Бағдарламаның тиімділігін, жиілігін бағалаудың критийлері және стоматологиялық ауруларды болжау.

Ұйымдастыру шараларын профилактика бағдарламасына енгізу. Стоматологиялық ауруларды болжамдау, алдын алу шараларын жүргізу.

49.6,12,15 жастағы мектеп оқушылары арасында тіс жегінің таралуы және белсенділігі көрсеткіштерін анықтау12 жастағы мектеп оқушылары арасында тіс жегінің таралуы және белсенділігі көрсеткіштерін анықтау. Тіс жегінің таралуы ауыз қуысында тіс жегімен зақымданған пломбаланған және жұлынған тіс санымен анықталады. Тіс жегімен зақымданған тістер К , пломбаланған тістер П, жұлынған тістер У әріптерімен белгіленеді. Осы көрсеткіштердің жиынтығы КПУ индексі деп аталады. Тұрақты тістемде КПУ деп , сүт тістемде кп деп, аралас тістемде КПУ + кп деп белгіленеді. Бұл мәлімет өте көп мәлімет берумен сараптама жасауда айтарлықтай көмек көрсетеді. Мысалы КПУ – 6 ға тең болғанда, егер 4+4+1 болса , емдеу жұмыстары қанағаттанарсыз болып саналады. Егер 1+4+1 болса емдеу жақсы жолға қойылған деп саналады. Егер 1+1+4 болса, жұлынған тістер көп болғандықтан емдеу жұмыстары қанағаттанарсыз деп есептеледі. Балаларды есепке алу кезінде 12 – 15 жастағы жас өспірімдер тексеріледі. Тексеру нәтижелері төмендегідей бөлінеді. КПУ + кп индексі 0 – 1,1 болса , көрсеткіш өте төмен. 1,2-2,6 дейн көрсеткіш төмен, 2,7-4,4 дейн көрсеткіш орташа, 4,5-6,5 дейін көрсеткіш жоғары, 6,6 дан да жоғары боғанда көрсеткіш өте жоғары саналады. Неғұрлым сандар жоғары болса , көрсеткіш төмен болады. Бұл көрсеткіштер тамақтануға қте көп байланысты деп саналады. Мысалы кондитер және бесквит фабрикаларының жұмысшыларын тексергенде КПУ 10-22 индексін көрсетеді.

50.Ауыз қуысының кәсіби тазалығыҚанағаттандырарлықсыз индивидуальді ауыз қуысының гигиенасы кезінде тіс қақтары мен тіс тастары түзіледі. Алдымен жұмсақ тіс қақтары түзіледі, уақыт өте келе минералданып тіс тастарына айналады. Қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс тастары ажыратылады. Пародонт аурулалының пайда болуында осы факторлардың әсері орасан мол. Сондықтан да кәсіби ауыз куысының гигиенасы пародонт ауруларын емдеу және профилактикасы кезінде маңызды орын алады.Тіс тастары түзілгенде ең алдымен қызыл иек үсті тіс тастары түзіледі, уақыт өте тіс-қазыл иек байламын бұзып қызыл иек асты тіс тасы пайда болады. Қызыл иек асты тіс тасы тіс түбірі бойымен интенсивті түрде өсіп отырады периодонтты зақымдайды,ал кейіннен қалта пайда болады.Кәсіби тазалау- ауыз қуысының гигиенасын жақсарту мен ауыз қуысының индивидуальды гигиенасын үйретуге арналған шаралар жиынтығы. Ол ауыз қуысын қарап тексеру, гигиеналық индексін анықтау, тазалауды үйрету, профессионалды тазалау және пломбылаудан тұрады. Тіс тастарын алудың бір жолы механикалық әдіс. Аспаптың көмегімен қолмен орындалады. Қолданылатын аспаптар: иілген ілмек, орақша ілмек, қырғыш ілмек, экскаватор. Бірақ бұл әдіспен тіс қақтарынан толық құтылу мүмкін емес.

51.Балалардың стоматологиялық аурулардың антенаталдық алдын алуы.Бұл қауіп топтарына жатады: жүктілікпен байланысты анасының ағзасының жағымсыз жағдайы, экстрагениталды аурулар, жағымсыз акушерлі-гинекологиялық анамнезі, жүкті әйел ағзасына өндіріс пен сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері; еңбек, демалыс және тамақтану режимін сақтамау; жүкті әйел ағзасына тератогенді заттардың түсуі.

Ұрыққа бұл факторлардың әсер етуі нәтижесінде келесі жағдайлар дамиды: жатырішілік гипоксия, шала туу, туу кезіндегі асқынулар (асфиксия, бас миының туу кезіндегі жарақаты, ми қан айналымының бұзылыстары, тыныс алу жетіспеушілік синдромы). Мұндай ауытқулары бар балаларға стоматологиялық аурулар мен стоматологиялық ауытқулардың жоғары деңгейлі таралуы мен белсенділігі тән. Осыған байланысты ана мен баланы қорғау шараларын ұйымдастырудың маңызы зор. Соматикалық аурулар:Өмірінің алғашқы жылдарындағы баланың басынан өткен аурулары ағзаның әртүрлі жүйесіне әсер ете отырып (иммунды, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу және т.б.) тіс-жақ ауытқуларының қалыптасуына жағдай жасайды. Оларға рахит, респираторлы жүйесінің созылмалы аурулары, асқазан-ішек жүйесінің аурулары, эндокринді және басқа аурулар жатады.

Тіс-жақ ақауларының және ауытқуларының дамуының қауіпті факторлары: Тұқымқуалаушылыққа бейімділік, Антеналды, интранаталды және неонаталды факторлар, Соматикалық аурулар, Ерте жасанды тамақтандыру, Тіс-жақ жүйесінің ағзалары мен тіндерінің құрылымының бұзылыстары, Жағымсыз әдеттер, Тіс-жақ жүйесінің негізгі қызметтерінің бұзылуы, Тістердің бұзылуы немесе болмауы. Тұқымқуалаушылыққа бейімділік. Көп жағдайда тіс-жақ жүйесінің ақаулары мен ауытқуларының дамуы тұқымқуалаушылықпен немесе қаңқаның жақ-бет бөлімінің жаққа қатысының бұзылуымен байланысты. Бұл факторлардың жағымсыз әсерлесуінде айқын ақаулар мен ауытқулар дамиды. Ол пубертатты жас кезінде айқын көріне бастайды. Тіс-жақ ауытқуларының даму қаупінің генетикалық факторын жою шектелген, ал профилактикалық шаралар тиімділігі ұзақ қадағалағанның өзінде төмен. Тұқымқуалаушылық аурулардың профилактикасы медико-генетикалық кеңес беруден тұрады. Ол жақ –бет аймағының туа біткен ақауы бар балалардың генетикалық қауіп көлемін анықтауға бағытталған.

52. 15 жастағы оқушылар арасында пародонт ауруларының таралуы және белсенділігі көрсеткіштерін (РМА, CPITN, КПИ,ПИ индексімен) анықтау.15 жастағы оқушылар арасында пародонт ауруларының таралуы және белсенділігі көрсеткіштерін (РМА индексімен) анықтау. PMA индексі-3 балдық жүйе бойынша әр тістің аумағында қызыл иек ісіну мөлшерін есепке алады. -кызыл иек емізікшелері ісінулері- (Р) 1 балл, -Кызыл иек шет жағының ісінулері-(М )2балл, -кызыл иек етінің ісінулері( А) 3 баллPMA индексінің сандық көрсеткіштері мынандай формуламен есептеп шығарады PMA_ұпай жиынтығы х100% 3х тіс саны . Пародонт ауруларының жиі кездесетін түрлері: созылмалы маргиналды гингивиттер және пародонтиттер болып табылады. Қызылиектің алғашқы зақымдалуы және келесі дамуы қызылиектің қыры аймағында бактериалды тіс қығының болуымен байланысты.Балалар және жасөспірімдер арасында пародонт ауруларының таралуын бағалауға 15 жастағы, 35-44 жастағы топтар кіреді. Көрсетілген жастық топтардағы пародонт ауруларының таралуын бағалау критерийлері төменде көрсетілген: 15 жастағы адамдарда пародонт ауруларының таралу деңгейі

Таралу маңызы Таралу деңгейі
қанағыштық тіс тасы
50 % 51-80 % 81-100% 0-20% 21-50% 51-100% Төмен Орташа Жоғары  

15 жастағыларда пародонттың зақымдалу белсенділік белгілерінің таралу деңгейі

белсенділік қанағыштық тіс тасы
төмен орташа жоғары 0,5 секстанттар 0,6-1,5 секстанттар 21,6 секстанттар 0-1,5 секстанттар 1,6-2,5 секстанттар 22,6 секстанттар

Индексті тістер немесе индексті тістер жоқ секстантта қалған барлық тістер тексерілуі керек. Қажет кестеде ең ауыр код қойылуы керек. Бұл кездегі кодтар келесідей: 0- ауру белгілері жоқ, 1- өзіндік немесе зондтағаннан кейінгі қызылиектің қанағыштығы, 2- қызылиек асты және үсті- тіс тастарының болуы, 3- 4-5 мин пародонталды қалта, 4- 6 мм жоғары пародонталды қалта Зақымдану белсенділігі бір тексерілген индикатормен немесе секстанттардың орташа мөлшерімен бағаланады.

53.Амбулаторлы стоматологиялық кірісулерде науқастардың ауырсынуы мен стрестік жағдайының алдын алу.Стоматологиядағы ауырсынудың алдын алу яғни жансыздандыру мәселері әсiресе балалар жасындағы стоматологияда өте маңызды. Жалпы диспансерлеудiң объективтi қиындықтарының бiрi халықтың уақытында стоматологқа қаралудан бас тартуы, бұған қорқыныш сезiмi қосылады, себебi тiстiң кариеспен зақымдалуының таралуы мен қарқындылығының жоғары болуына байланысты 60-70% халықта жылына бiрнеше рет емдеу қажеттiлiгi болады, бұл мiндеттi түрде ауру сезiмi немесе басқа да қолайсыз сезiмдердi тудырады. Осы себептен көпшiлiгi тiс емдеуден бас тартады. Е.Г.Кисилеваның мәлiметтерi бойынша (1983), жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жоғарғы сынып оқушылары арасында емдеуден бас тартушылар саны 34,7%. Кариестi уақытында емдемеген жағдайда созылмалы одонтогендi инфекция ошағы пайда болады, олар организмнiң бейiмдеушiлiк себебi болып, көптеген iшкi ағзалар мен жүйелердiң ауруларының ағымына қолайсыз әсер етiп, iрiңдi-қабыну процесстерi дамиды, жақтардың созылмалы деструктивтi остеомиелиттерi дамып, әрi қарай өсу аймағы зақымдалады, тiс ұрықтары өледi, осының барлығы ақырында тiс-жақ деформациясына әкеп соғады. Стоматологиядағы жансыздандыру мәселелерінің жалпы диспансеризацияға байланысы:

Стоматологияда жансыздандыру мәселесiн уақытында шешу ол жалпы диспансеризация мәселесiмен тығыз байланысты.Балалар организмiнiң физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, М.М.Соловьев (1982) осы мәселенi "ауру сезiмi және қорқыныш сезiмiн шешу мәселесi" деп айтуды ұсынады. Белгiлi балалар хирургi С.Я.Долецкийдiң айтуынша балалар жасында психикалық реакциялар болады, шартты-рефлекторлық байланыстар және сол ауру сезiмiн көтере алмаушылық байқалады, бұл әсiресе мектепке дейiнгi жаста жиi байқалады. Осының барлығы дәрiгердiң балаға айтқан сенiм сөзiнiң әсер етуiн төмендетедi. Осыған байланысты көптеген авторлар балаларда ауру сезiмiн жою үшiн баланы есiнен тандыру қажет деп есептейдi. Бiрақ жалпы жансыздандырудың күшi шектел ген және дәрiгер-стоматологтың тәжiрибесiнде ең көп таралған болып жергiлiктi жансыздандыру болып табылады. Жалпы және жергiлiктi жансыздандыруды қарама-қайшы етуге мүлдем болмайтынын ескерткен жөн. Жансыздандыру әдiсi мен тәсiлiн таңдаған кезде мiндеттi түрде "әр науқасқа өз жансыздандыру" принципiн қатаң сақтаған жөн.Балаларда стоматологиялық кiрiсулер кезiнде жақсы жансыздандыру үшiн ересек адамдарға қарағанда маңызды екенiн ескеру керек. Себебi, балада стоматолог немесе басқа дәрiгерде болған кезде қалған ауру сезiмi үлкен әсер қалдырады. Кiшкентай пациенттiң дәрiгерге келесi келген кезiнде өзiн салмақты ұстауы немесе емдеу манипуляциялары кезiнде қарсыласуы осыған тiкелей байланысты болады. Дәрiгерлiк кiрiсу кезiнде болған ауру сезiмі бала ойында өмiр бойы сақтап қалады. Бiрақ, дәрiгерге бұл кiшкентай балаларда манипуля цияны жансыздандырусыз жүргiзуге ешқандай құқық бермейдi. Сол себепті осы айтылғандарды қорытындылай келе, балалар организмiнiң физиологиялық ерекшелiктерiн анестезиологиялық аспекте келесi ретпен топтауға болады: 1. Балалар ауру сезiмiне өзiндiк реакция бередi және бұл реакция айқын болады да белсендi қозғалу компонентiмен қатар жүредi2. Балаларға қорқыныш сезiмi тән. Олар ата-анасыз қалуға қорқады, дәрiгер мiндеттi түрде ауыртады деп қорқады, себебi ол құрдастарынан тiстi "егелеген" кезде қатты ауыртады деп естидi. Сонымен қатар көршi креслода отырған пациент мазасызданып отырса, ал дәрiгер жағынан кiшкентай пациентке мейiрiмдiлiк болмаса бұл қорқыныш сезiмiн күшейтедi 3. Балаларда өзiн-өзi ұстау компонентi әлсiз, олар өздерiнiң эмоцияларын ұстай алмайды және әр ауру сезiмге бiрдей қарқынды жауап бередi 4. Балалар бұл процедураның өте қажет екенiн түсiнбейдi, яғни тiстi емдеу немесе жұлу қажеттiлiгiн түсiнбейдi. Балада ауру сезiмi неден пайда болады? 1. Бұрын тiс емдеу кезiнде ауру сезiмiнiң болғандығынан 2. Басқалардан ауру сезiмiн байқаған кезде (басқа баланың жылауы, айқайлауы) 3. Дәрiгердiң балаға деген қатынасы (сондықтан қорқытуға болмайды) 4. Қан тиген және басқа да құралдарды көрген кезде 5. Басқа балалардың немесе үлкендердiң әңгiмелерiнен Эмоциональды-стресс реакциясының дамуының басты факторы, индивидуумның осы әсерге субъективтi қарауы. М.М.Соловьев және оның басқа да көмекшiлерiнiң зерттеулерi (1985) қажеттi коррекциялық терапияның түрiн таңдау үшiн емдеу барысында баланың қылығы қандай болатынын болжауға көмек бередi. Авторлар жансыздандырудың шараларын рациональды жоспарлау үшiн және психоэмоциональды жағдайын коррекция лау үшiн келесi математикалық модельдердi ұсынады: Кiшi мектеп жасындағы балалар (1-4 сыныптар)

П= 0,08X + 0,23X + 0,11X + 0,45X + 0,31

П - баланың тәртiбi

Х - "Тiсiңдi соңғы рет емдеген кезде ауру сезiмi болды ма?"-деген сұраққа жауап "Иә"-1балл, "Жоқ"-2 балл

Х - "Тiсiңдi емдеуге барасын деген де қорықтың ба?"

Иә - 1б, Жоқ - 2б

Х - Кабинетке кiрер кездегi баланың тәртiбi 5 балдық жүйемен бағаланады

Х - "Тiстердi емдеймiз бе?"-деген сұраққа берiлген жауап 5 балдық жүйемен бағаланады

Егер П=3,5б немесе жоғары болса - қолайлы болжамы

П=2,5-3,5б болса - қанағаттанарлық

П=2,5 төмен болса - қолайсыз болжам

М: 0,08+0,23x+0,11x+0,45x+0,31=3,73 аламыз, яғни балада болжам жақсы.Баланың мазасыздану реакциясын төмендету үшін жүргізілетін, шаралар. Фармакологиялық әсер ету єдістері

1. Физиологиялық алаңдату. Бұл стомато логиялық емхананың интерьерi (ерте гiлерден сюжеттер, тiрi бұрыш және т.б.), емдеу бөлмесiн өңдеу, пластмасса ойыншықтары, диафильмдер, слайдтар.

2. Психотерапия немесе сендiру әдiсi. Бұл жерде дәрiгер сөзiнiң маңызы зор. Балаға осы емнiң қажеттiлiгiн түсiндiру керек. Әрине бұл жағдайда баланың тәрбиесiнiң маңызы зор (үйде, балалар бақшасында, мектепте). Дәрiгермен сөйлесiп болған соң балалар егу инесiн еккен кезде ауру сезiмiн тудыратын құрал емес екенiн түсiнуi керек және осы иненiң көмегiмен операция кезiнде ауру сезiмiн болдырмайтын дәрi жiберуге болатынын түсiндiру керек. Баланың жасына және анестезия түріне қарай науқасты медикоментозды дайындау өзінше ерекшеленеді 1. Жалпы әсер ететін анальгетик. 2. Жергілікті анестезия 3. Потенцирленген жергілікті анестезия (жергілікті анестезия+седативті дайындау) 4. Нейролептоанальгезия 5. Жалпы жансыздандыру

Наши рекомендации