Аюрведадағы ағзаны тазалау тәсілдері

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

ОСӨЖ

Тақырыбы: «Аюрведа – денсаулықты сақтау және қалпына келтірудегі көне жүйе»

Орындаған:Аяпбергенова Мария

Қабылдаған:Бакирова Алуа Турсуновна

Қарағанды 2016 ж.

ЖОСПАР

1. Ежелгі Үнді медицинасына жалпы шолу

2. Үнді медицинасының дәстүрлі жүйесі – Аюрведа. Оның қазіргі заманғы медицинамен ұштасуы.

3. Аюрведа іліміндегі организмді тазалау тәсілдері.

Үнді медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Үндістанда ең белгілі еңбек ол «Аюрведа» («Наука о жизни» - өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Үнді дәрігері Сушруттың (IV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Үнді медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы еңген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол «Чжуд-Ши» (сущность целебного – «Шипалықтың мәні») ол Индиядағы «Аюрведа» негізінде жазылған.

Үндістан біздің эрамызға дейін көп жылдар бұрын құрылған. Б.э.д IV мыңжылдықтың соңы мен ІІІ мыңжылдықтың басында Үндістанда құлиеленуші қоғам құрылды. Медицина мен фармация тарихын тарихын танудың негізгі көзі болып- «Веды» - тұрмыстық және діни ережелер жинағы және «Ману заңдарының жиынтығы» (б.э.д. 1000-500 ж.ж.) табылады. Ману заңдары бойынша, дәрігердің емі сәтсіз аяқталған болса, оған айып-пұл салынып отырған. Оның көлемі аурудың жағдайына байланысты анықталып отырған. Ману заңдарында гигиена саласының көптеген сұрақтары ашылып отырған. Атап айтқанда, климаттың денсаулыққа әсері, тұрғын үйдегі тазалық, гимнастика, ерте тұру, киім тазалығы, шаш-тырнақ тазалығы, тағам гигиенасы, ауыз қуысының гигиенасы. Тоя тамақтану кінәланып, етті пайдалануға шектеу қойылып, сапалы және қажетті әдіспен дайындалған өсімдік тағамдарын, сүтті және балды пайдалануға кеңес берілген. Ыдыстың тазалығына да көңіл бөлінген. Денеге күтім жасау ережелері қарастырылған. Осының бәрі бай адамдарға ғана қатысты болған.

Махенджо - Дарода жүргізілген қазба жұмыстары кезінде, б.э.д. III-IV ғасырдың басына тиесілі, диаметрі екі метрге дейін баратын, қола канализация құбырлары, сарайлардың ішіндегі хауыздар табылған.

Б.э.д. VI ғасырдың екінші жартысында құрылған ауруханаға, сол сияқты айлақтар мен үлкен жолдардағы ауруханаларға сипаттама берілген.

Үндістандағы дін түрі де- алдымен брахманизм, одан соң оны алмастырған буддизм – медицинаға зор таңба салған.

Медицинада қалыптасқан ұғым бойынша, денсаулық- ағзаның үш бастамасы, ауа, сілекей және өттің қалыпты қауышуының нәтижесі. Ол үшеуі табиғат апаттарымен немесе табиғаттың негізгі элементтерімен тығыз байланысты.

Ежелгі Үндістандағы адам денесінің құрылымы туралы ілімдер, ежелгі дүниедегі ең толық ілім болған. Мәйітті ашу көзделмеген. Зерттелетін мәйіт былжырату үшін ағын суда 7 тәулік бойына ұсталынған. Осыдан кейін суда жібітілген бөліктерін щеткамен немесе қабықпен қырып алған немесе өлі дененің қалыпты жайылу процессіне бақылау жүргізілген. «Ведаларда» кездесетін анатомиялық терминдер анатомиялық білімнің бар болғанын куәландырады, сонымен қатар, мидың, жұлынның толығымен зерттелмегенін көрсетеді.

Науқасты зерттеу кезінде, дәрігер сұрақ қою арқылы қарау әдісін пайдаланған.

Зәрдің иісінің ерекшелігіне, түсіне қарап ерекше аурулардың диагнозын қойған. Бұл басқа ежелгі халықтар медицинасына белгісіз.

Қазба жұмыстары кезінде табылған хирургиялық аспаптар, «Аюреведа» авторларының бірі Сушруттың анықтамасы бойынша, «Медицина ғылымдарының ішіндегі алғашқысы және ең үздігі», хирургияның дамығандығын дәлелдейді. Үндістандық дәрігерлер ампутация, лапоратомия, офтальмологиялық және құлақ, мұрын, ерін ақауларына пластикалық операция жасаған.

Акушерлік істе ұрықты аяғымен келтіру, кесар тілік операцияларын жасаған. Медициналық мамандықтың барлық саласы біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деген ұғым қалыптасқан. Сушрутаның ойы бойынша, операция жасай алатын, бірақ медициналық ілімді елемейтін дәрігер- бір қанатты құсқа ұқсайды деген.

Дәрігер науқасты дұ-рыс емдемегені үшін науқастың касталық дәрежесіне байла-нысты айып пұл төлеген. Медицинада дамыған пікірлер бо-йынша денсаулық организмнің үш бас-ты заттарына: ауа, шырын және өттің қалыпты болуы деп ойлаған. Олар таби-ғаттардың негізгі элементтеріне байла-нысты болған.

Үндістанда медициналық ем күшті дамыған саласы гигиена болған. Гигиена құрамы. Ману заңдарында жазылған. Етті шектеулі қолдану, сүттен және балдан құнарлы тағамдар дайындау туралы, ыдыс- аяқтың тазалығына көңіл бөлінген, сонымен қатар онда денеге күтім жасау туралы да жазыл-ған. Бұның барлығы тек бай адамдарға қатысты болған. Сонымен қатар, Аюрведа фокус өмір сүру сапасы сияқты нәрсе. Өмір сүру сапасын қазіргі заманғы әлемде материалдық гүлденуі, жақсы денсаулығы мен сезімдерді қуантады қабілеті ретінде түсініледі.

Аюрведа (гректің «āyus» — «өмір мағынасы», «ұзақ ғұмыр» және «veda» — «өнер» деген сөзінен шыққан) — үнді медицинасының негізі.Аюрведа немесе Аюр-Веда (санскрит тілінінен аударылғанда «āyus» — «өмір», «өмір принципі» немесе «ұзақ өмір» және «veda» — білім ) — қасиетті кітаптың атымен аталған, үнді медицинасының дәстүрлі жүйесі.Аюрведа шамамен б.з.д.800 жылдары пайда болып, жүйенің толық қалыптасып бітуі б.з.д.1000 жылдарға сәйкес келеді.

Аюрведаның салалары:

· Ішкі медицина — Кайачикта

· Хирургия —Шалия Тантра

· Құлақ, көз, мұрын және тамақ — Шалакия Тантра

· Педиатрия — Каумарабхриия Тантра

· Токсикология — Агада Тантра

· Генетикалық ақаулард тазарту — Баджикарана

· Денсаулық пен Ұзақ ғұмыр— Расаяна Тантра

· Рухани ем (психиатрия) — Бхута Видия (Тантра, Прана, Йога)

Ежелгіүнділік медицина бойынша ас тағамдарының және шөптердің дәмдері белгілі бір физиологиялық эффектілі және диагностикалы жүйе мен емдеу кезінде қолданылады. Пісірілген дәмдердің емдік күші көбірек. Мысалы:

· Тәтті (Мадхура) — Тәтті тағамдар тамақтандырады, салқындатады, дымқылдатады, салмақ қосады.

· Қышқыл (Амла) — Қышқыл жылы тағамдар жұмсартады, салмақ қосады.

· Тұзды тағамдар (Лаван) — Тұздалған жылы тағамдар қалыпқа келтіреді, салмақты көбейтеді.

· Ащы тағамдар (Кату) — Ащы тағадар салқын, құғақ, тазартушы әрі салмақты төмендетеді. Аюрведа - бұл тек тағамдар емес, сондай-ақ, ол шөпті дәрі-дәрмектер, массаж бен тазарту процедуралары болыптабылады.

Аюрведадағы ағзаны тазалау тәсілдері

Детоксикация

Аюрведа ілімінде, егер де адамда ама жиналып қалса, ол өзін әрдайым нашар сезініп, денесінде әлсіздік сезімі болады. Бұндай жағдайда бірнеше емдеу курстарының түрін алуға болады. Бірақ та, пайда болған ауруды емдемес бұрын, ағзада жинақталып қалған амадан арылу керек делінген. Бұл үшін Аюрведада алдын-ала детоксикация жасалынады. Ол адам ағзасындағы жиналған ама деңгейіне байланысты тағайындалады.

Аюредада детоксикация жасауға бірден-бір қолайлы кезең – көктемнің немесе жаз айларының соңы, ал күз бен қыс – детоксикация жасалған кезде жоғалтқан салмақты қайта қалпына келтіру үшін өте қолайлы кезең.

Сонымен қатар, ауруды емдеу үшін, қандай доша асқынғандығын білу өте маңызды. Оны анықтау үшін, мына симптомдарға назар аудару керек:

- Ауырсыну, жіті ауырсыну, өткір ауырсыну – вата қабынғандығын көрсетеді;

- Барлық қабыну, ісіну процестері, қызару – питха асқынғандығын;

- Егер де қандай да бір сұйықтық – сілекей немесе ірің, т.б. жиналса – капха қабынғаны туралы ақпарат береді. Ары қарай осы белгілер арқылы аурудың табиғатын анықтайды.

Аюрведада адам дошының арақатынасын келесі үш ұғыммен ұщтастырады:

· Пракрити – адам дүниеге келгенде берілетін дош арақатынасы, яғни оның бастапқы табиғаты. Бұл ұғым адамның әлсіз және мықты жақтарын, сонымен қатар қандай да бір ауруға бейімділігін көрсетеді.

· Викрити – дәл қазіргі немес кез-келген басқа уақыт аралығындағы доштардың арақатынасы. Практитимен сәйкес келмеуі мүмкін.

· Тридоша – доштардың тепе-теңдігі, гармониясы және дисбаластың жоқтығын, мықты денсаулық пен бақытты өмірдің көрсеткіші. Тридоша – адамның ұмтылуға тиісті жағдайы.

Аюрведа – панчакарма

Панчакарма

Адамда қандай доша асқынғанына байланысты, ағзаны тазалаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Аюрведада бұл панчакарма деп аталады. Ол құстыру, іш жүргізу, клима қою, мұрынды жуу және одан қан кетіру сияқты тәсілдер арқылы жүргізіледі.

Құстыру әдісіне капха толқынған жағдайда, питта толқынғанда – іш жүргізуге, ал клизманы тепе-теңдік жағдайы бұзылған ватаны қалпына келтіру үшін пайдаланады.

Егер де ама бас пен мида жиналып қалған болса, мұрынды тамшылатып жуу; егер қанның құрамы зақымдалған болса – қан жіберу әдісіне жүгінеді. Бұлардың ішінде ешқандай ауырсыну сезімін туғызбайтын тазарту тәсілі – аюрведалық клизмалар қою болып табылады. Бұл процедуралардың барлығы аюрведалық дәрігер – вайдьяның қатаң бақылауымен орындалуы қажет.

Наши рекомендации