Ан құю қан топтары қан алмастырушы заттар

1. Алғашқы болып қан тобын ашты:

а) Пирогов

б) Гарвей

в) Цельс

г) Ландштейнер

2. Қанның қандай элементінде агглютинин бар?

а) лейкоциттерде

б) эритроциттерде

в) тромбоциттерде

г) қан сарысуында

3. ІV топтың изогемагглютинациялық сарысуының түсі:

а) түссіз

б) қызғылт

в) сары

г) көгілдір

4. Қан тобын анықтағанда, сарысу мен қанның ара – қатынасы:

а) 15:1

б) 2:1

в) 5:1

г) 1:1

5. Қан тобын анықтағанда изогемагглютинация реакциясы А(ІІ) және В (ІІІ) стандартты сарысуларында оң, ал О (І) АВ (ІV) – теріс мұндай нәтиже нені көрсетеді?

а) стандартты сарысулардың жарамсыз екендігін

б) зерттелген қан В (ІІІ) топқа жатады

в) зерттелген қан А (ІІ) топқа жатады

г) зерттелген қан О (І) топқа жатады

6.Агглютинация – А және – В цоликлондарымен анықталды. Зерттелетін қан қандай топқа жатады?

а) АВ (ІV)

б) О (І)

в) А (ІІ)

г) В (ІІІ)

7. Гемодилюция әдісі, бұл-

а) қанды сұйылту

б) қанды тікелей құю

в) қанды алмастырып құю

г) аутогемотрансфузия

8. Эритроцитті массаны сақтау мерзімі:

а) 10-15 тәулік

б) 1-3 тәулік

в) 1 тәулік

г) 21 тәулік

9.Наркозда жатқан науқасқа қан құйғанда, жиі кездесетін трансфузиялық реакцияны атаңыз:

а) квинке сулы ісігі

б) ұлпалардың қансырауының жоғарылауы

в) жедел бауыр жетіспеушілігі

г) пирогенді реакция

10. Резус – фактор бойынша сәйкессіздік қандай жағдайда дамиды?

а) резус – теріс реципиентке қайтадан резус – оң қанды құйғанда

б) резус – оң реципиентке қайтадан резус – теріс қанды құйғанда

в) резус – теріс реципиентке резус – оң донордың плазмасын құйғанда

г) жүктілікте

11. Қан құюдың көрсеткіштері:

а) семіздік

б) жедел туберкулез

в) жедел қан жоғалту

г) жедел тромбофлебит

12. Қанды көрсеткіші бола тұра құюға болмайды:

а) қансырауда

б) жедел бауыр жетіспеушілігінде

в) гемофилияда

г) анемияда

13. Реинфузияға қарсы көрсеткіш:

а) геморрагиялық шок

б) медиастенит

в) асқазан мен ішектің зақымдалуы кезіндегі гемоперитонеум

г) аллергия

14. Қан бөліктері мен өнімдерін атаңыз:

а) глюцид

б) лейкоцитті масса

в) полиглюкин

г) желатиноль

15. Науқас гемотрансфузиядан кейін, бел тұсындағы ауыру сезіміне шағымданды. Қандай асқыну жайлы ойлауға болады?

а) науқасқа сәйкес емес қан құйылды

б) анафилактикалық шок

в) цитратты улану

г) пирогенді реакция

16. Науқаста лапаротомияда кезінде құрсақ қуысында 1 литр қан бар екендігі анықталады. Реинфузияны жүргізуге бола ма?

а) жоқ болмайды

б) 500 мл-ге дейін болады

в) антибиотикті қосып енгізуге болады

г) иә болады

17. Фиброгастродуоденоскопия кезінде науқаста гемморрагиялық гастрит анықталды қандай қан өнімін енгіземіз?

а) тромбоцитті массаны

б) жаңа мұздатылған плазманы

в) жуылған, мұздатылған эритроциттерді

г) лейкоцитті массаны

18. Онкопатологиясы бар науқасқа химиотерапиядан кейін 5 тәулік сақталған лейкомассаны құюға бола ма?

а) макроскопиялық тексеруден кейін, құюға болады

б) антибиотиктерді қосып, құюға болады

в) жоқ, болмайды, лейкоцитті, массаны сақтау мерзімі 3 тәулік

г) құюға болады.

19. Гемодинамикалық әсер көрсететін плазма алмастырушы затты атаңыз:

а) полидез

б) липомайз

в) желатиноль

г) калий

20. Дегидратациялық әсер көрсететін плазма алмастырушы затты атаңыз:

а) протеин ерітіндісі

б) полидез

в) липофундин

г) маннитол

21. Дезинтоксикациялық плазма алмастырушы заттардың негізгі қасиетін атаңыз:

а) қанды қойылту

б) жоғары абсорбциялық қасиет көрсету

в) қанды ұйыту

г) қанды сұйылту

22. Ақуызды плазма алмастырушы заттарды құюдың оптимальді жылдамдығы:

а) 50-60 тамшы/мин

б) 20-40 тамшы/мин

в) 20 тамшы/мин

г) 70-80 тамшы/мин

23. Ақуызды плазма алмастырушы заттарды құюдың қарсы көрсеткіші:

а) бронхиальді астма

б) жедел қан жоғалту

в) онкологиялық ауру

г) іріңді қабыну үрдісі

24. Поливинилпирролтдонның сулы – тұзды ерітіндісі:

а) гемодез

б) полиглюкин

в) инфезол

г) реоглюман

25. III дәрежелі жарақаттық шокта қандай плазма алмастырушы затты енгізу керек?

а) гемодезді

б) аминопептиті

в) полиглюкинді

г) барлық жауаптар дұрыс

26.Тізенің флегмонасынан дамыған септикалық жағдайда қандай плазма алмастырушы зат енгізген жөн?

а) стабизолды

б) аминопептидті

в) полиглюкинді

г) полидезді

27. Шокқа қарсы плазма алмастырушы заттарға қойылатын негізгі талап:

а) қан айналымынан сұйықтықтарды жылдам шығару.

б) метаболизмге жылдам ұшырау

в) қанның химиялық құрамын өзгерту

г) қан айналымында сұйықтықтарды ұзақ уақыт ұстап тұру

28. Реополиглюкиннің қасиеті:

а) гемопоэзді ынталандырмайды

б) қан ұюын тездетеді

в) гемопоэзді ынталандырады

г) циркулярлық қан көлемін толтырады

29. Плазма алмастырушы ерітінділерді енгізгенде дамымайды:

а) гомологиялық қан синдромы

б) токсикалық реакция

в) анафилактикалық шок

г) пирогенді реакция

30. Оттегіні тасымалдау қасиеті бар плазма алмастырушы затты атаңыз:

а) полифер

б) перфторан

в) полидез

г) стабизол

Жансыздандыру

1.Науқасқа енгізу наркозын береді:

а) беткейлі наркоз ретінде

б) операция жасау үшін

в) қозу сатысын болдырмау тез ұйықтату үшін

г) операция барысында

2. Демеуші наркоз дегеніміз-

а) тез ұйықтататын енгізу наркозы

б) беткейлі наркоз, базис-наркоз

в) негізгі наркоз

г) қосымша наркоз

3. Базис-наркоз дегеніміз-

а) тез ұйықтататын наркоз

б) операция кезінде және одан кейін берілетін беткейлі наркоз

в) операция барысында жүргізілетін наркоз

г) қосымша наркоз

4. Сұйық ұшқыш наркотикалық затқа жатпайды:

а) эфир

б) азот тотығы

в) фторотан

г) хлорэтил

5. Газ тәрізді наркотикалық затқа жатады:

а) азот тотығы

б) фторотан

в) хлороформ

г) хлорэтил

6. Ингаляциялық наркоздың түріне жатпайды:

а) эндобронхиалды

б) веналық

в) эндотрахеалды

г) маскалық

7. Жалпы жансыздандыру кезінде болмайды:

а) қимылдың болмауы

б) тынысы мен жүрек соғуының тоқтауы

в) есінің, сезімталдықтың жоғалуы

г) орталық нерв жүйесінің тежелуі

8. Ингаляциялық наркоздың мынадай түрі болмайды:

а) эндобронхиалды

б) эндотрахеалды

в) энтералды

г) масқалық

9. Ингаляциялық емес наркоздың түрлері:

а) бұлшықеттік

б) маскалық

в) ингаляциялық

г) анальгезия

10. Эфирлі наркоздың үшінші сатысын атаңыз:

а) қозу сатысы

б) ояну сатысы

в) хирургиялық ұйқы сатысы

г) анальгезия сатысы

11. Масқалық наркоздың жеткіліксіздігі:

а) басқарып отыру, дозасын анықтау қиын

б) операцияға қатысатын медицина қызметкерлеріне әсер етеді

в) наркотикалық зат көп мөлшерде жұмсалады

г) науқас әлсірейді

12. Беткейлі анестезияға жатады:

а) сүйекішілік анестезия

б) өткізгіштік анестезия

в) инфильтрациялық анестезия

г) жағу анестезиясы

13. Жұлындық анестезияның кезеңі:

а) қимылдық, сезімталдық, рефлекстердің қалпына келу кезі

б) қозғалу бұзылыстарының алғашқы кезеңі

в) толық жансыздану және бұлшықеттердің босаңсу кезеңі

г) әлсіреу

14. Механикалық асфиксияға жатады:

а) ларингоспазм, бронхоспазм

б) тілдің артқа ығысып, бітеуі

в) кеңірдекке тампон, сілекей, құсық бөліністерінің түсуі

г) өңештің тарылуы

15. Жүрек тоқтағанда жүргізілетін шара:

а) венаға 10% натрий хлориді ерітіндісінің 10 мл енгізу

б) Сильвестр әдісімен жасанды демалдыру

в) жүректің тікелей емес массажы

г) гемотрансфузия

16. Бұлшықет релаксанттарының негізгі қасиеті:

а) ұлпаларды ісіндіру

б) блокаторлық

в) инфузиялық

г) миопаралитикалық

17. Механикалық асфиксияда жүргізілетін шара:

а) 1% 1,0 мл либексинді венаға енгізу

б) тыныс жолдарының бітелуін жою

в) тазалау клизмасын жасау

г) 0,1 % 0,5-1,0 мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу

18. Ингаляциялық наркоздың әдісін ата:

а) жабық

б) жартылай жабық

в) ашық

г) жартылай ашық

19.Оң өкпеге лобэктомия жасалғаннан кейін науқаста ұйқы артериясында тамыр соғуы анықталмады. Не істеу керек?

а) трахеостомия

б) науқаста жүректің қызметі тоқтады, реанимация шараларын жүргізу керек:

в) клизма

г) жоғарыдағы көмектердің барлығын орындау керек

20.Бауырдың қатерлі ісігінің қансырауында қандай тиімді ем түрі жүргізіледі?

а) қан құйылмайды

б) жаңа мұздатылған плазманы құю керек

в) витаминотерапия

г) аутогемотерапия

21. Қандай ауру кезінде науқас тұрған қалпында мойын веналары кеңейіп кетеді?

а) гематоракста

б) экстрасистолияда

в) керілген пневматорокста

г) гемофилияда

22. Өткізгіштік анестезияның түрі:

а) жұлындық анестезия

б) нерв бағаналарының, өрімдерінің анестезиясы

в) паравертебральді анестезия

г) премедикация

23. Жергілікті анестезияның қарсы көрсеткіші:

а) науқастың қозушаңдығы

б) тоқтамаған ішкі қансырау

в) ұлпалардағы айқын қабынулық және тыртықтық өзгерістер

г) жоғары температура

24. Маститте операция жасау үшін қолданылатын анестезияның тиімді түрін атаңыз:

а) жұлындық анестезия

б) эндотрахалды наркоз

в) маскалық наркоз(фторотанмен)

г) жергілікті инфильтрациялық анестезия

25.Ингаляциялық наркозда тыныс алу шектелген, наркоздың әдісін атаңыз:

а) жабық

б) жартылай жабық

в) жартылай ашық

г) ашық

Наши рекомендации