Брилль ауруы инфекция тобына жатады

ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

№2 Медицина факультетінің деканы,

м.ғ.к.,доцент __________М.С.Жүнісов

_________ «____» ____20 ___ж

051301 –«Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттеріне «Ішкі аурулар», «Жұқпалы аурулар» және «Фтизиатрия» пәндері бойынша емханаға арналған тест тапсырмалары

Вариант

1. Ер адам 62 жаста, дәрігерге терлегіштікке, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Қарағанда бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынбайды, жұмсақ (тестоватой) консистенциялы, шамалы спленомегалия. Қанда: гемоглобин - 86 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 1,0, ЭТЖ - 48 мм/сағат, лейкоциттер - 72 х 109/л, тромбоциттер - 110 х 109/л, лейкоцитті формулада таяқшалы ядролы нейтрофилдер - 1%, сегмент ядролы - 16%, лимфоциттер - 79%, моноциттер - 4%. Болжам диагноз:

A) созылмалы лимфолейкоз

B) лейкемоидты реакция

C) созылмалы миелолейкоз

D) жедел лимфобласты лейкоз

E) идиопатиялық миелофиброз

2. Ер адам 72 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарын «мақта тәрізді» сезінуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы бозарған, сарғыш реңкілі. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3 х 109/л, түстік көрсеткіш – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндіру. Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін ақпаратты диагностикалық тексеру әдісі:

A) кеудеқуысы ағзаларының рентгенографиясы

B) іш қуысының ультра дыбысбық зерттеуі

C) мықын сүйектің трепанобиопсиясы

D) электрокардиография

E) эзофагогастродуоденоскопия

3. 18 жастағы жігіт, соңғы 4 айда қызыл иектен және мұрыннан қан кетуге, сан аймағындағы терілік геморрагияларға шағымданады. Қарағанда: терісі және көрінетін шырышты қабықтары бозарған, сарғыштау; лимфа түйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, т-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/с. Болжам диагноз:

А) гемолитикалық анемия

В) апластическая анемия

С) темір тапшылық анемия

D) В 12- тапшылық анемия

Е) тромбоцитопениялық пурпура

4. 36 жастағы ер адамда гемограммада өзгерістер анықталды: лейкоцит 78 х 109/л; лейкоцитарлы формула: промиелоцит 3%, миелоцит 8%, метамиелоцит 12%, таяқша ядролы нейтрофильдер 21%, сегментядролы нейтрофильдер – 41%, базофилдер – 3%, эозинофил – 6%, лимфоцит – 6%, тромбоцит – 784 х 109/л, гемоглобин – 114 г/л., сүйек кемігі - гиперклеткалы, миелокариоциттер және мегакариоциттер деңгейі жоғарылаған, гранулоцитарлы қатардың барлық клеткалары анықталады. Болжам диагноз:

А) созылмалы миелолейкоз, бласты криз

В) созылмалы миелолейкоз, созылмалы тұрақты фаза

С) эссенциалды тромбоцитемия

D) идиопатиялық миелофиброз

Е) шынайы полицитемия

5. Жедел лейкоз түрлерін анықтайтын зертеу әдісі:

A)цитохимиялық реакция

B)гемограмма

C)электрокардиография

D)миелограмма

E)трепанобиопсия

6. Буындық қабынулық синдромы бар, 24 жастағы науқаста аутоиммундық гемолиздік анемиядан күдік туды. Лабораториялық маңызды критерий:

A) оң Кумбс реакциясы

B) нормохромды анемия

C) гиперхромды анемия

D) гипохромды анемия

E) гипербилирубинемия

7. 20 жастағы науқас қыз бала бетінің, балтырларының тығыз ісінуіне, басының ауыруына шағымданып келді. Қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, СРБ +, LE клеткалары 1:1500. Несеп анализінде: белок 2 г/л, лейкоцитурия, микрогематурия анықталды. Болжам диагноз:

А) жедел гломерулонефрит

В) жегілік нефрит

С) созылмалы гломерулонефрит

D) созылмалы пиелонефрит

Е) бүйректің созылмалы шамасыздығы

8. Жедел бүйрек жетіспеушілігін жиі антибиотиктердің қай түрі туғызады?

А) пенициллин

В) цефалоспорин

C) аминогликозид

D) макролид

Е) тетрациклин

9. 18-жастағы науқастың дене қызуының 38,5 С жоғарылауы, қалтырау, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын бел аймағындағы ауыру сезімі, жиі ауыру сезімді зәр шығару мазалайды. Объективті: бел аймағы бұлшықеттерінің қатаюы. Соққылау симптомы екі жағынан да айқын оң мәнді. Қанда: ЭТЖ – 45 мм/сағ. Зәрде: лейк – 15-17 к/а, эрит – 1-2 к/а, белок – 1 г/л, бактериялар +++. Тиімді тағайындау:

A) цитостатиктер

B) антибиотиктер

C) антиагреганттар

D) глюкокортикостероидтар

E) стероидты емес қабынуға қарсы заттар

10. Созылмалы бүйрек шамасыздығында ісіну синдромына зәр айдайтын ем:

А) фуроcемид

В) гидрохлортиазид

С) спиронолактон

D) триамтеран

Е) маинофиллин

11. 22 жастағы әйел, жүктілік 12 апта, диспансерлік бақылау өтті. Шғымы жоқ. Ісік жоқ. Өкпе, жүрек, іш қуысында өзгерістер жоқ. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Қан және зәр анализінде өзгерістер жоқ. Зәрді бактериологиялық зерттеуде – E. Coli концентрациясы 10/5 на 1 мл, пенициллинге, бисептолға, ципрофлоксацинға сезімтал. Сіздің іс-әрекетіңіз:

А) зәрді бактериологиялық зерттеуді қайталау

В) бензилпенициллинмен емді бастау

С) бисептолмен емді бастау

D) ципрофлоксацинмен емді бастау

Е) бисептолмен және и ципрофлоксацинмен емді бастау

12. Иценко-Кушинг синдромында кездесетiн клиникалык көрiнiстер:

A) терінің цианозы

B) фурункулез

C) қоңыр-қызыл стриялар

D) терідегі қасыған іздер

E) терінің бозаруы

13. Кетоацидті комада кандай препаратты енгізудi бастаймыз:

A) строфантин

B) натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі мен инсулин

C) кальций тұзы

D) норадреналин

E) калий тұзы

14. Тері астына инсулинді енгізгендегі асқынулар:

A) гипогликемиялық жағдай.

B) инсулиннен кейінгі липодистрофия

C) кетоацидоз

D) ауалық эмболия

E) қышыну

15. Қысқа әсерлі инсулиндi корсетiнiз:

A) лантус

B) детемир

C) хумулин

D) протафан

E) инсуман рапид

16. Кетоацидоздық кома кезінде қосарлана кездесетін симптомдар:

A) гипергликемия, гиперкетонемия, АҚ төмендуі, ацидоз

B) гипергликемия, гиперкетонемия, АҚ төмендеуі, алкалоз

C) гипогликемия, гиперкетонемия, ЭТЖ жылдамдауы, ацидоз

D) нормогликемия, гиперкетонемия, ацидоз

E) гипергликемия, гиперкетонемияның болмауы, алкалоз

17. Тиреотоксикоздың жеңіл дәрежесінде байкалады:

A) жүрек соғу жиілігі 100-120

B) жүрек соғу жиілігі 80-100

C) жүрек соғу жиілігі 180-200

D) жыбыр аритмиясы

E) брадикардия

18. Эндемиялық зоб кандай себептерден туындайды:

A) йод жетіспеушілігі

B) кальций жетіспеушілігі

C) натрий жетіспеушілігі

D)калий жетіспеушілігі

E) магний жетіспеушілігі

19. Кіндік пен сол қабырға иінінің ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында орналасатын нүкте:

A) Дежарден нүктесі

B) Мейо-Робсон нүктесі

C) Губергриц нүктесі

D) Шоффар симптомы

E) Ортнер симптомы

20. Н2-гистамин рецепторларын блоктайтын дәрмек:

A) димедрол

B) ранитидин

C) метацин

D) альмагель

E) атропин

21. Көп жылдан берi асқазанның жара ауруымен сырқаттанатын науқаста арқаға берiлетiн тұрақты ауырсыну пайда болған. Қандай асқынудан күдiктену керек?

A) ұйқы безiне пенетрация

B) қалтқының стенозы

C) малигнизация

D) жараның жарылуы

E) демпинг-синдромы

22. Бауыр циррозының ерте белгісіне жатады:

А) метеоризм

В) қыжылдау

С) теріастылық кіндік маңы веналардың кеңеюі

D) өңештен қан кету

Е) геморроидальді қан кету

23. Жас ер адам 2 жыл бойы қыжылдакға, жүрегінің айнуына, эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін ауру сезіміне, түнгі аш қарындық ауру сезіміне шағымданады. ФГДС-да 12 елі ішектің пиязшығының жарасы анықталған.Соңғы уақытта ауру сезімі тұрақтана түскен және арқаға берілген. Ауру сезімінің осылай өзгеруі ненің көрінісі болып табылады:

А) жара перфорациясы;

В) кіші ішпердеге жара пентрациясы;

С) жараның ұйқы безіне пенетрациясы;

D) қалтқы стенозының дамуы;

Е) жара малигнизациясы.

24. 29 жастағы науқас әйел ұзақ мерзім жыныс жолымен берілетін ауруға байланысты антибактериальды препараттарды қабылдаған. Нәжістің бактериальды анализін жүргізгенде Candida туқымды саңырауқұлақтар анықталған. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы тиімді:

A) имодиум + креон + смекта

B) клацид + линекс + бактисубтил

C) амоксиклав + дицетел + смекта

D) флуканазол + хилак форте + энтерол

E) линекс + лактулоза + бифидумбактерии

25. 31 жастағы науқас ер адам қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Болжам диагноз:

А) созылмалы гастрит А тип

В) созылмалы гастрит В тип

С) асқазан жарасы

D) созылмалы панкреатит

Е) созылмалы энтероколит

26. 32 жастағы науқас ер адам оң жақ эпигастрий аймағында сол жақ кеудесіне таралатын қарқынды ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, көп ретті қүсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі сұр жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі, Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Болжам диагноз:

A) жедел панкреатит

B) өт тас ауруы

C) асқазанның қатерлі ісігі

D) асқазанның пилорикалық бөлігінің жарасы

E) жедел аппендицит

27. 54 жастағы науқас ер адам тамақтан кейін 40-60 минуттан соң эпигастрий аймағында басып ауырсынуға, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализі: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мен синусы аймағында алып қыртыстар, олардың привратникке қарай өтуімен. Диагнозды дәлелдеуде ақпаратты диагностикалық тәсіл:

A) қарыншаішілік манометрия

B) ирригоскопия

C) ЭФГДС межелі биопсия

D) ректороманоскопия

E) колоноскопия биопсия

28. 25 жастағы ер адам 40оС дейін дене қызуымен құрсақ қуысындағы жайылмалы ауырсынумен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. УДЗ - өт қабының өзегінде көлемі 3,5 мм тас. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, сілтілі фосфатаза 3 есе жоғары, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Науқасқа тағайындалатын емдеу тактикасы:

A) өт айдайтын препараттар

B) оперативті ем

C) антибактериалды терапия

D) наркотикалық емес анальгетиктер

E) спазмолитиктер

29 Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (ЖЕЛ), ФӨӨС (ФЖЕЛ), ЖДШК1 (ОФВ1), тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы, Тиффно индексі, жүректің минуттық жылдамдығы (МОС25,) ЖМЖ50 (МОС50), ЖМЖ 75 (МОС75) көрсеткіштерінің төмендеуі. Осы симптомды кешен қандай синдромға тән?

A) өкпелік - қабыну

B) бронхообструкциялық

C) өкпе диссеминация синдромы

D) тыныс алу жеткіліксіздік синдромы

E) қан айналым жеткіліксіздік синдромы

30. Ішімдікке салынған 50 жастағы ер адамда 2 апта бойы әлсіздік, оң жақ кеудесінің ауырсынуы, фебрильды қызба, сасық иісті, таңқурай түсті тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жөтел байқалған. Рент­ге­но­­­граммада оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған. Тиімді этиотропты препарат:

А) амоксициллин

B) азитромицин

C) ципрофлоксацин

D) гентамицин

E) цефазолин

31. 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, өте жоғары дене қызуының критикалық түсуінен кенет әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі:

A) сепсис

B) кардиогенді шок

C) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) инфекциялық-токсикалық шок

E) жедел респираторлы дистресс-синдромы

32. Көп жыл бойы ӨСОА ауыратын 72 жастағы науқас суық тигеннен кейін пайда болған дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Рентгенде оң жақ төменгі бөлікте өкпе тінінің инфильтрациясы. Тиімді тактика:

A) тетрациклин + метрогил + лазолван

B) амоксиклав + гентамицин + бромгексин

C) кларитромицин + преднизолон + бромгексин

D) кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

E) цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид

33. 43 жастағы науқасты 4 ай бойы субфебрилді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу өршитін ентігу, әлсіздік мазалайды. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпесінде әлсіз тыныс, базалды бөліктерде – крепитация. Рентгенограммада: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу науқастың жағдайының нашарлауына, ентігудің өршуіне әкелді. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу: рестриктивті типті тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері. Дамыған пневмонияның этиологиялық факторы:

A) вирустық

B) саңырауқұлақтық

C) токсикалық

D) паразитарлық

E) бактериялық

34. 48 жастағы ер адам тәулігіне 5-6 ретке дейін тұншығу ұстамасына, шырышты сипатты көбікті қақырықпен жөтелге, әр түн сайын мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Қарағанда ТЖ минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Болжам диагноз:

A) бронх демікпесі, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ II

B) бронх демікпесі, орташа ағымы, өршуі, ТЖ II

C) созылмалы обструктивті бронхит, өршуі ТЖ II

D) созылмалы обструктивті бронхит, өршуі ТЖ III

E) бронх демікпесі, ауыр ағымы, өршуі, ТЖ III

35. Компьютерлік томографиядағы өкпенің «ұя тәрізді» және екі жақты «бұлыңғыр шыны» тәрізді өзгеруі тән:

A) фиброздаушы альвеолитке

B) екі жақты пневмонияға

C) миллиарлық туберкулезге

D) өкпе амилоидозына

E) өкпе саркоидозына

36. Бронх-өкпелік патологиядағы өкпелік гипертензия дамуының негізгі патогенездік механизмі:

А) Китаев рефлексі

В) Парин рефлексі

С) Эйлера-Лильестранд рефлексі

D) Левин рефлексі

Е) Мюсси рефлексі

37. Тұмау эпидемиясы кезінде келесі микроорганизммен шақырылған пневмонияның жиілігі артады:

A) клебсиелла

B) пневмококк

C) микоплазма

D) пневмоциста

E) ішек таяқшасы

38. 50 жастағы науқас әйел тізе буындарындағы жүргеннен кейін күшейетін «механикалық сипаттағы» ауырсынуға. Объективті: қол басы дисталды фалангааралық буындардың қатты түйіндер мен шығыңқырау түрінде деформациясы. Тізе буындары деформацияланған, периартикулярлық тіндер тығыздалған. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн, лейкоциттер - 6,6 мың, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Науқас 3 ай бойы стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, бірақ ауырсыну синдромы басылмаған. Тиімді тактика:

A) хондропротекторлар тағайындау

B) преднизолон тағайындау

C) колхицин тағайындау

D) Райта-Хеддельсон реакциясын жүргізу

E) артроскопия жүргізу

39. 30 жастағы ер адамда склеродактилия, тырнақтық фалангалардың остеолизі, буындар маңындағы терілерде көптеген кальциноздар, өңештің дистальді бөлімінде моторикасының бұзылысы, орта бөлігінде дилятациясы анықталды. Болжам диагноз:

А) жүйелі қызыл жегі

В) дерматомиозит

С) жүйелі склеродермия

D) ревматоидты артрит

Е) Шарп синдромы

40. 52 жастағы науқас әйел қол басы фаланга аралық буындардың ауырсынуы мен қозғалысының шектелуіне шағымданады. Қарағанда дистальды фаланга аралық буындарда 0,5 см дейін тығыз түйіндер анықталады, пальпацияда шамалы ауырсынады. Буындар сәл деформирленген, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында буын қуысының тарылуы, остеопороз. Болжам диагноз:

A) ревматоидты артрит

B) реактивтік артрит

C) остеоартроз

D) псориаздық артрит

E) подагралық артрит

41. 54-жастағы науқастың оң табанның бірінші саусағында қатты ауырсыну анықталады. Қарағанда: оң табанның бірінші саусағының плюснефаланг буыны қызарып ісінген, терісі қызарған, ұстағанда ыстық, қимылы шектелген. Болжам диагноз:

A) ревматоидты артрит

B) деформациялаушы остеоартроз

C) подагралық артрит

D) реактивті артрит

E) Рейтер ауруы

42. 42 жастағы науқас әйел ауызының құрғауына, жастың шықпауына, терiнiң тартылу сезiмiне, жұтынған кезде шашалуына шағымданады. Объективтi: терiсi тығыз, жиырылмайды; бетi амимикалық, ернi жiңiшке, жиырылып қатпарланған, саусақтарының ұштары солып, тырнақтары деформацияланған, бүгiлмелi контрактуралар, телеангиэктазиялар көрінеді. әлсiреген везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, 1-шi нүктеде систолалық шу. Болжам диагноз:

A) ревматизм, митральды қақпақша жетiспеушiлiгi

B) жүйелi склеродермия

C) нейроциркуляторлы дистония

D) ревматоидты артрит

E) жүйелi қызыл жегi

43. Науқас Т., 16 жаста, дене қызуының 40C-қа дейін көтерілуіне, жөтелге, ентікпеге, ісінуге, буындарының ауруына шағымданады. Обьективті: лимфаденопатия, терісінде қызыл бөртпелер, плеврит, перикардит көріністері. Қанда: эр – 2,4 млн, Нв – 70 г/л, лейк – 2,2 мың. ЭТЖ – 70 мм/сағ. Несеп анализі: белок 5,2 г/ тәу., эрит – 20 -30 к/а. Болжам диагноз:

A) жүйелі склеродермия

B) дерматомиозит

C) жүйелі қызыл жегі

D) жедел ревматикалық қызба

E) созылмалы ревматикалық қызба

44. Қол басы майда буындарының ауырсынуы, қозғалысының шектелуі, осы буындардағы 2 сағатқа созылатын таңертеңгілік сіресуі бар науқаста диагнозды нақтылауда тиімді әдіс болып табылады:

A) Ваалер-Роуз реакциясы

B) латекс-тест

C) Кумбс реакциясы

D) Вассерман реакциясы

E) Райт реакциясы

45. 30 жастағы науқаста тұмаудан кейін бұлшық еттерінде ауру сезімі, бұлшық еттерінің әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеден кейін ентігу, дауыстың анық шықпауы, дисфагия пайда болған. Объективті: ебедейсіз жүріс, периорбитальды ісік «көзілдірік симптомы», бетінде, мойнында декольте аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда иық, сан белдеулеріндегі бұлшыќ еттердегі ауру сезімі және қимыл белсенділігінің шектелуі байқалады. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері тұйықталған. ЖЖЖ -100 рет мин. АҚҚ 140/90мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер- 4,5 млн, гемоглобин - 110г/л, лейкоциттер -7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Қандай көрсеткішті аныќтау дұрыс мәлімет береді:

A) эритроциттердің тұну жылдамдығы

B) креатинфосфокиназа

C) ревматоидты фактор

D) С-реактивті белок

E) қос спиральды ДНК- ға антиденелер

46. 16 жастағы науқас әйел дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, қол басының ұсақ буындарындағы ауырсынуларға шағымданады. Анамнезінде бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұштары мен мұрын үстінің эритемасы, балтырдың терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 көру аймағында. Қос тізбекті ДНК антиденелері - оң. Деректі зерттеу тәсілі:

A) қанды бактериологиялық зерттеу

B) ревматоидты факторды анықтау

C) стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау

D) урогениталды инфекцияға иммуноферменттік анализ

E) кардиолипинге антиденелерді анықтау

47. Қызғыш-көкшіл эритема мен периорбитальды ісік, ентігу, құрғақ жөтел, үдемелі бұлшық ет әлсіздігі, иық және жамбас белдеуі бұлшық еттеріндегі ауыру сезімі тән ауру:

A) дерматомиозит

B) жүйелі васкулит

C) ревматоидты артрит

D) жүйелі склеродермия

E) жүйелі қызыл жегі

48. 45 жастағы науаста Рейно синдромы типі бойынша перифериялық вазоспазм ұстамалары, қол сасақтарының проксималды фалангааралық буындары аймағында терінің симметриялық қалыңдауы. ЭФГДС: рефлюкс-эзофагит. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы: өкпенің екі жақты базалды фиброзы. Тиімді тағайындау:

A) метотрексат

B) циклофосфамид

C) азатиоприн

D) Д-пеницилламин

E) плаквенил

49. 22 жастағы ер адам басының қатты солқылдап ауруына, құлағының шуылдауына, мұрнының жиі қанауына, ентігуіне шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінен: систолалық артериялық қысымның максимальді көтерілуі АД 200/90 мм с. б. Об-ті: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, аяқ тамырларының пульсациясы әлсіз. Жүрек тондары анық, ІІ тон акценті аорта үстінде, төстің сол жақ ІІ-ІІІ қабырғааралықтарында систола шуы естіледі. АҚҚ-200/80 мм.с.б. Гипертензияның даму себебі:

A) феохромацитома

B) аортоартериит

C) тиреотоксикоз

D) альдостеронизм

E) коарктация аорты

50. 53 жастағы әйел басының ауруына, ұйқышылдыққа, тәбетінің төмендегеніне, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке шағымданып емханаға келіп дәрігерге қаралды. Об-ті: теріасты-май қабаты артығымен дамыған, ай тәрізді бет. ЖСЖ 58 рет минутына, АҚҚ - 150/90 мм с б.. Жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Қалқанша без өлшемдері қалыпты. ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 60 рет минутына. ЭОС солға ығысқан. Миокардттың диффузды өзгерістері. Болжам диагноз:

A) тиреотоксикоз

B) гипотериоз

C) феохромоцитома

D) альдостеронизм

E) гипертиреоз

51. 46 жастағы әйел, алқызыл көпіршікті қақырықты жөтелмен қосылған ентігумен шұғыл түрде ауруханаға түсті. Науқас қозған, мәжбүрлі қалыпта (ортопноэ). Өкпенің барлық аймақтарында қатаң тыныс, түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Тыныс жиілігі - 38 рет минутына. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия - 128 рет мин. АҚ - 230/140 мм с.б.б. ЭКГ-да айқын сол қарынша гипертрофиясы. Дамыған асқыну:

A) тотальді пневмония

B) демікпе ұстамасы

C) өкпеден қан кету

D) өкпенің ісінуі

E) тромбоэмболия

52. Жүректің ишемиялық ауруының диагностикасына арналған ең ақпаратты әдісті атаңыз:

А) ЭКГ тыныштық күйде

В) велоэргометрия

С) дәрмектік жүктеме тест

D) коронароангиография

Е) эхокардиография

53. Оң қарынша шамасыздығының белгілері:

А) өкпедегі іркіліс

В) ентікпе мен ортопноэ

С) жүректік астма

D) бауырдың ұлғаюы

Е) өкпенің ісінуі

54. Реанимация бөлімшесіне 55 жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖСС 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да толық атриовентрикулярлы блокада. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркті диагнозы қойылған. Науқаста дамыған ырғақ бұзылысының ЭКГ белгісі:

А) жүрекшелердіәң бөлек қозуынан Р тісшесінің қос өркештенуі, өркеш ұштарының аралығы 0,035 сек артықтығы

В) PQ интервалының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшесінің 0,11 сек артық кеңеюі және жарықшақтануы

С) идиовентрикулалық қарыншалар ырғағымен бірге изосызықта жүрекшелер дірілінің пайда болуы

D) жүрекшелер мен қарыншалардың тәуелсіз қозуы, қарыншалар комплекстер санының минутына 60-30, одан за сирек болуы

Е) PQ интервалының біртіндеп ұзаруымен қарыншалық комплекстің түсіп қалуы

55. Миокард инфарктының қай сатысында лейкоциттердің төмендеуі, ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады?

А) жедел сатының екінші тәулігінде

В) аурудың бірінші аптасының соңында

С) жеделасты сатысының соңында

D) аурудың жеделасты сатысының басында

Е) миокард инфарктының жедел сатысында

56. Науқас әйел 65 жасар. 2 сағатқа созылған төс артындағы ауырсыну ұстамасынан кейін 6 сағаттан соң ЭКГ түсірілді. Ауырсынулардың иррадиациясы асқазан аймағына беріліп, қабаттаса құсу мен іштің кебуі мазалаған. ЭКГ-да QS III, AVF тіркемелерінде, патологиялық Q II, V5-6 тіркемелерінде; осы тіркемелерде S - Т сегментінің жоғарылауы. Болжам диагноз:

А) артқы жайылма миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

В) төменгі миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

С) алдыңғы жайылмалы миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

D) артқы бүйірлік миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

Е) алдыңғы-бүйірлік миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

57. Ренопаренхималық гипертензияға әкелетін аурулар:

А) диабеттік гломерулосклероз

В) біріншілік альдостеронизм

С) аортаның атеросклерозы

D) бүйрек артериясының аневризасы

Е) бүйрек артериясының атеросклерозы

58. 56 жастағы ер адамды 2 жылдан бері ентігу, жүрегінің қағып кетуі және басының ауруы мазалайды. Дәрігерлерге қаралмаған. Соңғы 3 аптаның көлемінде ентігуі күшейіп, тыныштық қалыпта мазалайтын болған. Об-ті: акроцианоз, тері жамылғыларының бозаруы. Жүрек тондары басыңқы, ырғақсыз, ІІ тон акценті аорта үстінде. АҚҚ-210/130 мм.с.б. ЖСЖ 130-150 рет минутына. ЭКГ-да жүрекшелер жыбыры тахисистолиялық түрі, сол қарынша гипертрофиясы. Зәрдің жалпы анализінде өзгерістер жоқ. Симптомдық артериялық гипертензияның түрі:

А) ренопаренхиматозды гипертензия

В) реноваскулярлы гипертензия

С) гемодинамикалық гипертензия

D) эндокриндік гипертензия

Е) эссенсиальді гипертензия

59. 68 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде пайда болатын, тыныштықта басылатын ентігуге және жүрегінің соғып кетуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 4 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек шекарасының солға кеңеюі. ЖСЖ – минутына 102 рет. АҚҚ – 110/60 мм.с.б. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:

А) ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)

В) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІІІ. ЖШ ФК ІІ (NYHA)

С) ЖИА. Жүрек ырғағының бұзылысы. ЖШ ФК ІІ (NYHA)

D) ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІ (NYHA)

Е) ЖИА. Үдемелі стенокардия. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)

60. 65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында PQ интервалы 0,4 с ұзаруымен QRS комплексінің түсіп қалуы анықталды. Жүрекшелердің толқыны QRS комплексіне 4:1 арақатынасындай, ЖСЖ 40 рет минутына. Болжамды диагноз?

А) атриовентрикулярлық блокада II дәрежесі, II типі

В) ІІ дәрежелі І типті жүрекшеішілік блокада

С) толық емес І дәрежелі жүрекшеішілік блокада

D) атриовентрикулярлық блокада II ші дәрежесі, I типі

Е) атриовентрикулярлық блокада II ші дәрежесі, IІІ типі

61. Обаның қоздырғыш көзіне жатады

a) кеміргіштер

b) құстар

c) қоршаған орта

d) қансорғыш жәндіктер

e) бактериотасымалдаушы

62. Көрсетілгендердің қайсысы описторхозды диагностикалаудың негізгі тәсілі болып табылады

a) клиникалық тексеру

b) нәжісте описторхоздын жұмыртқаларын анықтау

c) қанды биохимиялық тексеру

d) қанды жалпы тексеру

e) периональді қабаттардан қырынды ал

63.Егудi жүргiзу алдында міндетті түрде орындалады

a) тұрғындардың жас құрылымдары жайында мәлiметтер жинау

b) мед персоналды жинақтап, инструктаж беру

c) иммунизацияға жататын адамдарды мед.тексеру

d) иммунизацияның тиiмдiлiгiн және қауiпсiздiгiн анықтау

e) иммунизацияның тиiмдiлiгiн анықтау

64.Сарыптың диагностикасында лабораториялық әдісті көрсетіңіз

a) қанды биохимиялық тексеру

b) қанды бактериологиялық тексеру

c) Видаль реакциясы

d) копроскопия

e) Райт-Хеддельсон реакциясы

65.Оба қоздырғышы зақымдалған организмнен бөлініп шығады

a) жара бөліністермен

b) сілекеймен

c) нәжіспен

d) терімен

e) зәрімен

66.С вирусті гепатит ошағында науқасты госпитализацияланғаннан кейін жүргізілетін дезинфекция

a) профилактикалық

b) дезинсекция

c) қорытынды

d) камералық

e) жүргізілмейді

67 Қызылша кезінде қоздырғыш көзі болып табылады

a) науқас адам

b) вирустасымалдаушы

c) реконвалесцент

d) абиотикалық орта

e) ауру жануар

68.Полиомиелиттің профилактикасы мен күресуде негізгі шара болады

a) инфекция көзін залалсыздандыру мен оңашалау

b) қоздырғышђың берілу жолын жою

c) тұрғындардың қабылдамаушылығын қалыптастыру (вакцинаіия)

d) дезинсекция

e) режимді-шектеу

69.В вирусті гепатите маусымдылық жоғарлауы байқалады

a) қыста

b) көктемде

c) жазда

d) күзде

e) жыл бойы біркелкі

70.Вакцинаны сақтау жағдайын көрсетiңiз.

a) бөлме температурасында

b) термостатта

c) тоңазытқышта

d) медициналық шкафта

e) егу бөлмесiндегi столде

71.Гетерологиялық қан сарысуды қандай қаннан дайындайды

a) донор

b) иммунизирленген жануарлардан

c) гипериммунизирленген жануарлардан

d) ауырып шыққан адамдардан

e) ауырып шыққан жануарлардан

72.Гриппты жедел алдын алуға қолданатын препарат

a) вакцина

b) интерферон

c) анатоксин

d) қан сарысу

e) иммуноглобулин

73.Төменде көрсетілгендерден А гриппке қарсы белсенді иммунизация үшін қолданылады

a) ремантадин

b) инактивтендірілген бүтінвирусты вакцина

c) лейкоцитарлы интерферон

d) дибазол

e) қан сарысу

74.Төменде көрсетілген лабораториялық әдістердің қайсысысы сарып кезінде қолданылады

a) гемокультураны қоректік орталарға себу

b) вирусологиялық

c) биохимиялық сынамалар

d) паразитологиялық

e) энтомологиялық

75.Қызылшаны алдын алуда негізгі шараны көрсетіңіз

a) пассивті иммунизация

b) оңашалау

c) режимді-шектеу

d) балаларды 12 айда ҚҚП-мен жоспарлы егу 6-7 жаста ТҚВ-мен ревакцинация

e) дезинфекциялық

76.Трихоцефаллез сырқаттанушылық маусымдық шоғырлану кезеңін көрсеіңіз

a) қыс

b) көктем

c) жаз

d) күз

e) жыл бойы

Брилль ауруы инфекция тобына жатады

a) ішек

b) аэрозольді

c) қан

d) сапроноз

e) зооноз

78.Ішек иерсиниозының берілу факторын көрсетiңіз

a) топырақ

b) қан

c) ауа

d) шикі жемістер

e) су

79. Жұқпалы ауру анықталғанда толтырылатын құжаттарды ата:

A) аурудың даму тарихи

B) стационарлық науқастың картасы

C) емханалың науқастың картасы

D) диспансерлік қадағалаудағы науқастың картасы

E) жедел хабарлама, статистикалық талон, жұқпалы ауруларды есепке алу журналы

80. Іш сүзегінің созылмалы бактериотасымалдаушылығы қанша уақытқа созылады:

A) 3 айға дейін

B) свыше 3 месяцев

C) ұзақ уақыт

D) 1 ай

C) бактериотасымалдаушылық тіркелмейді

81. Бiрiншiлiк дәрiге тұрақтылық ... кездеседi:

A) емдi жиi үзетiндерде

B) туберкулездiң созылмалы түрiмен ауыратын науқастарда

C) +бұрын ем қабылдамағандарда

D) бiрнеше рет ем қабылдаған науқастарда

E) ауыстырылған науқастарда

82. Екiншiлiк дәрiге тұрақтылық ... қалыптасады:

A)+ антибактериалды терапия әсерiнен

B) фтизиохирургиялық емнiң әсерiнен

C) физиотерапияның әсерiнен

D) бронхологиялық емнiң әсерiнен

E) патогенетикалық емнiң әсерiнен

83. Макроорганизм туберкулопротеидтердiң енуiне ... жауап бередi:

A)+ спецификалық антиденелердiң пайда болуымен

B) ентiгумен

C) фиброзды өзгерiстермен

D) дене қызуының көтерiлуiмен

E) жөтелмен

84. Туберкулезге қарсы қолданылатын вакцинацияны ... тапты:

A) Р. Кох

B) Симон

C) Гон

D) + Кальмет және Герен

E) Абрикосов

85. Тек туберкулезге тән диагностикалық белгi:

A) гемограммада лимфоциттердiң азаюы

B) Манту сынамасының оң болуы

C) туберкулезге қарсы препараттардың тест-терапиясының оң мәндi болуы

D) + биопсиялық материалда казеозды некроз табылуы

E) биопсиялық материалда калцинаттар табылуы

86. Диагностикалық трахеобронхоскопия ... жүргiзiлмейдi:

A) кавернозды туберкулезде

B) өкпенiң орталық қатерлi iсiгiнде

C) + туберкулез диабеттi ретинопатиямен қосарланғанда

D) туберкулез маскүнемдiкпен қосарланғанда

E) туберкулездi бронхоаденитте

87. Өкпе туберкулезі жаңадан басталғанда ... жөтел болады:

A) ауызы қақырыққа толы

B) қатты қинайтын

C) ұстама, үрген тәрізді

D) + жәй, сирек сілекейлі қақырық бөлінетін

E) жәй, сасық иісті қақырық

88. Белсенді туберкулезде қанда ... байқалады:

A) гипохромды анемия, эозинофилия, нейтрофилез

B) өте жоғары лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

C) лейкоциттер қалыпты, лимфоцитоз, моноцитоз, қалыпты ЭТЖ

D) + солға ығысқан лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

E) ЭТЖ жоғарлауы, нейтрофилез, анемия

89. Өкпе тканi ыдырағанда рентгенде ... белгiлерi байқалады:

A) өзгермеген өкпе тканiнде ағару анықталады

B) + көлеңкеде ағару, перифокальдi қабыну

C) сақина тәрiздi жарықтану айналасында фиброзды өзгерiстер

D) жарықтану айналасында циррозды өзгерiстер

E) гомогендi шеттерi тегiс инфильтраттың

90. Өкпе тканi ыдырағанда рентгенде ... пайда болады:

A) гемотогендi шашырау ошақтары

B) Ашофф ошақтары

C) лимфогендi шашырау ошақтары

D) + бронхогендi шашырау ошақтары

E) Симон ошақтары

91. Туберкулезбен ауыратын науқастың қан түкiргенi ... бiлдiредi:

A)+ өкпе тканiнде ыдырау пайда болғанын

B) белсендi туберкулездiң пайда болғанын

C) өкпеде шашырау ошақтары пайда болғанын

D) туберкулез процесiнiң регрессиясын

E) плевраның тұтастығының бұзылғанын

92. Туберкулездi науқастың анамнезiнде ... туралы мәлiметтiң маңызы жоқ:

A) тұрмыс және еңбек жағдайы

B) бұрын туберкулезден емделгенi

C) + бiлiмi

D) ауырған аурулары

E) бацилла бөлгiш науқаспен қатынаста болғаны

93. Сол жақ өкпеде ... бөлік бар:

A) 3

B) 1

C) + 2

D) 4

E) 5

94. Оң өкпенiң жоғарғы бөлiгiнде ... сегмент бар:

A)+ 3

B) 2

C) 1

D) 4

E) 5

95. Оң өкпенiң ортаңғы бөлiгiнде ... сегмент бар:

A ) 2

B) 1

C) + 3

D) 5

E) 4

96. Оң өкпенiң төменгi бөлiгi ... сегменттен тұрады:

A) 5

B) + 4

C) 1

D) 2

E) 3

97. Халық арасынан өкпе туберкулезiн сәулелiк ерте анықтау әдiсiне... жатады:

A) +флюорография

B) анкеталық сұрастыру

C) қақырықты бактериологиялық тексеру

D) туберкулезге қарсы антиденелердi анықтау

E) туберкулинодиагностика

98. БЦЖ мен вакцинация жүргiзгеннен кейiн .... мерзiмде иммунитет қалыптасады:

A) 6 ай

B) 2-3 апта

C) 7-10 күн

D) + 6-8 апта

E) 1 жыл

99. Флюорографияда өкпе патологиясы анықталғанда науқасты ... толық тексеру қажет:

A) 6 айда

B) 3 күнде

C) 20 күнде

D) 1 айда

E) + 10 күнде

100. Антиденелердiң тұзiлуi иммунитеттiң .... феноменiне жатады:

A) толерантты

B) жасушалы

C) + гуморальдi

D) иммунологиялы есте сақтау

E) аллергиялы

Ішкі аурулар Ішкі аурулар Ішкі аурулар Жұқпалы аурулар Фтизиатрия
B A D A C
C B B B A
B E C A A
B D D B D
A C B E D
C A A E C
E A A B D
C B A B D
D B E A B
B E B C D
B D A C A
A A C A C
C C B B C
D B A A A
C A A D C
B E D C B
B C A C A
D A D D D
A C D E E
B D C A C

Наши рекомендации