Терапиялық стоматология

Оқу жылына

Интернатураға қабылдау емтиханға арналған

Терапиялық стоматология» пәні бойынша

Тесттік тапсырмалар

Мамандығы «Стоматология»

«Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы»

1.Науқасты қарап тексергенде 33 тістің мойын бетінде ақшыл-сары дақ анықталды. Эмаль жылтырлығы жоғалтқан. Шұқып тексергенде ауру сезімі жоқ. Метилен көгімен бояп тексергенде, дақ көкшіл түске боялды. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді://

гипоплазия, дақты түрі//

беткей тісжегі//

флюороз, дақты түрі//

бастапқы тісжегі//

флюороз, бор түсті-бұдырлы (меловидно-крапчатая) түрі

***

Науқастың жасы 32, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде эмаль денгейде фиссура маңында тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі жоқ. Диагноз қойыңыз://

орта тісжегі//

бастапқы тісжегі//

флюороз, дақты кезеңі//

беткей тісжегі//

ошақты гипоплазия

***

Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, түбі дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді://

баяу дамыған терең тісжегі//

орта тісжегі//

беткей тісжегі//

сына тәрізді (клиновидный) ақау//

тез дамыған терең тісжегі

***

Науқастың жасы 20,тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа. Диагноз қойыңыз://

тез дамыған терең тісжегі//

орта тісжегі//

созылмалы периодонтит//

жедел жартылай ұлпа қабынуы//

баяу дамыған терең тісжегі

***

Науқасты қарап тексергенде 36 тісте тамақ қалдығымен толы терең келген тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА.Диагноз қойыңыз://

баяу дамыған терең тісжегі//

жедел ошақты ұлпа қабынуы//

тез дамыған терең тісжегі//

созылмалы периодонтит//

орта тісжегі

***

Науқастың жасы 20. Профилактикалық шарамен қарап тексеруде 11, 12 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды. Болжалды диагноз қойыңыз://

Флюороз, дақты түрі//

Гипоплазия, дақты түрі//

Бастапқы тіс жегі//

Беткей тіс жегі//

гиперплазия

***

Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келеді. Обьективті көрінісі: 11, 12, 21, 22 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес (овальные) пішінді ойықтар анықталады, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Болжалды диагноз://

беткей тісжегі//

сына тәрізді ақау//

орта тісжегі//

тістің қатты тіннің эрозиясы//

дақты гипоплазиясы

***

Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келеді. Обьективті көрінісі: 11, 12, 21, 22 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес (овальные) пішінді ойықтар анықталады, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Дәрігер науқасқа жұмыс уақытында міндетті түрде жеке қорғаныс затты қолдануға кеңес берді. Осындай ақауда қандай қосымша ем жүргізу керек://

Реминералдау терапиясы//

Қуыстарды егеп, композициялық материалмен пломбылау//

Ақау бар тістерді жылтырататын пастамен өңдеу//

Реминералдау терапия курсын жүргізіп, композиттік материалмен пломбылау, кейін ремтерапиясын қайталау//

Ақау аумағын фтор лакпен жабу

***

Науқастың жасы 36, тістерін тазалағанда жоғарғы жақ тістерінің сезімталдығының жоғарлағанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтағы сүйір және кіші азу тістердің вестибулярлы беттерінде мойын бөлігінде ақаулары бар, қабырғалары қатты, тегіс, көлденен кесіндіде үшбұрышты пішіндес. Шұқып тексергенде сезімталдығы байқалады. Диагноз қойыңыз://

Тістердің қатты тіндерінің эрозиясы//

Эмаль некрозы//

Сына тәрізді ақау//

Эмаль тіс жегі//

Гипоплазия, бұдырлы түрі (бороздчатая)

***

10.Науқастың жасы 36, тістерін тазалағанда жоғарғы жақ тістерінің сезімталдығының жоғарлағанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтағы сүйір және кіші азу тістердің вестибулярлы беттерінде мойын бөлігінде ақаулары бар, қабырғалары қатты, тегіс, көлденен кесіндіде үшбұрышты пішіндес. Шұқып тексергенде сезімталдығы байқалады. Осы патологияны емдеуде қандай ем жүргізу керек://

Егеп тазалау және композициялық материалмен пломбылау//

10 күн бойы күнделікті 10% кальций глюконатының ерітіндісімен аппликациялау//

Жылтырататын пастамен дақтарды өңдеу//

10 күн бойы күнделікті 10% кальций глюконатының ерітіндісімен және 2% натрий фторидінің ерітіндісімен аппликациялау//

Реминерализациялық терапиясы

***

25 жасар науқас тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Анамнез: науқастың айтуынша – эмальдың өзгеруі жас кезінен басталған. Эмальдың өзгеруі ауылдағы туысқандары мен таныстарында байқалады. Қарап тексергенде: барлық тістерінің түстері бозғылт, сары түсті, көптеген пигменттелген дақтар бар. Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дұрыс://

гипоплазия//

сына тәрізді ақау//

дақ тәрізді тісжегі//

флюороз//

эмальдің некрозы

***

20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен – бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін://

ауық қуысының гигиенасын сақтамау//

көмірсуларды артық қолдану //

ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы //

ас суында фтор құрамының аз болуы//

ас суында йод құрамының аз болуы

***

13.18 жасар жігіт жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Тісінің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: алдыңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар орналасқан. Дақтың беті тегіс, жылтыр. Қосымша зерттеу әдісінің қай түрін ең бірінші қолдануға тиімді://

рентгенография//

қағып тексеру//

электроодонтометрия//

сипап тексеру//

витальды бояу

***

Терапиялық стоматология

14.Науқас 25 жаста, төменгі сол жақ тісінде ұстамалы ұзақ ауырсынбайтын аралықтары бар ауырсынуға шағымданады. Қараған кезде: 35 тістің шайнау беткейінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталды. Түбін зондтау ұлпа мүйізін проекциясы бойымен ауырсынады. Салқыннан ұзақ ауырсыну. Алғашқы диагноз қойыңыз://

жедел жартылай пульпит//

өршу сатысындағы созылмалы фиброзды пульпит //

жедел диффузды пульпит//

жедел түбірұшылық периодонтит//

өршу сатысындағы созылмалы гангренозды пульпит

***

46 жастағы науқас өзіндік ұстамалы ауырсынуға, оның құлаққа таралуына, түнде күшейетініне шағымданады. Ауру сезімі 2 тәулік бойы мазалайды, бұрын байқалмайды. Қарап тексерген кезде 46 тісте тіс қуысымен жалғаспайтын терең кариозды қуыс анықталады. Кариозды қуыс түбін зондтау күрт ауырады. ЭОМ – 45мкА. Қандай диагноз қоюға болады://

cозылмалы фиброзды пульпит//

cозылмалы гангренозды пульпиттің өршуі//

cозылмалы фиброзды пульпиттің өршуі //

жедел диффузды пульпит//

жедел ошақты пульпит

***

29 жастағы науқас тамақ ішу кезіндегі 36 тістегі ауырсынуға шағымданып келген. Қарап тексергенде 36 тісте терең кариозды қуыс тіс қуысымен жалғасқан, ұлпа мүйізі ашылған. Оны зондтап шұқығанда күрт ауырсынады, ұлпа қанайды. ЭОМ 40мкА. Қандай диагноз қоюға болады://

созылмалы гангренозды пульпит //

созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі //

жедел ошақты пульпит //

созылмалы фиброзды пульпит //

созылмалы гипертрофиялы пульпит

***

Тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан, сауыт ұлпасы ыдыраған, шұқып тексергенде ауырмайды, иісі бар. Өзектің кіреберісі (устья) аурады. Қағып тексергенде сезеді. ЭОМ-70 мкА. Қандай ауруға тән көріністер://

созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы//

ретроградтық ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы//

конкрементозды ұлпа қабынуы//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы

***

Тіс жегі қуыстан жабайы еттің өсіп кетуі, тиіп кеткенде қанайды; кейде тітіркендіргіштер әсерінен сыздап аурады. Қандай ауруға тән көріністер://

жедел диффузды ұлпа қабынуы//

жедел іріңді ұлпа қабынуы//

конкрементозды ұлпа қабынуы//

созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

Науқастың жасы 38. 15 тісте өзімен өзі аурады, ауру сезімі ұстама тәрізді, үшкіл нервтің бойымен тарайды. Тітіркендіргіштер әсерінен ұзаққа созылып аурады. Тіс бұрын ауырған, қарап тексергенде тіс қуысы ашық, шұқып тексергенде бірден аурады. Диагноз қойыңыз://

жедел диффузды ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы//

жедел периодонтит//

созылмалы периодонтит өршуі

***

20.Науқас жоғарғы оң жақ тісінің ұстамалы өзімен-өзі ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде тіс сауыты бүтін (коронка зуба интактная), аздап қозғалмалы (1 дәрежелі). Қызыл иегі ісінген, борпылдақ, қызарған, пародонт қалтасы бар, қалтадан ірің бөлінеді. Суық суды пародонт қалтасына жібергенде тіс қатты аурады. ЭОД- 50 мкА. Бұл қандай ауру://

жедел периодонтит//

ретроградтық ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы//

конкрементозды ұлпа қабынуы//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы

***

Ауру сезімі интенсивті, ұстама тәрізді үшкіл нервтің боймен тарайды. Басты қозғалтқанда ауру сезімі бірден басталады. Бұрын тіс ауыру мүмкін және сауыты бүтін (коронка зуба интактная) Науқастың шағымы мен клиникасы бойынша ұлпа қабынуының қай түрі://

жедел диффузды ұлпа қабынуы//

жедел ошақты ұлпа қабынуы//

конкрементозды ұлпа қабынуы//

ретроградты ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

Науқас 37 жаста, самайға таралатын 17 тістегі ұстамалы өздігінен болатын ауырсынуға шағымданады, ыстық тітіркендіргіштер ұзақ ұстамалы ауырсыну тудырады. Тіс бұрын ауырған. Объективті: 17 тістің шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысатын терең жегіленген қуыс, зондпен тексергенде тіс қуысының сауыттық бөлігінде ауырсыну байқалмайды, ал түбір өзектің ауыздарын шұқылағанда қатты ауырсуну пайда болады. Алғашқы диагнозды қойыныз://

жедел түбір ұшылық периодонтит//

жедел диффузды пульпит//

өршу сатысындағы созылмалы периодонтит//

өршу сатысындағы созылмалы гангренозды пульпит//

өршу сатысындағы созылмалы фиброзды пульпит

***

23. Науқас 20 жаста, сау, аллергологиялық статусы қалыпты, 35 тістің жедел ошақты пульпиті диагноз қойылды. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://

консервативті//

витальды экстирпация//

витальді ампутация//

девитальді ампутация//

девитальді экстирпация

***

46 тіс ұлпасының қабынуын емдеген кезде дәрігер-стоматолог бірінші қабылдауда келесі кезеңдерді орындады: жансыздандыру, тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын ашу, сауыт ұлпасын ампутациялау, өзек ауызындағы түбір ұлпасын алып тастау, медикаментозды өндеу, қуыстың табанына кальцийқұрамдас емдік төсем салу, уақытша пломба қою. Екінші қабылдауда (14 күннен кейін) уақытша пломбаны алып тастап, аралық төсем мен химиялық жолымен қатаятын композиттен тұрақты пломбаны салды. Тіс ұлпасының қабынуы қандай әдісімен емделді?//

виталді экстирпация//

девиталді экстирпация//

жартылай девиталді ампутация//

биологиялық//

виталді ампутация

***

Науқастың 22 тісіне жансыздандырылу жасау арқылы сауыт және түбір ұлпасын алынып, түбір өзектерін пломбылап, тұрақты пломбаны қойып, өңделген. Ұлпа қабынуды қандай әдіспен емдеген://

витальды экстирпация//

девитальды ампутация//

витальды ампутация//

девитальды экстирпация//

биологиялық әдіс

***

Науқас 45 жаста. 35 тістің мойын бөлігіндегі терең тісжегіні емдеген кезде, тіс сауытының кездейсоқ ашылуы байқалды. Науқас қант диабетімен дәрігерлік тіркеуде тұр және анамнезінде жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар. Тістің емдеу әдісін таңдаңыз://

Биологиялық//

Виталды ампутация//

Виталды экстирпация//

Девиталды ампутация//

девиталды экстирпация

***

27.Тіс дәрігер 22 жастағы науқасқа тексеру барысында, 25 тістің созылмалы ұлпа қабыну диагнозын қойды. Емдеу үшін жартылай жансыздандыру жасады,тіс қуысын егеп тазалады, ұлпа мұйізіне кушәлә пастасын қалдырып, уақытша пломба қойды. Бір күннен кейін уақытша пломбаны алып, тістің сауыт және түбір ұлпасын алды. Аспаптармен және дәрі-дәрмектермен өңдеп, өзекті пломбалады.Содан соң аралық төсем мен тұрақты пломбаны қойды. Дәрігер ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://

девитальды экстирпация //

витальды ампутация //

консервативті //

девитальды ампутация//

витальды экстирпация

***

Периодонтиттер

28.Науқас тістің үнемі, жергілікті сыздап ауратынына шағымданады. Төрт күн бұрын тіске мышьяк қойыртпағы қойылған. Қарап тексергенде 16 тістің шайнау бетінде уақытша пломба, тік қағып тексергенде бірден аурады. Клиникасы бойынша қандай диагнозға тән белгілер://

жедел медикаментозды периодонтит, улану сатысы//

жедел диффузды ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

ретроградты ұлпа қабынуы

***

Науқас 49 жаста. Емханаға ауыз қуысын санациялау мақсатында келді. Тексеру барысында 15 тістің дистальді бетінде тісжегісі анықталды. Сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды. Суыққа жауап жоқ. Рентген суретте 15 тістің периодонтальді саңылауы түбір ұшында кеңейген. Түбір өзегін медикаментозды өндеу үшін (ирригация жасау үшін) қандай дәрі-дәрмекті қолдану қажет://

крезофен//

натрий гипохлориді//

формалин//

эвгенол//

ларгаль ультра

***

Терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде ауырмайды, температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ, қағып тексергенде ауырады. ЭОМ 100мкА жоғары. Қызыл иекте өзгеріс жоқ. Рентген суреттемеде өзгеріс жоқ. Клиникасы бойынша қандай ауруға тән белгілер://

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі//

жедел периодонтиттің улану кезеңі//

жедел периодонтиттің экссудация кезеңі//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуы//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі

***

Шағымы: 37 тісте үнемі сыздаған ауру сезімі, тістегенде ауру сезімі күшейе түседі, тісті өсіп кеткен сияқты сезінеді, себепші тістің маңында 2 күн бұрын қызыл иекте ауру сезімі пайда болып ісінген. Бұрын тек механикалық және температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ауру сезімі мазалаған. Клиникасы бойынша қандай ауруға тән белгілер://

жедел диффузды ұлпа қабынуы//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі//

жедел периодонтиттің улану кезеңі//

жедел периодонтиттің экссудация кезеңі//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

Науқас 46 тісте кариозды қуыстың болуына шағымданады. Қарағанда 46 тістің дистальді-шайнау бетінде терең кариозды қуыс бар, тіс қуысымен жалғасқан. Зондпен терең шұқып тексергенде ауырмайды. Перкуссияда ауырмайды, түбір ұшы бойы аймағының кілегей қабаты түсі өзгермеген, пальпациялағанда ауырмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция теріс. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылау біркелкі кеңейген. Диагноз қойыңыз://

созылмалы гранулденген периодонтит//

созылмалы гранулематозды периодонтит//

созылмалы фиброзды периодонтит//

созылмалы гангренозды пульпит//

созылмалы фиброзды пульпит

***

22 тісте терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысады. Шұқып тексеру, температуралық, қағып тексеруде ауру сезімі жоқ. Қызыл иекте тіс түбірінің проекциясында жылан көзі бар, жылан көзден серозды-ірің жалқық бөлінеді. Рентген суретте түбір ұшында сүйек деструкциясы байқалады, шекарасы анық емес, «от жалыны» сияқты. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы//

созылмалы гранулденген периодонт қабынуы//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

***

Науқас 50 жаста, жоғарғы сол жақ тісіндегі ызындаған және керілу сезіміндегі ауырсынуға шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тістің түсі өзгерген, медиальды – шайнау беткейінде тіс қуысымен байланысатын терең жегілген қуыс. Тіс перкуссиясы ауырсынбайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы кілегейлі қабық көгерген, жыланкөзден кейін қалған тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдайлық түбір ұшы аймағында мөлшері 4 мм дейін тегіс емес шекараларымен сүйек тіндерінің ыдырау ошағы бар. Алғашқы диагнозды қойыныз://

созылмалы фиброзды периодонтит//

созылмалы гранулематозды периодонтит//

созылмалы гранулденген периодонтит//

созылмалы гангренозды пульпит//

созылмалы фиброзды пульпит

***

Науқастың шағымы: тіс жегі қуыстың пайда болуына және тістегі ыңғайсыздығына (распирания). Обьективті: 44 тісте тісжегі қуысы, тіс қуысымен байланысқан. Шұқып тексергенде, суық температураға, қағып тексергенде шағымданбайды. Рентген суретте: тіс түбірінің сүйек тіннінде 0,5 см дейін шекарасы анық өзгеріс анықталады. Диагноз қойыңыз://

созылмалы гранулденген периодонт қабынуы//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы//

төменгі жақ сүйегінің одонтогенді киста//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы

***

Науқас жасы 31. Тісінің үнемі солқылдап ауыратынына, тістегенде ауру сезімінің күшеюіне, тістің ұзарып өсіп тұрған сезіміне шағымданып, тіс дәрігеріне келді. Қарап тексергеде: 24 тісте терең тіс жегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде бірден ауырады. Тіс маңындағы қызыл иектің шырышты қабаты ісінген, қызарған, сипалап тексергенде ауырады. Температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімі жоқ. Рентген суретінде тістің түбір ұшы маңындағы периодонт саңылауы кеңейген. Клиникалық сипаттама негізінде алдын ала диагноз қойыңыз: //

созылмалы фиброзды қабынуы //

жедел периодонт қабынуының улану сатысы//

созылмалы гранулденген периодонт қабынуының өршуі //

жедел периодонт қабынуының жалқықтану сатысы //

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі

***

Науқастың шағымы: тісінің үнемі солқылдап ауыратынына, тістегенде ауру сезімінің күшеюіне, тістің ұзарып өсіп тұрған сезіміне. Қарап тексергеде: 24 тісте терең тіс жегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде бірден ауырады. Тіс маңындағы қызыл иектің шырышты қабаты ісінген, қызарған, сипалап тексергенде ауырады. Температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімі жоқ. Рентген суретінде - тістің түбір ұшы маңында шекарасы тегіс емес, диаметрі шамамен 0,3 мм сүйек тіннің ыдырау ошағы анықталады. Клиникалық сипаттама негізінде алдын ала диагноз қойыңыз: //

жедел периодонтит, улану сатысы//

жедел периодонтит, жалқықтану сатысы//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

созылмалы гранулденген периодонт қабынуының өршуі//

созылмалы гранулематозды периодонт қабынуының өршуі

***

Науқастың шағымы: тісі өзімен-өзі үнемі аурады, 24 тіс тамақ шайнағанда аурады. Тісті өсіп кеткен сияқты сезінеді. Объективті: 24 тістің апроксимальды бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Қағып тексергенде бірден аурады. Түбір ұшы маңындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. Сол жақ лимфа түйіндерді сипап тексергенде ұлғайған және аурады. Рентген суретте түбір ұшы маңында 0,3-0,5 см деструкция ошағы байқалады, шекарасы анық. Диагноз қойыңыз://

жедел іріңді ұлпа қабынуы//

жедел периодонтит, улану сатысы//

жедел периодонтит, экссудация сатысы//

созылмалы гранулематозды периодонтиттің өршуі//

жедел іріңді остеомиелит

***

Келесі ем шараларды периодонт қабынуының қандай түрінде орындалады: 1-ші қабылдауда: жансыздандыру, тісжегі қуысты егеп тазалау, түбір өзектен некроздалған тіндерді шығару, өзекті өңдеу, ішінде антисептикалық дәрілерді қалдыру, уақытша пломбаны қою; 2-ші қабылдауда - уақытша пломбаны алу, түбір өзегін пломбылау, турақты пломбаны қою://

созылмалы гранулематозды периодонт қабынуының өршуі//

жедел периодонтиттің улану кезеңі//

жедел периодонтиттің жалқықтану кезеңі//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

созылмалы гранулденген периодонт қабынуының өршуі

***

40.Периодонт қабынуының қай түрін емдеген кезде бірінші қабылдауда келесі іс-шараларды жүргізеді: жансыздандыру, тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын ашу, түбір өзектің ауызын кеңейту, ыдыранды ұлпа қалдықтарын түбір өзектен алып тастау, түбір өзекті аспаптық және медикаментозды өндеу, жалқыққа (экссудатқа) жол ашу үшін тісті бірнеше күнге ашық қалдырады://

Периодонттың жедел қабынуы, улану сатысы//

Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы//

Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы//

Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы//

Периодонттың созылмалы гранулденген қабынуы

***

Периодонт қабынуын емдеуде түбір өзектерін медикаментозды өңдеу үшін қолданылмайтын ерітінді://

6% сутегінің асқын тотығы//

0,06% хлоргексидин ерітіндісі//

1% иодинол ерітіндісі//

2% хлорамин ерітіндісі//

3% сутегінің асқын тотығы

***

Созылмалы периодонт қабынуының өршуін жедел периодонт қабынуымен салыстырмалы диагностиканы қандай әдіспен жүргізіледі://

зондпен тексеру//

температураға тітіркенуі//

ЭОД//

рентген суреті//

қағып тексеру

***

Пародонтология

43.Тісін тазалағанда және тамақ жегенде қызыл иектің қанағыштығына, сонымен қатар қызыл иектің ауратынына, қышуына шағымданады. Анамнезінде жедел респираторлық аурумен сырқаттанған. Симптомдар бірінші рет пайда болған. Қарап тексергенде қызыл иектің сілемейлі қабығы ісінген, қызарған. Пародонталды қалталар жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Науқастың шағымы: тістерді тазалаған кезде қызыл иектің анда-санда қанайтына. Қарап тексергенде – қызыл иек емізікшелердің және жиегінің ісінуі мен цианозы. Жалған қалталар мен пародонт қалталары жоқ. Рентген суреттемеде: сүйек тінде өзгерістер жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаралды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Науқастың шағымы: қызыл иектің тістерді тазалаған және ас қабылдаған кезде қанағыштығына, ауру сезіміне. Анамнезі бойынша 1 жыл бұрын қызыл иек курс емін қабылдаған. Қарап тексергенде қызыл иектің цианозбен бірге қызаруы мен ісінуі анықталады, қызыл иек тиіп кетсе қанайды. Пародонт қалталар жоқ. Рентген суреттемеде: сүйек тінде өзгерістер жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагноз://

жедел жаралы гингивит//

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит жайылмалы түрі//

жаралы гингивит

***

Жайсыздыққа, әлсіздікке, дене температурасының жоғарылауына, қызыл иекте күрт ауырсынулардың болуына, олардың қанағыштығына, ауыз қуысының жағымсыз иісіне шағымданады. Объективті: қызарған, ісінген қызыл иек көрінісінде кір – сұр түсті қақ түрінде қызыл иек жиектерінің өліеттенген аймағы анықталады. Тістерде көп мөлшерлі жұмсақ қақ, тіс тастары бар. Сілекей қою, тұтқыр. Қан анамнезінде- лейкоцитоз, ЭТЖ жеделдеуі. R – граммада сүйек тінінің өзгерістері жоқ. Қандай диагноз қоюға болады://

жедел катаральды гингивит

созылмалы катаральды гингивит

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

жаралы гингивит

созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі

***

Тісті щеткамен тазалағанда және тамақ ішкенде қызыл иектің қанағыштығына, қызыл иек бүртіктерінің өсуіне шағымданады. Объективті: тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін тіс бүртіктерінің ұлғаюы анықталады, тигенде оңай қанайды. Қызыл иек бүртіктері көгілдір түсті.Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Науқасқа қандай диагноз тән://

жаралы гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі //

жайылмалы катаральды гингивит

***

Қызыл иек емізікшелердің өсіп кетуіне шағымданады. Қарап тексергенде қызыл иек жиегі деформацияланған, яғни қызыл иек емізікшелері ісініп үлкейген, олар көрші жатқан тістердің сауыт бөліктерінің үлкен бөлігін жауып тұрады. Қызыл иек ақшыл-қызыл. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Қызыл иектің шырышты қабаты ісінген, цианозды, тиіп кетекенде қанайды. Тістері мықты, тістің мойын бөліктері ашылмаған. Пародонт қалтаның тереңдігі 3,5 дейін, қызыл иек асты мен қызыл иек үсті тіс қақтары бар. Сіздің алдын-ала қоятын диагноз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі, ремиссия кезеңі//

созылмалы гипертрофиялық гингивит

***

50.Науқастың шағымы: тісін тазалағанда қызыл иектің қанайтынына және оның соңғы уақытта күшейе түскеніне. Обьективті: қызыл иек шеті, емізікшелер айқын қызарған, ісінген, аспаппен тексергенде бірден қанайды. Кейбір тістерде тереңдігі 3 мм дейін пародонт қалталар анықталады. Аздап тіс тастары бар. Төменде аталған диагноздардың қайсысына сай келеді://

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі, өршу сатысы//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі

***

Науқас тістер арасы ашылып кеткеніне, кейде қызыл иектің қанайтынына, тістердің қозғалығыштығына, дискомфорт сезіміне шағымданады. Обьективті: тіс қақтары өте көп, қызыл иекке тиіп кеткенде қанайды, қызыл иек шеті және емізікшелері әртүрлі деңгейде атрофияланған. Тіс түбірлері 1/3 ұзындығына дейін ашылған, кейбір тістердің 1-2 дәрежелі қозғалыштығы. Пародонт қалтаның тереңдігі 4-5 мм дейін. Клиникасы бойынша қандай диагноз қоюға болады://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі//

гипертрофиялық гингивиттің ісініген түрінің өршуі//

гипертрофиялық гингивит, сініген түрі

***

Науқас 26 тіс маңында ауратынына шағымданады, қызыл иек ісінген, ауыздан жағымсыз иіс шығады. 26 тіске 4 жыл бұрын металлдан жасалған сауыт кигізілген. Обьективті: 26,27 тістердің маңындағы қызыл иек шеті және тісаралық емізікшелердің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, цианозды, борпылдақ, тиіп кетсе қанайды. 26 және 27 тістердің арасында пародонт қалта бар. Тереңдігі 4-5 мм, қалтадан іріңді сүйық бөлінеді. 26 тістің жасанды сауыты қызыл иекке терең кіреді. Горизонтальды бағытта қағап тексергенде аурады. Рентген суреттемеде: 26 және 27 тістердің тісаралық пердесінің тіс түбірінің 1/2 ұзындығына дейін резорбциясы анықталады. Диагноз қойыңыз://

созылмалы ошақты гингивит//

созылмалы ошақты пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы ошақты пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

созылмалы ошақты пародонт қабынуының орта дәрежесі, өршу сатысы//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі, өршу сатысы

***

Науқас 65 жаста, тістердің қозғалуына, ауызынан жағымсыз иістің шығуына, қызыл иектің қансырауына шағымданады. Қараған кезде: қызыл иек үсті және - асты тіс жұғындылары, қызыл иек жиегі көкшіл түсті, пародонталды қалталар тереңдігі 6 мм, басқан кезде ірің бөлінеді. Жоғарғы және төменгі жақ алдыңғы және азу тістер түбірлері ығысқан және ½ ұзындыққа жалаңаштанған. Тіс қозғалуы II-III дәрежелі. Алғашқы диагноз қойыңыз://

жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит//

орташа дәрежелі пародонтоз//

орташа дәрежелі созылмалы пародонтит//

ауыр дәрежелі созылмалы пародонтит//

ауыр дәрежелі пародонтоз

***

Қызыл иектің түсі бозғылт, төменгі және жоғарғы тістер арасы желпеуіш тәрізді ашылған. Пародонт қалта және тістердің қозғалғыштығы жоқ. Рентген суреттемеде: тісаралық қалқаларының 1/3-ге дейін бір келкі төмендеген, кортикальды пластинкасы бұзылмаған. Сіздің диагнозыңыз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

жайылмалы пародонт қабынуының ремиссия кезеңі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

***

Науқас 47 жаста, тітіркендіргішке сезімталдықпен қызылиектегі қышу сезіміне шағымданады. Қарағанда: қызыиек жиегі ашық қызыл түсті, жұқарған, пародонталды қалталар жоқ, тістер тұрақты. Тіс түбірлерінің 1/2 ұзындыққа бір текті жалаңаштануы байқалады. Ортопантомограммада – тіс аралық перделердің биіктігінің ½ деңгейге бір текті азаюы. Кортикалді пластика тұтастығы бұзылмаған. Алғашқы диагноз қойыңыз://

жеңіл дәрежелі пародонтоз //

орташа дәрежелі пародонтоз//

ауыр дәрежелі пародонтоз//

жеңіл дәрежелі пародонтит//

орташа дәрежелі пародонтит

***

Бұл ауру көбінесе балаларда кездеседі. Аурудың дамыған сатысында ауыз қуысында гингивит белгілері, пародонт қалталар, тістердің қозғалғыштығы анықталады. Пародонт тіндерінің патоморфологиялық зерттеу кезінде ретикулярлық клеткалармен бірге эозинофилдер көп табылады. Ауруды анықтаңыз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

созылмалы катаральды гингивит, ауыр дәрежесі//

пародонтома//

Папийон-Лефевр синдромымен пародонтолиз//

эозинофильді гранулемамен пародонтолиз

***

Ауру балаларда кездеседі. Табандарының және алақандарының гиперкератозбен және қабыршықтануымен сипатталады. Сонымен қатар барлық тістер түсіп қалғаннан кейін басылатын, жақ сүйектер альвеола өсіндісінің прогрессияланған еруімен (остеолиз) сипатталады. Ауруды анықтаңыз://

Летерер-Зиве ауруындағы пародонтолизі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

Папийон-Лефевр синдромындағы пародонтолиз//

пародонтома//

Хенд–Шюллер-Крисчен ауруында пародонтолиз

***

Саңырақұлақ тәрізді формалы, өсіп кеткен (гипертрофияланған) тісаралық емізікше сияқты, аяқшада (на ножке) орналасады, қозғалмалы түзілісті қалай атайды?://

фиброма//

липома//

эпулис//

пародонт кистасы//

гранулема

***

Науқас 45 жаста. Диагноз: Орта дәрежедегі пародонттың созылмалы жайылмалы қабынуының өршуі, пародонталды абсцесс. Ірің қалтаны тіліп ашқаннан кейін ең дұрыс физиотерапиялық ем://

ультракүлгін сәулелендіру//

қызыл иекүстілік гальванизация//

қызыл иекке массаж жасау//

дәрілік электрофорез//

ультрадыбытық терапия

***

60.Қызыл иектегі қышу сезіміне шағымданған науқасқа қандай физиоем әдісін қолдануға болады://

КУФ//

флюктуоризация//

ультрадыбыс//

дарсонвализация//

СВЧ

***

АҚШҚ аурулар

Науқастың жасы 76. Бетінде бөртпенің пайда болып, оң жақ бетінің неврагиялық жедел түрде ауру сезімінің құлаққа беріліп ауратынына шағымданып келген. Ауырғалы 5 күн болған. Аурудың басталуы жоғарғы жақтың оң жақ аймағында пайда кенет басталған ауру сезімі пайда болған, дене температурасы 39°С дейін көтерілген. Анамнезі бойынша жан ұясында бала жел шешек сырқатымен екі апта бойы ауырады. Жалпы аурулары: гипертонияның II дәрежесі; бала жасында жел шешек және қызылшамен ауырған. Қарап тексергенде: оң жақ ұрт және мұрын қанат терісі қызарған, беті сары қабықшамен жабылған ауратын көпіршіктер және жара анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабатының оң жағы қызарған, ісінген, жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында және қатты таңдайда топтасып орналасқан жаралар анықталады. Болжалды диагноз://

Пузырчатка (күлбірек)//

Тілме қабыну (рожистое воспаление)//

Белдемелі теміреткі//

Созылмалы қайталанған ұшық//

Пемфигоид

***

Жас адам, 22 жаста, төменгі еріннің құрғауына және қабыршақтануына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығында Клейн сызығы маңында ұсақ сілекей бездерінің кеңейген өзектері анықталады, ішінен тамшы тәрізді сілекей бөлінеді. Болжамды диагноз?//

Контактті аллергиялық хейлит//

Экзематозді хейлит//

Ірінді гландулярлы хейлит//

Эксфолиативті хейлит//

Қарапайым гландулярлы хейлит

***

34 жастағы науқасты қарап тексергенде ауыз қуысында негізде қабынған инфильтраты бар және шеттері тығыз, көтеріңкі, ауратын ойық жаралар анықталады. Ойық жаралар тек қана ауыз қуысында байқалады, бірнеше ай бойы тыртықтанып жазылады. Анамнезінен: ауру бірнеше жыл бойы мазалайды. Бұл клиникалық көріністері қандай ауруға тән://

Венсан гинговостоматиті//

Сеттон афтасы//

Бехчет синдром//

Стивенс-Джонсон//

Туреннің үлкен афтозы

***

Науқастың жасы 30. Сөйлегенде, тамақ қабылдағанда сол жақ ұрт маңындағы қатты ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың қызарған кілегейлі қабығында, тістердің тістесу сызығында шеттері тегіс, пішіні сопақша, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған афта анықталады. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген. Жергілікті жарақаттық факторлар анықталмаған. Алдын ала диагноз қойыңыз//

созылмалы механикалық жарақат//

қайталанбалы герпетикалық стоматит//

созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит//

белдемелі теміреткі//

лейкоплакия, эрозивті түрі

***

Тіс-дәрігерге 28 жасар науқас келген. 26 тіске 2% лидокаин ерітіндісімен инфильтрациялық жансыздандыру жасалған. 15 минут кейін науқас өзін жағымсыз сезінеді. Бет аймағының, қолының қышу, әлсіздік, бас айлану, кеуде аймағында ауырлануына шағымданады. Қарап тексергенде: науқас бозарған, бет терісі қызарған, шынтақ бет терісінде қышынатын бөртпелер, АҚ 80/50 мм рт.ст дейін төмендеген, жүрек соғысы әлсіз, пульс жылдам, тыныс алуы жиірек. Ең дұрыс диагнозы://

жедел жүрек жетіспеушілігі//

анафилактикалық шок//

миокард инфаркті //

естен тану//

бронхиальды астманың приступі

***

Стоматологиялық клиникаға 27 жасар науқас таңертен тұрғанда бірден пайда болған ерін, тіл, ұртының ісінуіне шағымданып келген. Анамнезі бойынша: бір күн бұрын тіс-дәрігеріне қызыл иегінің қанайтынына және жағымсыз иіс шығуына шағымданып барған. Қызыл иекке ем жүргізген, тіс тастарын алып, антисептикалық өңдеу жасалған. Дәрігердің тағайындалуы бойынша сол күннің таңертенгі және кешкі уақытта қызыл иекке Метрогил-Дента гелімен аппликация жасаған. Қарап тесергенде: еріннің жоғарғы және төменгі терісінің көлемі бойынша үлкейген, еріндердің қызыл жиегі тырысқан, ауыз қуысында тіл көлемі үлкейген, екі ұрты ісінген. Бірақ бет терісінің, еріннің, ауыз қуысының шырышты қабатында өзгеріс жоқ, ісінген тіндерді сипап тексергенде ауырмайды. Болжалды диагнозын://

Квинке домбығу//

Пародонтоз//

Мелькерссон-Розенталь синдромы //

Тілме қабыну (рожистое воспаление) //

Пародонтальды абсцесс

***

Науқастың жасы 35. Қарап тексергенде ауыз қуысында беткей жара анықталады, өлшемі шамамен 7х7 мм, жараның шеті жұмсақ, ісінген, аздап аурады, түбінде таңқурайға (малинаға) ұқсас, қанағыш папиломатозды өсінді бар. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, тығыз. Қандай аурудың суреттемесі://

біріншілік сифилис//

туберкулезды жегі (волчанка)//

үшіншілік сифилис//

лейкоплакия, веррукозды формасы//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит

***

Науқас 40 жаста, тілдегі ауырсынуға, тағам қабылдаған кезде және сөйлеген күшейетін ауырсынуға, дене қызуының кешкі уақытта соңғы ай ішінде жоғарлауына шағымданады. Қараған кезде: науқас жүдеу, әлсіз. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Таңдайда беткей, аз ауырсынатын, түбі сары-қызыл жағындымен және грануляциямен жабылған жара байқалады. Ауру этиологиясында қандай микроорганизм орын алады://

папиллома вирусы//

туберкулез микобактериясы//

Венсан спирохетасы//

бозғылт спирохета//

стафилококк

***

Науқастың жасы 22. Тіс-дәрігеріне тіл және ерін маңы шымырлап ауратынына шағымданып келген. Анамнезі бойынша: жарты сағат бұрын ауыз қуысына химиялық ерітіндіні құйып алған. Кейін осы симптомдар пайда болған. Науқас бірден бірнеше рет ауыз қуысын жақсылап шайған. Бірден стоматологиялық клиникаға барған. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы ерінде, тілдің ұшында ісінген, қызарған фон үстінде ақ-сұр түсті тығыз пленкамен жабылған диаметрі шамамен 1 см-ге дейін некрозданған үш аймақ (участок) байқалады, астыңғы тіндермен тығыз байланысқан. Күю салдарын қандай ерітіндімен байланыстырасыз://

күкірт қышқылы//

калий перманганаттың ерітіндісі//

әк (известковый) ерітіндісі//

сіркесу қышқылы//

нашатыр спирт

***

70.Ауыз қуысының шырышты қабығының қандай ауруы жүре дамыған иммунтапшылығын синдромның алғашқы белгісі болып табылады: ақ түсті қатпарлы түрде, симптомсыз ошақтар көбінесе тілдің бүйір бетінде орналасады. Шырышты қабаттан көтерінкі болып тұрады және қырғанда алынбайды://

Капоши саркомасы//

түкті лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

Манганотти хейлиті //

макроглоссит

***

18 жыл бойы темекі шеккен 36 жасар науқасты қарап тексеру барысында ұрт аймағында ақшыл (белесоватого) түсті күнгірт (помутнения) ошақ анықталды. Тістердің алдыңғы бөлігінің тістердің түйісу сызығы денгейінде, үшбұрышты тәріздес, үшбұрыштың шыңы (вершинасы) үлкен азу тістерге қарайды. Ошақ өз тіннен көтеріңкі емес, қырғанда алынбайды. Айналасындағы шырышты қабатында өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтаңыз://

псевдомембранозды кандидоз//

қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

ауыз қуысының екіншілік мерезі //

жалпақ лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

***

46 жастағы науқас стоматологиялық бөлімге ауыз қуысын сауықтыру және протездеуге дайындалу мақсатында келді. Объективті тексергенде қатты таңдай кілегей қабатының мөлдір емес көрінісінде оның артқы 1/3 бөлігінде майда қызыл түйіншіктер көрінеді. Олардың ортасында сілекей бездерінің кеңейген шығу өзектері нүкте тәрізді орналасқан. Қандай диагноз қоюға болады://

қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі//

қызыл жегі, қарапайым түрі//

лейкоплакия, жалпақ түрі//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Таппейнер лейкоплакиясы

***

Науқастың жасы 40. Қосалқы аурулары жоқ. Жалпы дені сау. Үш апта бұрын төменгі жақтың оң жақтағы тістің пломбасы түсіп қалғаннан кейін тілдің оң жақ маңында ауру сезімі пайда болғанына шағымданып келген. Қарап тексергенде: тілдің оң жақ бүйір бетінде өлшемі 0,5х0,4 см жара, беті некротикалық қақпен жабылған, шеттері қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. 46 тісте үлкен тіс жегі қуысы бар. Тіл жақ шеттері өткір. Цитологиялық зерттеуде атипиялық клеткалар анықталмаған. Диагнозын анықтаңыз://

Трофикалық жарасы//

Декубитальды жарасы//

Туберкулездыжарасы//

мерезжарасы//

обыр жарасы

***

Науқастың жасы 32. Бір күн бұрын суық тиген. Содан кейін жоғарғы ерінде бөртпе пайда болғанына шағымданып келген. Соңғы 5 жыл бойы осындай бөртпелер мазалайды. Қарап тексергенде: сол жақ жоғарғы еріннің және тері шекарасында ұсақ, бір-бірімен жабысқан, топтасқан, диаметрі 1-2 мм, ауратын, күнгірт-лай (мутный) сұйығы бар көпіршіктер анықталады. Көпіршіктің сұйығынан көптеп Лангханс алып клеткалар табылған. Болжалды диагноз://

көптүрлі жалқықты эритема//

аллергиялық стоматит//

созылмалы афтозный стоматит//

созылмалы қайталанған ұшық//

жедел герпетикалық стоматит

***

Науқастың жасы 28, жалпы әлсіздікке, ауыз қуысының ауру сезімі және шіріген иістің шығуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары жоқ. Қатты салқындану әсерінен 3 күн бойы ауру сезімдер мазалайды. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, дене температурасы 38,2 °С. Ауыз қуысында ретромолярлы аумаққа жақын жерінде екі ұртта ісінген қызарған фон үстінде некрозданған ошақ анықталады. Некрозданған ошақтың шеті тегіс емес, сұр-жасыл түсті, қақты алғанда астынан қанағыш ойық жара (язва) пайда болады. Жараның түбі және шеттері тығыз емес. Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз. Болжалды диагноз қойыңыз//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит//

Декубитальды жарасы//

Рак жарасы//

Трофикалық жара//

Сифилис жарасы

***

Науқастың жасы 52, ұрт маңы бұдырланған сияқты сезімінің пайда болуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары - қантты диабет, гипертония. Қарап тексергенде: екі ұрттың артқы маңында өзгермеген сілемейлі қабығында оюланған суреттегідей ақ түсті (папула) түйіншектер анықталады. Қырып тексергенде алынбайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Жалпақ лейкоплакиясы//

Қызыл жегі//

Күлдіреуік//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

***

Әйел адам, 40 жаста, ауыз қуысының құрғауына, шырышты қабығының тартылу сезіміне және кедір-бұдырлығына шағымданып келген. Қарап тексергенде: қызарған ауыз қуысының шырышты қабығының бетінде ақ-сұр түсті папулалар анықталады. Папулалар кесте торына, қаршаларға, сақиналарға ұқсас. Қол терісіндеде жазық, ақшыл-қызыл, жылтырлығы балауыз тәрізді папулар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді?//

Лейкоплакия, веррукозды түрі//

Қызыл жалпақ теміреткі, жалқықтану-қызарған түрі//

Жедел атрофиялық кандидоз//

Созылмалы атрофиялық кандидоз//

Қайталанбалы афтозды стоматит

***

Науқастың жасы 50, тағам қабылдағанда, сөйлегенде, ауызында ауру сезімінің мазалауы 2-3 апта бұрын пайда болғанына шағымданады. Анамнезінде қантамырлы дистония, созылмалы гастриттің бары анықталды. Ауыз қуысының жұмсақ таңдайында өзгермеген шырышты қабатында шамамен 1,5-2 см өлшемді іркілген-қызыл түсті беткей жарасы (эрозия) бар. Никольский симптомы оң. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Ауыз қуысы акантолитикалық күлдіреук//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

***

Науқас 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауырсынуларымен, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт – қызыл түсті қатты ауырсынатын шекарасында көпіршік қабыршақтарымен жабылған эрозия байқалады. Шыңтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз://

созылмалы қайталамалы стоматит//

көптүрлі экссудативті эритема//

вульгарлы көпіршік //

қызыл жазық теміреткі//

жүйелі қызыл жегі

***

Наши рекомендации