Эксудативті катаральді диатездің белгісін көрсет

Сүйек және бұлшық ет жүйесі АФЕ-сі

Жаңа туған нәресте қаңқасының едәуір бөлігі , әсіресе омыртқасы , білезігі және жамбас сүйегі шеміршектен тұрады.

Емізулі баланың сүйек ткані химиялық құрамы жағынан судың көп және қатты заттардың аз болуымен ерекшелінеді. Оның құрылымы талшықты, қан тамырларына бай болады. Осыған байланысты сүйектері жұмсақ, иілгіш келеді, баланы қолда дұрыс ұстамаған жағдайда , тар киімнің әсерімен және басқа себептерден оңай бұзылады.

Сүйек әсірісе туғаннан кейігі 2-3 жылдың ішінде тез өседі, бұл орайда талшықты ткань ішінара неғұрлым дұрыс қалыптасқан , пластик\нка тәрізді құрылымы бар сүйек тканіне айналады.

Баланың бас сүйгінің құрылымында бірқатар ерекшеліктер болады. Жаңа туған нәрестенің сүйектері арасындағы жік оңай байқалады. Баланың төбе сүйегі мен маңдайының арасында сүйек ткані жоқ, біріктіргіш тканьді жарғақ қосып тұратын учаске болады. Бұл еңбек деп аталады. Ол ромба формалы болады және ені шамамен 2-2-5 см . Еңбегі әдетте 12-15 ай толғанда жабылады. Төбе сүйегі мен желке сүйегінің арасында да (артқы ) еңбек болады, оның формасы үшбұрышты . Ол жаңа туған нәрестелердің шамамен 25 процентінде туған кезінде болады, 3 ай толғанда жабылады.

Жаңа туған нәрестенің омыртқасы негізінен шеміршектерден тұрады, түп-түзу, қисаймаған болады. Кейіннен омыртқаны бойлай физиологиялық қисаю байқалады. 2 ай ттолғанда – мойын лордозы (нәресте басын ұстай бастайды), 6 айға таман- омыртқа кеуде тұсыннан артқы жағына қарай қисаюы ( бала отырады), 1 жасқа толарында – сипатты бел лордозы пайда болады.(бала жүре бастайды)

Сәбидің кеуде қуысы бөшке сияқты формада немесе үшкір басы кесілген конус түрінде болады. Қабырғалар көлденең жағдайда , омыртқаға тік бұрыш жасап тұрады, кеуде қуысы бейнебір ішке ауа жұтқан сияқты болады. Мұның өзі оның қозғалуын шектейді және өкпенің созылуын қиындатады. Жас сәбилер жиі, жеңіл тыныстайды. Өсе келе қабырғалар төмендейді. 12-13 жасында кеуде қуысы қалыптасып бітеді.

Дені сау балалар 6-7 ай толғанда тіс жарады, әуелі төменгі күрек тістері , шамамен 2 айдан кейін жоғарғы 2 күрек тістері, содан соң жоғарғы бүйір тістері, ал 1 жасқа жақындағанда төменгі бүйір тістері шығады. Сөйтіп, 1 жасқа жақындағанда баланың 8 тісі болуға тиіс. 3 жасқа аяқ басқанда барлық 20 сүт тісі шығып бітеді. Баланың 6-24 айлығында болуға тиісті сүт тістерінің санын анықтау үшін мына формуланы пайдалануға болады :

Тіс саны - п -4

Мұнда п – ай саны. Мысалы: 10 айлығында 10-4=6 тіс болуға тиіс.

Жаңа туған нәрестенің бұлшық жүйесі біршама нашар дамыған. Бүкіл бұлшық еттің салмағы дене салмағының 23 проценті ғана болады, ал ересек адамдарда ол 42 процент. Баланың бұлшықет талшыұтары жіңішке болады.

Рахит

Рахит- мешел -фосфор және кальций алмасуының бұзылуы және сүйек бұлшық ет жүйелеріндегі өзгерістермен сиппаталатын емшек жасындағы балалардың ауруы.Бұл аурудың негізгі себебі организмдегі Д витаминінің жетіспеуі,сонымен қатар А,В,С витаминдері де жетіспейді.Д витамині организмде фосфор және кальций алмасуын реттейді.Табиғатта Д витамині малдан алынатын тағамдарда:жұмыртқаның сарысында,бауыр,балық уылдырығы,сары майда,кейбір балықтардың етінде.Адамның терісінде ультракүлгін сәулесінің әсерінен белсенсіз түрінен белсенді түріне ауысады.Сондықтан таза ауада көп болатын және дұрыс тамақтанған балаларда рахитпен ауырмайды.

Мешелмен ауыруға бейімдейтін жағдайлар:

1.Баланы ерте қолдан тамақтандыруға аудару.

2.Баланы біркелкі ұннан жасалған тамақтармен тамақтандыру.

3.Шала туғандық,егіздік.

4.Нашар үй жағдайы,дымқыл,тар,күн түспейтін жағдай.

5.Күзде және қыста туған балалар.

Мешелдің клиникасы төрт кезеңге бөлінеді:

1.Бастапқы кезең-баланың 2-3 айында басталып нерв жүйесі жағынан өзгерістерімен сипатталады:бала шошығыш,себепсіз жиі оянады,қатты терлейді,басын жастыққа терлеп үйкегеннен кейін шашы түсіп қалады,үлкен еңбегінің шеттері жұмсарып кетеді.Осы кезеңде баланы емдей бастамаса,ауру екінші кезеңге өтеді.

2.Аурудың дер кезеңі-нерв жүйесі жағынан пайда болған өзгерістерге сүйек және бұлшық ет жүйелерінің өзгерістері қосылады.

- бас сүйектері жағынан:желкесі жалпайып,маңдай және төбе сүйектерінің бұдырмақтары өседі,үлкен еңбегі мерзімінен кеш жабылады,тістері кеш және теріс жабылады.

-кеуде сүйектері жағынан:баланың төсі құс төсі немесе етікші төсі болып өзгереді,кеуде клеткасының төменгі апературасы кең болады,қабырғаларында дөңестер четки пайда болады.

- аяғы х және о тәріздес болып қисаяды,жамбасы қушық болады,табаны жалпақ түйе табан болады,саусақтарының буындарында інжу жібі білегінде білезік пайда болады.

-бұлшық еттердің күш қуатының төмендеуінін кесірінен бала басын кеш ұстайды,кеш отырып ,жүреді,буындары босап бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады,қарны үлкен бақа қарын болады омыртқа жотасында бүкірлік пайда болады.

3.Жазылу(реконвалесценция) кезеңі-біртіндеп бала организмдегі өзгерістер өтеді.

4.Қалдық өзгерістер кезеңі-сүйек өзгерістері кетпей бала өмір бойына қалады.

Рахит ауруының өту барысы үш дәрежеден тұрады:жеңіл,орташа,ауыр. Рахит болған балаларда өкпе қабыну және басқа аурулар ауыр өтіп,жиі асқынады,сондықтан рахитті фондық ауру деп аталады.Рахиттің емдеуі комплексті,жүйелі,жеке басты болу керек.

Емдеуді баланың тамақтануынан бастайды:оның жасына қарай құрамында Д витамині бар тамақтарды береді.Ауру балаға Д витамині тағайындалады,оның курстық және күнделік дозасы рахиттің дәрежесіне байланысты.Витаминнің екі дәрілік түрі болады:майлы және ерітінді.Майлы ертіндісінің бір тамшысында 1400МЕ,ал спиртті ертіндінің бір тамшысында 4000МЕ тамшылап мөлшерленеді.Д витаминінің орнына 18-20 ультракүлгін сәулесінің сеанысын өткізуге болады.Балаға кальций препараттары беріледі, виттаминдер,массаж,гимнастика, таза ауада көп серуендеу керек,тұзды немесе қылқанды ванналар өткізіледі.

Рахиттің профилактикасы әдейленген және әдейленбеген,туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі болып бөлінеді. Туғанға дейінгі әдейленген профилактика- аяғы ауыр әйелге Д витаминін беру немесе ультракүлгін сеаныстарын өткізу. Туғаннан кейінгі әдейленбеген профилактика - баланың тамағына Д витаминіне бай тамақтарды енгізу,ана сүтімен қоректенуі үшін күрес жүргізу,шырындар және қосымша тамақ беру,таза ауада серуендеу.Туғаннан кейінгі әдейленген профилактика- балаға Д витаминінің майлы ертіндісін 1 айдан бастап аптасына 2 рет бір тамшыдан бір жасқа толғанша беріледі.Д витаминінің артық болуын гипервитаминоз деп аталады.Бұл жағдай Д витаминының организмге көп енгізгенде немесе баланың организмі Д витаминын көтере алмағандықтан.Ол кезде бала құсады,денесі тырысады,қанда дәретте кальций көбейеді.Д витаминін алып жүрген балаларда осындай белгілер пайда болса витамин алуды тоқтатып,сүт тағамдарын азайтып,5%глюкоза ,Рингер ерітіндісін ішкізіп немесе веннаға қан құямыз.

Спазмофилия – гипокальцемиялық синдром: фосфор және кальций азаяды да, баланың организмі тырысуға бейім болады. Спазмофилия көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, әсіресе көктем кезінде және бала рахитке байланысты Д витаминін алып жүргенде кездеседі.

Клиникалық жасырынды-латентті және ашық түрге бөлінеді. Жасырын түрінде баланың жалпы жағдайы өзгермейді, тек мешелдің белгілері болуы мүмкін. Сондықтан оны аңықтау үшін мына сынамаларды жүргізу керек.

Хвостек белгісі – жақтың ортасынан жеңілдетіп соққы жасағанда, сол жақтағы бұлшықеттер жиырылады.

Труссо белгісі – баланың иық сүйегінің ортасынан қысып жібергенде, қолының үші өзінен-өзі бүгіледі –«Акушер қолы» деп аталады.

Люсттың белгісі перкусияға арналған балғамен кіші жіліншектің басынан тменгіжерге әлссізсоққы жасағанда, баланың тбаны сыр тқа қарайбұрылып саусатары бүгіледі.

Спазмофилия келесі ашық формаларда кездеседі:

1. Ларингоспазм– дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңылауының тарылуы. Бала қиналып шумен дем алады, үрейінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен талып қалып бірнеше секундтан кейін шумен дем алады.

2. Карпопедальді спазм- табан, қол ұшының құрысу түрі. Бала 1 жастан асқан кезде пайда болады. Баланың қолының ұшы, аяқтың табаны және бетінің бұлшықеттері тырысып-құрысып кетеді. «Акушер қолы» - трід қатып қалады. Аяқтың табаны бүгіліп қатып қалады.икалық бұлшқеттердің құрысуынан баланың трі өзгеріп кетеді, әсіріе уыз айналасындағылқттердің тырысуына « балықтың ауызы» деген белгі пайда болады.

3. Эклампсия– баланың барлық бұлшық еттері тырысуы, ауызынан көбік шығып, бала есінен айырылады. Өте сирек кездесетін және өте қауыпті түрі болып есептеледі. Беті бозарып цианоз пайда болады. Ұстаманың басында бала есінен айырылып талып қалады, өзінен-өзі нәжіс және зр шығып кетеді.Ұстама бірнеше секундттан 20-25 минутқа дейін созылуы мүмкін. Ұстамадан кейін бала ұйықтап қалады. Ауыр жағдайда тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.

Емдеу: ларингоспазм кезінде -1 – таза ауа жеткізу,

2 – салқын су шашу,

3. - құйрығынан ұру.

4. – ылғалданылған оттегі беру.

Баланың жағдайы жақсарғасын кальций препараттарын беру.

Эклампсия кезінде емдеу:1.дәрігерді шақыру, 2.сабырлы жағдай жасау, 3.баланы жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттардан сақтау, басын бұру; 4. Ылғалды оттегі беру, 5.дәрігердің нұсқауымен тырысуға қарсы дәрілерді енгізу.

Глоссарий:

Рахит- мешел -фосфор және кальций алмасуының бұзылуы және сүйек бұлшық ет жүйелеріндегі өзгерістермен сиппаталатын емшек жасындағы балалардың ауруы.

Спазмофилия – гипокальцемиялық синдром: фосфор және кальций азаяды да, баланың организмі тырысуға бейім болады

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Рахиттің этиопатогенезі, жіктемесі?

2. Рахиттің клиникалық және биохимиялық көріністері, алдын-алу, емі?

3. Спазмофилия этиолгиясы, клиникасы, емі, алдын-алу, шұғыл көмек көрсету?

Тарататын материал:тестер, ситуациялық есептер.

Манипуляция алгоритмдері:

Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.

ЧЕК-парағы:

Үй тапсырмасы: Асқорыту жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы. Зәр шығару және эндокринді жүйелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы

Қолданылған әдебиет:

Мазурин А.В., Воронцов И.М. Пропедевтика детских болезней. – СПб.: Фолиант. 2003.

Педиатрия / под редакцией Шабалова Н.П., С-Пб: Спецлит., 2003

К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары»

Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, Шеховцева 2003г;

Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, 2002

Тестер:

Эксудативті катаральді диатездің белгісін көрсет

географиялық тіл,гнейс

құсу,лұқсу

орталық нерв жүйесі бұзылмауы

сүйегінің жұмсарып қисаюы

үлкен еңбегінің жұмсару

Наши рекомендации