ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы.

*ТЖА (ВПС). Жүрекше аралық перде ақауы.

!ЖТД қабылдауында 4 айлық бала. Жедел ауырған, таңертең дене қызуы 38,7°С дейін жоғарылаған, селқостық, тәбетінің төмендеуі, мұрын-жұтқыншақ жағынан айқын катаралды өзгерістер, тұмау, жөтел пайда болған. Омырау емеді, дамуы жағынан артта қалу жоқ. Өкпесінде қатқыл тыныс. Диагноз қойыңыз және екпеден медициналық әкету рәсімдеңіз:

*Гипертермия, мед. әкету 1 аптаға

*Катаралды баспа, мед. әкету 2 аптаға

*ЖРА, жеңіл дәрежелі, мед. әкету 1 аптаға

*+ЖРА, орташа дәрежелі, медотвод на 2 недели

*ЖРА, ауыр дәрежелі, медотвод на 4 недели

!ЖТД нәресте өмірінің 5-ші күні патронаж жасау кезінде анықтады: іштің төменгі жағында, аяқ-қолдарда көпіршіктерді байқады, қатпарларда әр түрлі даму кезеңдеріндегі (0,5 см-ден 1,5 см-ге дейінгі диаметрде, іші серозды-іріңді сұйықтықпен толған, көпіршік негізінде эритематозды дақ фонында инфильтрат анықталады). Никольский симптомы теріс. Көпіршікті ашқаннан соң эрозия анықталды. Бұрынғы көпіршік орнында қабыршақ түзілмейді. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене қызуы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз:

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

*Туа біткен мерез

*Лайел синдромы

*Эксфолиативті Риттер дерматиті

*+Пемфигус (нәресте көпіршігі)

!ЖТД қабылдауында 6 айлық бала, жүйке-психикалық дамуы 1 эпикризді мерзімге қалыс қалған, анамнезінде ОЖЖ перинаталды зақымдалуы. Денсаулық тобы мен ДТКБ белгілері қандай (денсаулық тобын кешенді бағалау), қайсысы сәйкес келеді:

*Iтоп, 1-ші критерий

*Iтоп, 2-ші критерий

*II А топ, 1-ші критерий

*II А топ, 2-ші критерий

*+II Б топ,1-ші критерий

!3,5 айлық бала соңғы жылдары 6 рет ЖРА ауырған. Бұл балада инфекционды индекс неге тең?

*1,3

*1,5

*+1,7

*1,9

*2,1

!12 жастағы балада үш апта бойы интоксикация фонында жөтел мазалайды. Туберкулезді ерте анықтау үшін, ЖТД нені тағайындаған дұрыс?

*Манту сынамасы және кеуде клеткасының рентгенографиясы

*Манту сынамасы және кеуде клеткасының рентгеноскопиясы

*+Манту сынамасы және кеуде клеткасының флюрографиясы

*Пирке сынамасы және кеуде клеткасының флюрографиясы

*Кох сынамасы және кеуде клеткасының флюрографиясы

!Науқас 14 жас АҚ 200/120 мм.сын.бағ. Аяғының жансыздануына шағымданады. Объективтік қарау кезінде кеуде қуысының жақсы дамығаны көрінеді, тар жамбас, жіңішке аяқ. Кеуде қуысының R – суретінде қабырғада (узуры) анықталған. Болжам диагноз?

*Саркоидоз

*+Аортаның коарктациясы

*Иценко – Кушинга ауруы

*Бейспецификалық аортоартерииті

*Аорта атеросклерозы

!Ұл бала Н., 11 жаста, цитрусты тағамдарды қабылдағаннан кейін дене және қол терісінде жайылған бөртпелер пайда болды. Бөртпе элементтері жастықша тәрізді, тері беткейінен жоғары, әр түрлі көлемді, дұрыс емес формалы, ақшыл-қызыл түсті, ортасында күңгірт реңді, перифериясында – айқын емес шекаралы қызғылт жиекті. Бөртпелер 2 сағаттан соң жоғалып кетті. Субьективті: қатты қышу, қызыл дермографизм. Сіздің диагнозыңыз?

*Тері қышуы

*+Жіті есекжем

*Ересектер қышымасы

*Қышыма

*Жайылмалы токсикодермия

!Науқас С, 14 жаста, нәресте кезіне ауырады, сырқат ағымы созылмалы, рецидивирлеуші, күз-қыс кезеңінде үдей түседі. Көптеген дәрілік заттардың, өсімдіктердің аллергендерін азық түлік көтере алмаушылық бар. Қатты қышу, көбінесе шынтақ бүгіндісінің, білезік буындарының, тізе асты шұңқырының, мойынның бүйір беткейінің, бетінің зақымдалуы байқалады, зақымдалу ошағында ұсақ папулалар, лихенификация, экскориация, қабыршақтану, эритемалар орналасқан. Мүмкін болатын диагноз?

*Балалар экземасы, жіті фаза, лихенификациямен эритемалы-сквамозды форма

*Атопиялық дерматит, созылмалы фаза, экссудативті форма

*+Атопиялық дерматит, жіті фазалы, лихенификациямен эритемалы-сквамозды форма

*Атопиялық дерматит, созылмалы фаза, лихеноидты форма

*Шынайы экзема, жіті фаза, пруригинозды форма

!Науқас И., 18 жаста, иықтың бүккіш беткейінде және сегізкөз аймағында полигоналді, папуласы күрең түсті, кейбір элементтердің ортасы төмен түскен, қырынан жарық түсіргенде балауыз тәрізді жылтырау бар, қатты қышу мазалайды. Бет терісінің шырышты қабатында ақшыл-сұрғылт түсті шілтерге ұқсас торлы бөртпелер байқалады.

Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз: ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы. - student2.ru

*Қызыл жалпақ теміреткі, гипертрофиялық форма

*+Қызыл жалпақ теміреткі, типті форма

*Қызыл жалпақ теміреткі, атрофиялық форма

*Қызыл жалпақ теміреткі, атипті форма

*Қызыл жалпақ теміреткі, фолликулярлы форма

!Бала Н., 4 жаста, бала бақшаға барады, жанұялық дәрігермен қарау кезінде бет терісінде бірнеше, диаметрі 3 мм дейін, болбыр қақпағымен және мөлдір емес сұйықтығы бар көпіршіктер және жұқа сұрғылт қабыршақтар байқалды. Осы сияқты бөртпелер осы топтағы бірнеше балада табылған. Болжам диагнозды таңдаңыз?

*Дөрекі импетиго

*Стафилококкты импетиго

*+Стрептококкты импетиго

*Герпетиформды импетиго

*Жарық тәрізі (щелевидное) импетиго

!ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады:

*125/85

*135/85

*+140/95

*145/105

*160/85

!Жара аурының жедел асқынуына жатады:

*+Перфорация

*Пенетрация

*Перивисцерит

*Малигинизация

*Тыртықты стеноз

!Ревматоидты артрит дегеніміз:

*+Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру

*Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру

*Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру

*Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру

*Фаланга аралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру

!Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Перкуссия кезінде – қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі, оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160 /1 мин. Лабораторлы: ЖҚА- Нв-122г/л, Эр 3,8 х10 12/л, L – 10,8 х10 9/л, т/я - 4%, с- 53%, л-36%,м – 7%, ЭТЖ- 17 мм/ч. Өкпе R – граммасында – оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті қараю. Өкпенің тамырлы суреттері күшейген. Сіздің диагнозыңыз:

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ 0

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 1

*+Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ2

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 3

*Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған

!Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Сіздің диагнозыңыз:

*Жедел респираторлы инфекция

*Жедел бронхит

*Обструктивті бронхит

*+Жедел бронхиолит

*Жедел пневмония

!Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз:

*Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым

*Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым

*Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым

*+Жүре пайда болған кардит, жедел ағым

*Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым

!Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы:

*Созылмалы кардит

*Жүректің тума ақауы

*+Жүректің жүре болған ақауы

*Эйзенменгер синдромы

*Ревматизм

!13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз:

*Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит

*Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз

*+Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз

*Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз

*Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

!12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз:

*Перфорация

*Малигнизация

*+Қан ағу

*Өтімсіздік

*Ұйқы безіне пенетрация

!Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз:

*Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ

*Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ

*+Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

*Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең

*Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма

!13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз:

*Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік

*Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік

*+Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік

*Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік

* Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік

!Балаға 1 ж. 3 ай. Уақытында 3200г салмақпен туылған. 2,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ уақытында енгізілмеген. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда: салмағы 10,200г. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. ЖҚА: Нв-82 г/л; эр. 2,5х1012; ТК 0,75; ретикулоциттер 3%, сарысу Ғе -8 ммоль/л. Жалпы белок 61 г/л. Диагноз қойыңыз:

*Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

*Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

*+Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы

*Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы

*Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы

*10 жасар бала шөлдей беретініне, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері асты май қабаты шектен тыс дамыған. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Мүшелерінде өзгеріс жоқ. ЖҚА: гемоглобин-110г/л, эритроциттер- 4,9х10/л, лейкоциттер- 8,3х10/л, ЭТЖ-12ммоль/л. ЖЗА: үлестік салмағы-1003,ақуыз- теріс, көру алаңында лейкоциттер - 3-4. Диагноз қойыңыз:

*Қант диабеті

*+Қантты емес диабет

*Нейрогенді полидипсия

*Екіншілікті пиелонефрит

*Гипоталамусты синдром

!Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз:

*Микробты экзема

*Себореялы экзема

*Балалық экзема

*+Шынайы экзема

*Кәсіби экзема

!Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

*Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

*Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

*Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

*+Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

*Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

!Жеті жасар қыз бала балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел туындап ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігердің дәлірек ақпараттық зерттеуі:

*+Cпирография

*Өкпе рентгенографиясы

*Бронхография

*Бронхоскопия

*Пикфлоуметрия

!Жалпы тәжірибелік дәрігерге анасы 3 айлық қызының соңғы 2 ай аралығында емшекті дұрыс ембей жүргенін, 50-70 г емеді де ұйықтап қалатынын айтады. Тамақтанғанда қатты терлейді, терісі бозғылттанып, тынысы жиілейді, көз бен ауыз айналасы көгереді. Бала бозғылт, жылаған кезде мұрын-ерін үшбұрышында цианоз пайда болады, ТАЖ минутына 60 рет, ЖЖЖ минутына 150 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшының соққысы сол жақ ортабұғана сызығынан 2,5см-ге сыртқа ығысқан, шу жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 см шығып тұрады. Анасы жүктіліктің 20-шы аптасында ЖРВИ-мен ауырған. Босану қалыпты жүрген. Клиникалық диагнозды қоюға ең мәліметті болып табылады:

*+Эхокардиография

*Электрокардиография

*Фонокардиография

*Жүрек рентгенографиясы

*Спирография

!ЖРВИ диагнозымен 3 жасар бала ауруханаға жатты. Аурудың 3 күнінде ентігу, әлсіздік, өте әлсіз, жіп-тәрізді тамыр соғуы, көпіршікті-қақырықты шығаратын жиі жөтел пайда болған. Аускультация жасағанда екі өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпенің рентгенораммасында альвеолярлы ісіну көрінісі бар. ЭХОКГ – сол жақ қарыншаның сорапты қызметінің төмендеуі. Диагноз: Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік. Балаға тағайындауға болмайды:

*Оксигенотерапия

*Глюкокортикоидтар

*Зәр айдаушы препараттар

*Жүрек гликозидтері

*+В-адреноблокаторлар

!Ауруханаға жанұялық дәрігер 13 жасар баланы мынандай шағымдарымен жолдады: эпигастрии аймағындағы ауырсыну, әсіресе түнгі уақытта және аш қарынға күшейеді, әлсіздік, ашуланшақ,іштің қатуы, басы айналу, терісінің құрғақтығы, шашының және тырнағының сынғыштығы, жүрек тұсында күштемеге байланыссыз пайда болатын ауырсыну. Диагнозды негіздеуге көмектеседі:

*Элетрокардиография

*+Фиброгастродуоденоскапия

*Сигмоидоскопия

*Энцефалография

*Клиникалық қан анализі

!14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Қандай ем тағайыңдайсыз:

*+Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы

*Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп

*Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет

*Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет

*Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп

!Клиникаға 8 жасар бала оң жақ қабырға астындағы қысып ауыратынына, жиі зәр шығаратынына шағымданып түсті. Бала алты сағат бұрын биіктіктен арқасымен құлаған.Тері жабындысы боз. Пульсі минутына - 120. АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, іш пердені тітіркендіру симптомы теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде гемоглобин-110г/л, эритроциттер-3,2х10¹²/л, зәрде эритроциттер саны көру аймағында 50-60 құрайды. Жедел түрде қандай тексеру жүргізесіз:

*Лапароскопия

*Ретроградты пиелография

*+Экскреторлы урография

*Бүйрек УДЗ

*Бүйрек ангиографиясы

!Ауруханаға 13 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, 39°С дейінгі қызбаға, жалпы әлсіздік, тершеңдікке бейланысты түсті. Үш апта бұрын баспамен ауырған. Апта бұрын шынтақ буындарында ауру сезімі болған. Объективті: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, ұстап көрсең ыстық және қозғалғанда ауырады. Басқа буындар мен ішкі мүшелер өзгеріссіз. Қан анализі: Нв-140 г/л., лейкоциттер- 16,5х109/л, нейтрофилдер- 78%, ЭТЖ- 60 мм/сағ. Диагнозды нақтылайтын қандай зерттеу тағайыңдайсыз:

*Тізе буынының рентгені

*Қандағы ВР

*+АСЛ-О, АСГ титрі

*Райт-Хеддельсон реакциясы

*Тізе буынының пункциясы

!Етек кірі меноррагиямен жүретін 14 жасар қыз балада тырнақ сынғыштығы, шаштың түсуі, тері құрғақтығы байқалады. Қан анализі: гемоглобин – 90г/л, Эритроциттер – 3,5х1012/л, түсті көрсеткіш – 0,7, тромбоциттер – 180,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %, билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Сіз тағайындайсыз:

*Темірдің парентеральді дәрілерін

*+Темірдің пероральді дәрілерін

*Аскорбин қышқылын

*Эритроцитарлы салмақ құю

*B12 дәруменін

!Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:

*Ұзақ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын

*Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын

*Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын

*+Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын

*Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын

!Жара ауруының рентгенологиялық белгісі болып табылады:

*Асқазанның тарылуы, барийдің қосымша көлеңкесі

*Асқазанның кеңеюі және асқазанның босауының баяулауы

*Мүшенің силуэтінің жанында барий көлеңкесінің қосымша көлеңкесі, біз тәрізді жара

*Бауырдың үстінде бос газ болуы

*+Ойықтың болуы, контрастың ішіне қарай ағуы

!Ревматоидты артрит ауруымен диспансерлі бақылаудағы науқастарды динамикалық бақылау жиілігі жүргізіледі:

*жылына 1 рет

*жылына 2 рет

*жылына 3 рет

*+жылына 4 рет

*жылына 5 рет

!Гастроэзофагеальды рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру әдісі болып табылады:

*өңешті рентгендік зерттеу

*рН-метрия

*+өңеш эндоскопиясы

*гистологиялық зерттеу

*өңеш биопсиясы

!Бейарнамалы жаралы колит диагнозын анықтайтын зерттеулер ішіндегі маңыздысы:

*физикалық тексеріс

*жасырын қанға нәжіс

*ирригоскопия

*нәжіс микроскопиясы

*+ректороманоскопия

!Асқазанның және он екі елі ішек ойық жара ауруында эрадикациялық терапияның бірінші таңдамалы препараттардың комбинациясы құрайды:

*екі дәрілік заттар

*+үш дәрілік заттар

*төрт дәрілік заттар

*бес дәрілік заттар

*алты дәрілік заттар

!Жүйелі қызыл жегі кезінде қандай симптомокомплекс көп кезеңде ауру болжамын анықтайды:

*артрит

*тері эритемасы

*кардит

*+васкулит

*неврит

!Бронх демікпесімен ауыратын науқасты емдеу тиімділігін қалыпты ұстау үшін қажет:

*+ингаляциялық кортикостероидтарды жиі қабылдау

*бета2-агонисты жиі қабылдау

*ипратропиум бромидын жиі қабылдау

*дене шынықтырумен айналысу

*саниторлы-курортты ем қабылдау

!Геморрагиялық васкулит дегеніміз:

*тамырлардың аутоимммундық ауруы

*тамырлардың инфекция-токсикалық қабынуы

*+тамыр қабырғасының иммунды кешенді қабынуы

*дәнекер тіннің жүйелік ауруының бірі

*тұқымқуалаушылық вазопатия

!Диагностика және емдеу хаттамаларын құрудың негізгі міндеті:

*Дәрігердің емдеу диагностикалық қызметінің сызбасын құру;

*+Емдеу мен диагностканың ең тиімді режимін құру;

*Заманауи әлемдік медициналық кеңістікке интеграция ;

*Денсаулық сақтаудың емханалық жүйесіндегі дәрігерлердің мүмкіндігін кеңейту;

*Дәрігер қызметіне бақылауды күшейту.

!Диагностикалау және емдеу протоколының негізгі міндеті:

*Дәрігердің емдік – диагностикалық қызметін схематизациялауға шақырылған;

*+диагностика және емдеуде қолайлы тәртіпті құру;

*Жаңа әлемдік медициналық кеңістікпен интеграция;

*Денсаулық сақтаудағы амбулаторлық дәрігерлер тобының қызметін кеңейту;

*Дәрігердің профессионалдық қызметін қатаң бақылау

!5 жастан асқан балаларда 1 секундта форсирленген дем шығару көлемі (FEV1), өкпенің форсирленген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және дем шығарудың максимальды жылдамдығы (PEF) нені бағалауға мүмкіндік береді :

*Организмнің аллергизация болу дәрежесін;

*Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесін;

*иммунологиялық реактивтілік жағдайын;

*+Бронх обструкцияның дәрежесін;

*Организмде вегетативті жүйесінің жағдайын

!17жастағы науқас, тамағының ауырып кұрғауына, құрғақ жөтелге, жұтынғанда тамағының ауыруына., жөтелдің түнге қарай күшеюіне шағым айтады. Ауыруын тоңып қалумен байланыстырады. Ауырғанына 2апта болған. Тұмаудың дәрілерін ішкен. Жөтелі кетпеген.Дене қызуы көтерілмеген. Жалпы жағдайы бұзылмаған.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Терісі қалыпты. Араны-қызарған.

Өкпесін тыңдап қарағанда-перкуторлы өкпелік тыныс күшейген. Сырылдар жоқ.

Жүрек тондары айқын, ритмді.Қан қысымы 120/70мм.сын.бағ.

Бірінші қандай ауруды ойлайсыз?

*пневмония

*Трахеит

*+брохит

*тыныс демікпесі

*туберкулез.

!Бала қабылдау бөліміне экспираторлы ентігу шағымымен түсті. Аускултацияда: өкпеде жайылмалы ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай патологияға тән?

*ЖРВИ

*жедел бронхит

*+жедел обструктивті бронхит

*жедел пневмония

*Эпиглоттит

!10-айлық баладағы салмақтың жетіспеушілігі, тұрақты жөтел. Анамнезінде: рентгенограммада 2 жағдайда пневмония дәлелденген. Ас қорыту жүйесінде тұрақты іш қату. Осы клиникалық жағдайдағы сіздің болжамды диагнозыныз?

*Гиршпрунг ауруы

*+Муковисцидоз

*бронхөкпелік даму ақауы

*Функциональді іш қату

*Туа біткен иммунодефицит

!Бала дұрыс жүрмейді: 5 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтағы пульсі анықталмайды. АҚҚ 150/90 мм сн.бғ. Болжамды диагноз қандай?

*+аорта коарктациясы

*вегето-тамырлы дистония

*феохромоцитома
*ашық артериальды өзек

*аорта өзегінің стенозы

!Бала 10 жаста, ауырғанына 3-ші күн, шағымы: іш ауруына, сол тізе және оң шынтақ буындарында ауырсыну және қимыл тежелуіне. 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Аурудың 1-ші күні қызуы 38,5 С, тобық буыны зақымдалған. Жүректің тұйық шектері кеңейген, тахикардия 120 рет. 1 мин, 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систоликалық шум. Көрсетілген клиникалық жағдай қандай диагнозге сәйкес келеді?

*+ревматизм

*жүйелі қызыл жиегі

*ювенильды ревматоидты артрит

*Рейтер ауруы

*реактивты артрит

!Науқас 2,5 ай бойы сирақтың т/3 бөлігінің сынығымен емделді. Бақылаулы рентгендік тексеруде сынықтың толық емес бітімі көрінеді. Дәрігер емдеуді жалғастырды. Уақытша еңбекке жарамсыздығы парағында қанша мерзімге дейін болады?

*3 ай дейін

*6 ай дейін

*1жыл

*5 ай дейін

*+4 айға дейін

!Жанұялық дәрігер қабылдауында 1 жас 6 айлық баласымен ана келді. Анамензінен : 3 апта бұрын ЖРВИ жоғары температурамен өткізген. Объективті:жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай. Екпе графигінде бұзылыстар жоқ.

Осы жаста қай екпені жүргізу керек?

*Қызамық, қызылша, паротитке қарсы

*Полиомиелитке қарсы

*+АКДС бірінші ревакцинациясын

*вирусты гепатит А қарсы

*вирусты гепатит В қарсы

!17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн ?

*Аралас тамақтандыруға көшіру

*Қосымша тамақ енгізу

*Ферментті препараттар тағайындау

*Жасанды тамақтаандыруға көшіру

*+Емізу техникасының дұрыстығы

!Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң.

*4 дан 6 апта.

*2 дан 4 апта.

*+6 апта. жоғары

*1 дан 2 апта

*3 аптаға дейін

!Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады

*экзоцитоз

*спонгиоз

*акантоз

*гранулез

*+паракератоз

!Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма?

*болжамын

*+емін

*диагностикасын

*алдын-алу шараларын

*себебін

!Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс?

*фуросемид

*дигоксин

*пенициллин

*аспирин

*+гентамицин

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?

*Кеуде клеткасының шолу R-графиясы

*бүйректің УДЗ

*+бүйрек артерияларының УДЗГ

*Көз түбін қарау

*Экскреторлық урография

!Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер:

*қарынша ішілік блокада

*сол қарыншаның гипертрофиясы

*сол жүрекшенің гипертрофиясы

*+оң қарыншаның гипертрофиясы

*Гис будасысол тармағының блокадасы

!7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді?

*Бетте ісік, асцит, жөтел,ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

*Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

*+Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы

*аяқта ісік, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар

*Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

!Науқас З. 19 жаста, қызыл иегінің қанауы, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39 гр. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимозалар. Көмекейінде-өлі еттенген жұғынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанында: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-29 мың, бластар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Берілген аурудың диагнозын нақтылаудағы шешуші критериі қандай:

*ЭТЖ жоғарылауы

*анемия

*тромбоцитопения

*лейкоцитоз

*+бластемия

!Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:

*Ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин;

*Стрептамицин және гентамицин;

*+Линкомицин және левомицетин;

*Имипенем және меропенем;

*Пенициллин, эритромицин, азитромицин

!15 жастағы науқас, емхана дәрігеріне көп мөлшердегі кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, жөтел,қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуіне, ентікпе мен әлсіздік,жалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінен бастап ауырады. Соңғы 5 жыл бойы ауыруы өршуде. Науқас арық. Кеуде сарайы бөшке тәрізді қалыпта. Өкпесін тыңдағанда барлық бөліктерінде әр түрлі калибрлі ылғалды ысқырықты сырылдар. Қан анализінде лейкоцитоз-10000.

Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?

*Пневмония

*өкпенің созылмалы абцессі

*+туберкулез

*өкпе поликистозы.

*Бронхоэктатикалық ауруы

!14 - жастағы науқас, тізе, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүректің соғуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. ЖСЖ минутына - 52 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалыққызба: кардит, ҚАЖ 1сат; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу бағдарламасын таңдаңыз:

*стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

*Жүрек гликозидтері

*макролидтер

*+преднизолон

*милдронат

!18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізініңүстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?

*+қолқа сағасының стенозы

*үйлескен жүрек ақауы

*қолқа коарктациясы

*қарыншааралыққалқаның ақауы

*ашық артериалды тармақ

!Семсер тәрізді өсіндінің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?

*миокард инфаркты

*перикардит

*+диафрагманыңөңеш тесігінің жарығы

*плевропневмония

*қабырғааралық невралгия

!АИТЖ – жұқтырған науқаста пневмонияның ЕҢ МҮМКІН болатын қоздырғышы?

*Пневмококк

*+Пневмоциста

*Гемофильды таяқша

*Анаэробты микроағза

*Көкіріңді таяқша

!Қыжыл, қышқылмен кекіру, жұтынудың қиындауы деген шағымдары бар науқас. Эндоскопия жүргізгенде жайылған рефлюкс эзофагит – жергілікті эрозия, циркулярлы емес.

Классификация Savari-Miller бойынша ГЭРА дәрежесін анықта?

*Степень 0

*I дәрежесі

*+II дрежесі

*III дәрежесі

*IV дәрежесі

!Науқас 19 жаста қызба, анасарка түрдегі ісік, олигурия, терісінде уртикарлы бөртпе. 3 айдан бері ауырады. Зәрінде белок 3,3 г/л, көп мөлшерде эритроцит және белок, қанда мочевина25 ммоль/л. АҚ 200/120 мм сын.бағ. Бүйрек биопсиясы – капилляр қабырғасының қалыңдауы, базальды мембранасының дистрофиясы. Көрсетілген симптомды-комплекске нақты себепкерді көрсет.

*Түйінді периартрит.

*+Жүйелі қызыл жегі

*Біріншілік гломерулонефрит.

*Пиелонефрит.

*Бүйрек ісігі

!Науқас 17 жаста 6 жыл бойы ИТҚД ауырады,күнделікті бір рет инсулин қабылдайды: 18 ед. актрапид, 38 ед. инсулин лентада, 40 ед. инсулин-ультралентада. Шағымы күнделікті бас ауыруына,бас айналуына, көруінің ауыспалы көру өткірлігінің төмендеуіне,ашушаңдыққа,ұйқышылдыққа, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Бұл жағдайды науқас гипогликемия есебінен деп санаған бірақ гликемиясы 15,3 ммоль/л болған. Протеинурия , мочевина қалыпты.. АҚ 170/90 мм. Диагноз құрастырыңыз?

*ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы,Сомолжи синдромы,диабеттік нефропатия 3 тәу.

*ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы ,диабеттік нефропатия 2 тәу.

*+ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы,Сомолжи синдромы,диабеттік нефропатия 2 тау

*ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы, синдром Киммелстила-Уилсона,диабеттік нефропатия 2 тәу.

*ИТҚД, ауыр ағымды, декомпенсация сатысы ,диабеттік нефропатия 2 тәу., диабеттік энцефалопатия.

!16 жастағы қыз бала тізесінің ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Бұл симптомдар 2 ай бұрын пайда болған. Тізе жарақаты болған емес. Науқас көзінің қызару эпизодын есіне түсірді. Зәр шығару кезінде екі рет ауырсыну болған. Науқас жыныстық қатынасқа белсенді. Температура 38 С. Тізесі ісінген. Жыныс мүшелерін қарағанда уретрадан бөліністер жоқ. Болжам диагнозды қойыңыз.

*Реактивті артрит

*+Рейтер синдромы

*Гонококкты артрит

*Бруцеллез

*Ревматоидты артрит

!Қабылдауда науқас беліндегі ауырсынуға және жиі зәр шығаруға шағымданады. Жалпы шолу рентгенографияда: науқаста бір бүйрек көлемінің кішіреюі анықталған. Болжам диагноз.

*Диабетикалық нефроангиосклероз

*Созылмалы гломерулонефрит

*+Созылмалы пиелонефрит

*Бүйрек амилоидозы

*Бүйрек ісігі

!К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1°С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз?

*жүйелі васкулит

*жедел лейкоз

*жүйелі қызыл жегі

*дәрілік ауру

*+инфекционды эндокардит

!19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай?

*+Коронарлы жетіспеушілік

*Бейарнамалы коронарит

*Тәж артериясының спазмы

*Қанда эндорфиндер төмендеген

*Тәж артерияларының атеросклерозы

!11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз:

*Өкпе артериясының ақауы

*Өкпе артериясының стенозы

*+тетрада Фалло

*митралды қақпақша пролапсы

*қолқа коарктациясы

!Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ.

Бұл жағдайда қандай қоздырғыш мүмкін://

*Көк ірің таяқшасы

*Гемофильді таяқша

*пневмококк

*+микоплазма

*стафилококк.

!17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

*Мәллори-Вейса синдромы

*Бейспецификалық жаралы колит

*Тоқ ішектің дивертикулезі

*+Верльгоф ауруы

*Меккеля дивертикулі

!13 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 37-380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

*Мәллори-Вейса синдромы

*Бейспецификалық жаралы колит

*Тоқ ішектің дивертикулезі

*+Верльгоф ауруы

*Меккеля дивертикулі

!Қабылдауда 4 айлық нәресте. Жедел ауырды, таңертен дене қызуы 38,7°С дейін көтерілді, әлсіз болды, тәбетті төмендеді, мұрын-жұтқыншақта айқын катаральді белгілер пайда болды, мұрынынан су ағуы, жөтел. Омыраумен қоректенеді, дамуы қалыпты. Өкпеде қатқыл тыныс. Диагноз қойыңыз және и вакцинадан мед.шегеру рәсімдеу:

*Гипертермия, мед.шегеру 3-6 күнге

*+ЖРА, орташа дәрежелі ауырлықта, мед.шегеру 2-4 аптаға

*Катаральді баспа, мед.шегеру 1-2 аптаға

*ЖРА, жеңіл дәрежелі ауырлық, мед.шегеру 2-3 аптаға

*ЖРА, ауыр дәрежелі, мед.шегеру 1 айға

!Ұл бала 12 жаста, цитрусты тағам қабылдағаннан кейін денесінде және

қолдарында жайылмалы бөртпелер пайда болды. Бөртпелер түрі жастықша тәрізді, теріден көтерілген, көлемі әр түрлі, дұрыс емес формалы , ал-қызыл түстес, ортасы ашық түсті, периферия бойынша шеткі шекарасы біркелкі емес жиегі ал-қызыл түрде. 2 сағаттан кейін бөртпелер жойылды. Субъективті: қатты қышу , қызыл дермографизм. Диагноз?

*Тері қышуы

*Ересектердің Почесуха взрослых

*Қышыма

*+Жедел есекжем

*Жайылған токсикодермия

!Жасөспірім А, 15 жаста, білезіктің сыртқы бөлігінде бөртпелердің пайда болуына, аздап қышуына байланысты шағымдарымен келді. Обьективті: екі білезіктің сыртқы бөлігінде тері түстес түйіндер, көлемі түйрегіш басымен бірдей консистенциясы тығыз, бір – бірінен анық ажыратылған,теріден жоғары орналасқан, жарты шар тәрізді . Болжам диагноз?

*Сүйелді туберкулез

*Псориаз

*Қызыл жалпақ теміреткінің сүйелді формасы

*Контагиозды моллюск

*+Қарапайым сүйелдер

!Науқас Б., 12 жаста, оқушы, омырау жасынан бастап дерматозбен ауырады, бетінде, мойнында, аяқ-қолдарының бүгілетін аймақтарда (шынтақ, тізе аймағында) эпидермо-дермальды папулалар орналасқан, кейбір аймақтарда жайылған папулезді инфильтрациялар, зақымдалған аймақтардағы тері лихенифицирленген, гиперпигментацмяланған, құрғақ қөптеген экскориациялар және қабыршақталған ошақтар орналасқан. Сыртқы терапияда маңызды дәрілік форманы көрсетіңіз?

*сулағыштар

*араласқан сулы қоспалар

*ұнтақ

*+жақпа май

*ылғалды кептіргіш таңу

!Қыз бала И, 19 жаста, сессияға байланысты куйзелістен кейін жазғыш шынтақ буынында диаметрі 0,5см ашық ал-қызыл папула пайда болды, беткей сұрлы-ақ қабыршақтанумен. Папуланын бірін затты шынымен қырған кезде стеаринді таңба, терминальді перде, нүктелі қан кету симптомдары анықталды. Нүктелі қан кету симптомының генезі қандай?

*+эпидермистің тісшелі қабатының қалыңдауы

*емізікше қабатының ісінуі

*дермальды емізікшенің ұзаруы

*клетка аралық цементтеуші субстанцияның еруі

*эпидермистің тісшелі қабатының жұқаруы

!Папулезды бөртпелері бар науқаста Уикхем симптомы анықталған кезде патогенетикалық терапия:

*циклоспорин

*дапсон

*панзинорм

*+плаквенил

*омез

!Желшешекпен ауырған науқаспен қатынаста болған балада 15 куннен кейін кеуде клеткасының артқы-бүйірлік беткейінде эритемамен мен біріккен көпіршіктермен, ауырсыну мен күйдіру сезімі бар зақымдану ошақтары пайда болды. Диагноз қойыңыз .

*қарапайым көпіршікті теміреткі

*+белдемелі теміреткі

*жалпақ қызыл теміреткі

*қабыршақты теміреткі

*әр түсті теміреткі

!Қыз балада И., 18 жаста, жыныс мүшелерінің аймағында бүрлі, ал-қызыл түсті жіңішке аяқшаларымен орналасқан, түсті орамжапыраққа ұқсайтын түйіндер анықталған. Диагноз қойыңыз:

*кең кондиломалар

*+үшкір ұшты кондиломалар

*контагиозды моллюска

*генитальды герпес

*папилломатоз

!Науқас К., 19 жаста, әскери қызметкердің сырқаты көлемі ірі бұршақ тәрізді, терең дермальды пустула пайда болғаннан басталды. 2-3 куннен кейін пустула кеуіп қанды-іріңді қабық болды, бетін алған кезде дөңгелек формалы, жиектері салбыраған. ішінде лас-сұр жабынымен түбі бар жара пайда болды.Жара аймағында тері инфильтрациясы,пигментациясы бар. Диагноз қойыңыз.

*+стрептококкты эктима

*дөрекі импетиго

*үшіншілік гуммозды сифилис

*фурункул

*индуративты Базен эритемасы

!Қабылдауда 4 айлық нәресте. Жедел ауырған, таңертенгі уақытта дене температурасы 38,7°С дейін көтерілді, әлсіз, тәбеті төмендеген, мұрын-жұтқыншақтың айқын катаральды өзгерістері пайда болды: жөтел, мұрын бітелуі. Омырауымен емізуі ерешеліксіз. Өкпеде қатты тыныс. Диагноз қойыңыз және вакцинацияны мед.шегеру уақытын белгілеңіз

*Гипертермия, 3-6 күнге мед.шегеру

*+ЖРА,орташа ауырлық дәрежеде, 2-4 аптаға мед.шегеру

*Катаральды баспа, 1-2 аптаға мед.шегеру

*ЖРА, жеңіл ауырлық дәрежеде, 2-3 аптаға мед.шегеру

*ЖРА, ауыр дәрежелі, 1айға мед.шегеру

!Науқас А. 10 жаста жедел жәрдем бригадасымен ЖМКА-ға жеткізлді. Көмірқышқыл газымен уланғаннан кейін науқаста гипоксия салдарынан тырысу пайда болды.Науқасқа тағайындау керек:

*дроперидол 50 – 70 мг/кг

*дроперидол 80 –90 мг/кг

*натрий оксибутираты 100 – 150 мг/кг

*+дроперидол 150 – 200 мг/кг

Наши рекомендации