 3-4 айынан бастап баланы ұйқыдан кейін немесе тамақтандарғаннан 20 мин кейін тосып үйреткен жөн.

Диффузды гломерулонефрит

Бұл- инфекциялық –аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады. Этиологиясы- стрептококк, стафилакокк, вирустар. Баспа ,қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады.

Бұл ауруға бейімдеу факторлары:

1. Аллергиялық күй

2. Тоңу

3. Тұқым қуалаушылық

Гломерулонефрит мектеп жасындағы ер балаларда жиі кездеседі.

Клиникалық белгілері:

1. Ауру жедел немесе баяу баланың жалпы жағдайының бұзылуынан басталады;әлсіздік,көңілсіздік, тәбеттің төмендеуі, ыстық көтерілуі, лоқсу, құсу,терімен шырыш қабаттарының құрғауы.

2. Ісік синдромы. Бүйрек ауруы кезінде ісік әуелі көздің қабақтарында пайда болады. Әсіресе таңертеңгілік көзі, беті ісініп тұрады. Ауру асқынған кезде кеуде мен құрсақ қуыстарында сұйық жиналады, ал өте ауыр жағдайларда ісіну процесстері бүкіл организмге тарап, анасарка дамиды.

3. Бұл ауруға байланысты қан қысымы көтеріліп, жүрек көлемі үлкейіп, соғуы әлсіз болады. Басы ауырып, ұйқысы бұзылады, денесі құрысып- тырысуы мүмкін.

4. Зәрдегі өзгерістер- бүйрек күрделі биологиялық сүзгі қызметін атқарады. Зәрмен организмнен су, минералды тұз, зат алмасудың қалдық өнімдері шығады. Бүйректе қабыну процесстері дамығанда домалақшалардың қан тамырларының қабырғаларынан эритроциттер мен белоктар өтіп кетеді. Белоктың зәрге өтуін протеинурия, эритроциттердің өтуін гематурия деп атайды. Эритроциттер зәрге өте көп өткен кезде зәрдің түсі қызарып ет жуған су сияқты болады. Макрогематурия, ал эритроциттер тек микроскоппен қарағанда көп айқындалса- микрогематурия деп атайды.

5. Балалар зәрді сирек, аз шығаратын болады, белі, іші ауыратын болады.

Осы синдромдардың қайсысы алдыңғы орынға шығуына байланысты гломерулонефрит 3 клиникалық вариантқа бөлінеді.

- Гематуриялық вариант

- Нефротикалық вариант-ісік және протеинкурия

- Аралас вариант

Өтуіне байланысты гломерулонефрит : жедел, созылмалы, латентті болады.

Асқынуы: бүйректің жедел жетімсіздігі- бүйректің сүзгі, қызметінің бұзылуы яғни бала организмінің зат алмасудың қалдық өнімдерімен улануы. Клиника: бала жағдайы күрт нашарлайды, тәбеті жоқ, әлсіздік,көңілсіздік, тәбеттің төмендеуі, ыстық көтерілуі, лоқсу, құсу,анурия болады.

Бүйрек жедел жетімсіздігі кезіндегі медбикенің шұғыл көмегі:

1. Дәрігерді шақыру

2. Сифондық клизмаға,асқазан жууға,көк тамырға дәрі құюға дайын болу.

Емдеу:

1 этап –арнайы бөлімше

2 этап- емханада диспансерлік бақылау

3 этап- санаторлы –курорттық ем

1. 3-4 апта қатаң төсек режимінде ұстап, одан кейін еппен режимді кеңіту.

2. Ауыр жағдайда 1-2 күнге диета. Бала жеміс, бал, вареньемен қоректендіріледі, сұйықтық мөлшері азайтылады. № 7 столға ауыстыру, әуелі тұзсыз вариант, сосын ас тұзын аздап қосу.

3. Антибактериалды терапия

4. Антигистаминді дәрілер

5. Витаминдер комплексі

6. Кальций препараттары

7. Қан қысымын төмендететін дәрілер: резерпин,дибазол

8. Зәр бөлінуін жақсартатын дәрі: фуросемид, лазикс

9. Кальций препараттары және гормондар

10. Симптомдық ем.

Күтім:

1. Баланың режим және диета сақтауын қадағалау

2. Палатадаға санитарлық, гигиеналық жағдайды жақсарту

3. Бала терісі мен шырышты қабықтарының тазалығын сақтау

4. Қан қысымын және баланың салмағын өлшеу

5. Анализдерін жинау

Жедел түрі 5 жыл, созылмалы түрі өмір бойы диспансерлікесепте тұрады. Диспансерлік бақылауды учаскелік педиатр және нефролог өткізеді. Олардың нұсқауымен бала зәр, қан анализдерін өткізіп, ЛОР және стоматолог дәрігерге көренеді. Санаторлық емдеу- 6 айдан кейін. Алдын алу:

1. Баланы дұрыс тамақтандыру, күн тәртібін сақтау, шынықтыру

2. Мезгілінде және мұқият созылмалы ауруларды емдеу.

3. Барлық балаларды диспансерлік бақылауға алу.

Антты диабет.

Гипогликемиялық және гипергликемиялық комалар.

Қантты диабет- асқазан асты безінің бетта клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын созылмалы ауру.

Қанда инсулин аз болған кезде ткандер қантты сіңіре алмайды, сондықтан қанда қан мөлшері өседі. Бұл гипергликемия деп аталады. Нормада қант қанда аш қарында 3,5-5,5 м/моль/л. Глюкозурия- қандағы қанттың зәрмен бірге шығарылуы. Қантты диабет ерте заманнан белгілі. Бұл ауру туралы 17 ғасырда белгілі болған. 18 ғ.бұл аурумен ауырған адамдардың зәрінің тәтті болатыны, 19 ғасырда оның себебі инсулин аздығынан екені дәлелденді. 20 ғасырда совет ғалымы Коган -–сный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан алғанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазір 65 жыл өмір сүреді.

ВОЗ-дың мәліметі бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық олардың ішіндегі балалар мен жасөспірімдер 10 пайыз яғни 2 миллионға жуық.

Қантты диабеттің кең таралуы бұл ауруды әлеуметтік ауруларға жатқызуды және кең қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді. Жаппай көпшілікті жоспарлы түрде медициналық тексеруден өткізу және қантты диабетке бейім контингентті зерттеу, қантты диабетпен ауру адамдарды диспансерлеу, оларды инсулин препараттарымен тегін қамтамасыз ету, қант диабетімен ауыратындарға арнап тамақ түрлерін өнеркәсіптің шығаруы, кең санитарлы ағарту жұмысын жүргізу.

Қантты диабеттің себептері:

1. Тұқым қуалау 6 пайыз

2. Балалардың вирусты жұқпалы аурулары

3. Қанттар мен майларды тамаққа көп пайдалану.

4. Психикалық және күш стресстері.

Аурудың айқындалуы. Қантты диабеттің негізгі үш клиникалық симптомы белгіленеді:

1. Қатты шөлдеу- полидипсия

2. Жиі және көп зәр шығару- полиурия

3. Кенеттен тәбет ашылуы – полифагия

4. Бала азады

5. Бала терісі құрғақ, қышады.

6. Зат алмасуының бұзылуының себебінен бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан балада терінің іріңді аурулары жиі болады, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулармен де жиі ауырады.

Қантты диабеттің балалардағы ерекшеліктері:

1. Ауру қатты, екпінді басталады.

2. Ауру ауыр түрінде өтеді, балаларда қантты диабеттің жеңіл түрлері болмайды

3. Асқынуға бейім

Бұл асқынулар гипергликемиялық және гипогликемиялық кома. Кома шұғыл көмекті қажет етеді.

Наши рекомендации