Айталау сұрақтары. Тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі - Вrуорhуtа.

Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі - Вrуорhуtа.

Сабақтың максаты:Көкек мүгі мен сфагнум мүгінің күрылыстарымен және даму кезендерімен танысу.

Қажетті материалдар:көкек мүгі мен сфагнум мүгінің кеппешөптері, көкек мүгініңмодель апликациясы, көкек мүгінің антеридийі мен спорогонийінің тұрақты препараттары.

Жалпы түсінік

Мүктер, мүк тәрізділер - Вrуорhуtа жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Мүктер - кылкаңды жапырақты дымқыл ормаңдар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстіңде, ағаштардың діндерінде, топыракта тұтасып, шым түзеді. Бұлардың құрылысы өтеқарапайым болады: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырақтары мен сабағы ғана бар, қайсыбірінің тақталанып біткен денесі таллом деп аталады да, ол жер бетіне төселіп және тік өседі, анатомиялык жағынан алғанда да олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдерінің ұшыңда көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі.

Аталықтары (антеридий) - сопақтау немесе шар тәрізді келетін және оның бір жағында қыска ғана тірсегі болатын ұсак дене. Оның ішіңде текшеленіп біткен жасушалары болады, олардың әрқайсысынан екі-екіден аталық жыныс жасушасы - сперматозоид дамып шығады, бүлардың бір шетінде екі талшығы болады.

айталау сұрақтары. Тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі - Вrуорhуtа. - student2.ru Аналықтары (архегоний) да көлемі ұсақ, пішіні колба тәрізді болатын дене, оның астыңғы жағы түйнектеліп жатады да, онда аналык жыныс жасушасы - жұмыртқа дамиды, үстіңгі жағы ұзарып бітеді де, іші түтікшеленіп кететін жасушалардан түзіледі, ұрықтанудың алдыңда бұлар сілемейленіп кетеді, соның нәтижесінде пайда болған шырышты зат түтік бойлап сыртқа шығады да, сперматозоидтардың жүмыртқа жасушасына жүзіп баруына себеп болады. Антеридий мен архегоний арасында жіпше тектес стерильді парафиздері болады.

Көптеген мүктердің антеридийлері мен архегонийлері екі өсімдікте болады, сондықтан да олар екі үйлі өсімдік болып табылады. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады.

Мүктердің жыныс мүшелері орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметофит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол спорофит деп аталады.

1-сурет. Политрихтың тіршілік кезені: М - мейоз.

Бір жапырақты, сабақты мүктерге жататын жасыл мүктердің (көкек мүгі – Polytrichum suniperinmжәне политрихтың –Polytrichum)сыртқы құрылыстарымен және даму кезеңдерімен танысамыз. (1 – сурет).

Жасыл мүктердің - Bryalesбасқа мүктерге қарағанда ұлкендеу сабақтары тік болып өседі. Сабақтарының төменгі жағындағы жапырақтары ұсақ, қабыршақты және жасыл болмайды, ортаңғы, үстінгі жапырақтары үлкен, жасыл болып келеді. Антеридий мен архегоний екі жасыл мүктер сабағының ұшында дамып жетіледі. Олар екі үйлі. Мұның антеридийлері жалаң қабат, қалта тәрізді келеді де, олардың әрбір жасушаларынан 1-2 сперматозоид пайда болады. Жеке сперматозоидтың алдыңғы жағында үзын-үзын келген жіңішке ширатылған екі талшығы болады. Балдырлардың оогонийлеріне қарағаңда жапырақты мүктер архегонийлер үнемі көпжасушалы болады. Оның түп жағындағы комактанып жаткан бөлімінің ішіңде аналық жыныс жасушасы дамиды, оның дербес қабықшасы болмайды.

Жыныс жасушалары жетіліп бітісімен антеридийдің төбесі шытынайды да, оның ішіндегі толып жатқан сперматозоидтар сыртқа шашылады. Сөйтіп, олар, архегонийдің аузындағы шырышына жабысып, оның төменгі жағында сілемейге толған мойын түтікшесімен жүзіп отырып, аналық жыныс жасушасын ұрықтандырады, зигота пайда болады.

Зиготаның сыртынан қатты қабықша пайда болады да, сол иезетте-ақ ол бөліне бастайды, нәтижесіңде одан спорофит-спорогоний есіп шығады. Жетілген спорогонидің төменгі жағында гаметофитке көміле орналасқан сорушы құрам (гаусториі) бар аяқшасы болады. Аяқшаның кеңейген жері апофиза деп аталады. Апофизаның жоғары жағында қорапша орналасқан. Қорапша аузы архегоний қабырғасынан дамыған, түкті қақпақпен жабылған. Қоралшанын жоғары жағыңда, қақпақтың астында табақша - эпифрагма (грек. эпи - үсті, фрагма - аралық қалқан) болады. Қорашпа денесінің ортасыңда ұстамдық құрам (колонкасы), ал оның екі жағыңда капшық тектес, спорангий орналасады. Спорангий қорапша денесі мен ұстамдық құрамға, бір қатарлы хлорофилді жасушалардан тұратын жіпше арқылы бекітілген. Қоралшаның аузындағы тесіктердің шетінде доғал тісшелер -перистомалар орналасқан. Споралар жетілген кезде, корапша аузыңдағы түкті қақпақпен оның жеке қақпағы түседі, эпифрагмамен кіріккен перистома тістері сыртқа майысыл ажырайды да, пайда болған саңылаулардан споралар сыртқа шашьшады. Дымқыл ортада перистома тістері қалпына келеді де, саңылаулар жабылады. Споралардан жіпше протонема (грек. протос алғашқы, бірінші, нема - жіп) өседі, олардың бүршіктерінен мүктің жапырақталған өркені (гаметофорлары) дамиды. Мүктердің даму кезеңіңде кездесетін жьнысты және жыныссыз жолмен көбеюінін дұрыс ауысу жолын көреміз. Жынысты жолмен көбейетін мүшелері жапырақты - сабақты мүк өсімдігі өсіріп шығарған протонемамен қоса жынысты ұрығы гаметофит болады да, оңда жасуша ядроларында хромосом саны гаплоидты болады. Жыныссыз жолмен көбеюге арналған жасушалар споралар дамыған корапша-спорогон жыныссыз ұрпак-спорофит болады, мүңдағы жасушалардың ядроларындағы хромосом саны диплоидты.

Мүктердің тіршілігіңде екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың ішіңдегі басым болып өсетіні жынысты ұрпағы гаметофит, алжыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді болады.

Жасыл мүктер орманды жерде, шалғынды жерлерде өседі. Жер үсті бөлігі тік өседі, ал жер асты бөлігі - горизонталь бағытта өседі. Аталық өркені аналық өркеніне қарағаңда ұзын болады. Көкек мүгінің сыртқы құрылысы және даму кезеңі политрих мүтіне ұқсас болып келеді.

айталау сұрақтары. Тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі - Вrуорhуtа. - student2.ru Мүктер класының сфагнум мүктер қатарыныңөкілі сфагнум мүгі - Sphagnidae немесе ақ мук.Сфагнум мүгі сазды, батпақты жерлер мен батпақтанған шалғындықтарда, ылғалды ормаңдарда өседі. Кепкеңде түсі ағарып кететіндіктен, ақ мүк деп те атайды.

2 – сурет. Ақ мүк және оның құрылысы.

Ақ мүктің сабағы ұзын, жан-жаққа тарамдалған, бірак өте нәзік, әлсіз, майда жапырақтары бар; тамыры да, ризоиды да болмайды. (2 – сурет). Жапырағы бір қабат жасушалардан тұрады. Бір жасушалары жасыл түсті хлорофилі бар тірі болса, екінші жасушалары түссіз - өлі болады. Өлі жасушаларынын қабықшасыңдағы тесіктері арқылы су кіріп, мүктің салмағы артады. Ақ мүктің осы касиетін батпақты жерлерді құрғатуға пайдаланады. Құрғак күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатыңдықтан өсімдіктің түсі ақ болады.

Көбеюі жасыл мүкке үқсас болып келеді. Айырмашылығы ақ мүкбір үйлі өсімдік. Антеридий мен архегоний бір өсімдіктің сабағының ұшында дамып жетіледі, ұрықтанған аналық жасушадан зигота, зиготадан қыска аяқты, пішіні дөңгелек келген қорапша-спорогон дамиды. Қорапша ішіндегі спорангилерде споралар дамып жегіледі. Споралардан пластинка тәрізді протонемалар өсіп, одан ақ мүктің сабағы, жапырақтары өсіп шығады.

Тапсырма

1. Кеппешөп даналарынан көкек мүгі мен ақ мүктің сыртқы құрылыстарымен танысып, суреттерін салу.

2. Көкек мүгінің коллекциясынан, көкек мүгінің даму кезеңін құрастыру.

3. Көкек мүгінің антеридийі мен спорогонийінің тұрақты препараттарынан. антеридий мен спорогонийдегі ерекшеліктерді бақылау.

4. Кітаптан кәдімгі политрихтың даму кезеңінің суретін салу.

5. Ақ мүктің "жапырағынан" препарат дайындап, өлі және хлорофилді жасушаларын тауып, суретін салу.

6. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттерне талдау жасау.

айталау сұрақтары

1. Құрылысыңдағы қаңдай белгілер және ерекшеліктер мүктәрізділердің тіршілігінде балдылармен туыстығьш көрсетеді?

2. Мүктәрізділерді не себептен өсімдіктер эволюциясында жеке бұтақ түрінде қарастырады?

3. Мүктәрізділердің морфологиялық құрылысы қаңдай?

4. Жасыл мүктің тіршілік кезеңі қалай өтеді?

5. Жасыл мүктің көбеюі, ұрпақ алмасуы қалай жүреді?

6. Қорапша құрылысы қаңдай?

7. Ақ мүктің жапырақтарында қандай жасушалар болады және олардың маңызы қандай?

8. Ақ мүктің даму кезеңі қалай өтеді?

9. Көкек мүгі мен ақ мүктің гаплоидты және диплоидты фазалары қандай ұрпақтарында болады?

Дебиеттер

1. М. Мәкенова. Ботаника курсының практикумы. Алматы 2000.

2. Ә. Әметов. Ботаника. Алматы 2005.

Наши рекомендации