Розин сынағын жүргізу

(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)

Мақсаты:диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

Көрсеткіші: жедел және созылмалы гепатиттер

Жабдықтау:1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза құрғақ, шыны түтікті, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. 4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

5. Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

6. Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).

7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

8. Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Билирубинді тест жолақпен анықтау

Мақсаты:диагностикалық(зәрдегі билирубинді анықтау).

Көрсеткіші:жедел және созылмалы гепатиттер.

Жабдықтау:жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ, шыны түтікті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

4. Қолғапты киіңіз.

5. Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

6. Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

7. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.

8. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек,сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

(әйелдерге)

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Көрсеткіші:бүйрек аурулары.

Жабдықтау: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.

3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

4. Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.

7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

9. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

11. Киініңіз.

12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

Ескерту:

1. бикстегі зәрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

2. материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

3. зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

4. егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.

Наши рекомендации